Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lekcija_-_Mezhd_pravo.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
987.65 Кб
Скачать

15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі

  1. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық ұғымы

  2. Халықаралық құқық - құқықтың ерекше жүйесі ретінде

  3. Халықаралық жалпы құқық және халықаралық жеке құқық

  4. Халықаралық құқық және ішкі мемлекеттік құқықтың ара қатынасы

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардың негізгі сипаттары.

Мемлекеттер арасындағы сандарлы қарым-қатынастың алғышарттары халықаралық құқықтың және мемлекеттің егеменді құқық нормаларын құрметтеу болып табылады. Халықаралық құқық нормаларын халықаралық құқық реттейді және сонымен бірге оның нормаларына ықпал етеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірі үшін орасан маңызы бар тарамдана дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқықтық нормалардың мазмұнын белгілейді.

Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға бәрінен бұрын, халықаралық жүйедегі халықаралық құқық және халықаралық қатынастар проблемасының орны жатқызылады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер, халықаралық қатынастарды неғұрлым маңызды және айқындаушы деп айырады, оларды жүйе ретінде қарайды. (Г.А, Арбатов,Н.И. Лебедев, Ш.П. Санакоев, Д.Г Тамашевский).

Халықаралық жүйе тар мағынада мынаны қамтыды: біріншіден, мемлекеттер мен мемлекеттектес құрылымдар; екіншіден, мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасу процесіндегі тәуелсіздік үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар; үшіншіден, халықаралық қатынастар; төртінщіден, мемлекеттердің топтасуы; бесіншіден, осы элементттер арасындағы байланыс.

Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйеге, сондай-ақ, халықаралық қатынастарда өз орны бар халықаралық құқықтық және өзге де элеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйе үшін белгілі бір тұтастық, басқа компоненттерден салыстырмалы түрдегі оқшаулыққа тән.

Халықаралық жүйенің өзіне тән ерекшелігі, біріншіден, оның негізгі элементі – мемлекет – халықаралық жүйенің бір бөлігі болып саналады. Екіншіден, - онсыз өмір сүре алмайды.

Сонымен, халықаралық құқытың даму және өмір сүру проблемаларын анықтай отырып, қазіргі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін, халықаралық жүйенің ұғымы мен компонентерін анықтап алу қажет.

Осы аталғандарды ескерсек, халықаралық қатынастар ұғымы, олардың құқықтық табиғаты туралы жалпы қорытынды шығаруға болады.

Халықаралық қатынастар дегеніміз – ол мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми және өзге байланыстардың жүйесі.

Халықаралық қатынастар үшін мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту және кеңейте түсу, халықаралық қауыпсіздіктің жаңа проблемаларын шеше білу, ядролық соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың беделін көтеруге ат салысу.

2. Халықаралық құқық - мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысатын кейбір басқа да құрылымдар арасындағы әртүрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды реттейтін құқық саласы. Ол ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан елеулі түрде айырылатын құқықтың ерекше жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық дегеніміз халықаралық қатынастарды реттейтін және біршама келісілген мемлекеттердің еркін білдіретін келісімдік және әдеттегі нормалармен принциптер жүйесі болып табылады.

Халықаралық құқықты сақтау халықаралық құқық белгілеген шектер мен нысандарда мемлекеттердің жеке және ұжымдық шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Құқық анықтамасы халықаралық құқыққада да жатады, бір ғана өзгешілігі, әрбір анықтау элементінің халықаралық құқықта өз ерекшелігі бар. Мысалы, халықаралық құқыққа құқықтың мынадай дәстүрлі белгілерге тән: мемлекеттік еріктік сипаттағы құбылыс; заңдық нормалар белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді; мәжбүрлеу халықаралық - құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, халықаралыққұқық үшін кейбір өзгеше ерекшеліктерге тән.

Реттейтін пәні. Халықаралық құқық генетикалық жағынан және өзінің мәні бойынша мемлекетпен байланысты екеніне қарамастан, ол жеке мемлекеттің құқықғы бола алмайтыны сияқты, мемлекеттен жоғары тұратын құқықты бола алмайды. Ол мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын орнататын және қамтамасыз ететін мемлекет аралық құқық болып саналады. Бұл қатынас, әдетте, өзінің таптық табиғаты, саяси сипаты, ішкі құрылысы, аумақтық құрамы, халқының саны жағынан әр-түрлі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және басқа да қатынастарды қозғайды. Бұл арада халықаралық құқық пәнін халықаралық қатынастан айыра білу қажеттілігін айта кетуіміз керек.

Халықаралық құқықтыққатынастар объектісі дегеніміз – ол құқық субъектілері өзара жалпы танылған халықаралық қатынас принциптері мен нормалары негізінде не үшін құқықтық қатынасқа түсетін болса, соның бәрі. Объектілердің үш түрі ажыратылады: аумақ, іс-қимыл, іс-қимылдан тартыну. Мысалы, аумақ, әсіресе әскери сипаттағы мәселелерде, объекті ретінде алға жие шығады. Іс-қимыл – мемлекеттер арасындағы әр-түрлі құқықтық қатынастардағы – бейбітшілік мәселелердегі, өзара-көмегімен ұғынудағы объекті болып саналады. Бейтараптық мәселелері, соғыс жүргізу заңдары мен әдет-ғұрыптар – объектілердің соңғы түріне жататын объектілер болып есептеледі. Халықаралық құқықтың объектісі – халықаралық құқық принциптері мен нормаларына қайшы келмеуі тиіс. Халықаралық ынтымақтастықтың саяси кеңейюне байланысты объектілер шеңбері де кеңейе түсуде. Мәселен, жер серігі байланысының құқығы, атом құатын бейбіт мақсатқа пайдалану,ішкі континенталдық мемлекеттер мәртебесі секілді, осы заманғы бағыттар объектілердің жаңа жүйесін жасайды.

