Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lekcija_-_Mezhd_pravo.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
987.65 Кб
Скачать

Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік

  1. Халықаралық құқықтық жауапкершілік ұғымы

  2. Халықаралық құқықтық жауапкершілік институтының қайнар көздері

  3. Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің түрлері мен нысандары

  4. Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі

Халықаралық құқық субъектілері халықаралық құқық нормаларын бұзған бір тараптың (немесе бірнеше тараптың) екінші тарап (тараптар) алдындығы оған келген шығынның орнын толтыру, бұрынғы болған жайларды қалпына келтіру, жауапкершіліктің материалдық емес басқа түрлерін мойнына алуы жөніндегі міндеттері жүзеге асырылады. Сырт қарағанда, бұл анықтама қарапайым болғанымен, бұл ұғымда көптеген аспектілер мен қиындықтар бар.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің мақсаттық міндеті туралы мәселе даулы болып келеді: үстем пкірлерге сәйкес, оның негізгі міндеті залалдың орнын толтыру, басқа тараптың өзгедей талаптарын қанағаттандыру деп танылады. Туынды ретінде халықаралық құқықтық жауапкершіліктің алдын алу міндеті қарастырылады (ХҚ-ның келешекте бұзылуының алдын алу). Халықаралық құқықтық жауапкершілікке қатысты жазалау міндеті тікелей даулы болып табылады.

2. Халықаралық құқықтық жауапкершілік институтының қайнар көздері

Қазіргі кезде халықаралық құқықтық жауапкершілік мәселелеріне арналған құқықтық нормалар халықаралық құқықтық жауапкершіліктің әртүрлі (салалық) қайнар көздерінде бар, негізінен және өзінің формасы жағынан бұлар халықаралық шарттар. Әмбебап сипаттағы шарттардың жарқын мысалы ретінде мыналарды келтіруге болады: БҰҰ Жарлығының 39,41,42 – баптары (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікке қауіп төнген, бейбітшілік бұзылған және басқыншылық болған жағдайдағы әрекеті), геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы Конвенция (1948 ж.), апартеид қылмысын тыю және ол үшін жазалау туралы конвенция (1973 ж.), Ғарыш нысандарына келтірген зияны үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенция (1978 ж.), Адамды қинауға және аса қатыгездікпен оның ар-намысын таптауға және жалауға қарсы конвенция (1984 ж.), Босқындар мәртебесі туралы Конвенция (1951 ж.) және басқалар.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің негізгі екі түрге бөлуге болады: материалдық және материалдық емес (оны кейде, «саяси« деп атайды). Материалдық түрдің шеңберінде мүліктік сипаты бар талап, яғни жауапкершілік іске асырылады деп болжамдалады. Ал, материалдық емес сипаттағы талаптар мен жауапкершілік іске асырылады.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктың материалдық емес түріне оның мынандай нысандары қарастырылады:

А) Сатисфакция – бұзушы субъект тарапынан болатын біржақты акт, онда құқығы бұзылған субъктінің талабын моралдық қанағаттандыруға ұмтылыс болады. Бұл: кешірім сұрау, мұндай бұзушылықты келешекте болдырмау жайында мәлімдеме жасау, т.б. болуы мүмкін.

Б) Репрессалия – бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектіге қатысты қолданылатын біржақты актілер. Бұған ұқсас «реторсия« дегенде ұғым бар. Бұл нысандарда қайшылық сипат бар, олардың өзара айырмашылығы мынада, реторсия дегеніміз қырын қабақ сипаттағы әрекеттерге қарсы жасалатын әрекеттер, бірақ оларды жасағанда халықаралық құқық бұзылмайды (мысалы, белгілі бір адамды төтенше және өкілетті елші етіп тағайындауға агреман беруден бас тарту осы қызметке басқа кандидатураны ұсынуды реторсия ретінде ұзақ мерзімге қалдыруы мүмкін). Репрессалия – халықаралық құқықты бұзатын іс әрекеттерге қатысты қарсы қолданылатын әрекеттер (мысалы, қарулы агрессия актісіне қарсы жауап).

Репрессалия болған жағдайда оны қолданатындығын және репрессалияның мазмұны мен ауырлығының сол субъектіге қатысты халықаралық құқықтың алғаш бұзылғандағы мазмұн мен ауырлыққа шамалас екендігін алдын-ала ескерту туралы міндетті түрде талап белгіленеді. Реторсияларға қатысты мұндай талап қойылмайды.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің материалдық және материалдық емес түрлерінің аралығында орналасқан формаға ресторация жатады, ол халықаралық құқық бұзылғанға дейінгі күйді қалпына келтіру міндеттілігі, мысалы басқа мемлекеттің ішкі теңіз суларына заңсыз кірген әскери-теңіз кемелерін алып кету міндеті.

Мұндай міндет қандай да бір материалдық шығын келтіреді.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің материалдық түрі өз кезегінде мынадай нысандарды қарастырады:

А) өтем ақы (репарация) – негізінен залалдың орнын ақшалай толтыру. Бұл тұрғыдан алғанда, Грекия Жоғарғы сотының гректердің бірнеше ауылының тұрғындарына қатысты екінші дүниежүзілік соғыс кезінде келген залал үшін Германияның қаржылық жауапкершілігі жөніндегі 2000 жылғы шешімі бір жағынан қызықта, екінші жағынан даулы болып табылады.

