- •1.1 Тұқымдық жадығат (материал), оның маңызы мен сипаттамасы. Қазақстанда тұқымтану және тұқымдық бақылау қызметінің дамуы
- •Өсімдік шаруашылығы
- •Тұқымдық бақылау
- •1.2 Тұқымның даму кезеңдері
- •1.3 Тұқымның тыныштық күйі, тіршілікке қабілеттілігі және оның ұзақтығы
- •1.4 Өсімдік өнімділігі және тұқымның әртүрлі сапалылығы
- •1.5 Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсері
- •1.6 Тұқымның өнуі, көктеуі және танаптық өнгіштігі, оларға әсер ететін факторлар мен жағдайлар
- •1.7 Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары
- •1.8 Тұқымның себу (егістік) сапасы
- •1.9 Тұқымдық жадығат сапасы жөніндегі құжаттар
- •1.10 Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту шаралары
- •2.1 Өнімді бағдарламалау – ғылыми және оқу пәні
- •2.2 Биоклиматтық көрсеткіштерді және дақылдар мен сорттардың әртүрлі пісу топтарын өсіру мүмкіншілігін бағалау
- •2.3 Өнім мөлшерін фотосинтетикалық белсенді радиация (фбр) кірісімен анықтау
- •Кесте 11. Қазақстанның үш нысанында (пунктінде) жылы кезеңдегі фбр (млрд.КДж/га) көрсеткіштері
- •2.4 Танаптық (екпе) дақылдар егістіктерінің ылғалмен қамтамасыз етілуі және нақты мүмкін өнім (нмө) деңгейін анықтау
- •Пө Кфбр пәк 2,0%
- •Нмө шектелген ылғалмен қамтамасыз етілу фактор бойынша
- •Агротехника деңгейіне байланысты нө
- •Кесте 13. Екпе дақылдардың су пайдалану коэффициенттерінің орташа мәндері
- •Кесте 15. Ең төменгі сиымдылықтың 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, мм
- •2.5 Өсімдіктердің фотосинтетикалық әрекеті және оның егістіктердің негізгі құрылым элементтерімен байланысы
- •2.6 Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігін (шөп оттылығын) бағдарламалау
- •2.7 Бағдарламаланған өнім деңгейіне тыңайтқыш енгізу мөлшерін есептеу әдістемесін ілімдік (теориялық) негіздеу
- •3.1 Дәнді астық дақылдарының жалпы сипаттамасы
- •3.2 Жаздық астық дақылдары
- •3.3 Күздік астық дақылдары (жалпы сипаттамасы)
- •Күздік қара бидай
- •3.4 Дәнді бүріііақ дақылдары (жалпы сипаттамасы)
- •Майбұршақ
- •4.1 Майлы дақылдар (жалпы сипаттамасы)
- •4.2 Эфир майлы дақылдар (жалпы сипаттамасы)
- •5.1 Картоп
- •Кокшетауский ранний – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, сқо, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
- •5.2 Картоптың голландтық өсіру технологиясы
- •5.3 Ерте картоп
- •Әдебиеттер
- •Қ. К. Әрінов, қ. М. Мұсынов, а. Қ. Апушев, н. А. Серекпаев, н. А. Шестакова, с. С. Арыстанғұлов өсімдік шаруашылығы
3.4 Дәнді бүріііақ дақылдары (жалпы сипаттамасы)
Бір ботаникалық бұршақ тұқымдастарына (Leguminosae - Fabaceae) жата отырып дәнді бүршақ дақылдары өсімдіктерінің биологиясында, алынатын өнімнің сапасында және өсіру технологияларында көптеген ұқсастықтар бар.
Дәнді бұршақ дақылдарына ақуызға бай кең ауқымды қосжарнақты өсімдіктер тобы біріктіріледі. Дәнді бұршақ түқымдасы барынша филогенетикалык жас және формалары бойынша аса көптүрлілігімен ерекшеленеді. Оған малазықтық және дәнді дақылдардың көпшілігі (асбұршақ, ноқат, сиыржоңышқа, атбас бұршақ, ноғатық, бадана, жасымық ж.б.) жатады.
Екпе (танаптық) дакылдарды жүйелеуде біздің елімізде дәнді бұршақ дақылдарын дәнді астық дақылдарымен бір топқа (дәнді дақылдар) біріктірілген, ал халықаралық ФАО жүйесінде оларды жеке топқа бөлген.
Олардың негізгі ерекшелігі — түйнек бактерияларының көмегімен күн сәулесінің энергиясымен атмосферальқ азотты байланысқан азотқа айналдырады да, көп мөлшерде тұқымдары мен бүкіл өсімдігінде ақуыз жинақтайды.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді бұршақ дақылдары егіншілікте үш басты мәселелерді шешуге көмектеседі: астық өндірісін арттыруда белгілі бір рөл атқарады, өсімдік белогі мен топырақтың құнарлылығын арттырады.
Барлық дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік массасында жоғары мөлшерде белок болатындақтан тағамдық және мал азықтық құндылығымен сипатталады (Кесте 29).
Белоктың барынша көп мөлшерімен майбұршақ пен бөрібұршақ ерекшеленеді. Оның мөлшері әртүрлі түрлерінде ғана емес, бір дақылдың деңгейінде өсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Дәнді бұршақ өсімдіктерінің белоктары басқа өсімдік белоктарына қарағанда суда жақсы ериді, сондықтан олар жеңіл қорытылады.
Кесте 29. Дәнді бұршақ тұқымдарының химиялық құрамы (%)
Дақыл |
Ақуыз (белок) |
Азотсыз экстрактивті заттар |
Май |
Клетчатка |
Күл |
Асбұршақ |
28 |
52 |
1,5 |
3,5 |
2,5 |
Атбас бұршақ |
Гзо |
45 |
1.5 |
6.0 |
3,5 |
Жасымық |
30 |
50 |
2.0 |
3.0 |
3.0 |
Ноғатық |
29 |
48 |
2.0 |
6.0 |
3.0 |
Ноқат |
25 |
49 |
4,5 |
4,0 |
3,5 |
Бадана |
24 |
49 |
2.0 |
4,0 |
3,0 |
Майбұршақ |
39 |
24 |
20.0 |
4.0 |
5,0 |
Бөрібұршақ (жіңішке жапырақты) |
38 |
24 |
5,0 |
12,5 |
4,5 |
Өсімдік белогінің сапасы оның кұрамында айырбаска жатпайтын амин қышқылдарының барлығымен де сипатталады, оның үстіне олардың мөлшері адам мен жануарлардың қажетсінуін канағаттандыруға толық жетеді.
Бұршақ дақылдарының астық белогінің биологиялық құндылығы өте жоғары. Егер сүт белогінің құндылығын 100% деп есептесек, онда көптеген дәнді бұршақ дақылдарының биологиялық құндылығы 75-85%, ал майбұршақта ол 100%-ға жақындайды.
Біздің елімізде өсімдік белогі мәселесі (проблемасы) өте өткір тұр. Қазіргі кезеңде жануарлар үшін мал азығының бір азықтық өлшемінде 85-86 г-нан ғана сіңімді протеин бар, ал ол 105-110 г-нан кем болмауға тиіс. Протеиннің жетімсіздігі мал азығының айтарлықтай көп шығынына жетелейді және малдың өнімділігін арттыруға басты кедергілердің бірі болып табылады.
ҚР өкіметі мал шаруашылығын өсімдік белогі мен толық қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып отыр. Ол үшін асбұршақ, ноқат, майбұршақ және жоғары белокті басқа дақылдар егістігін барынша арттырған дұрыс.
Кезінде Д.Н.Прянишников көрсеткендей, белок проблемасы негізінен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің есебінен шешілуге тиіс. Мәселе мынада: дәнді бұршақ дақылдары жоғары қоректілігімен бірге бір азықтық өлшемде 160-тан 250-г-ға дейін сіңімді протеин қалыптастырады (Кесте 30).
Малды көп мөлшерде ірі сабақты, шырынды мал азықтарымен және сүрлеммен қоректендіргенде белокты мал азығының қажеттілігі арта түседі.
Дәнді бұршақтарының астығы - жануарлар үшін құнарландырылған мал азығының құнды құрам бөлігі. Бұршақ дақылдарынан қоректілігі жақсы пішен, сүрлем және жасыл балауса дайындалады. Сабаны мен мекені де айтарлықтай мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының түқымдарында, сабақтары мен жапырақтарында дәнді астық дақылдарына қарағанда белок мөлшері 2-3 есе көп. Сондықтан белок теңдестігін жақсарту үшін оларды басқа дақылдармен аралас егістікте кеңінен қолданылады.
Кесте 30. Дәнді бұршақ дақылдарының қоректілігі
Дақыл |
100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері |
1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г |
||||
|
Жасыл балауса |
Сүрлем |
Астық |
Жасыл балауса |
Сүрлем |
Астык |
Майбұршақ |
20,7 |
20,2 |
130,7 |
21 7 |
174 |
223 |
Асбұршақ |
16,0 |
15,0 |
114,0 |
175 |
133 |
158 |
Бөрібұршақ - мал азықтық |
14,7 |
17,7 |
110,7 |
184 |
163 |
245 |
Атбас бұршақ |
16,0 |
18,0 |
155,0 |
1 63 |
144 |
211 |
Сиыржоңышқа |
17,0 |
13,8 |
119,2 |
218 |
167 |
189 |
Ноғатық |
21,9 |
15,0 |
109,3 |
201 |
І67 |
198 |
Дәнді бүршақ дақылдарының сабаны мен мекенінде 8-14% белок болады, ал дәнді астық дақылдарының сабанында ол 3-4%-ды ғана құрайды.
Кейбір дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктерінің тұқымдарында одан адам және жануарлар ағзасына қажетті барлық амин қышқылдары, оның ішінде айырбасқа жатпайтындары да (лизин, метионин, триптофан) бар. Олар жеткіліксіз болғанда белоктың бір бөлігі ғана ағзамен сіңіріледі, ал калған мөлшері энергетикалық материал ретінде жұмсалады. Мәселен, бидай құрамындағы 12% белоктың және лизинмен қамтамасыз етілуі 60% болғанда белоктың тек қана 7% сіңіріледі, арпадан - 6% ғана. Метионин жеткіліксіз болғанда баданадағы 25% белоктың 11% ғана асбұршақтың 23%, белоктың 10% ғана сіңіріледі, майбұршақтағы дерлік барлық белок сіңірілмейді.
Тұқымдардағы амин қышқылдарының мөлшері және олардың теңдестігі бойынша бірінші орынды майбұршақ иеленеді. (1 кг құрғақ затқа 170 мг), одан кейінгілері бөрібұршақ (156 мг), атбас бұршақ (150 мг), олардан айтарлықтай асбұршақ (87 мг) қалысады. Белок мөлшері сортқа, топырақ-климат жағдайларына және өсіру технологиясының ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгереді. Солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай жылжығанда дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдарында белок мөлшері арта түседі.
Майбұршақ, ноқат және бөрібұршақтың түқымдарында май да айтарлықтай мөлшерде көп, бүл аталған өсімдіктердің құндылығын арттыра түседі.
Дәнді бұршақ өсімдіктерінің вегетативтік мүшелерінде және тұқымдарында А, В1, В2, С дәрумендері де болады.
Дәнді бұршақ дақылдарының өнеркәсіптік-шикізаттық маңызы да айтарлықтай: олардың тұқымдарынан жарма мен ұн, кондитер бұйымдары, консервілер, тағамдық және мал азықтық концентраттар дайындалады. Олардың көпшілігінің шала піскен тұқымдары мен жемістерінен көкөністік консервілер өндіріледі. Майбұршақтың тұқымынан өндірілген майдың тағамдық және техникалық маңызы зор. Ал оның уреаза ферменті бадана белогі сияқты, медицинада қолданылады. Кейбір дәнді бұршақ тұқымдары (майбұршак, ноғатық) казеин, желім және пластмасса өндірісінде шикізат ретінде пайдаланылады.
