Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457.02 Кб
Скачать

1 Алхоры зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.

Алхоры жемірі- жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады. көбелектің алдыңғы қанаттары қара-қоңыр, артқы қанаттары ақшыл-қоңыр түсті болады. Қанаттарының өрісі 5 мм жетеді. Жұлдызқұрттары ақшыл-қызыл, ұзындығы 10-12 мм. Тіршілік етуі алма жеміріне өте ұқсас. Жұлдызқұрттар ағаш діңінің жарықтарында қыстап шығады да көктемде қуыршақтанады. Көбелектер жұмыртқаларын бір-бірлеп алқоры мен алшаның, кейде өріктің жемістеріне салады. Пісіп-жетілген жемістің зақымдалғаны тез байқалады, одан шұбатылып шайыр ағып тұрады & мерзімінен бұрын төгіліп қалады, ал пісіп жетілген кезде зақымдалғандары пайдалануға жарамайды. Дамуы аяқталып, қоректенуін тоқататқан жұлдызқұрттар жемістен шығып, ағаштың діңіне көшеді де оның түбіне таяу бөлінгенде қабық астында немесе топырақ арасына еніп, қуыршаққа айналады-10-12 күн өткен қуыршақтан жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Оңтүстік аудандарда алқоры көбелегі 3 ұрпақ, ал басқа жерлерде 2 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.

Алма жеміс жемірі-алманы, алмұртты, өрікті, алхорыны, шабдалыны & басқа тектес өс-рді зақымдайды. Көбелек қанатын жайғанда 18-22 мм жетеді,алдыңғы қанаттары көптеген көлденең жолақтары бар қара-сұр түсті, қанаттарының басында ірі қоңыр дақ бар,артқы қанаттары қоңырқай сұр, ашық түсті шашақпен жиектелген. Жұлдызқұрттың ұз 18-22 мм, ашық қоңыр басында қызғыл түсті болып келеді. Соңғы жастағы жұлдызқұрттар өспей қалған қабық астындағы өрмек пілләларында, қабық жапырақшаларында, ескі ыдыстағы топырақтың жоғарғы қабатында қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады, да алма гүлдеп болғанда көбелектер ұшып шығады. Аналықтары дөңгелек жұмыртқаларын бастапқыда жапырақтарға, кейін жемістерге салады. 10-12 күннен кейін одан жұлдызқұрттар щығады. Олар жеміс жұмсағына еніп, тұқым қалтасына дейінгі жолды кеміріп, тұқымдарды жеп қояды.Бір жұлдызқұрт 2-4 жемістке дейін зақымдай алады. Зақымдалған жемістер түсіп қалады, нашар сақталады. Дамыған жұлдызқұрттра қуыршақтанады. Жазда 1-3 ұрпаққа дейін береді.

Күресу шаралары- ағаш түптерінің шеңберлерін қазу. Ағаш діңдерін тазарту. Тосқауыл белдіктер орнату. Жарық & еліктіргіш торлар ілу. Үзіліп түскен егістеріді жинау. Зақымдалған жемістер мөлшері 2 пайыз болса, онда мұндай жағдайда белсенді түрде қорғау керек.

Алма алқоры & басқа жеміс ағаштарын зақымдайтын бітелерге, қалқаншаларға , жапырақ бүргелеріне, алқорының шырышты егеуішіне (карбояост 50 %, к.э., фосфамид 40 %, к.э., антио 25 % к.э., метафос 40% к.э.) сол нормада пайдалануға болады.

2 Жүгері аурулары. Жүгеріні аурулардан қорғау шаралары.

Жүгері собығының ақ жарығы, фузариоз, сұр шірік, зең,нигроспориоз, диплодиоз, жүгері собығының бактериозы, қара бактериозя, сары немесе шырышты бактериозы.

Жүгері собығының ақ жарығы жұқпайтын ауру, сүттену кезеңінен соңы мен балауызданып қата бастаған дәндерде жарық пайда болып, ішкі бөлігі- эндосперм көрінеді. Жүгерінің дән түзу кезінде ылғалдылықытың бірқалыпты берілмеуі- аурудың негізігі себебі болып табылады. Сондықтан уақтылы сурау керек. Ақ жарық дәннің сапасын төмендетіп, жарықта түрлі фузарим & басқа да зең саңырауқұлақтары дамиды.

Фузариоз- Fuzarium туысының саң. Паразиттің микроконидиялыры түссіз, жұмыртқа тәрізді, бір немесе екі клеткалы, тез ыдырайтын тізбек құрайды. Жіпшумақта кейде түсі қара, пішіні домалақ склероцийлар түзіледі. Егістікте өсімдіктің қалдықтарында саңырауқұлақтың перитецийлері п.б. Ол-ң қалталары цилиндр тәрізді,қалта споралары ұзынша екі клеткалы. Ауру қоры- өсімдік қалдықтары, әсіресе собық орауыштарындағы жіпшумақ & склероцийлар. Залалданған дәндердің өну қабілеті жойылады.

