Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457.02 Кб
Скачать

1

1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау кезіндегі зиянкестермен күресудің профилактикалық & жойу шараларының жүйесі.

Қамба зиянкестеріне қарсы профилактикалық шаралар. Астық қабылдау кәсіпорны қойманы тазартуды астық қабылдау кәсіпорын басшысының шешімімен жүргізіледі. Тазарту астық қабылдау кәсіпорнының басшысы тағайдындаған комиссиямен іске асады. Оның құрамына астық қабылдау кәсіпорнының басшысы, ӨТЗ меңгерушісі, бас бухгалтер & материалды жауапкершілікті тұлға кіреді. Астық қоймаларын тазартқанда тазарту актісі жасалады.

Қайта өңдеу кезінде қамбаның негізгі зиянкестері көбейіп, әрі одан әрі тарап кетпес үшін санитарлық – гигиеналық жүйесін сақтау, астық жүктелгенге дейін & қойма маңындағы аумақтарға тазалық жұмысын жасау & зиянкестер таралып кетпес үшін бақылау қою. Әсіресе абиотикалық факторлар (ылғал, температура) зиянкестер мен кенелердің таралып не азайып кетуіне әсер етеді.

Профилактикалық шаралардың әсерін анықтау үшін зиянкестер мен кенелерден зақымдалған астық өнімдеріне & астыққа жіберілмеген өнімдерге тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Астық қоймада сақталғаннан кейін де элеватор маңайында, қоймада, диірменде профилактикалық шара жүргізіледі.

Астықты тасымалдағанда, қоймада сақтағанда зиянкеспен зақымдануы мүмкін. Сондықтан астықтың барлық айналымында тексеріп отыру қажет. Астық үнемі қоймадан элеваторға, элеватордан өңдеуіш зауыттарға жеткізіліп отырады. Бірақ қазіргі уақытта өнімді тауар өндірушілер қоймада сақтайды. Сондықтан міндетті түрде қоймаларда профилактикалық шараны жүргізу керек. Ол үшін ерте көктемде бос қоймаларда, элеваторларда & өңдеуіш зауыттарда тазалық жұмысын & жөндеу жұмысын жүргізу керек. Жөндеу жұмыстарына қойманы сумен тазалау & одан кейін инсектицидпен ылғалды әдіспен өңдеу жатады. Ашық қалған жерлер мен тесіктерді, есіктерді қалпына келтіру. Қоймадағы, элеватор маңайындағы қоқыстарды, шаңдарды үнемі тазартып, өртеп отырады. Қойма мен элеваторларда желдету жұмыстары жүргізіледі.

Фумигациялау – пестицидті бу немесе газ түрінде зиянды организм ортасына енгізу. Бұл зиянкестермен, қойма ішіндегі зиянкестермен, тасылдауға жіберген зиянкестермен, аурулармен күресудің кең таралған түрі. Фумигация топырақта мекендейтін зиянкестер мен кеміргіштермен күресу үшін кең қолданылады. Бұл шара өте тиімді. Себебі, улы бу мен газ ауамен араласып қоймалардың қуыс & бос жерлерінен өтіп зиянды организмдерді улайды. Фумигациямен өңдеудің техникасын дұрыс қолданса, 100% тиімді натижеге қол жеткізуге болады. Фумигант тиімділігі оның ұқыштығына, шашырау жылдамдылығына, ауамен араласуына, зиянкестерге сіңу қабілеттілігіне байл.

2 Бидай аурулары. Бидайды аурулар кешенінен қорғау шаралары.

Қара күйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлатар белгілі ө-ге бейімделіп, жіпшумақтары мүшелер мен ұлпаларда дамып, диффузды таралады. Қоздырғыштар көбінесе астық дақылдарының дәнін, кейде жапырағын, сабағын, гүлін, гүл шоғырын & т.б. залалдап, аталғын мүшелерде қара күйелі қапшықтар немесе түйіршіктер, ісіктер мен бұлтықтар, жолақтар сияқты белгілер түзіледі.