Дәнді бұршақ дақылдарының агротехникалық маңызы да зор: олар топырақта көп мөлшерде органикалық заттар жинақтайды, азот теңдестігін жақсартады және олардың кейбіреулері (бөрібұршақ, асбұршақ, атбас бұршақ) қиын еритін фосфаттарды жеңіл сіңірілетін күйге аударады. Осыған байланысты олар топырақ құнарлығын жоғарылатуға мүмкіндік жасайды.
Тамырлары мен ризосферада болатын түйнек бактерияларының көмегімен атмосферадағы азотты байланыстырып, бұршақ өсімдіктері топырақтың құнарлылығын арттырады.
М.В. Федоровтың деректеріне карағанда, бөрібұршақ әр гектарға есептегенде 400 кг-ға дейің атмосфералық азотты сіңіреді, жоңышқа - 140, түйежоңышқа - 130, асбұршақ пен сиыржоңышқа - 100, майбұршақ - 150 кг шамасында сіңіреді, сөйтіп көп мөлшерде топырақта байланысқан азот қалдырады, топырақ құнарлылығын арттырады.
Сонымен бірге бірқатар дәнді бұршақ өсімдіктері (майбұршак, атбас бұршақ, ноқат) отамалы дақылдарға жатады. Осы себепті жаздық және күздік дәнді астық дақылдарына алғы дақыл ретінде олардың құндылығы арта түседі.
Белгілі заңдылық қалыптасқан: неғұрлым бұршақты алғы дақылдың өнімі жоғары болса, соғұрлым онда кейінгі дақылдың өнімділігі жоғары. Сонымен қатар әрбір бұршақ тұқымдас дақылдың азот фиксациясын жасау қабілетін де ескеру қажет.
Дәнді бұршақ өсімдіктерін аралық дақылдар (паялы, шабылмалы және себілмелі егістер) ретінде өсіргенде топырақ құнарлылығы айтарлықтай жоғарылайды және гектар берекесі артады.
Егістік аумағы, өсіру аудандары және өнімі. Дүниежүзілік егіншілікте дәнді бұршақ дақылдарының егістік аумағы 120 млн гектарға дейін немесе астық дақылдары егістігінің 13% -дан 25%-ға дейін аумағына тең.
«ҚР-ның 2005-2030 жылдары халық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарында» дәнді бұршақ және басқа жемазықтық дақылдарының егістігін кеңейту және астық түсімін молайту міндеттері қойылған. Біздің елімізде орта есеппен 2004-2007 жылдары жыл сайын дәнді бұршақ дақылдары 36,2 мың/га егістік жерлерде өсірілді және астық өнімі 11,0 ц/га болды.
Дәнді бұршақ дақылдарының ішінде барынша кең тарағаны асбұршақ. Далалық аймақтың құрғақшылық аудандарында құрғақшылыққа төзімді ноқат пен ноғатықтың маңызы артып келеді.
Морфологиялық сипаттамасы. Жапырағы. Жапырақтардың құрылысы бойынша дәнді бұршақ дақылдары үш топқа бөлінеді (Сурет 23): біріншісі - қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, жасымық, ноғатық, ноқат, атбас бұршақ), екіншісі - үштік жапырақты өсімдіктер (бадана, майбұршак) және үшіншісі - саусақ-салалы жапырақты өсімдіктер (бөрібұршақ).
Бүл топтардың өсімдіктері бастапқы өсу сипаты бойынша ажыратылады, осыған байланысты агротехника ережелерімен де. Бірінші топтың өсімдіктері эпикотил есебінен өнеді де жер бетіне түқым жарнақтарын шығармайды, топырақта қалдырады. Олардың тұқымдарын топыраққа тереңірек сіңіреді, көктегенге дейін және көктегеннен кейінгі тырмалауды көтереді.
Сурет 23. Дәнді бұршақ дақылдарының егін көктері: 1 – кәдімгі бадана (үштік жапырақтар); 2 - бөрі бұршақ (саусақ-салалы жапырақтар); 3 - ноқат (қауырсын жапырақтылар).
Екінші және үшінші топтың өсімдіктері әуелі гипокотилдің есебінен өседі де топырақ бетіне түқым жарнақтарын алып шығады. Олар тұқымдарын саяз сіңіруді талап етеді, оларды көктегенге дейін тырмалауға болмайды және көктегеннен кейін өте сақ тырмалау қажет.
Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, топырақта 2 метр тереңдікке дейін бойлайды, бүйір тамыршалары топырақтың беткі қабатын жайлап кетеді. Тамырларының қуатты дамуына олар терең және борпас топырақты қажетсінеді (оңтайлы тығыздық 1,1-1,2 г/см3). Сондықтан дәнді бұршақ дақылдары терең өңдеуді және топырақтың жыртылатын қабатын тереңдетуді қажетсінеді.
Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары әр түрлі механикалық беріктілікте және себу тәсілі осыған тәуелді. Атбас бұршақта, бөрі бұршақта, бадананың бұталы түрлерінде ноқат және майбұршақта сабақтары тік өседі, вертикал жағдайын сақтайды (жиі түрде кең қатарлы тәсіл пайдаланылады). Асбұршақ, сиыржоңышқа, ноғатық, жасымық пен баданада олар пісу кезеңіне қарай жапырылады (тек жаппай қатардағы себу тәсілі қолданылады). Дәнді бұршақ дақылдарын жиі түрде сабақтары берік басқа дақылдармен аралас себеді, алдыңғылары мұртшаларымен кейінгілеріне оратылып өседі.
Гүлдері бұрыс пішінді. Күлтеше жапырақтары әртүрлі мөлшерлі және пішіні де әртүрлі (қайықша, желкен және қанатты). 10 аталық пен бір жалғыз ұялы жатыннан және бірнеше тұқым бүрлерінен тұрады. Күлтеше жапырақтары ақ түстен қызғылт-қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Көпшілік дәнді бұршақ дақылдарында гүлдері гүл шоғырында негізгі сабақтың және бүйір өркендерінің ұшар басында орналасқан.
Жемісі - әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршаққап. Ол екі жарғақпен ашылады және бірнеше тұқымды біріктіреді. Піскеннен кейін көпшілік өсімдіктерде бұршаққаптар жарылады да, тұқымдары шашылады (бұл дақылдарға бөлектеп жинау тәсілі тән). Ноқатта және бөрібұршақтың кейбір түрлері мен сорттарында бұршаққаптары жарылмайды (олар тікелей орылып бастырылады). Селекционерлерге бадананың, майбұршақтың және ноғатықтың бұршаққаптары әлсіз жарылатын сорттарын шығару мүмкін болды.
Тұқымдары әртүрлі пішінді, мөлшерлі және түсті болып келеді. Тұқым тұқымдық қабықтан және ұрықтан тұрады. Тұқымның жеміске бекіген жерінде тұқым жолы (ізі), ал баданада - халаза төбешіктері мен микропиле сақталған. Ұрық екі етті тұқым жарнағынан және олардың арасында орналасқан ұрықтық тамырша мен бүршікшелер орналасқан, олардан өсімдіктердің жер үсті бөлігі қалыптасады. Тұқым жарнақтары ұрықтық жапырақ болып табылады, оларда қорлық қоректік заттар жинақталады, кейіннен өсе бастағанда оларды пайдаланады.
Өсіп-даму кезеңдері. Дәнді бұршақ дақылдарында келесі өсіп-даму кезеңдері белгіленеді: өну; көктеу; сабақтың бұтақтануы; бүрлену; гүлдену; бұршаққаптардың түзілуі; пісу; толық пісу (Кесте 31).
Дәнді бұршақ дақылдары екі топқа - қысқа өсіп-жетілу кезеңді (асбұршақ, жасымық, ноғатық) және айтарлықтай ұзақ кезеңді (атбас бұршақ, ноқат, бадана, майбұршақ) - бөлінеді. Әрбір дақылдың айтарлықтай ерте пісетін және кеш пісетін сорттары болады. Әр кезеңнің сипаттамасы -кестеде келтірілген.
Кесте 31. Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі өсіп-даму кезеңдері
Кезең |
Кезеңнің сипаттамасы |
Өнімділік элементтерінің қалыпгасүы |
Тұқымның өнуі |
Тамырша нүктесінің негізінен тұқым жарнақтарындағы қоректік заттар-дың есебінен өсуі |
Егін бітіктігінің жиілігі, танаптық өнгіштік |
Көктеу |
Топырақ бетінде бірінші нағыз жапырақтар пайда болады (үштік және саусақ-салалы жапырақты дақылдарда тұқым жарнағы шығады)
|
Жапырақтар саны мен буын аралықтары |
Сабақтың бұтақтануы |
Сабақтың қарқынды түрде ұзара өсуі және оның бұтақтануы |
Гүлдер және гүл шоғырының саны |
Бүрлену және гүлдену |
Бүрлену кезеңі алғашқы үш-бес гүл шоғырының пайда болуымен (төменгі бұтақтарда) сипатталады. Бүрлер жарылып, гүлдердің түсі жақсы байқалғанда гүлдену кезеңі белгіленеді |
Гүлдердің бүрлерінің саны |
Бұршаққаптар-дың түзілуі (жеміс салуы) |
Жемістердің басынан аяғына дейін түзілуі. Кезеңнің соңында бүршаққаптар оңтайлы мөлшерге ие болады |
Жемістер саны |
Пісу: пісудің басы |
Бұршаққаптардағы тұқымдар үлғаюын тоқтатады, ал түқым жолы мен тұқым қабығы сортқа тән түске енеді (дәнді бұршақ дақылдарын осы кезеңде бөлектеп жинауға болады) |
1000 гүқымның массасы |
Толық пісу |
Бүршаққаптар мен тұқым-дардың көпші-лік бұтақтарда толык пісуі, жапырақтар қурап түсе бастайды; бұршаққаптар бұратылып ашыла бастайды |
|
©J
Биологиялық ерекшеліктері. Дәнді бұршақ дақылдары әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде температураға біркелкі талап қоймайды. В.Н.Степановтың деректеріне қарағанда (Кесте 32), олар төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады (алымында биологиялық минимум, бөлімінде - температуралық оптимум).
Температураға қоятын талаптарына қарай дәнді бұршақ дақылдарын 3 топқа бөледі: шамалы талапты (асбұршақ, жасымық, ноғатық), түқымдарының бастапқы өне бастауына 2°С қажет, егін көгін 3-4°С қалыптастырады, ерте себу мерзімінің дақылдары; орташа талапты (жіңішке жапырақты бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат), тұқымдарының бастапқы өну температурасы 3-4°С, көктеуіне 5-6°С қажет, орташа себу мерзімінің дақылдары; жоғары талапты (майбүршақ, бадана), түқымдарының бастапқы өну температурасы 8-10°С, көктеуі 10-13°С-да, кеш себу мерзімінің дақылдары.
