- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
Халықаралық теңіз құқығы ұғымы және оның дамуы.
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары.
3. Теңіз кеңістіктерінің түрлері.
Халықаралық теңіз құқығы ұғымы және оның дамуы
Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ
әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зеттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызымет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Халықаралық теңіз құқығының ерекшеліктеріне мынадай ережелер жатады.
1.Халықаралық теңіз құқық халықаралық құқық субъектілерімен бірге екі және одан да көп мемлекеттер арасында қалыптасатын құқықтық қатынастарды реттейді, яғни шетелдік элементі бар қатынастар Теңіз құқығының құқықтық нормаларында шетелдік элементі қолданудың алғы шарттары қолданған. Ұлттық элемент кіші каботажда (жағадағы жақын жерлерге жүк, жолаушы тасушының)- бір теңіздің шегінде жүзгенде және бір мемлекеттің порттарының арасында болады. Мұндайда теңіз тасымалының қатысушылары теңіз тасымалын жоспарлаудың ұлттық нормаларына жүгінеді. Үлкен каботаж – бұл бірнеше теңіздердің шегіне, бірақ бір мемлекеттің порты шегінде жүзу. Шетелдік рейс- бұл екі және одан да көп мемлекеттердің бір немесе бірнеше теңіз шегінде жүзу.
2. Халықаралық теңіз құқығы техникалық нормалармен тығыз байланысты құқықтық нормаларды мазмұндайды. Құқықтық нормалар адамдардың, мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейді. Техникалық нормалар – адам мен техника арасындағы қатынастарды реттейді. Мысалы, теңіз кемесінің капитаны теңіз құқығының нормаларына сәйкес, апат болған кемеге, кеменің күйреуіне байланысты суда қалған адамдарға көмек жасауы керек. Бірақ мұндай көмек теңіз кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне сай болуы керек және кеме мен экипажға қатер туғызуы тиіс. Теңіз кемесі беретін дабылдардың мазмұнын түсіну үшін теңіздегі соқтығысулардың алдын алуға жол беретін халықаралық ережелерге жүгіну керек. Бұл өте мықты жарылыстар немесе бір минут аралығында болған қару атысы; дыбыс ракеталары; смола бөшкесін жаққанда алынатын қызыл немесе сары от; қызыл ракеталар; радиотелефондық және радиотелеграфтық дабылдар; қолдың бояу көтерілуі мен түсірілуі; қара жалау немесе қара шар бейнеленген жалау және тағы басқалар болуы мүмкін. Теңіз іс-тәжірибесіндегі халықаралық стандарттарға сәйкес SOS дабылын алған кеме капитаны батып бара жатқан кеменің координаттарын нақты көрсетуге, дабылды қабылдаған уақытын, өзінің орналасқан жерінің координаттарын нақты көрсетуге міндетті.
2. Халықаралық теңіз құқығы мемлекеттерге тиесілі жеке кемелер қатысатын қарым-қатынастарды реттейді. Мемлекетке қарасты теңіз кемелеріне мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитеті таралады. Бұл мұндай кемелердің шетелдік сот мекемелерінде талаптар қойылған, сонымен қатар кемеде жалауы ілінген мемлекеттің келісімінсіз мәжбүрлеу шараларын қолдануға болмайтынын көрсетеді. Осындай иммунитет мемлекеттік егемендікті құрметтеу қағидасына негізделеді және осыдан шығатын иммунитет қағидасы- халықаралық құқытың көпшілік мойындаған қағидасы болып табылады. Мемлекеттердің дербес тиімдігіне байланысты бірде бір мемлекет басқа мемлекеттің меншігіне, оның келісімінсіз биліктік өкілдігін жүзеге асыра алмайды және бірде бір мемлекет басқа мемлекеттің сотына бағынбайды. Мемлекеттік теңіз кемелеріне қатысты қамау және кеменің юрисдикциясының қамтамасыз ету тәртібінде ұстау немесе талап- арыз ұсыну, сондай-ақ шығарылған сот шешімін мәжбүрлі түрде орындау сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыруға жол бермейді.
