
- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
1. Дипломатиялық және консулдық құқықтың түсінігі мен қайнар көзі.
2. Сыртқы қатынастар органдары.
3. Дипломатиялық өкілдік.
Консулдықтар.
Дипломатиялық және консулдық құқық деп, сыртқы қатыныстар саласындағы халықаралық құқық субъектілерінің ресми қызметін реттейтін халықаралық құқықтың дербес саласын айтады. Дипломатиялық құқық, сыртқы байланыстар жасайтын мемлекеттік органдардың мәртебесі мен қызметтерін, яғни, ресми мемлекетаралық қарым-қатынастарды жүзеге асыруды реттейтін нормалар.
Халықаралық қатынаста дипломатияның екі жақты және көп жақты түрі бар. Осындай дипломатия қызметінің нәтижесі болып екі және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялар табылады. Дипломатиялық қызметтің принциптері мен нормалары әртүрлі халықаралық конвенциялар мен шарттарда бекітілген. Ол халықаралық конвенциялар мен шарттар дипломатиялық құқықтың қайнар көздері болып табылады.
Дипломатиялық және консулдық құқықтың қайнар көздері.
Дипломатиялық және консулдық құқықтың нормалары екі конвенцияда кодифициаланған.
1. 1961 жылы шыққан және 1964 жылы күшіне енген «Дипломатиялық қатынастар туралы” Веналық Конвенция.
2. 1963 жылы шыққан және 1967 жылы күшіне енген “Консулдық қатынастар туралы” Вена Конвенциясы.
3. 1969 жылы шыққан және 1987 жылы күшіне енген “Арнайы миссиялар туралы” Конвенция.
4. 1973 жылы шыққан және 1977 жылы күшіне енген “Халықаралық корғану құқығы бар тұлғаларға, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге қарсы бағытталған қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы” Конвенция.
БҰҰ-ға және оның арнайы ұйымдарына байланысты екі негізгі Конвенциялар қолданылады:
- 1946 жылғы БҰҰ-ң артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция.
- 1947 жылғы Арнайы ұйымдардың артықшылықтары мениммунитеттері туралы Конвенция.
Консулдық қатынастар жөнінде туатын мәселелер бойынша 1963 жылғы Көпжақты Веналық Конвенция қолданылады.
Сыртқы қатынастар органы деп мемлекеттің басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыруға көмектесетін мемлекеттік органдарды айтады.
Бұл органдар мемлекет ішіндегі және шет елдік деп екіге бөлінеді.
1/ Сыртқы қатынастар органдарының мемлекет ішіндегі түріне: 1. Елбасы; 2. үкімет басшысы; 3. Сыртқы істер министрлігі мен ведомствасы; 4. Парламент.
Елбасы – сыртқы қатынастар жөніндегі жалпы басқаруды жүзеге асыру уәкілдігіне ие. Дүниежүзілік аренада еліміздің өкілі болып, халықаралық шарттарға қол қояды.
Парламент – сыртқы қатынастар мәселелері бойынша жалпы басқаруды өрбітіп, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытын белгілеп, халықаралық шарттарды бекітеді.
Үкімет – мемлекеттің саяси және экономикалық мәдениетін анықтайды. Сыртқы қарым-қатынас мәселелері жөнінде үкімет қызметіне мемлекеттің атынан жолдау беру, үкімет делегацияларын қабылдаулар жатады.
Сыртқы істер ведомствалары, сыртқы істер министрліктері – бұл мемлекеттің сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын негізгі арнайы орган. Дипломатиялық делегациялардың қызметіне басшылық жасап, Парламент отырысында қарастыруға, маңызды сыртқы саяси мәселелерді ұсынады. Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынас жүргізуін қамтамасыз етіп, шет елдік елшілерді қабылдау рәсімдеріне қатысады.
2/ Сыртқы қатынастардың шет елдік органдары. Олар екі категорияға бөлінеді: тұрақты, уақытша.
Тұрақты органдар – бұл өз елінің шетелдегі өкілі болып күнделікті қызметті жүргізетін органдар /елшіліктер, өкілдіктер/.
