- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
Ғарыш кеңістігі - бұл Жер шарының ауа қабаты шегінен тыс оналасқан кеңістік, оның құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығымен айқындалады. Ғарыш кеңістігімен аспан денелерінің құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығының кейбір жалпы қағидаларына тығыз байланысты және соларға сәйкес қарастырылуы тиіс. Оларға:
ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі;
ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануғ
қатыст қызыметті халықаралық қағидаларына сәйкес жүзеге асыру;
ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық иемденуге
тыиым салу;
ғарыш кеңістігін ішінара қараусыздандыру және аспан
денелерін толық қамсыздандыру;
мемлекеттердің ұшыратын ғарыш объектілеріне дербес
құқықтарын сақтауы;
ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде сынақтар
жүргізудің ықтыимал зияндарының алдын алу;
ғарыш кемесінің экипажына авария, апат немесе
мәжбүрлі қону жағдайларында көмек көрсету;
ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт мақатқа
зерттеу және пайдаланудғы халықаралық
ынтымастыққа жәрдемдесу;
мемлекеттердің кеңістіктегі ұлттық қызыметінің
халықаралық жауапкершілігі жатады.
Олардың кейбірінің мазмұнын қарастырып
көрейік.
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі.
Ғарыш кеңістігінің құқықтық жағдайы, ең алдымен оған бірде - бір мемлекеттің тәуелсіздігі таралмайтындығына байланысты. Ол халықаралық құқық нормаларына сәйкес, барлық мемлекттердің зерттеуі үшін ашық немесе еркін болады. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігіне баруға теңдей құқықтары бар. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеруге және осындай игерудің нәтижелерін алуға мүдделі екндіктері сөзсіз. Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін аспан денелерін игеру қызыметі ғарышты зерттеу нәтйжелерін тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға жәрдемдесуі тиіс.
Ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануға қатысты қызыметті халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес жүзеге асыруы.
Халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары бір мемлекеттің шегінде ғана міндетті емес, сонымен бірге ешкімнің тәуелсіздігі жоқ кеңістіктерде де міндетті болып табылады. Ішкі істерге қол сұқпау, мемлекеттердің дербес теңдік, өздеріне жүктелген халықаралық міндеттемелерді адал орындау, күш қолданамын деп қоқанлоққы жасау немесе оны қолдануға тыйым салу және басқа да қағидаларды орындамай тұрып, ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт игеру мүмкін емес.
Ғарыш кеңістігін және апан денелерін ұлттық иемденуге тыйым салу. Бұл қағида алғаш рет БҰҰ Бас Ассамлеясының 1961 ж. қарарында тұжырымдалған болатын. Ғарышты зерттеу және пайдалану еркіндігін жариялаумен тікелей байланысты бұл қағида қандай да бір мемлекет тәуелсіздігінің таралуын жоққа шығарады. Батыстың халықаралық құқықтық әдебиеттерінде ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін жеке адамдардың, жеке меншік компаниялардың және халықаралық ұйымдардың иелену құқығының мүмкіндігі туралы мәселенің қызу талас тудырғанын айту керек. Алайда мұндай позиция Ғарыш жөніндегі 1967 ж. шарт пен Мемлекеттердің Ай мен басқа да аспан денелеріндегі қызыметі туралы Келісімнің тиісті ережелеріне қайшы келеді.
Дамушы мемлекеттердің талап етуі бойынша 1979ж. келісімде, халықаралық құқықта алғаш рет аспан денелері
және олардың табиғи ресурсттары “адамзаттың ортақ мұрасы”деп жарияланды.
Ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде сынақтар жүргізуд ің ықтимал зияндарының алдын алу.Ғарыш жөніндегі 1967 ж. шарттың ІX бабы оның қатысушылары үшін екі міндеттеме бекітеді. Бірінші міндеттеме мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеру кезінде басқа мемлекеттерге кедергілер келтірмеу міндеттеріне қатысты. Екінші міндеттеме Жерді және ғарыш кеңістігін ғарыштағы қызметтің зиянды салдарын қорғауға бағытталған.
Пайдаланылып болған ғарыш аппараттары, зымырандар және олардың құрамдас бөліктері, қызу жүргізіліп жатқан ғарыштағы зерттеулер, ғарыш объектілерін ұшыру көлемінің өсуі, мұның бәрі ластанудың артуына әкеп соғады.
