
- •Оқу құралы
- •Алматы 2014 ж. Компанияның дирекция мүшелері:
- •Басқа адамдардың өмірін өзгерту
- •Қаржылай тәуелсіздік
- •Көзқарасты өзгерту және организацияны қалай құру керек
- •Өзіңіздің әсер ету ортасыңызды пайдалануға үйреніңіз
- •Сіз шыдамды болу керексіз
- •Организацияны қалай құру керек
- •Тренинг, жаттығу
- •Қолдау (Caddy)
- •Дубликация
- •Позитивті
- •Негативті
- •Көрінбейтін
- •Бұл бизнестің Уы(яд)
- •Qnet-пен серіктес компаниялар
- •Ақша алудың үш жолы бар
- •Банк аралық аударым арқылы
- •Презентация уақыттары:
- •Group training (групп тренинг) уақыттары:
- •Блок -Тізім құру
- •150 Адам сіз тұратын қаладан болу керек
- •50 Адамға балл қоямыз
- •50 Адам тізімінен кейін cd3–тің 2-ші бөлімін көрсетесіз
- •30 Адам тізімін бір экземплярын up line–ға беру керек
- •2 Проспект болғанда 1 проспект болғанда
- •6 Блок – Еріп жүру (шығарып салу)
- •7 Блок – Жоғары тұрған лидермен тәжірибе алмасу
- •8 Блок – Жариялау (Дубликация)
- •Терминдер:
- •План өткізу уақыты:
- •Бұл бизнесте бірден баюға болмайды, міндетті түрде байлыққа жетесіз егер тырысып шыдамды болсаңыз
- •Көзқарастың өзгеруі — paradigm shift
- •Көзқарасты өзгерту ықпал ету ортасы – circle of influence
- •Көзқарастың өзгеруі, өзіңіз жайлы ұмыту - forget about yourself
- •1 Этаж мақсатты анықтау — determining goals
- •Адамдар үнемі уақытқа шағымданады, ал негізгі кедергі мақсаттың болмауы.
- •Егер еш нәрсе қаламасаңыз, ешқандай жетістікке жетпейсіз Асығып және ойланбай таңдалған мақсат қиыншылықтар туа салысымен ұмытылады.
- •2 Этаж уақыт пен міндеттеме — commitment & time
- •Бұл бизнесте сіздің бір қанатыңыз – міндеттемеңіз,
- •Кешегі болып кетті, ертеңгі белгісіз, бүгінгі сыйлық!
- •4 Этаж
- •Тізім құрусыз, мұз алға сырғымайды
- •Төмендегі жағдайлармен сіз адамдарға балл қоясыз.
- •5 Этаж
- •Жақын достарыңызды, туысқандарыңызды құрдастарыңызды немесе жұмыстағы әріптестеріңізді шақыру.
- •Достар немесе туысқандарыңыз, жастары сізден үлкен және сіз олармен ресми қарым-қатынастасыз.
- •Бір нәтижелі шақыру үшін келесілерге назар аударыңыз:
- •Презентация уақыты
- •Презентацияға шақырылатындар саны
- •Презентацияның сәтті болуы үшін біздер нені қолға алуымыз керек.
- •Өте маңызды 3 құпия
- •1.Пункт
- •7 Этаж
- •Сәтті Follow құпиялары
- •Адамдардың сіздің кім болғаныңызға немесе кім екеніңізге қарамайды, олар сіздің кім болғыңыз келетініне қарайды
- •Сәтті болыңыз немесе ойыннан шығыңыз
- •Сіздің жетістігіңіз сіздің сәтсіздігіңізден бір қадам алды да тұрады.
- •Егер follow – ды жалғастырса, жоқ сөзі өз мағынасын жояды
- •Көп білу үшін күн сайын оқыңыз, үйреніңіз, лидеріңізбен көп ақылдасыңыз
- •Ұмтылудан ешқашан шаршамаңыз, тек ең соңында шыңы көрінеді
- •Егер сіз адамдарды мұқият дұрыс таңдап алсаңыз, сіз үшін Follow қиын болмайды
- •Продукция
- •Позиция
- •Тіркелуге дейінгі соңғы қысым Follow Money
- •8 Этаж
- •Сұрақтар мен жауаптар.