Уақытша органдарға әртүрлі делегациялар, салтанатты жиындарға қатысушы жеке өкілдер жатады. Егер мемлекет тарапынан халықаралық салтанатты рәсімдерге арнайы уәкіл жіберілмеген болса, онда сол мемлекеттің елшісіне төтенше елші ретінде сол рәсімдерге қатысуға уәкілдік беріледі.
Дипломатиялық өкілдік – бұл басқа мемлекеттің территориясында орналасқан, осы мемлекетпен дипломатиялық қарым қатынасты жүргізу үшін құрылатын мемлекеттік орган.
Дипломатиялық өкілдіктердің қызметі:
А) шетел мемлекетінде өз елінің және азаматтарының мүддесін қорғау;
Б) шетел мемлекеттінің үкіметімен келіссөздер жүргізу;
В) шетел мемлекетінде өз елінің мүдделерін білдіру
Г) шетел мемлекетіндегі жағдайды және оқиғалар жөніндегі ақпаратты барлық заңға қайшы келмейтін құралдар арқылы өз елінің үкіметіне хабарлап отыру;
Д) екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты қолдау, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды дамытуға ат салысу.
Қазақстан көптеген елдерде өзінің дипломатиялық өкілдіктерін ашып отыр. Олар 1961 ж. “Дипломатиялық қатынастар туралы” Вена Колнвенция ережелер негізінде жұмыс істеп, барлық иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланады.
Шет мемлекетіне жіберіліп отырған Қазақстан елшілігі ҚР-ң Парламенті қаулысымен тағайындалады. Елшілікті басқаратын төтенше және өкілетті елші ҚР-ң Сыртқы істер министрінің ұсынысымен және ҚР Парламентінің келісуімен Президент Жарлығы арқылы тағайындалады.
Елші міндеттеріне мыналар кіреді:
А) өз елінің мүдделерін шетел мемлекеттерінде білдіруді қамтамасыз ету;
Б) бас консулдықтардың және шетел мемлекеттердегі жұмыс істейтін консулдықтардың қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асыру;
В) ресми делегацияларға көмек көрсету;
Г) ҚР-да меншіктің барлық нысандарының сақталуына және құқықтық қорғалуына қамқорлық таныту;
Д) шет ел мемлекетінің ресми органдарымен келіссөз жүргізіп, байланыстар орнатады;
Е) шет мемлекеттерімен қарым-қатынас жүргізуді қолдау;
Ж) шетел мемлекеттерінде ҚР саясатының бағыттарына түсіндірмелік жұмыстар жүргізеді.
Дипломатиялық өкіл – шет мемлекеттерде барлық мәселеллер жөнінде өз елінің мүдделерін білдіретін тұлға. Оның өз елінің басқа өкілдеріне қарағанда шет мемлекеттерінде едәуір артықшылығы болады.
1961 ж Веналық Конвенцияға сәйкес дипломатиялық өкілдіктер басшылары мына сыныптарға бөлінеді:
1 сынып: елшілер мен нунцийлер (Ватикан елшілері);
2 сынып: өкілдер мен интернунцийлер (Ватикан өкілдері);
3 сынып: сенімді өкілдері.
Кластарды шендерден ажырата білу керек. Халықаралық дипломатиялық тәжіріибеде келесідей шендер бар. 1. Төтенше және өкілетті елші. 2. Төтенше және өкілетті өкіл. 3. кеңесші, 4. 1-хатшы, 2-хатшы, 3-хатшы және n-дік хатшылар. 5. Атташе – төменгі дипломатиялық шен.
Дипломатиялық өкілді тағайындау және еліне қайтару ережелері.
Шетел өкілдерін дипломатиялық өкілдік басшысы ретінде қабылдамау құқығы әрбір елдің егеменді құқығы болып табылады. Өз өкілін жіберуші мемлекет нақ сол өкіліне қатысты шет мемлекеттің қабылдауға агреман, яғни келісім бергендігіне сенімді болу керек.
Агреман – бір елдің өз дипломатиялық өкілдігінің басшысы ретінде ұсыеған адамын қабылдауға екінші елдің келісім беруі, мақұлдау. Әдетте, агреман алынған соң, бұқаралық ақпарат құралдарында дипломатиялық өкілді тағайындау туралы хабарлама беріледі.