Қатты қара күйе. А.қ – Tilletia caries Basidiomycetes класы, Ustilaginales қатары, T.levis саңырауқұлақтары. қоздырғыштардың өзара морфологиялық айырмашылықтары бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында T.caries саңырауқұлағы кең таралған, ал екіншісі – солтүстікте кездеседі. Телиоспоралар бір – бірінен морфологиялық ерекшеліктеріне байл ажыратылады.Егінді бастыру кезінде залалданған дәндер жарылып, телиоспоралары шашылып, сау дәндердің бетіне түседі. Сол дәндермен бірге топыраққа түскен телиоспоралар базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі. Соңғылар бір-бірімен қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып, өсу нүктесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне тарайды. Сырттай бұл процесс білінбейді. Өсімдіктің дәні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқынды дамып дәнді бұзады. жіпшумақ кейін қара спора массасына айналады.Саңырауқұлақ споралары дән бетінде, өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралар түрлі микроорганизм әсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телиоспоралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. & тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар & т.б. инфекция қоры боулы мүмкін.Телиоспоралардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай – 6-130C температура мен 40-60% ылғалдылық.Аурудың белгісі дәннің сүттене бастаған кезеңінде білінеді. Залалданған масақтар иілмей тік тұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дәнді жаншыса, одан сұрғылт шабақ иісті сұйық ағады. Ауру масақта дән орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.

Тозаңды қара күйе. А.қ – Ustilago tritici Pers. саңырауқұлағы. телиоспоралары шар, кейде сопақша немесе бұрышты, түсі зәйтүн-қоңыр, ұсақ, қабығы гүлінің аналығына түсіп, фрагмобазидияларға өніп, екі-екіден қосылған диплоидты жіпшелер ұрыққа еніп, тұқым ішінде, тұқым қабығының перикарпийінде немесе эндоспермінде сақталады. Залалданған тұқымның сырттай айырмашылығы болмайды. Сонымен бидайдың тозаңды қара күйе қоздырғышымен алғашқы (бірінші) залалдануы гүлі арқылы өтіп, тұқым ішінде саңырауқұлақ 3 жылдан аса сақтайды. Көктемде саңырауқұлақ жіпшелері активтеніп, тұқымнан өнген бидай өскінін қайталап (екінші) залалдайды. Қоздырғыш жіпшелері өсімдіктің барлық бөлігіне (сабағына кейде жапырағына) таралады. Өсімдіктің масағы құрыла бастағанда жіпшумақ қатты дамып, жуандап пішінсіз массаға айналып, кейін одан телиоспоралар түзіледі.Өсімдіктің гүлдеу кезеңіндегі жауын – шашын ауаның жоғары ылғалдылығы (60 – 80%) & қолайлы температура (20 – 250С) залалдану интенсивтілігін арттырады.Кеселдің белгісі өсімдіктің масақтану кезеңінде білінеді. Масақтың өзегінен басқа бөліктері түгел залалданады. Масақ соңғы жапырақ қабатынан шыға бастағанда оның орнына қара, тозаңды спора массасы көрінеді.

Сабақ қара күйесі. Ауру қоздырғышы – Urocystis tritici.Телиоспоралары топтасып түйін құрады. Түзілген телиоспоралар бір айдан кейін өнеді. Олар бір клеткалы базидияға өніп, төбесінде 2-4 цилиндр тәрізді споралар түзіледі. Базидиоспоралар базидиядан бөлінбестен инфекциялық жіпшеге өніп, бидай өскінін залалдайды. Телиоспоралар 18-24 °C температурада, 60% ылғалдылықта өніп, залалдану процесі өскіннің бірінші жапырағы пайда болғанға дейін өтеді. Топырақта телиоспоралар бір жылдан аса, ал тұқымда 5 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Ауру қоры – спораланған тұқым & топырақ.Өсімдіктің сабағы мен жапырақ қынабында ұзындығы 2 миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін жолақты дөңестер пайда болады. Сау ұлпаларға (ткандерге) қарағанда ол-ң түсі ақшылдау болып, кейін қорғасын-сұр түске айналады. Эпидермис шытынап жарылғанда телиоспоралардың қара массасы көрінеді. Өсімдіктің өсуі саябырлап, масақ орнына залалданған ұлпа тобы пайда болып, масақ қисаяды.