- •1. Біз ақшаны қайдан алуымызға болады?
- •2. Біз өзіміздің лидерімізден қарызға ақша алып, кейін оны қайтаруымызға болады ма?
- •3. Егер мен екі адамды таба алмасам?
- •4. Біз бұл компанияға сене аламыз ба және бұл компания бізге ақша төлейтінін қайдан білеміз?
- •5. Егер біз ақшаны қарызға алып оны қайтара алмасақ?
- •7. Бұл жүйе пирамида сияқты ма?
- •8. Егер мен ақшаны үйден сұрасам және олар маған ол ақшаны берсе маған оларға түсіндіру қажет пе?
- •9. Менде уақыт жоқ! Егер мен тіркелсем, онда мен бұл бизнеске қашан үйренемін?
- •10. Бұл компания өз жұмысын неге батыс елдерінен бастаған жоқ?
- •11. Мен интернетпен жұмыс істей алмаймын.
- •12. Мен сіздер сияқты жұмысты ұсына алмасам?
- •9 Этаж сатып алу — purchase
- •10 Этаж қолдау көрсету — caddy
- •Сіздің организацияныңыздың ұраны – бұл оқыту және жаттығу
- •Сәттілік тек өзіңізге байланысты!
- •Егер осы жұмысты басқа жұмыспен салыстырсақ, мысалы: егін шруашылығымен
- •Сәттілік тілейміз!!!
- •Секрет миллионера
- •Глава1, в которой молодой человек приходит за советом к богатому родственнику.
- •Глава 2, в которой молодой человек знакомится с пожилым садовником
- •Глава 3, в которой молодой человек учится рисковать и пользоваться возможностями
- •Глава 4, в которой молодой человек становится пленником
- •Глава 5, в которой молодой человек учится верить
- •Глава 6, в которой молодой человек учится сосредоточиваться на цели
- •Глава 7, в которой молодой человек узнает о ценности образа своего я
- •Глава 8, в которой молодой человек открывает для себя силу слов
- •Глава 9, в которой молодому человеку впервые показывают сердце розы
- •Глава 10, в которой молодой человек учится овладевать собственным подсознанием
- •Глава 11, в которой молодой человек и его наставник беседуют о цифрах и формулах
- •Глава 12, в которой молодому человеку рассказывают о жизни и счастье
- •Глава 13,в которой молодой человек учится формулировать свои желания
- •Глава 14, в которой молодой человек открывает для себя секрет розового сада
- •Глава 15, в которой молодой человек и старик уходят - каждый своим путём
- •Эпилог.
- •Презентердың 12 қасиеті:
- •QNet Компаниясының презентациялық каталогының сөздері.
- •О компаний
- •Членство в отраслевых организациях
- •Корпоративное признание
- •Отраслевые и профессиональные события
- •Логистика и it инфраструктура
Эпилог.
Как и предсказывал старый миллионер, не прошло и шести лет, как молодой человек заработал свой первый миллион. Он сдержал клятву. Ещё месяц понадобился ему, чтобы написать о своей встрече с Моментальным Миллионером, о его секретах и философии.
Презентердың 12 қасиеті:
Презентер – ол компанияны таныстыратын тұлға. Презентерға қарап, проспект компанияның қандай екенін көруі тиіс. Егер компания жайлы жақсы әсер қалдырғыңыз келсе, міндетті түрде келесі шарттарды орындаңыз:
1. Кіру (Денеңізді тік ұстап, есікті сыпайы қағып кіру керек), Отыру (Проспектқа қарама қарсы отыру керек), Ұялы телефондарды сөндіру (Өзіңіз сөндіріп кіріңіз және қалғандардан сөндіруін сұраңыз), Сыпайы түрде амандасып, танысыңыз.
2. Каталогты ашып жабу (Каталог презентердың сол жағында болуы керек)
3. Проспекттен жауап ала білу керек.
4. Презентер әсерлі болуы керек, өзін жоғары (сымбатты) ұстауы керек, бизнесті мақтанышпен түсіндіру керек.