Кесте 32. Дәнді бұршақ дақылдарының әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде температураға талаптары (°С)
Дақыл |
Кезеңдер |
|||
көктеу |
вегетативтік мүшелерін қалыптастыру |
генеративтік мүшелерін қалыптастыру |
жеміс салу |
|
Асбұршақ |
4-5 6-12 |
4-5 12-16 |
10-12 16-20 |
12-10 22-16 |
Жасымық |
4-5 6-12 |
4-5 12-16 |
12-15 17-21 |
12-10 22-17 |
Ноғатық |
4-5 6-12 |
4-5 12-16 |
10-12 17-21 |
12-10 23-19 |
Жіңішке жапырақты бөрібұршақтар |
5-6 9-12 |
5-6 14-16 |
8-10 16-20 |
10 20-16 |
Атбас бұршақ |
5-6 9-12 |
5-6 12-16 |
8-10 16-20 |
10 22-16 |
Ноқат |
5-6 9-12 |
5-6 17-18 |
12-15 17-21 |
15-22 24-20 |
Майбұршақ |
10-12 15-18 |
10-11 15-18 |
15-18 18-22 |
12-10 22-18 |
Бадана |
12-13 15-18 |
12-13 16-26 |
15-18 18-25 |
15-12 23-20 |
Мынадай заңдылық байқалады: тұқымның өну температурасы неғүрлым төмен болса, соғүрлым егін көгінің үсу темпсратурасы да төмен. Айталық, асбүршақ пен жасымық көктеу кезеңінде - 8°С бозқырауды (аязды, үсікті) көтереді, бөрібұршақ пен атбас бұршақ - 6°С дейін, ал майбұршақ - 3-4°С дейін аязды көтереді. Бозқырауға барынша сезімтал дақыл - бадана, оның егін көгі - 1°С температурада үсіп кетеді.
Әртүрлі дәнді бұршақ дақылдарында өеіп-даму кезеңдеріне байланысты қиын-қыстау температуралары бірдей емес (Кесте 33).
Кесте 33. Дәнді бұршақ дақылдарының әртүрлі өсіп-даму кезеңдеріндегі ауадан зақымдану температурасы, °С (В.Н. Степанов деректерінен)
Дақыл |
Егін көгі |
Гүлдену |
Пісу |
Бозқырауға барынша төзімді |
|||
Асбұршақ |
-7, -8 |
-2.-3 |
3,-4 |
Бозқырауға төзімді |
|||
Көкшіл бөрібұршақ |
-6,-8 |
-3 |
-3 |
Атбас бұршақ |
-5,-6 |
-2,-3 |
-3 |
Бозқырауға орташа төзімді |
|||
Сары бөрібұршақ |
-4,-5 |
-2,-3 |
- |
Бозқырауға төзімсіз |
|||
Бадана |
-1,-1,5 |
-0,5,-1 |
-2 |
Бозқыраудан болатын астық өнімінің шығынын азайтудың тиімді тәсілі - суыққа төзімді сорттарды шығару және дәнді бұршақ дақылдарын жекелеген танаптардың микроклиматын ескеріп орналастыру.
Дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктеріне тұқымның толысу және пісу кезеңдерінде жоғары температураның маңызы ерекше, ал бұл ерекшелік себу жұмыстарын кешеуілдетуге мүмкіндік бермейді және олардың кейбірін солтүстік аудандарға қарай жылжытуға кедергі келтіреді.
Ылғалға талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына дәнді астық дақылдарына карағанда көп мөлшерде ылғал қажет. Мәселен, тұқымның өне бастауы үшін олар өздерінің массасының 110-140% ылғал сіңіруі керек, ал транспирациялық коэффициенті 400-ден 800-ге дейін өзгереді. Олар сыз сулары төмен топырақтарды нашар көтереді. Атбас бұршақ, майбұршақ, бөрібұршақ, сонымен бірге асбұршақ та ылғалға жоғары талап қояды, сондықтан оларды ылғалды аудандарда өсіреді. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына ноқат пен ноғатық жатады, ал жасымық пен бадана аралық жағдайды иеленеді.
Жарыққа талаптары. Күннің үзактығына қатынас деңгейі бойынша дәнді бұршақ дяқылдарын үш топқа ажыратады: ұзақ күннің өсімдіктері (асбұршақ, жасымық, ноғатық, бөрібұршақ, атбас бұршақ), олардың өсіп-даму кезеңдері жарық күннің ұзаруына байланысты қысқара береді; қысқа күннің өсімдіктері (майбұршақ және бадананың кейбір түрлері - маш), бұлардың өсіп-жетілу кезеңі күннің қысқаруына карай жеделдетіледі; бейтарап өсімдіктер тобы (бадана мен ноқаттың көптеген сорттары). Алайда дерлік әрбір дәнді бұршақ дақылының күннің ұзақтығына бейтарап қарайтын сорттары болады. Қысқа күннің өсімдіктерінің өсіп-жетілу (вегетациялық) кезеңі солтүстік жағдайында ұзара түседі, ал ұзақ күннің өсімдіктерінде бұл құбылыс оңтүстік жағдайында байқалады.
Топыраққа және қоректенуге талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына барынша қолайлысы орташа байланысқан, әлсіз қышқыл немесе бейтарап, фосфор, калий және кальцийдің жеткілікті мөлшері бар саздақ және орташа құмдақ топырақтар болып табылады. Олар қышқыл топырақтарда нашар өседі және кальций қоректік затын көп шығындайтындықтан ондай топырақты известеуді қажет етеді. Бөрібұршақта басқаша, ол қышқыл және құмдақ топырақтарда жақсы өседі, алайда топырақтағы известің артық мөлшерін көтере алмайды. Құмдақ (жеңіл) топырақтарда далалық асбұршақты мал азықтық мақсаттарға өсіруге болады.
Дәнді бұршақ дакылдары үшін фосфор тыңайтқыштарының рөлі зор. Дегенмен топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің фосфаттармен қамтамасыз етілуі жоғарылаған сайын фосфордың маңызы біршама төмендейді де, есесіне калий тыңайтқыштарының рөлі артады.
Азот тыңайтқыштарымен жағдай басқаша. Бұрын дәнді бұршақ дақылдарына оны енгізуге болмайды, өйткені олардың өздері азотты ауадан алады, ал азотты тыңайтқыштар азот фиксациясын әлсіретеді деп есептеген. Соңғы уақытта көптеген зерттеушілер (М.В.Федоров, В.В.Бернард, Г.Шмидт, Л.М.Доросинский, Н.М.Лазарева) көрсеткендей, азот фиксациясын жасау қабілеті болғанымен тамырларында түйнектер түзілгенше бастапқы өсу кезеңінде дәнді бұршақ дақылдары азот тыңайтқыштарының шамалы мөлшеріне (30 кг/га э.е.з) мұқтаждық танытады. Алайда дәнді бұршақ дақылдарының өсіру жағдайлары мен топырақ құнарлығына байланысты мүны нақтылаған дұрыс. Бұл дақылдар құнарсыз қышқылдығы жоғары, ылғалдылығы төмен (топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 40-60% шамасында) топырақтарда және қолайсыз температуралар жағдайында (24°С-дан жоғары немесе 4°С-дан төмен) азотты қажетсінеді. Аталған барлық қолайсыз жағдайлар түйнек бактерияларының дамуын әлсіретеді, осыдан азот тыңайтқыштары жақсы тиімділік көрсетеді. Дәнді бұршақ дақылдарына айтарлықтай қолайлы жағдай жасай отырып (известеу, аэрация, су және қоректену ережелерін жақсарту, инокуляция, микротыңайткыштар ж.б.) бактериялар мен өсімдіктер симбиозының тиімділігін әжептәуір арттыруға және азот тыңайтқыштарын қолданбай-ақ қоюға болады. Мұндай жағдайда азот тыңайтқыштарын енгізу түйнек бактерияларының азот фиксациялау қызметін әлсіретеді.
Түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсімдіктер симбиозын анықтайтын факторлар.
Топырақ ылғалдылығы. Түйнек бактерияларының оңтайлы даму ылғалдылығы ТЫС-тың (төменгі ылғалсыйымдылыктьң) 70% шамасында. Түйнек бактерияларының топырақта әлі даму мүмкіндігі бар ең төменгі ылғалдылық мөлшері - шамамен толық ылғалдылықтың 16% деңгейінде. Мұндай шектен төмен ылғалдылықта түйнек бактериялары әдетте көбеймейді, алайда өліп те калмайды, тек қана пәрменсіз күйде ұзақ сақталады.
Температура. Бұршақты өсімдіктердің, түйнек бактерияларының түзілуінің және азот фиксациясы қызметінің оңтайлы температуралары бір-біріне сәйкес келмейді. Түйнектердің түзілуі 0°С-дан біршама жоғары температурада жүре алады, ал азот фиксациясы тек 10°С-дан жоғары болғанда басталады. Барынша жоғары (максималды) азот фиксациясы бірқатар бұршақ өсімдіктерінде 20-25°С-дан жоғары жылылықта байқалады.
Топырақ реакциясы түйнек бактерияларының тіршілігі мен түйнектерінің түзілуіне көп әсер етеді. Түйнектердің түзілуі үшін әлсіз қышқыл немесе бейтарап орта қажет, рН = 3,5 болганда бактериялардың Rhizobium штаммаларының барлығы опат болады.
Нитрагин қолдану. Азот фиксациясын жасайтын бактериялардың түзілуі мен қызметін күшейту мақсатында дәнді бұршақ дақылдарының түқымдарын таза түйнек бактерияларымен (нитрагинмен) өңдеудің маңызы зор.
Түйнек бактерияларының қызметін пәрмендендіре отырып өсімдіктердің азотты қоректенуін жақсартатын микроэлемент - молибден. Ол азотфиксациясын күшейтетін нитратредуктаза ферментінің құрамына кіреді. Егер топырақта молибден жеткіліксіз болса (1 кг топырақта 0,15 мг-нан кем болғанда), онда оны қолданудың тиімділігі өте жоғары болуы мүмкін. Молибденнің тиімділігін топырақты известеу төмендетеді, өйткені бұл агрошара топырақтағы молибденді өсімдікке сіңімді түрге айналдырады. Тұқымды себу алдында өңдеу кезінде молибден мен нитрагинді бірге қолданғанда оның тиімділігі артады.
Дәнді бұршақ дақылдарын жинау ерекшеліктері. Сабақтары жапырылғыш өсімдіктерді (асбұршак, сиыржоңышқа, ноғатық) екі кезеңді тәсілмен (бөлектеп) жинаған тиімді, ал сабақтары жапырылмайтын өсімдіктерді (бөрібұршақ, ноқат, атбас бұршақ) тікелей орып және бөлектеп жинауға болады. Ылғалды аудандарда біркезеңді жинау тәсілі жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Дәнді бұршақ дақылдарын дәнді астық дақылдарына қарағанда төменгі кесу биіктігінде жүргізген абзал, астыққа бастырғанда барабан айналымын минутына 450-460-тан асырмау керек, ал мұның өзі тұқымды ұсатудан сақтайды.
АСБҰРШАҚ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Асбұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егістігінің 80%-дан астамында өсіріледі. Оны азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіреді. Оның тұқымдары амин қышқылдарымен теңдестірілген белокқа бай (18-35%), олар жақсы пісірілуімен және жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Пісіп-жетілген және шала піскен тұқымдары (жасыл асбұршақ), сонымен қатар көкөністі сорттарының жасыл бұршаққаптары консерві өнеркәсібінде пайдаланылады. Жасыл асбұршақ жемісінде 25-30% қант, көптеген дәрумендер (А, В1, В2 және С) және қартаюды баяулататын инозит пен минералды тұздар болады.
Наубайхана өнеркәсібінде нанның белоктық қоректілігін арттыру мақсатында бидай ұнына 10 % ұнтақталған асбұршақ ұнын араластырады, нәтижесінде дәмдік, нандық сапасы жақсарады.