Сұр шірігі Botrytis cinerea Fr саңырауқұлағы жіпшумағы түссіз немесе зәйтүн-сұр түсті, конидия тасушылары қалың қабықты, тармақталған, ұшында қысқа тісті өскіндері бар. осы өскіндерде топталған, пішіні домалақ, түссіз, жиынтығы көкшіл-сұр конидиялары түзіліп, алғаш ақшыл-сұр кейде қара склероцийлар п.б. Инфекция қоры- өсімдік қалдықтарындағы склероцийлар мен конидиялар. Мол ауа & топырақ ылғалы аурудың қарқынды дамуына әсерін тигізеді. Кеселдің белігісі собықтағы дәндер аралығымен таралғантығыз,сұр өңез түрінде білінеді.

Диплодиоз- Dipodia zeae Lev Саң.пикноспоралары сопақтау, тік немесе сәл иілеген 1-2 перделі, көлемі 13-33х3-7 мкм. Аурудың дамуына қолайлы жағдай 28-30С темпер. & жоғарғы ауа ылғалдылығы әсіресе жауын шашын. Инфекция қоры- пикнидалар қыстайтын өсмідік қалдықтары, тұқым, топырақ. Кеселдің өсімдік гүлденгенен соң сүттену, балауыздану кезеңдерінде білінеді. Аурумен жүгері собығы дәндері, жапырақтаыр, сабақтыры, тамырлары & өскіндері залалданады. Сабақтың төменгі буын аралықтарында ауру пайда болып сынады. Залалданған бөліктер қоңырланып, пикнидалармен жабылады. Собықтың төменгі бөлігінен басталған ақ өңез оның орауышына түгел таралады. Қатты залалданған собықтар қыртыстанып жетілмейді.

Жүгері собығының бактериозы- дәннің төбесінде ақшыл-сұр, сәл басылған дақтар п.б, Дақтар кейін қыртыстанып немесе ойық жараға айналып дән төбесін түгел алады. Орауыш жапырақтарымен толық жабылмаған собықтың жоғарғы бөлігіндегі дәндер жиі залалданып, ал қатайғандары ауруға шалдықпайды. Кеселді астық қандаласы таратады, себебі бактерия негізінен аталған организмдерде тіршілік етеді. Жүгерінің гүлдену, дән түзілу кезеңдеріндегі ыссы ауа-райында өсімдікке мол су беру себебінен орауыш жапырақтар собықтың жоғарғы бөлігін түгел қамтымай, дәндердің ашық қалуы & бактериямен залалданған асық қандаласының көп болуы аурудың дамуына жағдай жасайды. Кесел тұқымдық жүгерінің қоймада сақталуын, өнгішітгін төмендетіп, ауру тұқымнан өнген өсімдіктің өнім беру мүмкіндігін кемітеді. Күресу шаралары- агротехникалық, химиялық & карантиндік шараларды қолдану керек.

  1. Ауыспалы егістікті қолдану. Дақылдарды дұрыс алмастыру, егу нәтижесінде топырақыты инфекциядан тазартып, тамыр шірігі, қара күйе, тат, гельминтоспориоз & т.б, ауруларының зияндылығын төмендету.

  2. Аймақта аса зиянды, кең таралған ауруларды ескере отырып астық дақылдырының аудандастырылған төзімді сорттарын енгізу.

  3. Астықты егістіктерін бір-бірінен оқшау егу. Аттас дақылдарды көп жылдық астық тұқымдас шөптерден, ал тұқымдықты шаруашылық егістіктен кемінде 1 км алшақтау нәтижесінде тозаңды қара күйе, ақ ұнтақ, тат бактериоз,вироз, ауруларын тарлуын тежеу.

  4. Жол жиектегі насекомдармен, арамшөптермен, жабайы астық тұқымдас өс-рімен күресу.

  5. Дақылдың ауруларға төзімділігін арттыру фосфор, калий тұқымды себер алдында топыраққа еңгізу.

  6. Ерте көктемде танаптарды тырмалап, егінді жинағанан соң аңызды терең сүдігер жырту

  7. Тұқымды дұрыс кептіру, сақтау арқылы өсімдіктің ауруларға төзімділігін арттыру.

  8. Астық дақылдарын ауруларддан химиялық қорғау тұқымды себер алдында өңдеу & өсмідіктің вегетация кезеңінде бүрку арқылы жүзеге асырылады.

3 Пестицидтерді қолданудың тәсілдері.