Ғарыш жөніндегі 1967ж. Шартта бекітілген осы қағида қоршаған ортаға әскери немесе басқа да дұшпандық ықпал ету құралдарын қолдануға тыйым салу туралы 1977ж. конвенцияда одан әрі дамытылады. Конвенцияялық нормалар ауа райына және климатқа кез келген ғылыми-техникалық, оның ішінде ғарыштық құралдарды әсер ету үшін қолдануға, егер мұндай құралдар табиғи үшін ұзақ мерзімге зардапты салдар туғызатын болса, тыйым салуды көздейді. Ғарыш жөніндегі Шартта ғарыш жөніндегі бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану жөніндегі басқа мемлекеттердің қызметіне ықтимал заңды кедергілер келтіруі мүмкін қызмет немесе сынақтарға қатысты халықаралық консультациялар жүргізу рәсімі белгіленген.
Ғарышқа ұшудың қауіпсіздігі үшін ғарыш кеңістігінің зиянды ластануының алдын алудың маңызы зор. Өйткені, ғарыштағы қызымет ғарыштық кеңістіктің өзіне де, жердің қоршаған ортасына да белгілі бір ықпал етеді. Бүгінгі таңда ғарыш кеңістігінің ластану проблемасы оның ұшуға қауіп төндіруі тұрғысынан қарағанда әлсіз жасқталған деуге болады. Ғарышқа ұшулар соқтығысу, улану қауіпіне және басқа да ақталмаған сынақтарға ұшырамауы тиіс. Жердің айналасындағы ғарыш кеңістігін ластанудың алдын алу жөніндегі заңи міндетті нормаларын жасаудың объективті қажеттігі туындады. Ғарыштың техногендік денелерін ластау проблемасы 50-жылдардың аяғында Жердің алғашқы жасанды серіктерін ұшырғаннан кейін бірден пайда болғанын айту керек. Бұл проблема БҰҰ Бас Ассамблеясы Бас Хатшысының “Ғарыштағы қызыметтің қоршаған ортаға ықпал етуі” деген баяндамасынан кейін халықаралық деңгейдегі ресми мәртебеге ие болды. Халықаралық астранавтика академиясының мәліметтрі бойынша бүгінгі таңда Жер айналасындағы орбитада каталокқа кіргізілген 8600 объекті бар екен, оның 500-ге жуығын ғана әрекет еттетін ғарыштық ұшу аппараттары деп қарастыруға болады. Осы объектілердің кез келгенімен соқтығысып қалу ғарышкерлер үшін қауіп төндіреді.
Ғарыштың техногендік ластануын азайту жөніндегі
шаралардың екі аспектісі бар: біріншіден, қоқыстың әсер етуінен қорғау (олармен соқтығысуға жол бермеу) және екіншіден техникалық қоқыстың жинақталуын болдырмау шаралары.
БҰҰ –ның ғарыш жөніндегі ғылыми –техникалық
комитеті 1995ж. ғарыш қоқысының проблемасы жөнінде техникалық баяндама дайындаудаға кірісті.
Ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру және аспан денелерін толық қарусыздандыру. Бейбіт кезеңде ғарыш
кеңістігінде ешқандай әскери қимылдарға жол берілмейді: Жердің жасанды серіктерін басқа мемлекеттердің аумағында барлау сипатындағы әскери мәліметтерді жинау үшін қолдануға тыйым салу; басқа мемлекеттердің аумағын суретке түсіруге жол берілмейді. Барлық аспан денелері, Айды қоса алғанда бейбіт мақсаттарға ғана қолданылады. Оларда әскери базалар, құрылыстар және бекіністер салуға, қарудың кез келген түрін сынауға және әскери маневрлер жүргізуге тыйым салынады. Ғарыш кеңістігіндегі тыйы салынған әрекеттерге: бейбітшілікке қауіп төндіру, бейбітшілікті бұзу мақсатындағы немесе қауіп төндіру немесе қауіп төндіруді күшейту мақсатындағы насихат не басқыншылық актісі;ғарыш кеңістігін ластау және басқа мемлекеттердің ғарыштағы қызыметіне зиянды кедергілер жасау; бөтен заттарды және басқаларды тасымалдау салдарынан жердің қоршаған ортасының тиімсіз өзгеруіне қарсы шаралар қабылдамау.
Мемлекеттердің ғарыштағы қызыметтінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
Жасанды серіктер көмегімен тікелей теледидар хабарларын тарату.
Жасанды серіктерді қолдана отырып, жерді қашықтықтан барлау қрау.
Ғарыштық құралдарды қолдану турлы халықаралық келісім шарттар.
Медциналық және биологиялық бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу.
Ғарыш кеңістігін геостационарлық орбита ретінде пайдалану.
Басқа плонеталардың ресурсын зерттеу мүмкіндігі және оларды пайдалану мүмкіндігін зерттеу.
Жердің биоөрісн қорғау проблемаларын зерттеу.
Ғарышта энергияның ядролық қайнар көздерін пайдалану .
Ғарыш метерологиясын мемлекеттер мұқтажына
пайдалану.