5. Әрбір презентердың жеке каталогы болуы керек, каталогты басқа презентерларға қолдануға беруге болмайды. Каталог таза, ұқыпты болуы керек.
6. Өзіне-өзі сенімді болуы керек.
7. Бір бет пен екінші бет арасында байланыс болуы керек.
8. Интонация, дикция, пауза.
9. Киімге, сыртқы түр-әлпетке назар аударыңыз (Киіміңіз классикалық үлгіде, таза, үтіктелген болуы керек. Тырнақ, шаш, бет-әлпет күтіміне аса назар аударыңыз).
10. Проспекттің ең көп дегенде 3 сұрағына қысқа да нұсқа жауап беру.
11. Инвайтердің және Фола тренингтағы адамдардың қателіктерін ескеру, презентация соңында аплайндарына сол жайлы ескертіп айту.
12. Жоғарыда көрсетілген шарттарды орындамайынша презентер болу құрыметіне ие бола алмайсыз.
QNet Компаниясының презентациялық каталогының сөздері.
- Сәлеметсіз бе!
- Есіміңіз кім?
- Өте қуаныштымын, менің есімім ....
- Біздің офиста не себеппен отырғаныңызды білесіз бе?
- Сіздің танысыңыз (...) сізге бұл бизнесті түсіндірді ме?
- Жақсы, біз сізге бір бизнесті ұсыну үшін жиналдық. Егер сіз қарсы болмасаңыз, мен сізге бұл бизнесті түсіндірейін. Егер сіздің сұрақтарыңыз туындаса, менің презентациямның соңынан қоюыңызға болады.
(Каталогты ашамыз)
__________________________________________________1____________________________
- Сіз осы уақытқа дейін электронды коммерция жайлы естіп пе едіңіз?
- Ал QNet (КюНэт) компаниясы жайлы ше?
- Жақсы, мен электрондық коммерция және QNet компаниясы жайлы түсіндіріп берейін.
Электрондық коммерция – бұл жаңа жүйе емес, ол өз жұмысын осыдан 20 жыл бұрын бастаған. Қазіргі кезде өте көп сауда-саттық электрондық коммерция жолымен жүргізіледі. 2015 жылға дейін әлемдік сауданың 50%-дан астамы электрондық коммерция жолымен жүргізілетіні болжамдалуда.
__________________________________________________2__________________________________
Әрбір тауар, зауыттан өндірілген соң, бізге, яғни тұтынушыға көптеген сауда делдалдар арқылы жетеді. Олар басты дистрибьютор, аймақтық дистрибьютор, көтерме саудагер және дүкендер. Бұл делдалдар кез-келген тауар бағасының 80%-ға дейін өсуінің себепшісі болып табылады. Бірақ бізде тауарларды өндіруші зауыттан тұтынушыға дейін осы делдалдардың қатысуынсыз, электрондық коммерция немесе интернет сауда арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.
__________________________________________________3__________________________________
Осындай жолмен өз тауарлары мен қызметтерін ұсынатын ең табысты компаниялардың бірі QNet компаниясы. QNet компаниясы өз жұмысын 1998 ж бастаған және QI (КюАй) компаниясының мүшесі болып табылады. Қазіргі кезде QNet компаниясы көптеген басқа компаниялармен бірігіп, өзінің тауар және қызметтерін ұсынады. Компанияның электрондық адресі: www.qnet.net (үш даблю, нүкте, кюнэт, нүкте, нэт) бұл адрес бойынша сіз компания жайлы толық ақпарат ала аласыз: оның қызметтері, тауарлары, жоспарлары және де...
_________________________________________________4___________________________________
Дүние жүзі бойынша орналасқан агенттіктері жайлы.
_________________________________________________5___________________________________
Мысалы, Малайзиядағы офис, Гонг-Конгтегі басты офис, Қазақстандағы ресми агенттік.
_________________________________________________6___________________________________
Компания продукциялардың әртүрлі бағытымен айналысады, олар денсаулыққа арналған биопродукция, швейцариялық сағаттар, коллекциондық монеталар, алтыннан және күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, саяхат карталары, техника және телекоммуникация.
Мысал ретінде, осы продукциялардың кейбір түрлерін қарастырайық.
