Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obuchayuschy_paket.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

Кешегі болып кетті, ертеңгі белгісіз, бүгінгі сыйлық!

4 Этаж

ТІЗІМ ҚҰРУ — CREATING A LIST

Осы уақытқа дейін сіз өз бизнесіңіз дамуы үшін мақсат керек екенін, сонымен қатар оған жету үшін, күшіңіз бен уақытыңызды жұмсау керек екенін білдіңіз (түсіндіңіз). Тізім құру арқылы сіз қолыңыздың оң немесе сол жағыңызға қалай және қандай адамдар дайректіңіз ретінде және оларды өз тармағыңызға тіркеуді үйренесіз. Осы бизнесті бастау үшін, сізге достарыңыздың, туысқандарыңыздың, әріптестеріңіздің тізімін құруыңыз керек. Тізім құру өте маңызды бөлімі болып саналады.

Тізім құрусыз, мұз алға сырғымайды

Жұмыс барысында біз көп адамның 3-этажға келгенде:

- Неге достарымның атын жазамын? Менің қазірден-ақ шақыратын 2 адамым дайын – деп сұрағанын байқадық. Бұл дұрыс емес, себебі:

Сіз тізім құру арқылы өзіңіздің оң және сол жағыңызда қандай адамдар болу керегін және өзіңіздің ықпал ету ортаңызды анықтайсыз.

Қағазға жазудың жақсы жақтары бар, басқада жақсы жақтары туралы өз лидеріңізден сұраңыз.

Тізім қалай құру керек?

Тізім құрудың бір үлгісін өз лидеріңізден (сізді шақырған адамнан) алыңыз. Әрбір тізімде топтың аты, адамның аты, қойылған балы, білімі туралы мәлімет болуы керек.

Бірнешеуін өз дайректеріңізге көшірмелеп әзірлеп қойыңыз. Бастапқыда достарыңыздың атын және тустарыңыздың атын жазып, оларды топтаңыз.

Мысалы: достар тобы, туыстар тобы, көршілер тобы, сыныптастар тобы, группаластар тобы, коллегалар тобы және басқа қала мен мемлекетте тұратын туыстар мен достар тобы, жаңа таныстар тобы. Тізім құру кезінде мына талаптарды ұстану қажет:

  1. Ең алдымен топтарыңызды нақтылаңыз;

  2. Тізімнің басында ең бірінші топты жазыңыз;

  3. Сіз білетін және сізді білетін адамдардың атын;

  4. Бір топты толық аяқтамай тұрып, келесі топқа көшпеңіз;

  5. Бірінші топта барлық мәлімет толық жазылғандығын сенімді болғаныңызда ғана, келесі топқа көшіңіз және кейінде солай жалғастырыңыз;

  6. Адам атын жазғанда атыңызды нақтылаңыз. Ары қарай әрқайсысына балл қойып шығыңыз (1 ден 5 дейін).

Төмендегі жағдайлармен сіз адамдарға балл қоясыз.

5. балл - Бұл сіз үшін не жағдайда кез-келген жұмысты сұрамай-ақ орындайтын және сіздің әр сөзіңізге 100% сенетін адам.

4. балл - жұмысқа қызығушылығы бар және сізге толық сене алатын. Ол 25% жұмысқа, 75% сізге сенеді.

3. балл - әдетте, бұл адам сізге сенеді, бірақ, жұмысқа да қызығушылығы бар. Егер пайда әкелетін болса, онда жұмысқа қызығады, яғни 50 % жұмысқа, 50 % сізге сенеді.

2. балл - ол сізге сенбейді және әрқашан өз пайдасын ойлайды. Егер сіздің сөзіңіз оған пайда әкелетін болса, ол сіздің ұсынысыңызды қабылдайды. Яғни 75% жұмыс үшін, 25% сіз үшін келеді.

1. балл - ол сізге мүлдем сенбейді және сіздің көзқарасыңыздың ол үшін ешқандай маңызы жоқ. Ол толығымен жұмысқа сенеді. 100% жұмыс үшін келеді.

