Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457.02 Кб
Скачать

3 Өсімдік қорғауда пайдалы бунақденелілерді қолданудың қағидалары.

Зиянкестермен күресуде қолданылатын тірі организмдерге ол-ң табиғи жаулары, яғни насекомдар мен кенелердің, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің жыртқыш паразиттік тіршілік ететін түрлері, сүт қоректілер мен құстардың жыртқыш, түрлері & ауру тудыратын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар жатады. Ал тірі организмдердің тіршілік өнімдерінен қолданылатындар: жыныс аттрактанттары немесе жыныс феромондары, & гормондар & ол-ң синтетикалық аналогтары. Зиянкестердің табиғи жауларын биологиялық күресте пайдаланудың мынадай жолдары бар: интродукция & акклиматизация, ареал ішінде тарату, маусымды колонизациялау, & жергілікті энтомофагтарды қорғау & оларды пайдалану. Бұл тәсілдің аса құнды ерекшелігі қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Адамдарға, пайдалы жануарлар мен бунақденелілерге кері әсер етпейді & зиянкестерге қарсы куресудегі басқа тәсілдермен салыстырғанда арзанға түседі. Бұл тәсіл табиғи тепе теңдікті сақтау заңына пайдалы әсерін тигізеді.

2

1Қамба зиянкестерінің түр құрамы & ол-ң қамбаға ену жолдары.

Қамбаның ең қауіпті зиянкестері – қамба & күріш бізтұмсығы, жүгері бізтұмсығы, түйрегіш қоңыз, суринам ұнжемірі, қамба көбелегі & басқа да зиянкестерге қарсы хлор & фосфорорганикалық препараттарды қолданылуға болатындығын көрсеткен. Мысалы, астық қоңыздарына фосфорорганикалық препараттарының әсері 100 жоғарылады

Қамба бізтұмсығы (Амбарный долгоносик – Sitophilus granarius L.). Қатты қанаттылар немесе қоңыздар отрядының бізтұмсықтылар (Curculionidae) тұқымдасына жатады. Қойма зиянкестерінің ішінде қамба бізтұмсығы жаппай тараған. Тек жабық орындарда ғана өсіп – өне алады. Қазақстанның оңтүстік & оңтүстік–шығыс облыстарында көп болады.

Қоңыздың денесі сопақтау, ұзындығы 3,5 мм, түсі қара – қоңыр немесе қара, аяқтары & мұртшалары қызыл – қоңыр. Үстіңгі қанаттары бір түсті, дақсыз, артқы қанаттары жетілмеген. Қоңыз ұша алмайды. Жұмыртқасы сопақша, түсі сарғылт болады. Дернәсілінің басы қара, денесінің қалған бөліктерінің түсі ақ, аяқтары болмайды, ұзындығы 4 мм жетеді. Қуыршағы ақшыл – сары, ұзындығы 2,7 мм шамасындай.

Қоңыз & ол-ң дернәсілдері көпқоректі: бидай астығына, арпаға, күрішке, қара бидайға, жүгеріге & жүгері дәндерін, сұлыға, тарыға, әр түрлі жармаларға, макарон өнімдеріне, & бұршақ тұқымдастар мен астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын, ұнды & ұннан жасалған тағамдарды зақымдайды. Олар әсіресе ұсақталған дәндерді көбірек ұнатады. Бүтін дәндерді көбінесе арқа жағынан бастап үңгіп жеп, ұрық бөлігін зақымдайды.

Зиянкес қуыршағынан басқа фазаларының барлығында да қыстап шыға алады. Төменгі даму табалдырығы +100C. Дәннің дымқылдығы 15–16% болғанда, дамуы үшін үйлесімді температура 20–260С. Дәннің ылғалдылығы 11% төмен болса зиянкес дами алмайды. Өсімталдығы орта шамамен алғанда 150 жұмыртқаға жетеді. 250C температурада даму кезеңі 36–40 күнге, ал 120C температурада 7 айға созылады. Оңтүстікте 4 ұрпақ береді.

Бізтұмсықтылардың ұрғашылары жұмыртқаларын дәннің ішіне, өздері кеміріп жасаған кішкентай қуысқа салады. Астық тұқымдастарының әр дәніне бір жұмыртқадан, ал жүгерінің дәніне екі жұмыртқадан орналасады. Жұмыртқадан шыққан соң личинкалар дәннің ішін үңгіп жеп, сонда тіршілік етеді. Қуыршақ кезеңі де сол дәннің ішінде өтеді.