2. Халықаралық теңіз құқығы теңіз кемесімен оның иесі арасындағы бөліністік сипаты тән құқықтық қатынастарды реттеумен сипатталады. Рейсте болатын теңіз кемесінің копитанында ерекше өкілеттіктер болады, ол бір мезгілде кеме иесі және жүк иесі ретінде көрінеді. Осы заманғы халықаралық теңіз құқығыны негізгі және көмекші қайнар көздер жүйесі тән. Халықаралық құқықтың барлық салаларын ішінде салт- дәстүр өз мазмұнын халықаралық теңіз құқығында көп мөлшерде сақтап қалған. Оны халықаралық құқықтың бұл саласы ғасырлар бойы баяу қарқынмен дамып келгендігімен түсіндіруге болады. Мемлекеттердің теңіздегі қызыметінің даму және үдемелі қарқындауы бара-бара халықаралық теңіз құқығының нормалары ретіндегі белгілі бір ережелерді орнататын және бекітетін халықаралық шарттар мен конвенсциялар санының артуына әкеле бастады. Мәселен халықаралық теңіз тәжірибесінде теңіз порттарының дәстүрлері сақталынған, ол- порттардағы қауіпсіздікті реттейтін ережелер. Теңіз порты бастығының міндетті қаулыларында жүк тиеу және жүк түсіру кезіндегі экипаж мүшелерінің тәртіп ережелері, санитариялық және кедендік режимінің ережелері көрсетіледі. Теңіз тәжірибесіндегі кейбір халықаралық дәстүрлер шарттық немесе конвенциялық нормаларға айналды. Мәселен, бұл теңіз кемесінің копитаны мен оның көмекшісі батып бара жатқан кемені ең соңғы болып тастауды міндеттейтін құқықтық норма: теңіз кемесінің жалауын көтеру және түсіру ережелері халықаралық дәстүр өзіне басымдық маңыздылығын теңіз құқығы туралы БҰҰ І конференциясына дейін сақтап келді, соның нәтижесінде халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болған теңіз құқығы туралы 4 Женева конвенциясы жасалып қабылданды. Халықаралық теңіз құқығының барлық негізгі салаларын қамтитын теңіз құқығы туралы 1982ж. БҰҰ Конвенциясы өз күшіне енгеннен кейін, халықаралық дәстүрге негізделген құқықтық нормалардың әрекет ету өрісі тарыла береді.
Халықаралық теңіз құқығы ХХғ. Ортасынан бастап конвенциялық норма болып дами бастады. Халықаралық теңіз құқығының жүйелену процесінің үдемелі дамуының басталуының негізін БҰҰ қалады. 40-жылдардың соңы мен 50-жылдардың басы аралығында БҰҰ-ның Халықаралық құқық комиссиясы әдеттегі құқықтық нормалар мен теңіз құқығы саласындағы жаңа нормаларды жетілдіру мақсатындағы жұмыстарды жүзеге асырды.
Теңіз құқығы туралы БҰҰ-ның бірінші Конференциясы Женевада 1958ж. 24 ақпаны-27 сәуір аралығында өтті. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарының негізіне сәйкес мәселенің заңдық жақтары ғана емес, сонымен қатар,техникалық, экономикалық,биологиялық және саяси жақтарын ескере отырып теңіз құқығын қарастыру үшін шақырылды. Ол теңіз кеңістігін пайдалану және зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге қажет еді. Конференцияда 79 мемлекеттің делегациялары және 16 халықаралық ұйымдардан бақылаушылар қатысты. Халықаралық құқық Комиссиясы дайындаған теңіз құқығына қатысты баптардың жобалары Конференция жұмысының негізін қалады.
Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жұмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік алған отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды.
Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Дүниежүзілік мұхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды. Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның І конференциясы халықаралық құқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция нәтижелерінің жақсы бағалануы, оның қабылдаған конвенцияларымен халықарлақ теңіз құқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді.
Теңіз құқығы бойынша ІІ Конференция Женева қаласында1960 ж. 16 наурызынан 26 сәуірге дейін жұмыс істеді. Бұл конференция сулар мен балық аулау аймақтарының шектік ендерін шартта бекіту үшін шақырылды. Оған 84 мемлекет қатысьы. Кейбір мемлекеттер қалыптасқан әдеттегі құқықтық норманы бекітуді және аумақтық теңіздің 12 мильдік шек енін мойындауды ұсынды. Егер мемлекеттер аумақтық сулардың аз енін бекітетін болса, онда оларға аумақтық теңіздегі тірі ресурстарға деген құқықтары сияқты балық аулау аймағын 12 миль шегінде бекітуге деген тап сондай құқықтар берілетінін мойындау керек болды. Осы ұсыныстарды Азия мен Африканың көптеген мемлекеттері, сонымен бірге, Мексика және Венесуэла да қолдады. Ал 200 мильдік аумақтық теңіздерге талап қойған басқа Латын Америкасы мемлекеттері, аумақтық теңіз бен балық аулау аймағына біртұтас ендік шектер бекітілуіне қарсы шықты. АҚШ және басқа да батыс мемлекеттері ең жоғары дегенде 6 мильдік шекте бекітуге, жағалаудағы мемлекеттердің балық аулау аймағындағы құқықтарын 10 жыл мерзімге шектеу салу сипатындағы келісімге келгендей сыңай танытты.