Халықаралық құқықтың мемлекеттің ішкі құқығынан құқық нормаларын қамтамасыз ету тәсілі жағынан да айырмашылығы бар. Құқық субъектілерінің еріктерімен келісумен қатар, халықаралық құқық күштеп көндіру шараларында қолданады. Соңғысының жеке дара сипаты да, ұжымдық сипаты да бар. Халықаралық құқық нормалары, мемлекеттер арасындағы келісімдер процесінде ғана қалыптасады.

Басқаша айытқанда, халықаралық құқықтың,құқықтың барлық басқа салалары мен жүйелерінен айырмашылығы ``келісім сипаты`` болады. Халықаралық құқықтың негізгі ерекшеліктері осы қысқа тұжырымдаудан азды-көпті байқалып қалуы мүмкін.

Мемлекеттің ішкі барлық құқық салаларында субъектілер, тұлғалар болып табылады, ал халықаралық құқықта субъектілер екі топ жатады.

1 топ – негізгі скубъектілер:

а) егеменді мемлекеттер;

б) өздерінің тәуелсіздігі үшін күресудегі ұлттар мен халықтар;

2 топ - қосалқы субъектілер:

в) халықаралық ұйымдар;

г) мемлекеттес құрылымдар.

Соңғы жылдары халықаралық құқықтың дамуы, индивидтің халықаралық құқық субъектілігінің теориясы кеңінен қолдау тапты. Халықаралық құқық нормаларының құрылу тәсілі оның елеулі ерекшеліктерге ие болып табылады.

Халықаралық құқықтағы норма жасау процесі өзгеше. Бұл процестің негізіне халықаралық құқық нормаларын жасау тәсілі ретінде мемлекеттер еріктілігін келісу теориясы жатады. Халықаралық құқықтың майталманы Г.И. Тункиннің еңбектерінде барынша толық дамытылған бұл теория – теория мен практикадағы ең іргелі зерттеу болып саналады.

Бұл теория бойынша, халықаралық құқық нормалары немесе әдеттегі келісімді болып мемлекеттердің еріктерінің келісуі нәтижесінде пайда болады. Халықаралық құқық нормалары екі, бірнеше немесе көптеген мемлекеттердің еріктілігінен келісу жолымен жасалады. Мұндай келісім нені білдіреді? Мемлекеттің ішкі құқық нормалоры жамды күшінің негізі болып есептелетін еріктіліктен айырмашылығы – индивидтерден жоғары тұрған мемлекеттік еріктілік; халықаралық құқық нормалары жарамды күшінің негізі саналатын келісім – екі, бірнеше немесе көптеген мемлекеттер еріктіліктері келісімінің нәтижесі. Бұл заңдық мәніс.

Халықаралық құқығының ерекшелік қасиеттерін анықтай отырып, қайнар көздері жүйесіне халықаралық көпшілік құқығының субъектілік құрамына, жауапкершілік институтының ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталу қажет.

Бұл мәселелер халықаралық құқықтың жеке тарауларында қарастырылады. Халықаралық құқықтын халықаралық құқықты ерекше құқық жүйесі ретінде жатқызуға мүмкіндік беретін ерекше сипаттары бар.

Бұл ерекшеліктерге жататындар:

  1. реттеу пәні;

  2. ерекше субъективтік құрам, атап айытқанда, егеменді мемлекеттер;

  3. халықаралық құқықтағы норма жасау процесінің нәтижесі ретіндегі қайнар көздерінің ерекше жүйесі;

  4. заң шығарушы, атқарушы және сот органдары жүйесінің жоқтығы;

  5. жауапкершілік институты.

Сонымен, халықаралық жалпы құқық - ол құқық субъектілерінің еріктерімен келісе отырып жасайтын, заң жүзінде міндетті деп саналатын және қажет болған жағдайда мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі.

Халықаралық құқық, мемлекеттер арасындағы келісілген ерікті білдіретін және олардың арасындағы қатынастарды, халықаралық ұйымдар арасындағы және басқа да субъектілері арасындағы қатынасты реттейтін келісілген және әдет-ғұрып нормалары мен қағыдаларының жиындығы. Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде қандай болмасын ұлттық жүйеге кірмейді және онда ұлттық құқық нормалары жоқ. Халықаралық құқықтың реттеу аясы дипломатиялық құқық, экологиялық, экономикалық, гуманитарлық, полициялық мәселелер және оларды әрі қарай дамыту. Осыған орай халықаралық құқық ұлттық құқық сияқты салаларға бөлінеді: халықаралық теңіз құқығы, халықаралық экономикаляқ құқығы, халықаралық экологиялық, дипломатиялық және консулдық құқық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]