Бізтұмсықтар әрқашан да еден астындағы төгіліп түскен дәндерде көп болады. Ол-ң дернәсілдері зақымданған астық дәндері себуге мүлде жарамайды. Ол-ң тамақтық қасиеті де едәуір төмендейді

Үлкен ұн қоңызы (Большой мучной хрущак – Tenebrio molitor L.). Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының қара денелілер (Tenebrionidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған, әсіресе Солтүстік & Батыс Қазақстанда жиі кездеседі.

Қоңыздың ұзындығы 12 – 16 мм, түсі майлы жылтыры бар қара – қоңыр, үстіңгі қанаттарында көптеген нүктелерден тұратын бойлық айғыздар орналасқан. Мұртшалары қысқа, ол-ң ұш жағы аздап жуандау, алдыңғы арқа сақинасы едәуір жалпақ. Жұмыртқасы сопақша келген, ұзындығы 1,6 – 1,8 мм, түсі сүттей ақ, жылтыр. Дернәсілдін «ұн құрты» деп атайды. Ол-ң ұзындығы 25 – 30 мм жетеді, түсі қошқыл сар, алдыңғы аяқтары ортаңғы & артқы аяқтарына қарағанда ұзын. Қуыршағының ұзындығы 16 – 18 мм, түсі сарғылттау, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында тарақ тәрізді төрт бұрышты қосалқылары & денесінің артқы жағында мүйіз тәрізді екі өсінді болады.

Зиянкес дернәсілі кезеңінде ұнның арасында, ұннан жасалған тағамдарда немесе қойманың керегелерінің жарықтарында, қаптардың тігістерінде & басқа паналарда қыстайды. Суық жайларда жылына бір, жылы жайларда екі ұрпақ беріп дамиды. Дернәсілдері қыстап шыққан жерлерінде көктемде қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы 180C температурада 10 күнге созылады. Қоңыздар 250C температура жағдайында 110–122 күндей өмір сүреді. Осы уақыт ішінде ұрғашы қоңыздардың әрқайсысы 68–182 дейін жұмыртқа салады. Ұрықтың дамуы 19–210C температурада 10 күннен 19 күнге созылады. Дернәсілдері температураға & басқа жағдайларға байл 304 күннен 317 күнге дейін тіршілік етеді (7 кесте).

Қоңыздар кешке & түнде ғана ұшады. Жұмыртқаларын шашыратып немесе аз ғанадан топтап ұнға, ұнтаққа немесе ұннан жасалған тағамдарда, олар жоқ болған жағдайда керегенің жарықтарына, қаптардың үстіне салады. Ол-ң үсті сілекейлі болады да көрсетілген заттарға жабыстырыла орналастырылады немесе оған ұн жабысып, түйіршік қамыр тәрізді болып көрінеді.

Суыққа өте төзімді минус 100C температурада 1 айдан кейін, минус 180С бір күннен кейін өледі.

Қоңыздардың өздері де, дернәсілдері де зиян келтіреді. Дернәсілдері ұнды & ұнтақты (әсіресе өте дымқыл & жатып қалған ұнды). & жармаларды, піскен нанды, кептірілген нанды, темекіні & т.б. зақымдайды.

Кіші ұн қоңызы (Tribolium confusum Duv.). Бұл да қараденелілер (Tenebrionidae) тұқымдасына жатады. Ұзындығы 2,6–4,4 мм, қара немесе қоңырқай түсті кішірек қоңыз. Дернәсілдерінің түсі сарғылт–қоңыр, ұзындығы 6–7 мм, денесінің артқы жағында үшбұрышты ілмек тәрізді екі өсіндісі болады. Қуыршақтарының ұзындығы 2,7–3,5 мм, ақшыл сары, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында ұшында қылшықтары бар өсінділер болады.

Барлық аймақтарда тегіс таралған. Бұл қоңыз әдетте диірмен, макарон фабрикасы, наубайхана, жарма & құрама жем зауыттарын мекендейді. Қоңыздардың өздері қыстап шығады. Ал жылы жайларда зиянкес жыл бойы үзіліссіз өсіп–өніп көбейеді.

Жұмыртқаларын қоректік заттарының үстіне бір–бірлеп орналастырады. Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқаға жетеді. Қоңыздар 3 жылға дейін өмір сүреді де өсіп–өнуі жыл сайын қайталанады. Ұрықтың дамуы 6–15 күнге созылады. Дернәсілі жазда 20–30 күн, ал қыста одан ұзағырақ дамиды да қоректенген жерінде қуыршаққа айналады.