7) Олардың білім дәрежесін және бос уақытын жазыңыз;

Білім дәрежесі:

5. магистратура, аспирантура;

4. жоғары білімді дипломы бар;

3. мамандандырылған орташа білімді дипломы бар;

2. орташа білімді аттестат;

1. тек оқып жаза алатын;

Бос уақыты:

5. Әрқашан бос уақыты бар және 24 сағатын босата алатын адам;

4. Өз уақытының көп бөлігін бөле алатын адам;

3. Уақытының жартысын бөле алатын адам;

2. Уақытының тек 3-4 сағатын бөле алатын адам;

1. Уақытының 3-4 сағаттан аз бөлетін адам;

Сіздер енді қалай тізім құруды үйрендіңіздер. Жақсы тізім құру сіздің жетістікке жетуіңіздің кілті. Сол үшін тізім құруға кеткен уақытыңызбен күшіңізге өкінбеуіңіз керек. Егер тізіміңіз жақсы немесе пайдасы болсын десеңіз, мына маңызды шарттарға назар аударыңыз немесе осы шарттарды қолданыңыз. Осы шарттарды қолданбасаңыз сіздің тізіміңіз дұрыс болмайды:

  1. Егер сіздің тек 5 танысыңыз болса, әрбір 30-ға толғанының орташа есеппен 2500 танысы бар;

  2. Тізіміңізде адам көп болған сайын сіздің лидеріңіз сізге солғұрлым сенімді және сізге деген қарым-қатынасы шынайы әрі өте жақсы болады. Кем дегенде 1000 нан 2000-ға дейін адамды жазуыңыз керек;

  3. Өз тізіміңізді өзіңіз құрыңыз. Қандай жағдай болмасын бұл жұмысты басқа адамдарға тапсырмаңыз. Өз басыңызбен жұмыс істеуіңіз керек;

  4. Тіпті сіздің барлық достарыңыздың және туысқандарыңыздың есімі телефоныңызда болған жағдайда оны қолданбаңыз, өзіңіз жазыңыз. Қалай ойлайсыз, неге телефондағы анықтаманы қолдануға болмайды?

  5. Егер осы тізімдегі адамдардың біреуі осы бизнесті түсіне алмайды немесе салымға ақшасы жоқ деген ой болса, олардың есімін өшірмеңіз, яғни сіз оның миллионер болуына бөгет жасайсыз, өз командаңызға зиян келтіресіз. Ойланыңыз егер сіз үлкен жетістіктерге жетіп, шексіз байлыққа жеткенде сіз кезінде есімін сызып тастаған адамдарыңыздың бәрі сізге ренжуі мүмкін. Сол кезде сіз өзіңізді ақтай алмайсыз;

  6. Бәріне мүмкіндік беріңіз. Ешкімді жіберіп алмаңыз, тіпті ол бай, кедей, жас, кәрі, жетістікке жеткен, жетпеген, білімді, білімсіз болса да. Олар өздері бұл бизнеспен танысады. Таңдау еркіндігін өздеріне қалдырыңыздар. Олар бұл бизнесте қала ма, жоқ па ешқашан олар үшін шешім қабылдамаңыз. Өз өмірін жақсы жаққа қарай өзгерту үшін, Жер шарында қаншама адам осындай жұмысты іздеп жүр;

  7. Әсер ету ортаңызды анықтау кезінде лидеріңізбен ақылдасыңыз ешқашан тәжірибесіз және жалғыз өзіңіз жұмысқа адам шақырмаңыз.

  8. Әрқашан тізіміңізді жаңа есімдермен толтырып отырыңыз. Яғни әрбір танысқан адамды және жазылмай кеткен есімдерді қосып отырыңыз.

  9. Адамды таңдау барысында және лидеріңізбен ақылдасу кезінде одан ешнәрсені жасырмаңыз ол сізге жақсы адамды таңдауға көмектесу үшін және дұрыс ақыл беру үшін көмектеседі. Онымен қажетті ақпараттың барлығымен бөлісіңіз. Қалай ойлайсыз неге тізімге өзіңізге қарсы тұрған адамды кіргізу қажет?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]