- •1.1 Тұқымдық жадығат (материал), оның маңызы мен сипаттамасы. Қазақстанда тұқымтану және тұқымдық бақылау қызметінің дамуы
- •Өсімдік шаруашылығы
- •Тұқымдық бақылау
- •1.2 Тұқымның даму кезеңдері
- •1.3 Тұқымның тыныштық күйі, тіршілікке қабілеттілігі және оның ұзақтығы
- •1.4 Өсімдік өнімділігі және тұқымның әртүрлі сапалылығы
- •1.5 Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсері
- •1.6 Тұқымның өнуі, көктеуі және танаптық өнгіштігі, оларға әсер ететін факторлар мен жағдайлар
- •1.7 Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары
- •1.8 Тұқымның себу (егістік) сапасы
- •1.9 Тұқымдық жадығат сапасы жөніндегі құжаттар
- •1.10 Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту шаралары
- •2.1 Өнімді бағдарламалау – ғылыми және оқу пәні
- •2.2 Биоклиматтық көрсеткіштерді және дақылдар мен сорттардың әртүрлі пісу топтарын өсіру мүмкіншілігін бағалау
- •2.3 Өнім мөлшерін фотосинтетикалық белсенді радиация (фбр) кірісімен анықтау
- •Кесте 11. Қазақстанның үш нысанында (пунктінде) жылы кезеңдегі фбр (млрд.КДж/га) көрсеткіштері
- •2.4 Танаптық (екпе) дақылдар егістіктерінің ылғалмен қамтамасыз етілуі және нақты мүмкін өнім (нмө) деңгейін анықтау
- •Пө Кфбр пәк 2,0%
- •Нмө шектелген ылғалмен қамтамасыз етілу фактор бойынша
- •Агротехника деңгейіне байланысты нө
- •Кесте 13. Екпе дақылдардың су пайдалану коэффициенттерінің орташа мәндері
- •Кесте 15. Ең төменгі сиымдылықтың 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, мм
- •2.5 Өсімдіктердің фотосинтетикалық әрекеті және оның егістіктердің негізгі құрылым элементтерімен байланысы
- •2.6 Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігін (шөп оттылығын) бағдарламалау
- •2.7 Бағдарламаланған өнім деңгейіне тыңайтқыш енгізу мөлшерін есептеу әдістемесін ілімдік (теориялық) негіздеу
- •3.1 Дәнді астық дақылдарының жалпы сипаттамасы
- •3.2 Жаздық астық дақылдары
- •3.3 Күздік астық дақылдары (жалпы сипаттамасы)
- •Күздік қара бидай
- •3.4 Дәнді бүріііақ дақылдары (жалпы сипаттамасы)
- •Майбұршақ
- •4.1 Майлы дақылдар (жалпы сипаттамасы)
- •4.2 Эфир майлы дақылдар (жалпы сипаттамасы)
- •5.1 Картоп
- •Кокшетауский ранний – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, сқо, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
- •5.2 Картоптың голландтық өсіру технологиясы
- •5.3 Ерте картоп
- •Әдебиеттер
- •Қ. К. Әрінов, қ. М. Мұсынов, а. Қ. Апушев, н. А. Серекпаев, н. А. Шестакова, с. С. Арыстанғұлов өсімдік шаруашылығы
1.9 Тұқымдық жадығат сапасы жөніндегі құжаттар
Мемлекеттік үлгіқалыптар (стандарттар) бойынша тұқымдық жадығат үш немесе екі сыныпқа (класқа) бөлінеді (Кесте 6)
Кесте 6. Сыныптарға бөлгендегі тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері (12047-85 МСТ)
Дақылдар |
Сынып |
Негізгі дақылдың тұқымы, % |
Басқа өсімдіктер тұқымының қоспасы, дана/кг көп емес |
Лабораториялық өнгіштіқ, % |
|
барлығы |
оның ішінде арамшөп өсімдігі |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жұмсақ бидай |
І |
99 |
10 |
5 |
95 |
ІІ |