__________________________________________________7__________________________________
Денсаулық және сұлулыққа арналған биологиялық дискілер. Бұл минералды дискілер озық нано технологияларды қолданумен компанияның Германиядағы өз зауытында өндіріледі.
__________________________________________________8__________________________________
Олар жағымды энергетикалық өріс тудырып, адамды Микротолқынды пештер, ноутбуктар, компьютерлер, ұялы телефондар, теледидарлар, радиотехникадан туындайтын сыртқы электромагнитті толқындардан қорғайды. Және де био дискілер Германия, Чехия, Япония, Сингапурдың ғылыми институттарында сертификатталған.
__________________________________________________9__________________________________
Келесі продукция эксклюзивті швейцариялық сағаттар “Bernhard H. Mayer” (Бернард Эйч Майер) , “CHAIROS” (Чайрос), “CIMIER”(Симир) брэндтерімен, Швейцарияның Цюрих қаласындағы компанияның зауытында шығарылады. Барлық бұйымдар қолдан жиналып, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген.
__________________________________________________10_________________________________
Сіздің назарыңызға сағаттардың келесі модельдері ұсынылған: Force Ultimate (Форс Ультимэйт), Belleza (Бэлэза), Ouranos (Оуранос), Flamingo (Фламинго), Moonbeam (Мунбим) және т.б.
__________________________________________________11_________________________________
Компания Азербайджанның бірінші Президенті Хейдар Алиевке арналған монеталар мен медальондар шығарды. Және принцесса Дианаға арналған монета.
QNet компаниясының монеталары мен медальондарының 3 ерекшелігі бар.
Бірінші ерекшелігі – сапасы. Бұлардың көбі 999 пробалы таза алтыннан жасалған.
Екінші ерекшелігі – бейнесі немесе символикасы. Әрбір бейнеге ресми тұлғалар мен мекемелерден рұқсат алынған. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бейнеленген коллекциясына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз кепілдігін берген.
Үшінші және ең басты ерекшелігі – олардың шектеулігі. Ол монеталарға коллекциондық сипат береді. Мысалы: Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған Қожа Ахмет Йассауи коллекциясы 3000 дана көлемінде шығарылған. Сондықтан жыл өткен сайын олардың бағасы қымбаттай береді.
Осы продукциялардың барлығы жаңартылған технологиялы бейнелеумен әйгілі JRMayer (Джей Ар Майер) брэндімен Германияда шығарылады.
__________________________________________________12_________________________________
QNet компаниясы коллекциондық монета шығарудан ФИФА-ның ресми серіктесі болып табылады. Мысалы әлем бойынша футбол ойындарының соңғы үш чемпионатының монеталары. Сонымен қатар Сидней 2000, Афины 2004, Пекин 2008 олимпиада ойындарына арналған монеталар коллекциясы шығарылған.
__________________________________________________13_________________________________
Продукциялардың келесі түрі “Bernhard H. Mayer” (Бернард Эйч Майер) брэндімен шығарылатын зергерлік бұйымдар. Олар тек қана жоғары сапалы сары және ақ алтыннан жасалып, гауһар тастармен әшекейленеді. Мысалы: Heart to Heart (Харт ту харт), Lady Aspen (Леди Аспен) 18 каратты ақ алтыннан жасалған, Imam Ali медальоны 999 пробалы таза алтыннан жасалған және де басқа алқалар.
__________________________________________________14_________________________________
Гималай кристаллдары жер бетіндегі ең сирек кездесетін және жоғары бағаланатын кристал болып табылады. Ол өзінің керемет табиғи байлығымен ерекшеленеді. Кристалл – ол энергияның көзі, сонымен қатар өзіне тән ерекше сұлулығымен бағаланады. Гималай кристаллдарын 18 каратты ақ және сары алтындармен әшекейлеп, гауһар тастармен безендірген.
Табиғат сұлулығының әсерінен жасалған Umayal Collection (Умаял Калекшн), әшекей бұйымдар күміс және таңдаулы бағалы тастармен безендірілген. Барлық бұйымдар білікті мамандардың қолымен жасалғандықтан, олар сапалы, әрі бірегей болып табылады.