Қуыршақтың дамуы орта жағдайларына байл 5 күннен 28 күнге дейін дамиды. Жылылық 27–300C, дәннің дымқылдығы 14,5% & одан жоғары болғанда зиянкестің дамуы үшін ең қолайлы жағдайлар туады. Осы жағдайларда оның бір генерациясының дамуы 30 – 40 күнге созылады. Қоңыздардың бұл түрі жылытылмайтын жайларда бір жаз ішінде 2–3, ал жылы жайларда 4–5 ұрпаққа дейін өсіп–өнеді.Қоңыздар & ол-ң дернәсілдері ұнмен, ұнтақ жарма & басқа жармалармен, ұннан жасалған тағамдармен, астық дәндерімен & басқа дақылдардың тұқымдарымен, кептірілген жеміс & көкністермен, темекі & оның өнімдерімен қоректенеді. Зақымдалған ұн иленіп, кесек – кесек немесе түйір – түйір болып қалады, дәмі & иісі ұнамсыз болады. Ондай ұн тамаққа & мал демі үшін пайдалануға жарамайды.

Тері жемірі (Attagenus simulans Soil.). Тері жемірлері /Dermestidae/ тұқымдасына жататын қоңыз. Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарындағы қоймаларда кездеседі. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш дәндерін, ұнды, & қоймалардағы терілерді, насекомдардың коллекцияларын зақымдайды.Дернәсілдері алғашында астық дәнінің ұрық бөлігін жеп, одан әрі тереңдете үңгіп, эндоспермін зақымдайды. Олар зақымдаған ұнның түсі сұрғылт, дәмі нашар болады.

Тері жемірі дернәсіл күйінде қыстап шығады да, көктемде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында қуыршақтанады. Қоймаларда қоңыздардың жаппай ұшуы мамырдың бас кезінде байқалады. Ұрғашы қоңыздар қуыршақтан шыққаннан кейін 5–6 күн өткен соң жұмыртқалауға кіріседі. Ол-ң әрқайсысының салатын жұмыртқаларының саны 90–ға дейін барады. Жұмыртқаларын олар керегенің, еденнің жарықтарына & басқа қалтарыс жерлерге орналастырады. Қоңыздар қоректенбейді. Жұмыртқасын түгел салып бітісімен өледі.Оңтүстік Қазақстанда қоңыздың дернәсілдері мамырдың екінші жартысында шығады. Жұмыртқаның дамуы 26 – 270C температурада 7 – 13 күнге созылады. Дернәсілдері 11 айдай өмір сүреді. Маусым айынан бастап келесі жылдың сәуір–мамыр айларына дейін қойманың аз желдетілетін қараңғылау бұрыштарында, көбінесе керегелер мен еденнің жарықтарында, жиналған қаптардың қатар аралықтарында қоректеніп тіршілік етеді. Үйме түрінде сақталатын өнімдердің ең үстіңгі қабатында ғана кездеседі. Төменгі жастағы дернәсілдер уатылған дәндермен & дән шаңымен қоректенеді. Ал төртінші жастан бастап олар тұтас дәндердің ұрық бөлігін кеміріп жеп, одан дәннің ішіне еніп, оның эндоспермін зақымдайды.

Қозғалмайтын қысқы дернәсілдер суыққа өте төзімді болады. Олар 190C дейінгі аязда 30 күнге дейін тіршілігін сақтайды.

Солтүстік Қазақстандағы астық сақтайтын қоймаларда кездесетін қоңыздар – үлкен ұн қоңызы, кіші ұн қоңызы, қоңыр тері жемірі, бізтұмсықтар, суринам ұн жемірі, кенелер кездеседі.

Өнімде сақталған зиянкестерде спецификалық организмдер тобын құрайды. Ашық ландшафттағы фитофагтардан айырмашылығы ол-ң көпшілігі нақты маусымдық санының көбеюіне & физиологиялық тыныштық кезеңінe ие. Сондықтан олар қолайлы жағдайда жыл бойы көбейе алады. Қамба зиянкестерінің жыл бойы көбеюі 10–15% құрайтын өте үлкен шығынға алып келеді. Шығын мөлшері тек бір ғана көрсеткішпен шектеліп қалмайды, & сапалық көрсеткіштері (өрмектермен & микрофлорамен ластану) кіреді, тіпті астық аз зақымданған болса да тауар ретінде жарамайды. Сондықтан астық пен өнімді сақтап қалу үшін үнемі талдау жасап, зиянкестермен күрес жүргізіп отыру керек.

Астық қорының зиянкестері үлкен зиян келтіреді: дәннің бір бөлігін құртады, ластайды, өңгіштігін & жалпы сапасын төмендетеді.

Үйіндінің бір бөлігінде зиянкестер көп шоғырланғанда оның ылғалдылығы мен температурасы шамадан тыс жоғарылап кетеді, соның әсерінен астық өздігінен қызады.