Асбұршақ + қоңырбастар тұқымдастар қоспаларын сүрлемге, жасыл балаусаға және пішенге өсіріледі. Асбұршақ ұнын малға құнарландырылған мал азығы ретінде пайдаланады. Асбұршақтың 1 кг тұқымында 1,17 азықтық өлшем және 180-240 г қорытылатын протеин, 12,5 г лизин, 1,7 г метионин, 0,2 г цистин және 1,5 г триптофан болады; 1 кг жасыл балаусасында 0,13 азықтық өлшем, 25 г белок бар, ал 1кг сабанында тиісінше олар 0,23 және 31 - ге тең.
Асбұршақ көптеген дақылдарға тамаша алғы дақыл, өйткені ол топырақта 50-70 кг/га дейін азот қалдырады. Оның тамыр жүйесі қиын еритін фосфаттарды ерітетін кабілетімен ерекшеленеді. Оның сүрі танабын иеленетін және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын да маңызы айтарлықтай.
Дақылдың тарихы. Асбұршақ бұдан 20 мың жыл бұрын (тас ғасырында) бидай, арпа, тары, жасымық, атбас бұршақ, ноғатык, сиыржоңышқа және басқа өсімдіктермен қатар дақылға енген (өсіріле бастаған).
Соңғы археологиялық қазбаларға қарағанда егістік асбұршақтың отаны Алдыңғы Азия (Закавказье, солтүстік-батыс Иран, таулы Түркіменстан, ішкі Кіші Азия) елдері, бұларда оның ұсақ тұқымды формалары өсіріледі. Н.И.Вавиловтың жазуы бойынша ірі тұқымды асбұршақтар екінші шығу тегі орталығына - Шығыс жерортатеңізі - бейімделген.
Ботаникалық сипаттамасы, өсіру аудандары және астық өнімі. Асбұршақ дүниежүзілік егіншілікте өткен ғасырдың соңында 10 млн. га жерде өсірілді, астық өнімі 4-9 ц/га аралығында өзгерді. Оны кең түрде Европа елдерінде, АҚШ-да, Канада, Қытай және Үнді елдерінде өсіреді. Бүгінгі күні оның Қазақстандағы егіс көлемі 30 мың гектардай. Еліміздің құрғақшылықты оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында оның егістігі шамалы, бұл оның құрғақшылыққа нашар төзімділігі мен асбұршақ жемірімен жарақаттану қаупіне байланысты.
Асбұршақ (Pisum L) бірнеше түрлерді біріктіреді, олардың ішінде барынша кең тарағаны полиморфты P.sativum L - мәдени егістік асбұршақ (Сурет 24).
О
ның
бірнеше түр тармақтары бар. Бастылары:
кәдімгі егістік асбұршақ (P. Sativum), ақ
гүлді және тұқымдары бір реңді ашық
түсті (ақ, қызғылт, жасыл) және далалық
асбұршақ (Р.Arvense), қызғылт-күлгін және
күңгірт түсті гүлдері бар, тұқымдары
қоңыр, ойықты немесе бұрышты болып
келеді, жапырақ серігі қызыл антоциан
дақты.
Е
Сурет 24.
Асбұршақ өсімдігі
Олар негізінен көкөніс шаруашылы-ғында өсіріледі.
Асбұршақтың тамыр жүйесі кіндікті, сабағы жапырылғыш. Тек қана штамбалы сорттарында оның жоғарғы жағы жуандап өседі, буынаралықтары қысқа және жапырылмайды. Жапырақтары күрделі қосқауырсынды, бұтақтанған мұртша-лармен аяқталады; сабақ негізінде екі ірі жапырақ серіктері болады. Гүл шоғыры - шоқгүл, жемісі - бұршаққап, 3-10 тұқымды.
Далалық асбұршақ (пелюшка) мал азықтық мақсатқа ғана тұқымға, пішенге және жасыл балаусаға өсіріледі. Оның бағалылығы - оны қоректік заттары тапшы, құмдақ топырақтарда өсіруге болады, ол өте ерте піседі және тұқым шаруашылығы тіпті солтүстік өңірлерде тұрақты, әрі жақсы сүрі жерді иеленуші дақыл.
Биологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ - барынша ерте пісетін дәнді бұршақ дақылы. Өсіп - - жетілу кезеңі сортына және өсіру жағдайларына байланысты 70-тен 140 тәулікке дейін созылады. Сондықтан асбұршақ жақсы сүрі жерді иеленуші өсімдік барлық аймақтарда, ал ерте пісетін сорттары оның егіншіліктің солтүстік шекарасына - 68° с.б. - дейін созылады.
Асбұршақ – өздігінен тозаңданатын өсімдік, алайда жазы ыстық және құрғақшылықты жылдары ашық гүлденуімен қатар шамалы мөлшерде айқас тозаңдануы байқалады.
Өсе бастағанда және тіршілігінің алғашқы кезеңінде тамыр жүйесі қарқынды дамиды да жер үсті массасы баяу өседі. Осы кезеңде асбұршақты арамшөптер қатты басады. Тамырларындағы түйнектер 5-8 жапырақтары кезеңінде (көктеуден 1,5-2 аптадан соң) қалыптаса бастайды. Максималды өсуі гүлденудің басынан пісудің басына дейін байқалады.
Температураға, ылғалға және топыраққа талаптары. Асбұршақтың жылуға талабы жоғары емес. Оның тұқымдары 1-2°С-да өне бастайды. Оның өніп-көктеуіне 15-200С, ал дәндерінің толысып пісуіне – 22-260С жылылық оңтайлы деп есептеледі. Асбұршақтың сорттарына байланысты өсіп-жетілуіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1300-17000С аралығында өзгереді. Асбұршақтың егін көгі қысқа мерзімді – 6-80С бозқырауды көтере алады.
Асбұршақ тұқымы өзінің массасының 100-110% мөлшерінде ылғал сіңіргеннен кейін ғана өне бастайды. Ол бүкіл тіршілік үрдісінде ылғалды біркелкі шығындамайды, барынша көп мөлшерде ылғалға қажетсінуі (қиын-қыстау кезеңі) бүрлену-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді. Оның транспирациялық коэффициенті сорттарына, топырақ-климат және өсіру технологиясына байланысты 300-600 аралығында өзгереді. Жоғары астық өнімін қалыптастыру үшін қажетті оңтайлы ылғалдылық топырақтың төмен ылғал сиымдылығының (ТЫС) 70-80%-ды құрайды.
Асбұршақ - кұнарлығы жоғары «бидайлық» топырақтар дақылы. Ол үшін жеңіл құмдақ топырақтар, қышқыл және сортаң топырақтардың жарамдылығы шамалы.
Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген және кең тараған сорттары:
Рамонский 77. Ресейдің қант қызылшасы ҒЗИ-да шығарылған. Түршесі - вульгатум. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, ауруларға орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы 180-250 г. Ақмола, Ақтобе, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында өсіріледі.
Неосыпающийся 1. Ресейдің Луган МАТС-да шығарылған, эвадукум түршесіне жатады. Сорт орташа мерзімде піседі, шашылуға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, зиянкестер мен ауруларға орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы 180-240 г. Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Омский неосыпающийся. Ресейдің Сібір АШҒЗИ-де шығарылған, эвадукум түршесіне жатады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Таловец 50. Ресейдің Орталық-Қаратопырақты белдеуінің АҒЗИ-де шығарылған, вульгаре түршесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Асбұршақка жақсы алғы дақылдар - өздерінен кейін топырақты арамшөптерден таза және жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен ылғал қалдыратын дақылдар. Оларға сүріден кейінгі жаздықтар және жақсы тыңайтылған отамалы дақылдар (картоп, тамыржемістілер, жүгері ж.б.) жатады. Асбұршақ қайталама егістікті нашар көтереді, өйткені аурулармен (фузариоз) залалданады және зиянкестермен (бізтұмсықтар, жемірқұрттар) жарақаттанады, топырақта нематодалар тез көбейеді. Асбұршақты жаздық дәнді астық дақылдарынан кейін себуге де болады.
Көптеген ғалымдар асбұршақты бұрынғы орнына 4 жылдан ерте орналастыруға болмайтынын кепілдейді.
Асбұршақтың өзі басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып табылады. Оны жиі түрде екі жаздық астық дақылдарының арасына немесе дәнді дақылдар мен техникалық дақылдардың арасына орналастырады.
Асбұршақтың ерте пісетін сорттарын екпе сүрі жерлерге себеді және мұнда олар жаздық дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Тыңайтқыш. Асбұршақ тұқымдарының әрбір центнері тиісті мөлшердегі сабанымен топырақтан 6,0-6,5 кг азот, 1,6-1,8 кг фосфор және 2,0-2,5 кг калий шығындайды. Оның қоректік заттарға барынша көп қажетсінуі бүрленуден гүлденудің соңына дейін. Гүлденудің соңына қарай ол қажетті мөлшердегі калийдің 60-тан 100 %-га дейінгісін және фосфордың 65%-ға дейінгі мөлшерін пайдаланады. Сондықтан фосфор мен калий тыңайтқыштарын күзде, топырақты негізгі өңдегенде енгізген жөн. Олар өсімдіктердің дамуын жақсартады және бактериялардың азот фиксациялық қызметін күшейтеді.
Нақты жағдайларға байланысты асбұршаққа 50-60 кг Р205 және 40-50 кг/га К20 енгізіледі.
Қоректік заттарға кедей топырақтарда және қолайсыз өсіру жағдайларында асбұршаққа себу алдында шамалы мөлшерде (30-45 кг/га э.е.з.) азотты тыңайтқыш енгізу қажет. Жоғары астық өнімін алуды жоспарлағанда азоттың мөлшерін 60 кг/га дейін арттырады. Асбұршақ үшін тікелей көң енгізілмейді, себебі жасыл массаның қуатты өсуіне және пісуді кешеуілдетуге ұрындырады. Дегенмен, қоректік заттары жетімсіз топырақтарда екпе сүрі танабына 20-30 т/га органикалық тыңайтқыштар енгізіледі.
Себумен бірге қатарларға сіңірілген (0,5 ц/га) түйіршіктелген суперфосфат жоғары тиімділікпен сипатталады. Қосымша тұқьім өнімі 2-4 ц/га жетеді. Фосфор тыңайтқышы асбұршақ өнімін арттырып қана қоймай тұқымның пісуін де жеделдетеді, бұл екпе сүрі жерде, әрі еліміздің солтүстік және шығыс аудандарында өте маңызды.
Топырақты өңдеу. Асбұршақты дәнді астық дақылдарынан кейін орналастырғанда алғы дақылды жинап алысымен топырақты 22-25 см терең қопсыту қажет. Себу алдында әдетте топырақ тұқымның сіңіру тереңдігіне культивацияланады, бір мезгілде тырмаланады.
Асбұршақты себу алдында топырақты шлейф-тегістегішпен тегістейді және катоктармен тығыздайды. Бүл асбұршақ тұқымьн топырақта біркелкі және берілген тереңдікке сіңіруге мүмкіндік береді және механикалық егін жинауды, әсіресе жапырылған асбұршақты, жеңілдетеді.
Тұқымды себуге дайындау. Себуге асбұршақтың тұқымдық кондицияға жеткізілген ірі және біркелкі тұқымдарын пайдаланады. Өну энергиясын, танаптық өнгіштігін арттыруда, қуатты егін көгін алуда және жас өскіндерді микроорганизмдерден, саңырауқұлақ аурулары мен зиянкестердің зақымдануынан сақтандыруда тұқымды дәрілеудің маңызы зор. Ылғалдандыра дәрілеудің тиімділігі барынша жоғары. Себуден 15-30 тәулік бұрын дәрілеген дұрыс. Ол үшін асбұршақ тұқымын ТМТД 80 % (3-4 кг/т), фундазол, 50 % (2,0 кг/т) улы химикаттарының бірімен ПС-10, «Мобитокс» дәрілегіш машиналарда дәрілейді (әрбір тонна тұқымға 10 л су араластырылады).