__________________________________________________15_________________________________
Біздің компания In-Voice (Ин-Войс) компаниясымен бірге теллекоммуникация бағытында тауарлар мен қызметтерін ұсынады.
Олар байланысқа арналған бағдарламалар, модем, Nokia (Нокиа), Blackberry Bold (Блакберри Болд) ұялы телефондары және Pirelli Netbook (Пирелли Нетбук). Бұл тауарлар, Ұлыбританиядағы жеке провайдердің қолдауымен, сіздің халықаралық байланысқа шығындарыңызды 80%-ға дейін үнемдеуге көмектеседі.
__________________________________________________16_________________________________
Ең қызықты продукциялардың бірі – бұл QVI Club (Кю Ви Ай Клаб) және XChange World (Искчейндж Уорлд) компаниялары ұсынатын саяхат карталары, Карталардың 5 түрі бар. Мысалы: Diamond (Даймонд), Platinum (Платинум) және Gold Vacation (Голд Вакейшн). Бұлардың барлығы 30 жылға беріледі. Diamond Vacation (Даймонд Вакейшн) жыл сайын 2 апта, Platinum Vacation (Платинум Вакейшн) жыл сайын 1 апта, Gold Vacation (Голд Вакейшн) екі жылда бір апталық таңғажайып демалыс мүмкіндігін береді. Ал Silver Vacation (Сильвер Вакейшн) мен Brozne Vacation (Бронз Вакейшн) 10 және 5 жылға беріледі. Әр картамен 4 адамға дейін саяхаттауға болады.
Осы карталармен сіз компанияның жеке қонақүйлерінде демала аласыз
__________________________________________________17_________________________________
Әлем бойынша таңдаулы 3000 курорттарда өзіңіздің керемет демалысыңызды өткізе аласыз. Курорттар: Ұлыбритания, Индия, Таиланд, Португалия, Туркия, Мексика, Дубай, Франция, Австралия, Испания, Малайзия және де басқа мемлекеттерде орналасқан.
__________________________________________________18_________________________________
Енді осы тауарлармен қатар, компания сізге табысты бизнес планын ұсынады. Осы план бойынша сіз өзіңіздің интернеттегі виртуалды офисіңіз арқылы өткен тауар айналымынан кіріс ала аласыз. Сіз компанияға кіргеннен кейін, компания сізге ТС (ТиСи) береді. ТС – ол tracking centre (Трэкинг центр), сіздің интернеттегі жеке виртуалды офисіңіз. Бұл ТС-мен сіз бір адамды сол жағыңызға, екінші адамды оң жағыңызға тіркей аласыз. Бұл адамдар осы компанияға 3000 BV-мен кіреді, және сіз сияқты оларға да өзіндік ТС беріледі. Осы ТС арқылы олар да өздерінің екі адамдарын тіркей алады. Өзіңіз көріп тұрғаныңыздай бұл жүйе екі есе өсіп жатыр, яғни 2,4,8,16,32 және т.с.с.
Енді осы планнан қандай пайда?
Сол жағыңызда 3000 BV, оң жағыңызда 3000 BV тепе-теңдік орнатқаннан кейін, сіз өзіңіздің бірінші 200 долларыңызды аласыз. Неге 3000 BV - 3000 BV заңдылығы? Бұл барлық адамдар үшін уақыт айырмашылығын жою үшін жасалған. Яғни, компанияға бірінші келген адамдар, кейіннен кірген адамдарға қарағанда көп ақша алмауы тиіс. Демек, кез келген адам жұмсаған энергиясы мен уақытына байланысты, екі жақты тепе-теңдік орнатқанда, өз ақшасын алып отырады.
Түсініктірек болуы үшін, мен бұны компанияның мысалмен көрсетіп кетейін.
__________________________________________________19_________________________________
Мысалы, мынау сіз. Сіздің сол жағыңыз және оң жағыңыз. Сіз біраз уақыттан соң, бір жігітті оң жағыңызға, бір қызды сол жағыңызға тіркейсіз. Ол қыз да бір жігітті тіркейді. Сіз қазір сол жағыңызда қанша BV көріп тұрсыз? Оң жағыңызда ше?