Ергежейлі қара күйе. А.қ – Tilletia controversa саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар тәрізді, қабығы торланған, сыртында түссіз шырышты қабаты бар.Түсі қара –қоңыр, ал жиынтығы қарайып көрінеді. Телиоспоралар топырақта 2-9 жылңа дейін сақталады. Саңырауқұлақ телиоспоралары жеткілікті жарық, ауа, жоғары ылғалдылық & төмен температурада (2-15°С) топырақтың беткі қабатында өне бастап, бидай өскінін залалдайды. Сондықтан тұқым таяз себілген жағдайда өсімдік қатты залалданады. Телиоспоралар тұқымда, өсімдік қалдықтарында, топырақта, бидайық тамырларында сақталады.

Залалданған өс-р аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан ө-ң биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сәл қысқалау, иректеліп орналасады. Үрпиген масақшалардағы тығыз, қатты, қара күйелері дәндері масақта терең орнығып, кейде жапырақ пішінді екі қосымшалары болады.

Бидайдың үнді қара (карналдық) қара күйесі. Қоздырғышы: Tilletia indica Mitra (Neovossa indicia Mand.). ауру Үндістанда, Пәкістанда, Мексикада, Түркияда, Ауғанстанда & басқа елдерде тарал,ан. Біздің республикамызда бұл ауруға қарсы карантин жарияланған.Дән зақымданғанғанда көбінесе бүлініп, майшабақ иісті споралар жиынтығына айналады. Көбінесе дән ұрығы немесе жырашығы залалданады. Масақта жекелеген масақшалар залалданады. Оның белгілері пісіп жетілу кезінде анық көрінеді. Аурудың қоздырғыштары (теиоспоралар) топырақта & тұқымда сақталады. Саңырауқұлақ топырақта өнгіштігін көп жылдар бойы сақтайды. Өс-р гүлдеу кезінде зақымданады. Зақымдануға 15-220C температура & гүлдену кезіндегі ауаның 70-80% ылғалдылығы қолайлы.

Күресу шаралары: төзімді сорттарды өсіру; тұқымды ғылыми негізделген мөлшерде & мерзімде себу; тұқымды жылы ауамен желдету; құрамында қара күйе қапшықтары (қатты қара күйе) жоқ 1& 2 класты тұқымды пайдалану; класты тұқымды пайдалану; 3 класты тұқымды пайдаланғанда қара күйе қапшықтарының қоспасы 0,02%-дан аспауы керек; тұқымды дәрілеу. Тұқымды дәрілеуді фитосараптама нәтижесі бойынша жүргізген дұрыс. Дәнді дақылдардың тұқымдары сумен ылғалдандырылып дәріленеді (10 л/т).

Тат. Аурудың қоздырғыштары Basidiomycetes класы Uredinales қатары Puccinia туысына жататын облигатты саңырауқұлақтар. Ол-ң өсіп, дамуы тірі субстаратта жүреді. Кейінгі кезде Канада ғалымдары зерттеулерінің нәтижесінде паразиттерді арнайы жасанды қоректік орталарда өсіруге болатындығы дәлелденді.Қоздырғышпен залалданған өсімдік мүшелерінде (сабақ, жапырақ & т.б.) түзілген бөртпелердің, споралар жиынтығының түсі бастапқы кезде тотыққан татқа ұқсағандықтан аурудың аты «тат» деп аталған. Тат саңырауқұлақтарының дамуы жартылай & толық циклды кезеңдерден тұрады. Толық даму өтетін саңырауқұлақтарда 3 кезеңде 5 түрлі спора түзіліп әрқайсысы, арнайы атпен аталып, рим санымен таңбаланады: 0– пикнидалар (спермагоний) – дәнді дақылдарды залалдамайтын гаплоидты споралар, олар жыныстық қосылып гаплоидты жіпше береді. І – эций & эциоспоралар. Бұл кезеңде саңырауқұлақ аралық ө-де дамып, этиоспоралар жабайы & мәдени астық тұқымдас өс-рді залалдайды. ІІ – урединий & урединиспоралар – ауруды тарататын жыныссыз, бір клеткалы , сабақты споралар. ІІІ – телий & телиоспоралар – екі клеткалы, қыстайтын & базидияға өнетін споралар.ІV – базидиоспоралар – аралық өсімдікті залалдайтын, телиоспорадан өнген гаплоидты споралар.

Тат саңырауқұлақтарды даму циклына байл бір иелі & әр иелі болып бөлінеді. Егер қоздырғыштың дамуы бір өсімдікте өтсе, бір иелі бір-бірінен таксономиялық алшақ ө-де өтсе, онда патоген әр иелі.

