Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obuchayuschy_paket.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

5 Этаж

ШАҚЫРУ — INVITATION

Біздің ең басты мақсатымыз осы жұмысқа достарымызды, туысқандарыңызды, таныстарыңызды шақырып, бизнеспен таныстыру. Шақыру барысында назарға мына ережені сақтауымыз керек:

  1. Ешқашан, алдын-ала (жиналысқа дейін, презинтацияға дейін) осы бизнес, осы компанияның аты туралы айтпаңыз және т.с.с. Сіз жеткіліксіз, толық емес, немесе дұрыс емес информация беріп, ықпал ету ортаңыздағы адамдарды жоғалтасыз.

  2. Шақыру барысында сіз ол адамдарға осы бизнеске қызығушылық тудыруыңыз керек. Осы бизнеске деген сенімділігіңізді көрсетіңіз, ол адамдар жағымды жағын қабылдайды.

Шақыруда екі бағыт бар:

  1. Жақын достарыңызды, туысқандарыңызды құрдастарыңызды немесе жұмыстағы әріптестеріңізді шақыру.

Сіз оларға шамалап былай айтуыңыз керек:

- Міне біраз уақыт бойы бір жаңа бизнеспен айналысып, жақсы табысқа қол жеткізіп отырмын. Әрине, мен сізге уәде беремін сізге осы бизнес ұнайтынын, бірақ сеніммен айтуға тырыссаңыз онда осы бизнеспен жақсы табыстарға жетесіз. Сіздің сөздеріңіздерден кейін, бизнес туралы аздап ақпарат сұрауы мүмкін. Сіздің жауабыңыз мынадай болу керек:

- Құрметті досым бұл жұмысты қазір түсіндіруге уақыт жетпейді және бұл жер қолайсыз. Егер маған екі сағатыңызды бөлсеңіз, онда мен сізді дұрыс ақпаратпен, осы бизнеспен таныстырам. Назар аударыңыз, сіз осы жұмыс жайлы бірде-бір сөз айтпауың керек. Қоймай сұраса онда:

- Қазір уақыт өте аз, ал информация көп. Мен неден бастайтынымды білмей тұрмын. Сіздің асықпауыңызды сұраймын. Біз бұл әңгімеге қолайлы уақыт пен орын табуымыз керек. Оданда уақыт пен орынды анықтайық.

  1. Достар немесе туысқандарыңыз, жастары сізден үлкен және сіз олармен ресми қарым-қатынастасыз.

Сіз оларға шамалап былай айтуыңыз керек:

- Жақында бір бизнеспен таныстым, менің ойымша ол біршама қызықты, міне осы аз уақытта онымен айналысып, ляззат алмақшымын. Бірақ үлкен жетістікке жетуде үлкен адамның ақыл-кеңесін қажет етем. Маған екі сағатыңызды бөлсеңіз, керекті құжаттармен барлық ақпараттарды беріп және сіздің көзқарасыңызды біліп қорытынды жасаймын.

Бір нәтижелі шақыру үшін келесілерге назар аударыңыз:

І. Сіз шақырғанда тілмен сөйлесудің арқасында ғана емес жан тәніңізбен шақырыңыз. Адамдардың көбі назарын сіздің бизнесіңізге емес сізге аударады. Олар сіздің осы бизнеске деген сеніміңізді және қарым-қатынасыңызды көргісі келеді. Неғұрлым бизнеске деген сенім мен құрметіңіз жоғары болса, солғұрлым шақыру оңайға түседі.

ІІ. Шақырғанға дейін лидеріңізбен жаттығып сізде сенімділік пайда болу керек, сонда сіз тілдесе аласыз. Шақыру барысында асығып алаңдамаңыз. Мына нәрсені ескеруіңіз керек, олар сіздің туыстарыңыз, достарыңыз немесе жақындарыңыз. Сондықтан олар сізге екі сағат беруге дайын. Сіз презинтациядан кейін де оларды қызықтырып, қарым-қатынаста бола аласыз және оларды қадағалап отырасыз.

ІІІ. Ол адамға жұмыс жайлы сұрауға мүмкіндік бермеңіз. Компания жайлы және оның табысы туралы еш нәрсе айтпаңыз. Сіз толық емес информацияңызбен оның сенімінен шығып кетесіз.

IV. Егер досыңыз немесе туысыңыз қызығушылық танытса, сұрақтарын үйіп тастаса, оларға былай жауап беріңіз.

  • Асықпаңыз. Ешқандай жаман нәрсе болмайды. Егер сіз маған екі сағат бөлсеңіз, содан кейін ғана менің ақпаратымды тындай аласыз. Менімен өткізуге сіздің қашан екі сағатыңыз болады.

V. Егер сізден:

-Сіз маған менің осы бизнесте жетістікке жететініме кепілдік бересіз бе?-деп сұраса, былай жауап беріңіз:

-Әрине, мен сізге кепілдік беремін! Егер сіз жауапкершілікті қабылдап, менімен бірге зейін салып жұмыс жасасаңыз?

VI. Сіздің досыңызда Network Marketting туралы кейбір мәлімет болып, QI компаниясы немесе ұқсас компаниялар туралы да білуі мүмкін. Ол бұл компанияны ұнатпайтын шығар. Сізден осы бизнестің алтынға немесе телефон тауарларына қатысы барма деп сұраса, былай жауап беріңіз:

-Жоқ, ешбір қатысы жоқ. Мен нақты білмеймін де. Асықпаңыз. Мен саған дұрыстап түсіндіру үшін маған тек өз уақытыңның екі сағатын бөліңіз (шынында да сіздің бұл сөздеріңіз өтірік емес, себебі шақырылған адамда жұмыс жайлы мәлімет өте аз және ол осы бизнес туралы шындықпен жанаспайды).