Бұл жерде менің айтайын дегенім, Кэти ханым өзі жалғыз болғанымен, 3000 BV орнатты, Джон мырза 1000 BV, ал Майк мырза 2000 BV орнатты. Яғни компания «мен адам басын санамаймын, мен олардың орнатқан BV-ын санаймын» дейді. Сіз сол жағыңызда 3000 BV, оң жағыңызда 3000 BV тепе-теңдік орнатқаннан кейін, бірінші 200$ аласыз.
Сонымен қатар, компанияның бірнеше заңдары бар. Сол жағыңызда 3000 BV, оң жағыңызда 3000 BV тепе-теңдік орнатқаннан кейін, сіз бірінші 200$ аласыз.Ол - Step (Степ) заңы. Келесі Cycle (Сайкл) заңына сәйкес, Алтыншы степте, сіз 18 000 BV сол жақтан, 18 000 BV оң жақтан орнатқанда, 200$ орнына бір е-voucher (Ваучер) аласыз.
__________________________________________________20_________________________________Ваучер дегеніміз – компания сайтынан таңдалып алынатын бағалы сыйлықтар. Олар: биодискілер, швейцариялық сағаттар, алтын зергерлік бұйымдар, қымбат ұялы телефондар және саяхат карталары болуы мүмкін. Компания сізді бірінші сайклдан өтуіңізбен құттықтап, 1 ваучерді сіздің нақты адресіңізге жіберіп, келесі сайклдарды өтуіңізге талпындырады.
__________________________________________________21_________________________________
Басқа компаниялар сияқты, біздің компанияның өз дирекция мүшелері бар. Виджэй Эсваран – бизнестің негізін қалаушы. Джозеф Бисмарк – компанияның атқарушы директоры. Патман Сенатираджа – бизнесті дамыту жөніндегі директор. Джей Ар Майэр – QNet компаниясының басты директоры. Тахмазов Физули – QNet компаниясының Қазақстандағы ресми агенті.
__________________________________________________22_________________________________
Қазақстандағы ресми агенттік мына адрес бойынша орналасқан. Ол жерде сіздің ТС-іңіз бен продукцияңызды жеткізу сұрақтарымен айналысатын агенттер бар.
__________________________________________________23_________________________________
Өз бизнесіңізді бастай отырып сіз арнайы DVD (ДиВиДи) дискілер мен кітаптардың көмегімен бизнесті жүргізу стратегиялары, продукциялар жайлы оқудан өтесіз.
__________________________________________________24_________________________________
Сіз бизнесіңізді табысты жүргізу үшін, QNet компаниясы ай сайын журналдар, публикациялар шығарады. Aspire (Аспайр) журналы – бизнесті жүргізуді үйретеді және продукциялар жайлы ақпарат береді, Holiday Destination (Холидэй дэстинейшн), Navigator (Навигатор) – саяхат карталарының иелеріне арналған журналдар, Voyager (Вояджер) - компанияның әлем бойынша ұйымдастыратын шаралары жайлы журнал.
__________________________________________________25_________________________________
Ал енді біз ақшамызды қалай алатынымызды көрейік. Оның 3 жолы бар: біріншісі – банкаралық аударым арқылы, екіншісі – сіздің аты-жөніңіз бен сумма көрсетілген чек арқылы, чекті сіз TNT (ТиЭнТи) немесе Aramex (Арамэкс) халықаралық почталары арқылы нақты адресіңізге 2 апта аралығында аласыз. Үшінші және ең ыңғайлы жолы Е-карт арқылы. Компанияда арнайы Quest E-карт электрондық ақшалары бар. Е-карт – бірлік карточкалары сияқты код және пин кодтан тұрады. Олар 10-нан 500 долларға дейінгі номиналда болады. Мысалы, осы аптада сіздің есеп шотыңызға 4250$ түсті, ақшаңызды шешіп алу үшін, сіз компания сайты арқылы өзіңіздің Quest Account (Куэст Аккаунт) атты есеп шотыңызға кіресіз де код пен пин кодты жазып алып, жоғары тұрған адамдардың көмегімен қолма қол теңгеге немесе долларға айырбастай аласыз.