Шет мемлекетіне кетер алдында, елші сенім грамотасын алып, ол құжатты шет мемлекетінің басшысына тапсырады. Сенім грамотасында оның иесіне өз мемлекетінің өкілі ретінде сенуге болатындығы туралы өтініші болады. Сенім грамотасы салтанатты түрде тапсырылады және әрбір мемлекетте сенім грамотасын тапсыру туралы өзінің ережелері бар.
Дипломатиялық өкілдің функцияларын тоқтату негіздері:
жіберуші мемлекет оны кері шақыруы;
дипломатиялық өкілді “persona non grata”, яғни сенімсіз тұлға ретінде тану (дипломат атағына,мәртебесіне сай келмеуі).
Дипломатиялық қатынастың бұзылуы;
Екі ел арасындағы соғыс;
Жіберуші немесе шет мемлекет (қабылдаушы мемлекет) халықаралық құқық субъектісі ретінде қызмет етуін тоқтатуы.
Дипломатиялық өкілдіктің персоналы.
Дипломатиялық өкілдіктің персоналы үш топқа бөлінеді:
дипломатиялық персонал
әкімшілік-техникалық персонал
қызмет көрсетуші персонал
Дипломатиялық персоналға дипломатиялық шендері бар өкілдер жатады: елшілер, өкілдер, кеңесшілер, сауда өкілдері және олардың орынбасарлары, арнайы атташе (әскери,әскери-теңіз); 1,2,3 хатшылар.
Әлеуметтік-техникалық персоналға жататын: канцелярия менгерушілері, есепші, аудармашылар, іс жүргізушілер және т.б. қызметшілер.
Қызмет көрсетуші персонал топбына: курьер, жүргізуші, швейцар, вахтер, комендант және т.б.
Өз кезегінде, Қазақстан астанасында шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері ашылуда. Республика астанасындағы барлық шет мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдік басшылары дипломатиялық корпусты құрайды. Дипломатиялық корпустың басшысы (ақсақалы) – дуайен деп атайды. Дуайен қабылдаған мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктер басшыларының біреуінің келген уақыты мен классының жоғарғылығына байланысты тағайындалады.
Дипломатиялық өкілдіктің артықшылары мен иммунитеті
Дипломатиялық өкілдік басшысымен дипломатиялық персонал мүшелерін қамауға немесе ұстап қамауға болмайды. Қабылдаушы мемлекет территориясында диплоиаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сол мемлекет алдын-ала ескерту шараларын қабылдауға міндетті. Дипломатиялық персоналдың бір артықшылығы: дипломаттың тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына ие. Дипломат қай жерде уақытша немесе тұрақты тұрмасын (қонақ үйі, демалыс үйі, пәтер ж/е т.б.), оның тұрғын жерін қол сұғуға болмайды. Өкілдік орналасқан тұрғын – жайларға ешкімнің тиісуіне болмайды. Бұл дегеніміз, мемлекеттің билік өкілдерінің өкілдік аумағына, тұрғын жайларына кіруге қатаң тыйым салынады, сонымен қатар мемлекеттің тиісті органдары бұл өкілдіктердің қол сұғушылық әрекеттерден қорғаулығын қамтамасыз етеді.
Өкілдіктің жайларын, жүріп-тұру құралдарын, мүлкін қамауға алуға, реквезициялауға және т.б. сол сияқты әрекеттер жүргізуге болмайды.
Дипломатиялық өкілдіктерге мемлекет тарапынан салықтар мен алымдар салынбайды.
Архивтер мен құжаттардың қол сұғушылықтан қорғалуына кепіл беріледі. Дипломатиялық өкілдіктің ғимаратына, жүріп-тұру көлігіне, басшы резиденциясында өз мемлекетінің рәміздерін (таңбаларын) орнатуға құқылы.
Консулдық өкілдік.
Консулдық өкілдік – бұл мемлекеттің сыртқы қатынастың шет елдік органы. Консулдық өкілдік шет елдің териториясында сол елдің келісімімен орналасады. Олардың негізгі мақсаты өзі елінің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың экономикалық және басқа да мүдделерін қорғау. Консулдық мекемелермен өкілдіктерде басшылық қызметті консулдар жүзеге асырады.
Консул бұл басқа мемлекетке өз елінің заңды және жеке тұлғалардың құқықтық, экономикалық және басқа да мүдделерін білдіру және қорғау үшін тағайындалған лауазымды тұлға.