Ылғалды аудандарда және суармалы жерлерде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өңдеу (инокуляциялау) жақсы нәтиже береді: өсімдік тамырларында түйнек бактерияларының түзілуіне мүмкіндік жасайды, азотфиксациясын күшейтеді және нәтижесінде астық өнімі артады. Ол үшін тұқымдық материалды еденге немесе брезент үстіне жазады да 1 гектар танапқа себілетін тұқым мөлшеріне есептелген шөлмектегі нитрагинді 1 л суға ерітіп, жайылған тұқымғы шашады, соңынан тұқымды әбден араластырады. Тұқымды көлеңкелі жерде өңдейді, ал себуді қақпағы жабылған сепкіштермен себеді (тікелей түскен күн сәулесі түйнек бактерияларын өлтірмеу үшін). Мұндай тұқымдарды сол күні себу қажет.
Себу жұмыстары. Себу мерзімі. Асбұршақты ерте жаздық астық дақылдармен бір мерзімде себеді, топырақтың беткі қабатындағы ылғалды жоғалтып алмай тұрғанда. Қазақстанның негізгі асбұршақ өсіретін аймақтарында бұл мерзім төмендегідей:
- Солтүстік және Орталық Қазақстанда – мамыр айының екінші онкүндігінің соңы – үшінші оңкүндігінің басы – 15-25 – мамыр;
- Оңтүстік Қазақстан облыстарында – сәуір айының екінші оңкүндігі – 11-20 сәуір;
Шығыс Қазақстанда – мамырдың екінші-үшінші бескүндігі – 6-15 мамыр.
Аталған мерзімдс себілгенде топырақ жақсы жылынады, сіңімді ылғал қоры жаппай және қуатты егін көгін алуға жеткілікті, оның өсіп-дамуындағы ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі - бүрлену-гүлдену - қолайлы ылғалдылық жағдайында өтеді, өйткені бұл жаздың екінші жартысында түсетін жауын-шашынга сәйкес келеді.
Себу тәсілі. Асбұршақты әдеттегі жаппай қатардағы тәсілмен себеді, ал тұқымдық алқаптарда жаңа келешекті сорттарды жедел көбейту үшін - кең қатарлы тәсілді қолданады. Біздің елімізде асбұршақ кәдімгі дәнді астық дақылдарын себетін сепкіштермен себеді.
Себу мөлшері. Қазақстанның барлық аймақтарында жаппай қатардағы тәсілмен қара-қоңыр және оңтүстік-қара топырақтарында 0,7-1,0 млн/га өнгіш тұқым, ал кәдімгі қаратопырақтарда 0,8-1,2 млн/ға өнгіш тұқым себіледі. Асбұршақ егістігін тырмалау қажеттігі туындағанда тұқымның себу мөлшерін 1,2-1,4 млн/га өнгіш тұқымға дейін арттыруға болады.
Ірі тұқымды асбұршақ сорттары үшін оңтайлы себу мөлшері 0,8-0,9 млн/га өнгіш тұқым. Салмақтық себу мөлшері ірітұқымды сорттарда 240-300 кг/га, ал ұсақ тұқымдыларда - 150-200 кг/га.
Тұқымның сіңіру тереңдігі. Асбұршақта тұқымдарының ірілігіне байланысты масақты астық дақылдарына қарағанда тұқымның сіңіру тереңдігі көбірек. Ол топырақ және метеорологиялық жағдайларға қарай: қаратопырақты аймақтарда тұқымды 6-8 см сіңіреді, құрғақшылықты аудандарда - 8-9 см. Егер көктем салқын және ылғалды болса, сіңіру тереңдігін 5-7 см дейін азайтады, ал солтүсік аудандардың ауыр топырақтарында - 4-5 см-ге дейін.
Егістікті күтіп-баптау. Оны себуден кейін бірден тығыздаудан бастайды. Бұл әсіресе көктем құрғақ болғанда және қуаңшылықты аудандарда тиімді. Топырақ жағдайларына байланысты егістікті көктегенге дейін және көктегеннен кейін тырмалау қажеттігі болуы мүмкін. Көктегенге дейін тырмалау топырақ қабыршақтары түзілгенде немесе арамшөптердің айтарлықтай мөлшерде өскіндері пайда болса жүргізіледі. Асбұршақ жақсы тамырланғанда (3-4 жапырақ пайда болғанда және олардың биіктігі 4-5 см-ге жеткенде) күннің екінші жартысында тырмалау қайталанады. Бұл уақытта өсімдіктерде тургор әлсіз болады да, олар онша сынғыш болмайды.
Асбұршақ егістігі арамшөптермен қатты ластанғанда гербицидтер қолданылады: біржылдық дара және қосжарнақты арамшөптерге қарсы асбұршақ көктегенге дейін топыраққа Прометрин, 50% (препарат бойынша 3-5 кг/га) бүркіледі; біржылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы Базагран 48% (3,0 кг/га) асбұршақтың 5-6 жапырақ кезеңінде егістік бүркіледі, біржылдық және көпжылдық қоңырбас тұқымдас арамшөптерге қарсы Фюзилад Супер 125 (1,0-2,0 кг/га) асбұршақтың 4-5 жапырақ кезеңінде егістік бүркіледі. Шіркейлер көбейіп кеткенде асбұршақ егістігі 40 % фосфамид препаратымен - 0,5-1,0 кг/га өңделеді.
Асбұршақ жемірқұрттары мен басқа зиянкестерге қарсы егістік асбұршақтың өсіп-даму кезеңінде Ровикурт, 25% (0,3 кг/га) бүркіледі.
Егінді жинау. Біркелкі піспеуі, піскен бұршаққаптардың жарылуға бейімділігі және сабақтарының жапырылғыштығы асбұршақ егістігін жинауда қиындықтар туындатады. Жақсы нәтижелер екі кезеңді жинау тәсілінде алынады.
Екі кезеңді (бөлектеп) жинаудың оңтайлы мерзімі асбұршақтың бұршаққаптарының 75-80 % сарғайғанда немесе тұқымдарының ылғалдылығы 30-40 %-ға жеткенде. Мұндай жағдайда барынша жоғары өнім және жақсы сапалы тұқым жиналады.
Дестелерді жинап бастыру СК-3, СК-4, Енисей-1200 және басқа комбайндармен іске асырылады. Дестелерді шабылғаннан кейін 2-3 тәуліктен соң тұқым ылғалдылығы 18-20 % жеткенде бастырады. Бұл жұмысты 3-4 тәулікте аяқтаған дұрыс, өйткені қатты кебіңкіреп кеткен дестелерде тұқым шығыны бұршаққаптарының жырылуы есебінен арта түседі.
Бір кезеңді (тікелей орып бастыру) егін жинау далалы құрғақшылық аудандарда қолданылады, мұнда асбұршақ біршама біркелкі піседі, ал дестелер желдің әсерінен бұзылады. Бұл үшін комбайндарда арнаулы реттеу жұмыстары жүргізіледі.
Бастырылған тұқым сақтауға кұяр алдында кептіріледі (14-15%-ға дейін) және күрделі астық тазалағыш құрылымдарда тазартылады. Тек қана тазаланған және кептірілген тұқымдар ұзақ сақталады.
НОҚАТ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Ноқат (қой мүйізі) - маңызды дәнді бұршақ дақылы. Азық-түліктік және мал азықтық мақсаттарға өсіріледі. Тұқымындағы белоктың мөлшері 20,1-тан 32,4 %-ға дейін өзгереді. Белок жеңіл ериді, жануарлар мен жақсы сіңіріледі. Ноқат астығына азықтық ферменттердің жоғары ингибиторлар мөлшері тән, ондай кемшілігін жою үшін түқымдарын жылумен өңдеу ұсынылады. Тұқымдарында көп мөлшерде фосфор, калий мен магний болады. Ноқат - лецитин, рибофлавин (В2 дәрумені), тиамин (В1 дәрумені), никотин қышқылы, колиннің мол көзі. Сортына байланысты тұқымдағы майдың мөлшері 4,1-тан 7,2 %-ға дейін өзгереді, осы көрсеткіш бойынша ноқат, майбұршақтан басқа, барлық дәнді бұршақ дақылдарынан асып түседі.
Ноқатты өсіретін аймақтарда оны азық-түлікке және мал азығына кеңінен пайдаланады, сонымен бірге консерві, макарон және кондитер өнімдерін өндіруде шикізат ретінде де колданады. Нан пісіруде, кондитер және макарон өнімдерін дайындағанда бидай ұнына ноқат ұнын араластырғанда (10-20%) аталған өнімдердің қоректілігі мен дәмдік қасиеттерін арттырады.
Ноқатты тағамға пісірілген және қуырылған күйінде, кофеге суррогат үшін пайдаланады. Азық-түліктік мақсатқа әдетте ақ түсті ірі тұқымдарын, ал күңгірт және ұсақтұқымды сорттарын малды азықтандыруға қолданады. Құстардың азық рационында ноқатты балық ұнының орнына белокты жемазық ретінде пайдалануға болады.
Балауызды түктермен көмкерілген ноқат сабақтары мен жапырақтарында қымыздық, алма, лимон қышқылдары болады, сондықтан оның жасыл балаусасы мал азығына қолданылмайды десе де болады, тек қана қой мен жылқыға ғана, оның өзінде ұнтақтап берген жөн.
Ноқат - басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл. Дәнді бұршақ дақылдарының ішінде ол барынша құрғақшылыкқа төзімді дақыл. Ноқат жылусүйгіш, сонымен қатар суыққа төзімді өсімдік, далалы аймақтың агроклиматтық жағдайларына бейімделген, өйткені ол құрғақшылық пен аңызақтан аз зардап шегеді де басқа дәнді бұршақ дақылдарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары және тұрақты өнім қалыптастырады.
Ноқат жоғары технологиялық дақыл: егістігі жапырылмайды, кешіктіріліп жиналғанда астығы шашылмайды, тікелей орып бастырылатын дақыл.
Дақылдың шығу тарихы. Ноқат Қазақстан халқына онша таныс емес дақыл, ол Үнді, Бангладеш, Пәкістан, Жерорта теңізі елдеріне өте танымал екпе дақылы және сол елдерден шыққан. ХХ-ғасырдың соңына қарай ноқат дәнді бұршақ дақылдарының ішінде маңызы жағынан дүниежүзінде майбұршақ пен асбұршақтан кейінгі үшінші орынға шықты. ФАО деректеріне қарағанда ноқат егістігі 15 % иеленеді.
Дақылдың ботаникалық-морфоло-гиялық сипаттамасы
Ноқат (Cicer arietinum) бұршақ тұқымдастардың біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдігі. Тек қана бір түрі мәдени ноқат (Сісег arietinum) өсіріледі (Сурет 25).
Тамыр
жүйесі кіндікті, көптеген жақсы дамыған
бүйір тамырлары болады, олар топыраққа
терең бойлайды да ұштарында азот
ф
иксациясын
жасайтын түйнек бактерияларын
қалыптастырады, даму қуаты жағынан
ноғатық пен асбұршақтан асып түседі.
Сабағы тік өседі, қырлы, бұтақты, жапырылмайды, биіктігі 20-60 см және одан да жоғары. Жапырақтары дара қауырсынды, ұсақ, эллипс немесе кері жұмыртқа пішінді. Өсімдігі балауызды түктермен көмкерілген, ал мұның өзі оны көптеген зиянкестердің зақымдануынан қорғайды.