Астықтың сызықты (сабақты немесе жолақты) таты. А.қ – Puccinia graminis Pers.f.tritici Eriks. саңырауқұлағы. Паразит әр иелі толық циклды дамиды. Аралық иесі – бөріқарақат & магония. Телиоспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде жетіліп өнеді. Пісіп жетілген телиоспоралар ылғалды ортада 3-4 сағатта базидия мен базидиоспораларға айналады. Базидиоспоралар бөріқарақат пен магнонияны залалдайды. Ол-ң жапырағында спермагоний мен эцийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақ көп жылдық арам шөптердің тамырында урединий жіпшесі түрінде қыстап,көктемде урединиоспоралар беруі мүмкін.Өсімдіктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшаларында сопақтау қоңыр татты бөртпелер п.б.

Бидайдың қоңыр таты. А.қ – Puccinia triticina Eriks саңырауқұлағы. Қоздырғыштың дамуы толық циклды, эций кезеңі аралық өсімдік – маралотында дамып,онда спермагонийлер мен эцийлер түзіледі. Спермагоний жапырақтың үстіңгі бетінде, ал түссіз, сүйел тәрізді эцийлер топтанып астыңғы бетінде түзіледі де жаздың бас кезеңінде дамып, эциоспоралары негізгі дақылды залалдайды. Өсімдіктің ауруға шалдыққан мүшелерінде урединийлер түзіледі. Вегетациялық кезеңде урединиоспоралар бірнеше (5-6), ал Қазақстанның Солтүстігінде 10 ұрпаққа дейін береді. Саңырауқұлақтың урединиоспоралары домалақ немесе эллипс тәрізді, көлемі 18-29 мкм, қабығы ашық-қоңыр, сәл тікенекті, 8-10 өнгіш саңылауы бар. Урединиоспоралар қолайлы жағдайда өнеді.

Вег-ң соңында урединийлердің орнында телий бөртпелер түзіледі. Телиоспоралар ұзынша шоқпар тәрізді, төбесі тегіс, көлемі 30-42 мкм, төменгі клеткассы жоғарғысына қарағанда ұзындау & жіңішкелеу, сабағы мен пердесінің түсі қоңырлау, өнгіш саңылауы білінбейді.

Саңырауқұлақ жіпшелері залалданған күздік бидай жапырақтарында & жабайы ө-де қыстайды немесе споралары ауа ағыны арқылы өсімдікті залалдайды. Саңырауқұлақ жартылай циклмен дамып, эций кезеңі болмауы да мүмкін. Қоңыр тат кеселімен бидай, арпа, қара бидай & астық тұқымдас жабайы өс-р залалданады.

Бидайдың жапырағында, оның қынабында шашыраңқы орналасқан қоңыр бөртпелер пайда болып, кейін урединийлердің орнында жылтыр, қара телий бөртпелер түзіледі.

Дәнді дақылдардың сары таты. А.қ – Puccinia striiformis West. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың дамуы жартылай циклмен өтеді. Аралық иесі белгісіз. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединиоспораларының бірнеше ұрпағы түзіледі. Урединиоспоралары бір клеткалы, түсі қызыл – сары, шар тәрізді немесе сопақша, көлемі 18-32×14-25 мкм, қабығы түссіз, ұсақ тікенекті.

Тат ауруларымен күресу шаралары: тат ауруымен күресуде дәнді дақылдардың төзімді & ауруды қабылдамайтын сорттарын өсірудің үлкен мәні бар. қажетті мөлшерде минералдық тыңайтқыштармен қоректнедіріп, аралық иесінің өскіндерін жою қажет. Аурыдың таралуын анықтау үшін 10-15 өсімдіктен 15-20 үлгі алынады. Оларды қарап, зақымдану дәрежесін арнаулы шкалалар арқылы анықтайды. Фунгицидтерді астыңғы жапырақтардың зақымдану дәрежесі 5-10%, үстіңгілерінікі 1% болған жағдайда қолданады. Ауру ерте басталғанда & қолайлы ауа-райы жағдайында залалдау көрсеткіші 2 есе төмен. Эпифитотия қаупі туғанда егістерді фунгицидпен өңдеу қажет. Қазіргі фунгицидтер ассортименті («...пестицидтер тізіміне енген») ұзақ қорғаныш әсері бар, тиімділігі жоғары улы дәрілерден тұрады.