98 |
40 |
20 |
92 |
|
ІІІ |
97 |
200 |
70 |
90 |
|
Қатты бидай |
І |
99 |
10 |
5 |
90 |
ІІ |
98 |
40 |
20 |
87 |
|
ІІІ |
97 |
200 |
70 |
85 |
|
Арпа, сұлы |
І |
99 |
10 |
5 |
95 |
ІІ |
98 |
80 |
20 |
92 |
|
ІІІ |
97 |
300 |
70 |
90 |
|
Тары |
І |
99 |
16 |
10 |
95 |
ІІ |
98 |
100 |
75 |
90 |
|
ІІІ |
97 |
200 |
150 |
85 |
|
Асбұршақ |
І |
99 |
5 |
рұқсат етілмейді |
95 |
ІІ |
98 |
10 |
2 |
92 |
|
ІІІ |
97 |
50 |
5 |
90 |
|
Күнбағыс |
І |
99 |
5 |
2 |
95 |
ІІ |
98 |
15 |
5 |
93 |
|
ІІІ |
97 |
35 |
15 |
90 |
|
Майлы зығыр |
І |
98 |
200 |
150 |
95 |
ІІ |
97 |
550 |
500 |
90 |
|
ІІІ |
86 |
1550 |
1550 |
85 |
|
Еркек шөп |
І |
95 |
- |
0,5 % көп емес |
80 |
ІІ |
90 |
- |
0,1 % -//- |
65
|
|
Егістік жоңышқа |
І |
96 |
- |
0,5 % -//- |
80 |
ІІ |
96 |
- |
1,0 % -//- |
70 |
|
Ақ және сары түйе жоңышқа |
І |
96 |
- |
0,3 % -//- |
80 |
ІІ |
96 |
- |
0,8 % -//- |
65 |
|
Қылтықсыз арпабас |
І |
95 |
- |
0,6 % -//- |
75 |
ІІ |
90 |
- |
1,0 % -//- |
65 |
|
Судан шөбі |
І |
98 |
- |
0,2 % -//- |
80 |
ІІ |
95 |
- |
0,5 % -//- |
70 |
|
Көрсетілген кластардың біріне кіретін тұқымдарды кондициялы деп атайды, олар себуге жарамды. Себу сапасының көрсеткіштері үшінші (екінші) сыныпты үлгіқалып шарттарына сәйкес келмейтін тұқымдарды кондициялы емес (кондициясыз) тұқымдар деп есептейді де олар себуге рұқсат етілмейді.
Арнаулы тұқым шаруашылықтарының тұқымдық учаскелерінде бірінші сыныпты тұқымдар ғана, және тек ерекшелік ретінде, екінші сынып тұкымдар себіледі.
Тұкымның орташа үлгісін талдаудың нәтижелеріне қарай Мем-лекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары «Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлік» немесе «Тұқым талдаудың нәтижесі» деген құжаттар береді.
«Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлік» — себу сапасы тек-серілген және барлық көрсеткіштері үлгіқалып шарттарына сәйкес келетін тұқымдарға беріледі. Куәлікте тұқымның сыныбы (класы) мөлшерленетін тұқым сапасының ең төменгі көрсеткіші бойынша анықталады.
Егер күздік дақылдар жиналған жылы себілсе, онда өнгіштіктің орнына тіршілікке қабілеттігі анықталады да ерекшелік ретінде «Тұқым кондициялылығы женіндегі куәлік» кағазын беруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ тұқым тобын егін себуден 10-—15 күн бұрын ылғалдылығы мен зиянкестер санын анықтамай-ақ тексергенде де жоғарыда аталған кұжатты береді.
«Тұқым кондициясы жөніндегі куәлік» құжатының әсер ету мезгілі берілген уақытынан санағанда көпшілік дақылдар үшін (көкөніс, бақшалық дақылдар және мал азығындық тамыр жемістерден басқалары) - төрт ай, және ол мерзім тұқымның өнгіштік көрсеткіші бойынша белгіленеді.
«Тұқым талдаудың нәтижесі» - себу сапасы МҮҚ шарттарына сәйкес келмеген тұқымдарға және мөлшерленетін көрсеткіштер түгел тексерілмегенде берілетін құжат. Бұл құжатта тұқымды талдаудың нәтижесі келтірілген және қандай себептермен үлгіқалып шарттарына жауап бермейтіндігі көрсетілген, сонымен бірге кондицияға жеткізу үшін тұқымға қандай өңдеу жұмысын жүргізу қажет екендігі айтылған.