Көзқарас қайшылықтарына байланысты ұсынылған ұсыныстардың бірде біреуі көпшілік дауыстан қажетті 2/3 дауысты жинай алмады, сөйтіп конференцияның алға қойған мақсаттары іске аспай қалды.
Теңіз құқығына қатыстыбарлық мәселелер бойынша конвенциялар қабылдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларына сәйкес 1982ж. желтоқсан айында теңіз құқығы бойынша ІІІ Конференция шақырылған болатын. Ұлттық юрисдикция әрекеттерінің шегінде теңіз бен мұхит түбін бейбіт қолдану бойынша Комитет конференцияда талқыланатын тақырыптар мен мәселелердің тізбесін анықтады.
Конференцияның міндеттерін анықтау мен оның барлығын қамтушы теңіз құқығы бойынша Конвенциясын жетілдіру процесі кезінде Халықаралық теңіз құқығының үдемелі даму мүмкіндігімен бірге құқық тәртібінің тұрақтылығын үйлестіру үшін оңтайлы нұсқалар талқыланды. Конференцияның көптеген қатысушылары, жүйелеу мен үдемелі даму элементерін үйлестіріп және уақыт сынынан өткен, әрі тәжірбиелік құндылығын жоймаған заттарды сақтауымыз және дамытуымыз керек деп есептеді.
Конференцияның рәсім ережелерінің аса маңызды құрамдас бөлігі «Джентельмендік келісімң болды, онда шешімді қабылдаудың басты құралы ретінде консенсусқа сілтеме жасалған. Конференция жұмысын ұйымдастырудың басқа маңызды элементі «пакеттікң тәсіл қағидасы болды, яғни мемлекеттер көптеген мәселелер бойынша әр түрлі мүдделерде бола отырып, жалпыға ортақ, тиімді ымыра шешім қабылдауға міндетті болды.
Конфеенцияда халықаралықжалпы адамзаттық проблемаларды шешуде екі өзара қарма –қайшы тәсілдер бой көрсетті. АҚШ терең сулы аудандардың стратегиялық шикізат түрлерін шығаруды монополизациялауға және Дүниежүзілік мұхитта өзінің теңіздегі үстемдігін орнатуға ұмтылды. КСРО АҚШ ұстанымына қарама-қарсы Дүниежүзілік мұхиттағы тұрақты құқықтық тәртіп, бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық үшін нық сеніммен өз ұстанымын көрсетті.
Осы заманғы кезеңде теңізде жүзу және теңіз ортасын қорғау саласындағы халықаралық актілерді жасау және қабылдау бойынша жұмыстар жанданып келеді. Мысалы, мынадай құқықтар актілер қабылданды: 1974ж. теңіздегі адам өмірін қорғау Конвенциясы; 1972ж. теңіздегі кемелер соқтығысуының алдын алу туралы халықаралық ережелер туралы Конвенция; 1965ж. теңіздегі кеме қатынасын жеңілдету туралы Конвенция; теңізге қалдықтар мен басқа материалдарды тастауды және ластандыруды тоқтату туралы 1972ж. Конвенция; 1986ж. теңіз кемелерін тіркеу жағдайлары туралы Ковенция және т.б. жоғарыда аталған Конвенциялар осы заманғы теңіз құқығында теңізде жүзу және теңіз ортасын қорғауда қауіпсіздік техникасые қамтамасыз етеді.
Халықаралық қауымдастық теңіздер мен мұхиттарда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін саяси-құқықтық мәселелерге , олардың тек ерекше бейбіт мақсаттарда қолданылуына назар аудара бастады. Мұндай тәсілдің нәтижесі ретінде 1963ж. ядролық қарудың үш ортада сыналуына тыйым салатын шартта бекітілген, тиісті халықаралық –құқықтық нормалардың қабылдануын; 1971ж. теңіздер мен мұхиттар түбінде және оның қойнауларында ядролық қару және жаппай қырып-жою қаруларының басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы 1971ж. шарт; теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілер мен күресу туралы 1988ж. Рим Конвенциясын және континенттік қайраңда орналасқан тұрақты платформалардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралы Хаттаманы айтуға болады.