Гүлдері ұсақ, жекелеген түрде жапырақтардың қолтығында орналас-қан. Олардың түстері ақ, ашық- қызғылт, қызғылт, қызыл, сары.
Ж
Сурет
25. Ноқат өсімдігі
Ноқаттың тұқымдары аздап бұрышты, шығыңқы тұмсығымен ерекшеленеді, беті тегіс кейде әжімді. Тұқымның түсі негізінен гүлдерінің түсімен байланысты.
Биологиялық ерекшеліктері. Ноқат асбұршаққа қарағанда жылуға жоғары талап кояды, әсіресе гүлдену және пісу кезеңдерінде, бозқырауға төзімді.
Ноқаттың тұқымдары 3-4°С температурада өне бастайды, оңтайлы температура 16-18°С, мұндай температурада оның егін көгі 9-10-тәулікте пайда болады, орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1500-1700°С. Ноқаттың егін көгі 9-11°С бозқырауды көтеруге қабілетті, ал ересек өсімдіктері күзгі 7-8°С аязды көтере алады. Бұл дақылды Өзбекстан мен Тәжікстанда күзге салым себеді, өсімдіктері - 25°С-ға дейінгі аязды көтере алады.
Ноқат тұқымдарының бөртуі мен өнуіне өз массасының әртүрлі мөлшеріндегі суды (110-120%) қажет етеді, ал бұл олардың мөлшері мен химиялық құрамына байланысты. Басқа дәнді бұршақ дақылдарымен салыстырғанда ноқат қуаңшылыққа жоғары деңгейде төзімділігімен ерекшеленеді. Оның қуаңшылыққа жоғары төзімділігі өсімдік тканіндегі көп мөлшерде байланысқан судың болуымен және жасуша шырынының жоғары осмостық қысымымен түсіндіріледі. Қуаңшылық кезеңде ноқат өсуін тоқтатады, қолайлы жағдайлар қалыптасқанда оны жалғастырады. Ылғалмен салыстырғандағы киын-қыстау кезеңі-бүрлену және гүлдену кезеңдері, басқаша айтқанда пәрменді өсу кезеңінде.
Ноқат топыраққа жоғары талап қоймайды, мұның өзі оны Қазақстанның барлык топырақ аймақтарында өсіруге мүмкіндік береді. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі болғаны жөн. Ноқатқа жарамдылығы шамалы топырақтарға ауырсаздақты, қышқыл батпақтанған топырақтар жатады. Ноқат астығының сапасын арттыратын негізгі фактор - қоректену элементтері азот, фосфор, калий. Оларды өсімдіктер көп мөлшерде сіңіреді. Қоректену элементтерімен салыстырғандағы ноқаттың қиын-қыстау кезеңі - бұтақтану және бүрлену.
Сорттары: Юбилейный - Ресейдің Краснокут селекциялық стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді, шашылмайды, жапырылмайды. 1000 тұқымның массасы 260-315 г. Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Краснокутсий 123. Ресейдің Краснокут селекциялық стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 256-330 г. Солтүстік Қазақстан. Шығыс Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Камила 1255. В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Өзбекстанның астық ҒЗИ бірігіп шығарған. Вегетация кезеңінің ұзақтығы тәлімі жерлерде 100 тәулік, суармалыда - 120 тәулік, жапырылмайды. Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген.
Красноградский 4. Ресейдің Красноград тәжірибе стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, кұрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 260-270 г. Қарағанды облысында өсіріледі.
Өсіру технологиясы. Ноқатты Қазақстанда негізінен суарылмайтын егіншілікте өсіреді. Оған барынша жақсы алғы дақылдар: Республиканың солтүстік және орталық облыстарында таза сүрі жер, жаздық бидай; оңтүстік аудандарда - сүріден кейінгі күздік бидай, тары. Ноқат топырақты терең өңдеуді қажетсінеді. Себу алдындағы топырақ өңдеу БИГ-3 немесе БМШ-15 (БМШ-20) кұралдарымен топырақ бетін тегістеу, КПШ-5, КПШ-9 ж.б. культиваторлармен себу алдындағы культивациялауды қарастырады.
Қазақстанның барлық аймақтарында ноқат фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды бактериялық тыңайтқыш - нитрагинмен өңдеу жақсы нәтижелер береді. Себуден кем дегенде бір ай бұрын ноқат тұқымын 80% ТМТД улы химикатымен (3-4 кг/т тұқымға) ылғалдандыру тәсілімен дәрілейді.
Себу мерзімі ноқат астығының өнімі мен сапасына айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Дер кезінде және сапалы жүргізілген себу жұмысы ең алдымен тұқымның танаптық өнгіштігін арттыратын маңызды фактор. Себу мерзімі мен тәсілін, тұқымның сіңіру тереңдігі мен мөлшерін өзгерте отырып тұқымның өнуі мен көктеу жағдайларын тиімді реттеуге болады. Көкшетау АШҒЗИ-ның төрт жылғы деректері бойынша (В.Л.Винокуров, 1999) қара топырақтарда себу мерзіміне байланысты мынадай астық өнімі жиналды: 10 мамырда - 16,2; 15 мамырда - 12,5; 20 мамырда - 9,1 және 25 мамырда себілгенде - 5,4 ц/га. Осы деректсрге сәйкес айтылған институт ғалымдары ноқаттың оңтайлы себу мерзімі 10-15 мамыр (себу қабатының температурасы 8-10°С болғанда) аралығы деп есептейді. Бұл ерекшелік ноқаттың көктеуіне ұзақ уақыт қажеттілігімен түсіндіріледі, оның егін көгі бозқыраудан аз зардап шегеді, оның тұқымдары топырақтың сіңіру тереңдігіне 6-8°С жылы болғанда жаппай біркелкі көктейді.
Еліміздің әр аймақтарында жүргізілген көпжылдарғы зерттеу деректеріне сәйкес ноқаттың мынадай оңтайлы себу мерзімдері ұсынылады:
- Қазақстанның Солтүстік және Орталық облыстарында – мамырдың екінші оңкүндігі (10-20 мамыр);
- Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл) – ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде себу тиімдірек.
Себу тәсілі агроклиматтық аймақтар мен аудандарда әртүрлі: себу агрегатының құрамы мен жалпы күйіне байланысты жаппай қатардағы, кең қатарлы, жолақты болуы мүмкін; бұл ағрошараға жүргізілген және жоспарланған шаралар да әсер етеді (гербицид қолдану, механикалық өңдеу ж.б.). Барлық жағдайда да мәселені нақты шешкен жөн.
Жаппай қатардағы себу тәсілінде 0,7-0,8 млн/га өнгіш тұқым (175-200 кг/га), кең қатарлы тәсілмен сепкенде - 0,4-0,5 млн/га өнгіш тұқым (100-120 кг/га) ұсынылады. Топырақта жеткілікті ылғал қоры болғанда себу мөлшерінің жоғарғы шегін, ал жеткіліксіз болғанда себу мөлшерінің төменгі көрсеткіштерін қолданган дұрыс.
Ноқаттың тұқымдары терең сіңіруді көтере алады, алайда топыраққа, оның ылғалдылығы мен себу мерзіміне байланысты оңтайлы сіңіру тереңдігі 5-7 см, топырақтың беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде және кешірек себілгенде - 8 см.
Сепкеннен кейін ноқаттың көктеуін жеделдету үшін танапты бұдырлы катоктармен тығыздау қажет. Себуден кейін топырақ қабыршағы, арамшөптер жіпшелері пайда болса, оларды құрту үшін себу бағытына көлденең тырмалау жүргізіледі (себуден 3-4 тәуліктен соң).
Арамшөптермен қатты ластанған танаптарға ноқатты себуге дейін гербицидтер қолданылады: себу алдындағы культивация астына Гезогард 50 (прометрин, 50%) гербицидімен (3-5 кг/га) бүркіледі, немесе Пивот, 10% (имазетапир) гербицидімен себуден 2-3 тәуліктен соң, немесе ноқаттың 3-6 жапырақ кезеңінде егістік 0,5-1,0 л/га мөлшерде бүркіледі.
Ноқаттың біркелкі пісуі мен бұршаққаптарының жарылмауы егінді біркезеңді тәсілмен жинауға мүмкіндік береді. Егер егістік арамшөптермен ластанған болса, онда көпшілік бұршаққаптары қоңырланғанда екі кезеңді (бөлектеп) жинау тәсілін қолданған дұрыс. Дәнді астық комбайндарын басқа бұршақ тұқымдас дақылдарын жинауда қолданылатын қайта реттеу жұмыстарын ноқатты жинағанда колданған абзал.
НОҒАТЫҚ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Ноғатықты азық-түліктік, мал азықтық және техникалық дақыл ретінде өсіреді. Ол асбұршаққа қарағанда ақуызға (белок) бай, бірақ оған пісірілуі мен дәмдік сапасынан аздап жол береді. Ноғатықтың тұқымдары жоғары қоректілігімен бағаланады: белоктық заттар - 23-34 %, көмірсулары - 24-45%, май - 0,5-0,7%, күл - 2,5-3%,және клетчатка - 4,0-4,5%; олардан жарма, консерві, ұн, крахмал дайындалады. Ноғатық жоғары ақуызды мал азықтық дақыл: одан құрама жемазық, жасыл балауса, сүрлем, пішен, пішендеме дайындалады. Мал азықтық мақсатқа сұлы, асбұршақ, күнбағыс және басқа дақылдармен қоспа түрінде өсіріледі; оның пішенінде 10-11% қорытылатын протеин (ақуыз) болады. Ноғатық тұқымынан өсімдік казеині (желімдік материал) өндіріледі, ал ол өз кезегінде фанера, пластмасса, мата өндірісінде қолданылады. Оның үстіне ноғатық бал әкелетін өсімдік және көптеген дақылдарға жақсы жақсы алғы дақыл. Оны сидерат ретінде де өсіруге болады. Ноғатық дақылы аурулар мен зиянкестерден аз зардап шегетіндіктен оның шаруашылық құндылығы арта түседі. Ноғатықтың тағы бір ерекшелігі- ол астық жемірлерімен мүлде жарақаттанбайды десе де болады- улы химикаттармен егістік өңделмейді, оның үстіне астығын газациялаудың қажеті жоқ, өйткені онда зиянкестер болмайды.
Ноғатықтың шыққан жері – Оңтүстік Батыс Азия, ал ірі тұқымдылары – Жерорта теңізі орталығы.
Ботаникалық сипаттамасы мен морфологиясы. Ноғатық бұрышты асбұршақ деп те аталады. Дақылда егістік ноғатық (Lathyrus sativus) кездеседі. Негізгі сабақтары төрт қырлы, көпшілігі жапырылмалы, шырмалмалы, кейде тік өседі, биіктігі 1,5 м дейін. Бүйір бұтақтары өскенде негізгі сабақты басып озады. Жапырақтары бір жұпты, қос қауырсынды, кейде 2-4 жұпты, ұзынша ланцетті. Көгілдір күлгін, сары, көкшіл немесе қызғылт гүлді. Ноғатық әдетте өздігінен тозаңданады. Жемісі –қосқанатты бұршаққап, 2-5 тұқымды. 1000 тұқымның массасы 160-230г (Сурет 26).
Сурет 26. Егістік ноғатық: 1. 2 – гүлдену-жеміссалу және дамыған егін көгі кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 – сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 – жемістері; 5 – тұқымдары.
Биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық жылуға талапты, бірақ - 8ºC-ға дейінгі бозқырауды (аязды) көтере алады. Тұқымдары 1-2ºC температурада өне бастайды, алайда оңтайлы көктеуге 6-12ºC қажет, вегетативті мүшелерінің қалыптасуына 12-16ºC жылулық оңтайлы деп есептеледі, ал генеративті мүшелеріне - 17-21ºC. Жалпы өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы сорттарына, өсіру ерекшеліктеріне қарай көктегеннен кейін - 70-110 тәулік, белсенді температура жиынтығы орташа мерзімде пісетіндерінде - 1700ºC. Құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен ноқаттан ғана қалысады және Қазақстанның қуаңшылықты аудандарында астыққа, жасыл балаусаға, пішенге өсіріледі. Транспирациялық коэффициенті - 400-500.
Салқын әрі жаңбырлы жылдары ол тот, аскохитоз ауруларымен залалданады. Гүлдену кезеңі созылыңқы. Ноғатық асбұршақпен салыстырғанда топыраққа аз талап қояды, ол сортаңдау, қоңыр, жеңіл құмдақ және саздақ топырақтарда өсе алады, бірақ өте ылғалданғанды көтере алмайды, ең жақсылары- қара топырақтар. Ноғатық - ұзақ күннің өсімдігі. Солтүстік Қазақстан аймағы мен Ақтөбе облыстарында ноғатықтың Степная 287 және Кинельская 7 сорттарын өсіруге болады.
Астыққа өсіру технологиясы. Ауыспалы егісте ноғатыққа жақсы алғы дақылдарға сүріден кейінгі бидай, отамалы дақылдар жатады. Ноғатық тыңайтқышты жақсы қажетсінеді: фосфор тыңайтқышын енгізгенде оның астық өнімі 3,0 ц/га дейін, ал толық тыңайтқыштар (NPK) кешенін қолданғанда өнімі 5,0-6,0 ц/га дейін артады. Ол себу алдында тұқымды нитрагин бактериалық тыңайтқышымен өңдегенді қажетсінеді. Топырақты негізгі өңдегенде 60 кг/га ә.е.з. мөлшерінде фосфор, ал себу алдында ноғатық тез өсіп даму үшін 30 кг/га ә.е.з. мөлшерінде азот тыңайтқышы енгізіледі.Ноғатыққа топырақ өңдеу жүйесі асбұршаққа ұқсас. Топырақ өңдеудегі негізгі мақсат - борпас топырақ қабатын жасау, ылғал жинау, арамшөптерді құрту. Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, танаптардың арамшөптермен ластану дәрежесіне және алғы дақылдың жинау мерзіміне байланысты өзгереді. Ерте көктемде топырақ бетін тегістеу, ылғал жабу және арамшөп тұқымдарын арандату мақсатында тырмалау жүргізіледі. Себу алдында арамшөптерді құртуға тұқым сіңіру тереңдігіне (5-8см) танап культивацияланады. Тұқымды себуге дайындағанда оны дәрілеу маңызды агрошара: 80%-ды ТМТД (3-4 кг/га), 50%-ды фундазол (3кг/га) ж.б. улы химикаттардың бірімен ылғалдандыра дәрілейді. Ноғатықты ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде жаппай қатардағы тәсілмен сепкен дұрыс. Себу мөлшері - өсірілу аймағына қарай 0,8-1,5 млн/га өнгіш тұқым ылғалды қабатқа (3-8 см), жеңіл топырақтарда 10 см дейін тереңдетіледі. Егістікті күтіп-баптау-себуден соң тығыздау, егін көктегенге дейін және көктеуден кейін жеңіл тырмалармен тырмалау жұмыстарын қарастырады. Соңынан қажеттілігіне қарай егістік гербицидтерімен өңделеді. Қатты ластанған танаптарға арамшөп көгін құрту үшін ноғатыққа сепкенге дейін немесе сепкеннен кейін 50%-дық Прометрин (3-5 кг/га) немесе оның бак қоспасымен егістік бүркіледі. Ноғатық асбұршақпен жасымыққа қарағанда біркелкілеу піседі, бұршаққаптары жарылмайды, ал мұның өзі оны екі кезеңді жинау тәсілімен көпшілік жемістері піскен мерзімде жинауға мүмкіндік береді. Дестеге шапқаннан кейін 2-3 тәуліктен соң қайта реттелген астық комбайндарымен бастырылады. Егер ноғаттықты дер кезінде жинамаса, онда ол жапырылып қалады.
ЖАСЫМЫҚ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Жасымық бағалы тағамдық және малазықтық дақыл. Оның тұқымында 36%-ға дейін ақуыз (орташа 30,4%), 2% май, 60% азотсыз экстрактивті заттар, 2,5-4,5 % күл, 2,5-4,9% жасұнық бар. Жасымық дәні өте өте жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. Оның әсіресе ірі дәнді тәрелке тәрізді сорттарының маңызы зор. Қоректілігі, пісу және дәмдік сапасы асбұршақтан асып түседі. Ұсақ дәнді жасымық - мал мен құстарға тамаша құнарландырылған жем. Жасымық сабаны ұсақ, жұмсақ және малазықтық сапасы бойынша шалғындық шөппен тең, онда 14%-ға дейін шикі ақуыз болады. Жасымықтың топаны да жақсы жем., онда ақуыздың мөлшері 18% жетеді. 100 кг пішенге 18,5-22,3 малазықтық өлшемнен және 4,4-4,9 кг қорытылатын протеиннен келеді. 12-15% ылғалдылықтағы пішенінде 16-20% протеин, 10,2-16,2% - ақуыз, 2,1-3,1% май болады.
Жасымықтың агротехникалық маңызы да көп көңіл бөлуді қажет етеді. Ол басқа бұршақ дақылдарындай күздік және жаздық астықтарға жақсы алғы дақыл. Өнімділігі асбұршақтан төмен, бірақ жоғары агротехникада жақсы өнім бере алады.
Тараған аймақтары, өнімі. Жасымық біздің жыл санауымыздан 2 мың жыл бұрын екпе дақыл есебінде танылған. Оны гректер, римдіктер, египеттіктер, славяндар ертеден қолда өсірген. Ірі тұқымды жасымықтың шыққан ортасы Жерорта теңізі, ұсақ тұқымды түрі- Ауғанстан мен Иран елдері, солардан дүние жүзіне тараған болып саналады.
Қазір жасымық Европа, Азия, Африка, Латин Америкасы елдерінің көбінде өсіріледі. Егіс көлемі көп елдерге – Ресей, Египет, Испания, Румыния, Чехославакия және Чили мемлекеттері жатады.
Әлемдегі егіс көлемі 1 млн гектар болса, соңғы жылдары оның көлемі ұлғая түсуде. Біздің еліміздегі егіс көлемі 70 мың гектар шамасы, орташа әр гектардан алынатын астық өнімі 13 ц, бірақ алдыңғы қатарлы шаруашылықтар, тәжірибе мекемелері 20-25 ц өнім алуда.
Жасымықтың бағалылығына қарамастан кең тарамауының басты себебі- сабағының аласалығынан өнімін механикалық әдіспен жинау қиын, әрі өсіру технологиясының жетілдірілмегенінен.
Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Мәдени жасымық (Ervum lens L. Ytvtct Lens esculenta Moench)- біржылдық бұршақты өсімдік. Ол кіндік тамырла, сабағы төртқырлы, бұтақтанады, биіктігі 60 см жуық, жатып қалуға бейім. Қосқауырсын жапырақты, ұшы мұртшамен аяқталады. Гүл шоғыры - 1-4 гүлді шашақгүл. Гүлдері – ақ, ашық – көк, ашық- көгілдір түсті. Жемісі - 1-3 дәнді ромб тәріздес бұршаққап. Дәні- линза тәрізді, диаметрі 3-9 мм (Сурет 27).
Жасымықтың екі түр тармағы бар:
-ірі тұқымды немесе тәрелке тәрізді (ssp.macrosperma Bar);
-ұсақ тұқымды (ssp. microsperma).
Ірі тұқымды жасымықтың сабағының ұзындығы 70 см дейін, бұршаққабы үлкен, тұқымының диаметрі 6-9 мм, жасыл немесе теңбіл түсті, 1000 санының массасы 50-65 г. (вегетациялық кезеңі 80-120 күн). Ұсақ тұқымдарының сабағы -35-40 см, бұршаққабы кішірек, тұқымының диаметрі 3-6 мм, әртүсті, 1000 тұқымының массасы 25-30 г (вегетациялық кезеңі 65-70 күн). Ұсақ тұқымды түр тармағы құрғақшылыққа төзімдірек.
Сурет 27. Жасымық
Ірі тұқымды жасымық негізінен тағамдық, ал ұсақ тұқымдылары – малазықтық мақсатқа пайдаланылады.
Жасымық - өздігінен тозаңданатын ұзақ күннің өсімдігі. Жылуды асбұршақтан көп қажет етеді. 4-5ºC өнеді, егін көгі - 3ºC дейінгі үсікке шыдайды. Тұқымның пісу кезеіндегі оңтайлы температура - 19-20 ºC.
Ылғалды көп қажет етеді, бірақ оның құрғақшылық пен ыстыққа төзімділігі асбұршақтан асып түседі.
Жасымық құнарлығы жеткілікті, әрі мол, құмбалшықты және құмдауытты қара топырақтарда мол өнім береді. Батпақты, қышқыл және сортаңдау топырақтар оған жарамсыз.
Жасымықтың Петровская 4/105, Днепровская 3 және Таджикская 95 сорттары белгілі.
Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Жасымықтың ауыспалы егістегі ең жақсы алғы дақылдары тыңайтылған күздік астықтар мен отамалы дақылдар. Олар өздерінен кейін танапты арамшөптерден таза қалдырады. Жасымық көгі алғашқы кезде өте баяу өсіп, арамшөптерге қарсы тұру қасиеті нашар болғандықтан, күздіктер мен отамалы дақылдардан кейін танаптың таза болуы оған қолайлы. Кей жағдайда екпе қарақұмықтан кейін де себуге болады.
Жасымық тамырының нематод ауруымен күшті зақымдануына байланысты оны бір себілген жеріне тек 5-6 жылдан кейін ғана қайта себуге болады. Жасымықтан кейін жүгеріні, жаздық және күздік дақылдарды орналастырады.
Топырақты өңдеу және тыңайту. Жасымықтан мол өнім алу үшін оны жеңіл, саздақ, қара топырақты танапқа себу керек. Жасымыққа батпақтанған, құрамы ауыр, қышқыл топырақтар жарамсыз.
Тыңайтқыш қолдану, негізгі және тұқым себу алдындағы топырақ өңдеу жүйесі асбұршаққа ұқсас. Сепкенге дейін танапты арамшөптерден жақсылап тазарту қажет. Оған аңызды ерте сыдырта өңдеу, терең және уақытында сүдігер жырту жатады.
Жасымықтың «семіріп» кетуіне жол бермеу үшін, ол өсірілетін танап топырағына берілетін көңді алғы дақылға немесе жасымық себуден 2-3 жыл бұрын берген жөн. Сүдігер жыртудың алдында, әр гектарға 40-60 кг фосфор және 30-40 кг калий минералды тыңайтқыштарын қолдану тиімді, қышқыл топырақты қопсытумен қатар, оған әк берілуі қажет.
Жасымыққа алғашқы даму кезеңінде, тамырындағы түйнектерінің ауа азотын байланыстыратын бактериалары дамып жетілгенше ғана азотты тыңайтқышты қолданған дұрыс.
Тұқымды себуге дайындау, себу. Себілетін тұқымды, яғни, тұқымдық материалды жоғары өнімді танаптардан дайындайды. Оларды ірілігі бойынша сорттайды: диаметрі орташа және орташадан жоғары тұқымды себуге пайдаланады. Тұқымды себуден 30 күн бұрын 80%-дық ТМТД препаратымен (3-5 кг/га), ал себер күні нитрагинмен өңдейді.