Зақымдану айқын түрде тірі зиянкестер табылғанда & жасырын зиянкестер (белгілі бір даму деңгейінде дәннің ішінде) болуы мүмкін.

Нанның үңгі қоңызы- Stegobium paniceum L ( үнгі қоңызының тұқымдасы Anobiidae, қоңыздар отряды Coleoptera) Қоңыздың ұзындығы 1,7-3,7 мм, тегіс, қызыл қоңыр немесе ақшыл-қоңыр түсті. Дернәсілдері иілген, ақ түсті, ұзындығы 5,5 мм дейін. Дернәсілдері зиян келтіреді. Ұнды, жарманы, нанды & басқа ұн өнімдерін зақымдайды. Дамуға қолайлы температура 18-24 . Жылына төр ұрпаққа дейңн береді. Астық тескіш қоңызбен зақымданғанда қатты тағам субстраттары сыртқы белгілері нашар байқалғанмен, іші түгел желініп қояды. Шашылмалы өнімдерге баланқұрт ұяларын кішкене шар түрінде жапсырады.

Диірмен қан көбелегі-Ephestia kuchniella Zell ( Қан көбелегінің тұқымдасы-Pyralidae. Қабыршақ қанаттылар көбелегі- lepidoptera). Ұн комбинаттарының жарма зауыттарының тұрақты тұрғыны Қанатын жазғанда 17-27 мм алдыңғы қанаттары сұр қорғасын түстес & әлсіз көрінетін көлденең жолақтары мен қара нүктелері бар. Артқы қанаттары- ақшылдау, шеттері қара Жұлдызқұрттардың ұзындығы 20-25 мм, қоректік заттарының түрлеріне байл ақшыл- сары жасылдау немесе қызғылт түсті болып келеді. Артқы жағында ұзына бойына әрқайсысы қысқа түгі бар алты қоңыр нүктелері бар. Жұлдызқұрттар пілләларда қыстайды. Дамуға қолайлы температура 26. Жұлдызқұрттар астыңғы & басқа өнімдерді, сондай-ақ кептірілген көкөністер мен жемістерді зақымдайды. Тағамды өрмекпен орап алады & кесектер түзеді. Жұмыртқаларын бір-бірден немесе бірнешеуін тесіктер мен жарықшаларға, дәнге, ұнға, ыдысқа & т.б. салады. 2-7 ұрпақта дами алады.

Дән күйесі- Қабыршақ қанаттар отряды, қанатын жазғанда 11-19 мм. Алдыңғы қанаттары тар жылтыр қабыршақтары бар, сұрғылт сары немесе қоңыр түсті. Артқы қанаттары үшкірленген, сұр түсті, кең шашақты. Күйе жұлдызқұрты бидай, қара бидай, арпа жүгері & тағы басқа дақылдар дәннің ішінде дамиды. Көбінесе арпа мен жүгері бидайды зақымдайды. Жұлдызқұртпен қуыршақтың дамуы дәннің ішінде өтеді, бізтұмсықтар мен үңгі қоңыздарға ұқсас. Жұлдызқұрттар дәннің ішіндегі құраммен қоректенеді, сонда қуыршақтанып, көбелекке айналады. Қуыршақтанудан бұрын жұлдызқұрттар дәннің қабығына жұқа үлбір қалдырады да, сол арқылы көбелек сыртқа шығады. ДАмуға қолайлы температура ауқымы 27-28 С. Дәннің ылғалдығы 12 % төмен болған жағдайда дамуы тоқтап қалады. Жұмыртқаларын топпен 30 данадан қоймадағы астыққа & тіршілік кезеңінде егістіктегі масақтарға салады. Үйінділердің жұлдызқұрттар тереңдігі 20 см астықтың жоғарғы қабатын зақымдайды. 3 тен -8 дейін ұрпақ береді.

Қамба күйесі- Қабыршақ қанаттар отряды, Tineidae кәдімгі күйе көбелектер тұқымдасы. Алдыңғы қанаттарын жайғанда-9-15 мм. Қанаттары сұрғылт, түрлі формадағаы қара қоңыр дақтары бар. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 7-9 мм, кіршең ақ түсті басы қоңыр. Жұмыртқаларын астыңғы бетіне 1-2 данадан салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттар дәннің ішіндегі ұнмен қоректенеді. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар дән қалдықтарын, шіріктерді өрмекпен орап тастайды. Нәтижесінде үйіндінің жоғарғы бетінде тамақтану мақсатына жарамсыз кесектер түзеді.Қамба күйесі астық үйінділерінде ұялайды. Жұлдызқұрттардың пілләларында еден, қабырға & т.б. тесіктерде қыстайды. 1-3 ұрпақ береді. Қоймаларда элеваторларда өмір сүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]