Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕТКИЗГЕНОВА КУЖАТ КЕШЕН(3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
197.51 Кб
Скачать

1. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер. .Лауазымдық нұсқаулықтар.

Кәсіпорын үлкен болған сайын, оны басқарудың жүйесі де күрделене түседі. Олай болса сізге өкілеттілікті ажыратуға, құжат толтырудағы бірлескен іс-әрекетке жауаптырақ қарауға тура келеді. Басқарудың түпкі мақсатын таңдауда ең алдымен барлық басқару бөлімдерінің бақылауда болуын, жауапкершілігін және қызметтердің нақты бөлінісін, тиімділікті басшылыққа алған жөн. Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бойынша ұйымдық құжаттарды жасауда дәл осындай мәселелер шешіледі. Құрылымдық бөлімшелер (бухгалтерия, жарнама, өткізу, күзет бөлімдері) жарғыға бағына отырып, соның негізінде күнделікті жұмыстарын жүзеге асыратын құжатқа ие болады. Ондай құжат құрылымдық бөлімшелер туралы ереже болып табылады. Ереже әрбір бөлімше үшін жеке жасалынады және онда бөлімшенің құқықтық мәртебесі, міндеттері, қызметі, құқығы, жауапкершілігі мен міндеттемелері көрсетіледі. Бұл ережелерді бөлімшелердің жетекшілері, вице-президенттер жасап, оларды бірінші басшы бекітеді. Осы бекіту сатысында кәсіпорын қызметтері арасындағы жауапкершілік пен құзіреттерін бөлу нақты жүзеге асады. Лауазымдық нұсқаулық кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. Жақсы жасалған, тәжірибеде сыналған құжат үміткерді лауазымды қызметке таңдауда жақсы бағдар болады. Соған қоса ол үміткерлерді аталған лауазымға алуда келісім-шарттардың көлемін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік береді. Лауазымдық нұсқаулықты бөлімшенің басшысы жасайды және кәсіпорынның директоры бекітеді. Бұл құжат дәстүрлі түрде «Ішкі еңбек тәртібінің Ережесі» деп аталады. Онда жұмысшыларды жұмысқа алу, босату тәртібі, кәсіпорын мен қызметкерлердің негізгі құқықтары, міндеттері, кәсіпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады. Құжат еңбек туралы заңға негізделеді, жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қатынасын реттейді. Құжаттың үлгісі мынадай деректемелерден тұрады: кәсіпорынның атауы; құжаттың аты; күні; мөрі; шығарылған орны; мәтіннің тақырыбы (жеке құрам туралы); бекіту белгісі (гриф); құрастырушылардың бұрыштамасы (виза); құжаттың еңбек ұжымымен келісілгені туралы белгісі. Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, біріншіден «Құрылым және штат саны» деген құжатта бекітіледі. Құжаттың мәтіндік бөлігі кесте түрінде орындалады. Онда кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері, оларға кіргізілген қызмет түрлері және әр қызмет түрі бойынша штаттық тұлғалар саны көрсетіледі. Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып, оған басшының орынбасары қол қояды, бас есепшімен келісіліп, бірінші басшы бекітеді. Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетіліп, «Штат кестесінде» бекітіледі. Ол кәсіпорынның бланкісінде толтырылып, қызмет түрлерінің тізімі, штаттық тұлғалардың саны, қызмет ақысы, қосымша ақы және жалақының айлық қоры туралы мәліметтерді береді. Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісіле отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, еңбекақының айлық қоры көрсетіледі. Бұл аталған құжаттарға өзгерістер тек директордың бұйрығымен енгізіледі.

Негізгі әдебиеттер: 2 (154-156), 3 (163-167 бб).

Қосымша әдебиеттер: 6(132-136 бб), 7 (18б188 бб.).