Ерте себілген жасымық жоғары өнім берумен қатар, зиянкестерге және ауруларға жақсы қарсы тұрады. Жасымықты ерте мерзімде жаппай қатардағы немесе тарқатарлы тәсілдермен себеді. Ірі тұқымды жасымықтың 1 га себу мөлшері 2-2,5 млн (120-130 кг), ұсақ тұқымдарда -2,5-3,0 млн (80-100 кг) өнгіш тұқым.
Тұқым сіңіру тереңдігі- жеңіл топырақта- 4-5 см, ол топырақтың жоғарғы қабатында ылғал жеткіліксіз жағдайда 7 см-ге дейін жеткізіледі.
Егістікті күтіп – баптау. Тұқым себілгеннен кейін танапты тығыздайды. Жасымық көгі шыққанға дейін және көктеп шыққаннан соң өсімдік биіктігі 6-7 см болғанда, себу бағытына көлденең егістікті тырмалайды. Арамшөптермен күресуде гезагард 50 (3-4 кг/га) гербицидін қолданған жақсы нәтиже береді. Құрғақшылық жылдары гербицидті себер алдында енгізген жөн, ал ылғалды жылдары дақылдың көктеуіне 2-3 күн қалғанда. Қолданылатын құралға байланысты гербицидтің гектарлық мөлшері 100-400 л суға ерітіліп шашылады.
Сиыржоңышқа жасымық астығының сапасын түсіріп жібереді, сондықтан оны отап алып тастау маңызды шара болып есептеледі. Дақыл гүлдеген кезде жалпақ дәнді сиыржоңышқа гүлдері күлгін түсімен жасымықтан жақсы ажыратылады, оны сол кезде жою керек.
Жасымық егістігінде зиянкестер (бізтұмсық, кенелер ж.т.т.) пайда болса хлорофос, фосфомид инсектицидтерімен өңделеді.
Өнімді жинау. Жасымықты екі кезеңді тәсілмен бөлектеп жинайды. Дестелеп ору- өсімдіктің төменгі жағындағы бұршаққаптың тез піскенде өнім ысырабы көп болмау және тұқымдары қарайып, тауарлық сапасы төмендемеу үшін дестені тездетіп бастыру керек. Тұқымды сақтауға қоймас бұрын оны тазалайды және қажет болса кептіреді.
АТБАС БҰРШАҚ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Атбас бұршақтың астығы пісірілген күйінде, көжесі мен ботқасы қоректілігімен және дәмділігімен ерекшеленеді. Оның құрамында орта есеппен 26-34% ақуыз (белок), 0,8-1,5% май, 50-55% көмірсулары бар. Тағамға толық піспеген бұршаққаптары немесе шала піскен тұқымдары да пайдаланылады. Атбас бұршақты мал азығына (астығы, жасыл балауса, сүрлем) және жасыл тыңайтқышқа қолданады. Оның бір кг жасыл балаусасында 21 г қорытылатын протеин, 2 г кальций, 0,5г фосфор және 20 мг каротин, ал 1кг тұқымында 1,16-1,30 азықтық өлшем болады. Атбас бұршақ дәнді бұршақ дақылдарының ішінде барынша өнімділерінің бірі. Оның әлеуетті (потенциялды) астық өнімі 25-45 ц/га, ал жасыл балаусасы 400-500 ц/га жетеді. Экологиялық егіншілік жүйесінде атбас бұршақ өсімдік шаруашылығының маңызды құрам бөлігі болып табылады. Басқа бұршақ тұқымдастар сияқты атбас бұршақта азотфиксациясы нәтижесінде топырақтың потенциалды құнарлығын сақтауда маңызы зор. Ол өсіп-даму кезеңінде түйнек бактериялар симбмозымен 300 кг /га дейін атмосфералық азотты сіңіреді де оның жартысына жуығын топырақта кейінгі дақылға қалдырады.
Атбас бұршақ - ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл, Мысыр елінде, Грекия мен Римде кең тараған. Оның отаны Жерорта теңізі елдері, Батыс Европада кеңінен өсіріледі. Алайда Қазақстанда оның ауданы шамалы.
Ботаникалық сипаттамасы мен морфологиясы. Атбас бұршақ (Vicia faba) екі түр тармағын біріктіреді - Vicia faba Pancijuga және Vicia faba Eu-Faba. Соңғысы кең тараған және үш түршеге ажыратылады (ірі тұқымды, орташа іріліктегі, ұсақ тұқымды атбас бұршақ). Атбас бұршақ біржылдық өсімдік, сабағы тік өседі, биіктігі сорты мен өсіру жағдайларына байланысты 50-ден 200 см-ге дейін. Тамыр жүйесі қуатты, кіндікті, жақсы тарамдалған, топыраққа 80-150 см тереңдікке дейін бойлап өседі. Жапырақтары қосқауырсынды, ірі, етті келеді, жапырақ серігі ара тісті. Гүл шоғыры – шоқгүл, гүлдері ірі, күлтеше жапырақшалары ақ немесе қызғылт түсті, негізінен өздігінен тозаңданатын өсімдік. Жемісі бұршаққап, ірі, ұзындығы 25-35 см-ге дейін жетеді. Тұқымдары 0,4-0,5 см, ірі, 1000 санының массасы 200-ден 550 г-ға дейін, қоңыр-күлгін, қызғылт-қоңыр, ашық-сары (Сурет 28).
Сурет 28. Атбас бұршақ: 1, 2 – егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 – сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 – жемістері; 5 – тұқымдары.
Биологиялық ерекшеліктері. Атбас бұршақ жылуға жоғары талап қоймайды: төменгі көктеу температурасы +3-4ºC, -5-6ºC бозқырауды жеңіл көтереді; орташа тәуліктік температурасы 10ºC-да көктейді; оңтайлы өсіп-даму температурасы -18-20ºC. Орташа мерзімде пісетін сорттары үшін 1900ºC шамасында белсенді температура жиынтығы қажет.
Атбас бұршақ көктегеннен кейін бір айдан кейін гүлдене бастайды да сабақтың төменгі жағынан жоғары қарай ұзақ уақыт бойы гүлдейді және төменгі бұршаққаптар толысып болғанға дейін созылады. Ұзақ гүлденудің нәтижесінде оның пісуі де созылыңқы, ал мұның өзі дақылды жинауда қиыншылық келтіреді.
Атбас - бұршақ ылғал сүйгіш дақылдар қатарына жатады. Тұқымдары өз массасының 120%-дай ылғал сіңіргеннен кейін өне бастайды. Оның ылғалға барынша жоғары қажетсінуі – көктеуден төменгі қабаттағы бұршаққаптардың толық толысуына дейінгі кезең аралығы. Транспирациялық коэффициенті 700-800, ылғал жеткіліксіз болғанда бұршаққаптары мен тұқымдары нашар өседі де төмен астық өнімін қалыптастырады. Осыған байланысты бұл дақыл Қазақстанда ылғалды аудандарда немесе суармалы жағдайда ғана өсіріледі.
Атбас бұршақ ылғалды жақсы ұстайтын органикалық заттарға бай, құнарлы, топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз қышқыл (рН = 6-7,0) танаптарда жақсы өседі, ауыр саздақ, батпақтанған және сортаң жерлер оған жарамсыз.
Өсіру технологиясы. Атбас бұршақтың өсіру технологиясы айтарлықтай күрделі емес, Ол ауыспалы егісте алғы дақылға жоғары талап қоймайды, ол көптеген дақылдарға жақсы алғы дақыл болып табылады. Ауыспалы егісте атбас бұршақты сүрі жерде өсірілген бидайдан, күздік және жаздық дақылдардан кейін орналастырады, сонымен қатар отамалы дақылдардан соң (картоп, жүгері сүрлемге, тамыржемістілер) да өсіруге болады. Атбас бұршаққа топырақ терең өңделеді. Шаруашылықтарда қыс айларында қар тоқтату, көктемде тырмалау, ал себу алдында топырақты культивациялау ұсынылады (танаптардың арамшөптермен ластану деңгейіне қарай). Атбас бұршақ әрбір тонна тұқымы және соған сәйкес жер үсті массасын қалыптастыруға топырақтан 60-70 кг азот, 15-20 кг фосфор, 40-45 кг калий, 23-28 кг кальций және 18-22 кг магний шығындайды. Әр гектар егістікке фосфор калий тыңайтқыштар мөлшерін атбас бұршақтың бағдарламаланған өніміне есептеп енгізеді: ол үшін топырақтағы сіңімді қоректік заттардың мөлшерін және олардың өсімдіктермен пайдалану коэффициентін, тыңайтқыш түрі мен ондағы қоректік заттардың мөлшері мен өсімдіктердің сіңіру пайызын, бір өлшем өніммен шығындалатын қоректік заттардың мөлшерін білген абзал.
Симбиотикалық азотфиксациясына қолайлы жағдайлар жасалған болса, онда атбас бұршаққа азот тыңайтқышын енгізудің қажеті жоқ.
Себу алдында атбас бұршақ тұқымы асбұршақ, ноқат ж.б. дәнді бұршақ дақылдарына ұқсас тәртіппен дайындалады: іріктейді, дәрілейді, микротыңайтқыштар және нитрогинмен өңдейді. Атбас бұршақты астыққа өсіргенде әдетте дәнді астық дақылдарымен қатар ерте көктемде сепкен дұрыс (мамыр айының бірінші онкүндігінде). Кең қатарлы тәсілмен де (45 және 60 см), жаппай қатардағы тәсілмен әдеттегі астық сепкіштермен себуге болады. Кең қатарлы тәсілмен сепкенде әр гектар егістікке 400-500 мың өнгіш тұқым, ал жаппай қатардағы тәсілде – 600-700 мың өнгіш тұқым себу қажет. Бұл дақыл тұқым жарнағын жер бетіне алып шықпайды, сондықтан тұқымдарын тереңірек сіңіруге болады: жеңіл топырақтарда - 7-8 см, ал ауыр топырақтарда - 4-6 см-ге. Егістікті күтіп баптауда топырақ қабыршағымен, әсіресе көктеу кезеңінде, күресу ұсынылады. Егін көгіне дейін және көктегеннен кейін тырмалау жүргізіледі. Арамшөптермен қатты ластанған алқаптарда гербицидтер қолданылады: атбас бұршақтың көктеу кезеңінде (өсімдіктердің биіктігі 5-6 см-ге жеткенде) егістік 48%-дық базагранмен (1,5 л/га) бүркіледі. Кең қатарлы егістікте қатараралық культивация егін көгі шығысымен (көктеуге дейінгі тырмалауға дейін) бірден жүргізіледі. Бірінші қатараралық өңдеуді 6-8 см тереңдікте, ал екіншісін 6-7 тәуліктен соң 8-10 см тереңдікте жүргізген дұрыс және бір мезгілде қатардағы арамшөптер көгін топырақпен жабу мақсатында қайырмалы табандар пайдаланылады. Атбас бұршақтың тозаңдануын жақсарту мақсатында егістікке бал араларының ұяларын орналастырады (гектарына кем дегенде 1-2 ұядан). Егінді жинау алдында атбас бұршақтың пісуін жеделдету және өсімдіктерді қурату үшін Реглон Супер 15% с.е. десикантымен (4-5 л/га) алқап бүркіледі (өсімдіктегі бұршаққаптардың 70-80% қоңырланғанда). Атбас бұршақты астыққа жиғанда тікелей орып бастыруға да (толық пісу кезеңінде) және бөлектеп жинауға да (балауызданып пісудің ортасында) болады.