Б) реституция – келтірілген мүліктік зиянды сол түрінде қайтару, мысалы А мемлекеті Б мемлекетімен шекаралас аймақта адам мумиясын тауып, оны өз еліндегі тиісті мұражайға қойяды, бірақ кейін ол мумия табылған жердің Б мемлекетінің аумағына кіретіндігі анықталады., яғни халықаралық құқықтың бұзылғандығы анықталады. Бұл жағдайда А мемлекеті тауып алған мумияны Б мемлекетіне қайтаруға тиіс.

В) Субституция – келтірілген мүліктік зиянды мүлік заңсыз жойылып немесе бүлініп кеткендіктен, алмастырып, затай қайтару, оған мысалы ретінде жоғарыда айтылған мумияны алуға болады. Егер мумия тасымалдау кезінде немесе басқа бір себептермен қайтаруға жарамайтындай болып бүлінсе, А мемлекеті оның орнына Б мемлекетіне соған ұқсас мумия береді.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктен босатудың негіздемелері.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктен босатылатын мән жәйлар ретінде мына жағдайларды алуға болады:

1) жәбірленген тараптың халықаралық құқық нормаларын бұзатын іс әрекеттің жасалуына келісім беруі (басқаша айтқанда, араларындағы міндеттеме белгілі жағдайда орындалмайды деп тараптардың өзара келісуі).

Мұндай жағдайда халықаралық құқықтың бұзылғандығы туралы әнгіме болуға тиіс емес.

2) қарсы шаралар қолдану, оның ішінде заңсыз сипаттағы шаралар репрессалия деп аталады. Мұндай шаралар жүзеге асыру барысында келтірілген зиян қайтарылуға жатпайды.

3) өте қажеттіліктен жасалған әрекеттер. Бұл жерде атап айтқанда, мемлекетттердің халықаралық құқықтық жауапкершілік жөніндегі шарттың жобасына сәйкес (БҰҰ-ң халықаралық құқық Комиссиясы дайындаған) мына жағдайлар жайында:

а) қарсы тұруға болмайтын күш (форс-мажор) - қарсы тұруға болмайтын оқиға, ол көбіне, бірақ барлық жағдайда емес, табиғатпен байланыс болады, мемлекетті заңды әрекет жасау мүмкіндігінен айырады және кездей соқтық (мемлекет хқ-ты алдын ала көре білу емес оқиғалардың салдарынан бұзады, оның бұзылғанын байқамайда қалады, оның белгілерін анықтап дәлелдеу кей жағдайларда едәуір қиындық тудырады).

Б) мемлекетке қатысты өте қажеттілік – жасау нәтижесінде халықаралық құқық бұзылатын іс әрекет елеулі және тікелей төнген қауіптен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін қорғап қалудың бір ден бір құралы болып табылған жағдай.

4) өзін-өзі қорғау шаралары жайында. Осы жағдайдың қарсы шаралар қолданып мәжбүрлеуден (репрессалиядан) схемалық айырмашылық өлшемі сол, бұл қарастырылып отырған жағдайда басқа мемлекет тарапынан жасалып отырған заңсыз әрекет жасала береді.

Мемлекетердің жауапкершілігі.

Мемлекет – халықаралық құқықтың негізгі субъектісі. Сондықтанда халықаралық құқықтық жауапкершілік мәселелері мемлекеттің халықаралық аренадағы іс әрекетермен байланысты аса маңыздылыққа ие болады.

А) егер ол көтеріліс жасаған қозғалыс ақыр аяғында мемлекетті басқарушы болса, онда оның бұрынғы жасаған іс әрекетері сол мемлекетке жатқызылады.;

Б) егер көтеріліс жасаған қөзғалыстың қызметінің нәтижесінде жаңа мемлекет құрылса, онда оның бұрынғы жасаған әрекеті сол жаңа мемлекетке жатқызылады.

Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі. Халықаралық ұйымдарда ХҚ-тың субъектісі ретінде Халықаралық жауапкершіліктің құқықтық қатынастарында тараптардың бірі бола алады.

Халықаралық ұйымдардың ХҚ субъектілігі бөлшек (немесе шектелген) болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінің болжамды шекаралары, әдетте олардың құрылтай құжаттарында көрініс табады: оны құру жөніндегі халықаралық шартта, жарғыда.

Жеке тұлға мен заңды тұлғалардың іс әрекетін екі аспектіде қарастыруға болады:

А) жария міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан және

Б) тек жеке сипаттағы іс әрекетпен

Жария міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі әрекеттер. Мемлекеттің жария міндеттерін жүзеге асыру тек қана мемлекеттік органдардың міндеті емес, онымен мемлекеттік органның мәртебесі жоқ заңды тұлғаларда, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметкерінің мәртебесі жоқ жеке тұлғада айналыса алады.

Мұндай жағдайда Конвенция жобасына сәйкес (7 бап) екі шарт ұсынылады: 1) субъект мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес тиісті әрекеттер жасауға өкілетті болуға тиіс, 2) халықаралық құқықтың бұзылуына әкеп соққан іс әрекетті ол жария міндетті жүзеге асыру мақсатында әрекет ете отырып жасауы тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардың өз мақсаттарында жасаған әрекеттері (яғни, жария міндеттерді жүзеге асыру мақсатында емес) мемлекетке жатқызылмайды. Бірақ егер мемлекетте нақты мән жайлары жеке субъектілердің халықаралық құқық нормаларын бұзатын әрекеттерінің алдын алу міндеті болса, онда мемлекет Халықаралық құқықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұған зінің өкілеті органдары арқылы мемлекеттің әрекеттестігі негіз болады.