VII. Егер сіздің досыңыз сізбен тым менменшілдікпен сөйлесіп, осы бизнесті білетінін және сізбен келіспейтінін айтса, сіз мына нәрсені ескеруіңіз қажет, шынында да ол бизнес туралы ештеңе білмейді және осы бизнес туралы ақпарат дұрыс жетпеген адам болып саналады. Егер осы адам мәліметті жақын достарынан алса, онда ол дәл сіз сияқты осы бизнесте болушы еді. Сол себепті сіздің жауабыңыз сенімді болу керек.

- Сенде бар мәлімет жеткіліксіз. Сен Network Marketting туралы қанша білесің? Сен Step және Cycle не екенін білесің бе? Сен осы компанияның Voucher туралы естідің бе? Осы бизнесті жүргізітіндер Caddy жиналыстарын өткізеді. Сен Caddy не екенін білесіз бе?

Сіздің досыңыз сізде мәліметтің көп екеніне көзі жетіп, ол менменшілдігін қояды. Сол кезде сіз оған:

-Енді сен түсінген боларсың, сен әлі бірталай зат білмейсің. Егер сен маған өз уақытыңнан екі сағат бөлсең, ештеңе болмайды. Керісінше, сен дұрыс және нақты мәлімет аласың. Мен саған сенемін! Егер сен осы бизнесті мықты түсінсең, сен табысқа жетесің.

VIII. Осы бизнеспен айналысқысы келмейтін және уақыты жоқ адамдарды шақырмаңыз. Себебі бұл адамдар жұмыспен танысқан соң оқуға және жаттығуларға уақыт таба алмайды. Олар істі дамыта алмайды. Сондықтан асықпаңыз. Оларда уақыты болғанша күтіңіз. Егер сіз 2 немесе 3 ай қажет кезде ол адамды жұмысқа шақырсаңыз (сіз 3 ай жоғалтсаңызда) онда сізде жаңа бірнеше мың долларлық тармақты ашуға мүмкіндік туады.

IX.Ешқашан достарыңызға жалынбаңыз және кешірім сұрамаңыз. Себебі сіз оларға шынайы баюға мүмкіндік беріп отырсыз. Сондықтан оларды сенімді шақырыңыз, сіз оған қажетті іспен айналысып жатқаныңызды ешбір қысылусыз көрсетіңіз.

X. Тізімге кірген, бірақ сіз ол адам туралы ештеңе білмесеңіз және байланыс құрамасаңыз ол адамды шақырушы болмаңыз. Әуелі онымен сөйлесіңіз, кейін тиімді уақытты тауып онымен кездесуіңіз қажет.

XI. Ешқашан лидердің кеңесінсіз адамдарға бұл жұмысты таныстыруыңызға болмайды. Әрбір шақырылушы тізімдік бойынша шақырылуы тиіс.

XII. Есіңізде болсын, шақырудан соң сізге уақыты мен орнын белгілеу керек, сол себепті ісіңізді лидеріңізбен кеңесіп жасаңыз.

Есіңізде болсын, шақырылған адамда:

        1. 2-3 сағ бос уақыты болуы керек;

        2. жұмыс үшін келгенін білу керек;

        3. қызығушылық болу керек;

        4. компания туралы ешбір мәлімет болмау керек;

Есіңізде болсын:

ЖЫЛДАМ ЕМЕС БІРАҚ, БҰЛ БИЗНЕС – СЕНІМДІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ БАЙЛЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ

6 ЭТАЖ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ (БИЗНЕСПЕН ТАНЫСТЫРУ) — PRESENTATION

Презентацияны тек каталогы бар кісілер жүргізеді. Кері жағдайда одан еш пайда болмайды. Презентация кезінде төменде келтірілген жағдайларға көңіл бөлінуі шарт.

Презентация өткізілетін орын

1) Презентация өткізілетін орын жинастырылып, тазаланған болу керек. Бөлме есіктері жабық болуын қадағалаңыз, ол сіздерді сырттағы бөгде дыбыстар мен дауыстардан (балалардың дауысы, теледидардың, радионың дыбысы, т.б.) адамдардың жүріс тұрысы тоқтатылып, маңызды әңгімеге жинақталуына жағдай жасалуы шарт.

2) Қалыпты бөлме температурасы сақталып, жаз айларында бөлме іші ыстық болмауы, қыс айларында қатты суық болмауын қадағалаңыз. Бөгде істерде адамдардың зейінін аудармауы қажет.

3) Қатысушылар қатаң тәртіпте киінуі шарт (классикалық стиль, костюм, галсток, мейілінше спорттық киім үлгісіне жақындамауы керек).

4) Презентацияны шақырушы кісінің үйінде жүргізген дұрыс. Себебі үй иесі ол жерді толығымен басқарады, ал басқа кісілер оның рұқсатынсыз кетіп қала алмайды, телефонмен сөйлесу және артық іс-әрекеттерді өзіне рұқсат ете алмайды. Сол арқылы сіздер осы бизнес үшін көп шығынның қажет емес екенін көрсету және кімнің өз үйі болса осы бизнесті сонда жүргізуіне болады.

2 сұрақ:

а) Неліктен презентация жұмысқа шақырылған немесе жұмыспен танысушы кісінің тұрғылықты жерінде өткізілмейді.

б) Неліктен презентация жолдануы көп қаражатты қажет ететін жерде немесе офистарда жүргізілмеуі керек?

5) Презентацияны қалай жүргізу керек екенін және оның кейбір ерекшеліктері жайында өзіміздің жоғарыда тұрған лидерлеріңізден сұраңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]