__________________________________________________26_________________________________
Бұл транзакциялардың барлығына кім кепілдік береді?
VeriSign (Верисайн) компаниясы – интернет арқылы өтетін барлық транзакцияларға 100% кепілдігін беретін Интерполдың бір тармағы. VeriSign (Верисайн) - Microsoft (Майкрасофт), IBM (АйБиЭм), Visa Card (Виза кард), Master Card (Мастер кард) – қа өз кепілдігін береді. Біздің компания да VeriSign қорғанысында.
__________________________________________________27_________________________________
Әрбір жұмыстағы сияқты бұл жұмыстың да кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Кемшіліктері:
– сіз бір продукцияны сатып аласыз, яғни ақша жұмсайсыз. Сонымен қатар, уақытыңыз бен энергияңыз кетеді. Көп адамдар, бір продукцияны сатып алып, бай болып кетем деп ойлайды. Бірақ, ең басты капитал – уақытыңыз бен жұмсаған күшіңіз.
Артықшылықтары:
- ТС бар адамдар халықаралық конференцияларға қатыса алады. Ондай конференцияларды компания жыл сайын өткізеді.
- Бұл жерде сіз жаңа адамдармен танысасыз немесе жаңа достар табасыз.
- Халықаралық деңгейдегі бизнесқа қатысасыз .
- Аптасына 8000$ дейін табысқа қол жеткізуге болады.
- Бұл бизнесті бастау үшін, сізге үлкен капитал керек емес, өзіңіздің үйіңізде отырып қана түсіндіре аласыз. Сізге кабинет немесе офис керек емес, сіздің офисіңіз – интернетте.
- Сіз еш жерде осындай аз ақша салумен, үлкен жетістіктерге жете алатын бизнес таппайсыз.
- Бұл жұмыс қарапайым, бірақ оңай емес. Бұл бизнесті арнайы білімсіз бастауға да болады. Әрбір үйретілген адам өз білімдері мен тәжірибелерін төмен тұрған адамдарға жалғастыра алады.
- Жоғары тұрған адамдар сізге әрдайым көмектесіп отырады.
-Бір каталогпен ғана осы жұмысты бүкіл дүние жүзі бойынша түсіндіре аласыз.Сонымен қатар Қазақстанда.
- Сіз өз өзіңізге бастықсыз.
- Өз уақытыңызды өзіңіз белгілейсіз.
- Сіз тіркелгеннен кейін, компания бір мұрагердің атын сұрайды. Ол сізден кейін ақшаңызды алып отырады.
Ең қызықтысы, компанияның артықшылықтары осымен аяқталмайды:
__________________________________________________28_________________________________
Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасының бір бөлігі болып табыламыз, сіз продукция сатып алғанда компания табысының белгілі бір бөлігі адамдарға жәрдем ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қорына аударылады және гуманитарлық көмекті талап ететін мемлекеттерге таратылады.
Біздің компанияның өзінде де жеке RYTHM Foundation (Ритм Фаундейшн) қайырымдылық қоры бар. Ол дүние жүзі бойынша Индонезия, Уганда, Таиланд, Шри-Ланка сияқты мемлекеттерде және де Қазақстандағы мұқтаж жандарға жәрдем көрсетіп отыр. 2010 жылы наурызда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында болған су тасқынынан зардап шеккендерді компания қомақты көлемде киім-кешек, ыдыс-аяқ, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Және де Талдықорғандағы облыстық құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп интернатына жаңа автобус сыйға тартты.
_________________________________Каталогты жабамыз__________________________________
Біздің жұмыс осы. Күн сайын дүние жүзі бойынша, көптеген адамдар тіркелуде. Уақытыңызды құр жібермеңіз, әрине қай уақытта тіркелу және қандай орын алу бұл сіздің шешіміңіз. Сіздің сұрақтарыңыз бар ма? (Егер бар болса қысқаша жауап беру). Өкінішке қарай, менің уақытым шектеулі, егер сұрақтарыңыз болса сіз оларды менің бизнес әріптесіме қоя аласыз. Ол кісі сіздің барлық сұрақтарыңызға толық жауап береді.