Пестцидтердің зиянды ағзаларға қарсы тиімділігі тек қана ол-ң улылығына байл емес, & оларды қолдану тәсілдері мен препараттық түрлеріне де байл. Өсімдік зиянкестері, өсімдік аурулары мен арам шөптерге қарсы пестицидтерді қолдану тәсілдерінің негізгілері болып: - бүрку мен тозаңдату, - тұқымды себу алдындағы өңдеу (тұқымды уландыру), -сұйық күйінде, ұнтақ немесе түйіршік түрінде топырақ қыртысына енгізу немесе топырақ бетіне шашу, - сұйық немесе қатты аэрозоль түрінде көбінесе қоймалар мен орман шаруашылығында, - фумигациялау (қоймаларды, өсімдік өнімдерін, жылыжайларды & топырақты газды немесе қатты химиялық заттармен), - улы қоректер ретінде (омыртқалы кеміргіштерге, құстарға). Қолдану әдістерін таңдау пестицидтің түріне,зиянды нысанға қорғалатын дақыл түріне & қоршаған орта мен адам ағзасының қауіпсіздігін сақтауға байл. Бүрку – пестцид сұйығын, эмульсияны немесе қоймалжыңды (суспензияны) тамшы түрінде әр түрлі бүркігіштермен (қолдық, тракторлық,

автомобильдік, авиялық) қорғалатын өсімдік үстіне бүрку болып табылады. Пестицидті бүрку тәсілі өсімдікті (зиянкестерден,өсімдік аурула- рынан & арамшөптерден) қорғаудағы жанжақты (универсальды) тәсіл. Әсер ету заттардың аз кетуі мен өңделетін жерге бір келкі шашылып, жақсы жабысуы мен қатар үстінде жақсы тұрақтылығына, бүрку кезінде бүркетін жерден аз ауытқуы, бірнеше препаратты біріктіріп қолдануға мүмкіндік туғызатына байл (тозаңдатуға қарағанда), пестицидтерді қолданудың басқа әдістерінен әлде қайда артық. Бүрку үшін пестицидтердің әр түрлі формалары пайдалынылады: -суға қосқанда әр алуан эмульсия беретін э.к.; - суға араластырғанда тұрақты қоймалжың беретін с.ұ.(с.п.); -суға еріп ертінді беретін препараттар; - заводта дайындалатын майлы ертінділер & басқа түрлері. Өңделетін көлемнің бір бірлігіне кететін мөлшеріне қарай жұмыс сұйықтары 3 топқа бөлінеді: көп литражды, аз көлемді & ультра аз көлмді. Бүркудің барлық түрінде көп жағдайда әсерлі заттың мөлшері сақталады, тек қана концентрациясы мен бөлшектену (тамшылар) деңгейі өзереді. Көп литражды бүркуде тамшының диаметрлік көлемі 120-130мкм құрайды. Жұмыс сұйығының 1 га шығыны: қант қызылшасы, мақта, картоп & басқа дала дақылдарына – 400-800 л; жидектерде, жүзімде-1000-1500 л; жеміс дақылдарында – 1000 – 2000 л; цитрус дақылдарында – 2000 л жоғары. Көп литражды бүрку

Тозаңдату – ө-ге препаратты ұнтақ (дуста) күйінде шашу. Бұл ең қарапайым & арзан тәсіл, бірақ ол жұмыс аймағын қатты ластайды, & желмен ұзаққа тасымалданады.

Фумигациялау – газ немесе бумен өңдеу. Бұл тәсіл ең алдымен шет жерден тұқымдық & басқа матералдардағы карантин объектілерді жоюға, қор бойындағы зиянкестерді жоюға, қоймаларды, топырақты, өс-рді т.б. залалсыздандыруда қолданылады.

Фумигация мынадай түрлері ажыратылады:

  • әр түрлі қоймаларды, ішінде өнімі бар немесе бос – астық, картоп сақтайтын, элеваторлар т.б. залалсыздандыру;

  • жылыжайларды залалсыздандыру;

  • топырақты залалсыздандыру, ағаштар мен бұталарды залалсыздандыру.

Фумигация вакуумды немесе вакуумсыз болуы мүмкін.

Тұқым & тұқымдық материалды өңдеу – негізінен тұқымдық материалдың бетінде немесе бойында болатын ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылады. & ол топырақ инфекциясы мен зиянкестерінен де қорғайды. Бұл өңдеу тәсілі дәрілеу деп аталады. Дәрілеу құрғақ, ылғалды & дымқыл болып үшке бөлінеді.

Құрғақ дәрілеу – ұнтақ күйіндегі препаратты тұқымға араластыру. Бұл әдістің тиімділігі әдетте төмен болады, себебі біріншіден, құрғақ ұнтақ тұқымға дұрыс жабыспайды, екіншіден, ауа шаңданып ластанады.

Ылғалдап дәрілеу – тұқым дәрілеуде жиі қолданылады. Ол үшін арнайы дәрілеуші қондырғыларда тұқымның әр тоннасына 5-10 л көлемінде жұмыс құрамдары дайындалады.

Дымқылдап дәрілеу – тұқымды капқа салып содан соң пестицид ерітіндісіне батырады. Одан кейін тұқымды жайып, брезентпен жауып, 3-4 сағат сорықтырып барып, кептіреді. Бұл ең тиімді тәсіл, алайда еңбек шығынын көп қажет ететіндіктен көп қолданылмайды.

Уланған еліктіргіштер – тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін қолданылады. Олар еліктіргіш азық пен роденцид қоспасынан тұрады. Еліктіргіш азық ретінде, дән, жарма т.б. пайдаланылады. Оларды кеміргіштер сүйсініп жейтін болулары керек. Ол-ң құрамындағы пестицид мөлшері басқа тәсілдерге қарағанда өте аз болады.