Консулдық және дипломатиялық өкілдіктердің бір-бірінен айырмашылығын мына мысалдан түсінуге болады.
Дипломатиялық өкілдік – барлық мәселелер бойынша өз елінің мүддесін білдірсе, керісінше консулдық өкілдіктің қызметі тек арнайы өкілдіктермен шектелген. Бір елде бір мемлекеттің тек жалғыз дипломатиялық өкілдігі қызмет көрсетеді, ал консулдықтардың саны шектеусіз.
Консулдық мекемелердің қызметі.
өз мемлекетінің заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау.
Екі ел арасындағы сауда, мәдениет, ғылым саласындағы қарым-қатынастарды қолдау;
өз елінің азаматтарына қатысты әкімшілік және нотариалдық қызмет көрсету;
өз елінің теңіз және әуе кемелеріне, сондай-ақ олардың экипаждарына қатысты міндеттерді орындау;
мекендеуші елдің экономикалық, саяси-құқықтық өміріне бақылау және ол жөнінде өз елінің сыртқы істер министірлігіне ақпарат беру;
паспорт-виза қызметі;
АХАЖ-ң қызметі;
Сот және тергеу органдарының тапсырмаларын орындау.
Консулдық сыныптар:
Консулдық өкілдіктің басшылары 4 сыныпқа бөлінеді.
бас консул – консулдық мекеменің басшысы;
консул
вице-консул
консулдық агент
Консул мен вице консул тиісінше консулдық немесе вице консулдықты басқарады, сондай-ақ бас консулдың көмекшісі немесе орынбасарлары.
Консулдық өкілдік персоналы.
1963 ж. Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясымен көзделгендей бұл персонал үш категорияға бөлінеді.
Консулдық өкілдіктің қызметін атқаратын және консулдық міндеттерді орындайтын консулдық лауазымды тұлғалар;
Әкімшілік-техникалық қызметті атқарушы консулдық қызметкерлер;
қызмет көрсетушілер.
Консулды тағайындау. Консулдық патент және экзекватура.
Консулдар жіберуші мемлекетпен тағайындалады, ол қабылдаушы мемлекетте консулдық міндеттерін орындауға жібереді. Көптеген мемлекеттерде консулдарды қызметке тағайындау және оларды қабылдау жұмысы сыртқы істер ведомостінің өкілеттігіне жатады.
Консулға оның өкілеттігін білдіретін патент (куәлік) беріледі. Онда консулдың аты-жөні, сыныбы, консулдық аймағы және консулдың мекен жайы көрсетеледі. Консулдың сыныбы және консулдың аймағы қабылдаушы мемлекетпен келісу нәтижесінде анықталады. Берілген консулдык округ негізінде, консулдық қызметтерін жүзеге асыру үшін, оған, қабылдаған мемлекеттің СІМ-не келісім (экзекватура) беріледі. Көп елдерде экзекватура сыртқы істер ведомстволарымен беріледі. Консул экзекватураны алған сәтінен бастап өз міндеттеріне кіріскен деп есептеледі. Дәл осы күннен консулдың дипломатиялық корпуста басшылығы, яғни басқа консулдардан артықшылығы, билігі анықталады.
Консулдық өкілдің қызметінің тоқталуы.
Консулдық өкілдің қызметі мына жағдайларда тоқтатылады.
жіберілген мемлекеттің оны кері шақыруы;
ретінде танылуы;
егер консулдық аймақ орналасқан территория қабылдаушы мемлекеттің басқаруынан шыққан жағдайда;
консулдық мекеменің жабылуы;
жіберуші және қабылдаушы мемлекеттер арасындағы соғыстар.
Қазақстан дербес мемлекет болғалы оның азаматтарының шет елдерге сапарларын реттеуге арналған бір қатар елдермен келісім-шарттарға қол койды. Қазақстан Түркия мемлекетімен бір айға дейін мерзімге екі ел азаматтары бір елден бір елге сапарға барғанда визасыз келіп-кетуіне болатын келісімге қол қойды. Дәл осындай Иран мемлекетімен де осыған ұқсас келісімге келді. Бұрақ, бұл жағдай анықтап айтқанда, тек дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелеріне ғана қолданылады.