Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕТКИЗГЕНОВА КУЖАТ КЕШЕН(3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
197.51 Кб
Скачать

2.Қолхат.

.

Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат. Қолхат нотариалдық кеңсе арқылы куәландырылады. Қолхаттың құрылымы: 1/ Құжаттың аты. 2/ Қолхат беруші адамның қызметі, аты-жөні, тегі. 3/ Ақшаның немесе құнды заттардың аты мен құны, яғни көлемі. 4/ Уақыты (сол жаққа). 5/ Қолхат берушінің қолы (ортадан), аты-жөні, тегі.

Негізгі әдебиеттер: 1 (176-177 бб), 3 (182-184), 4 (61-63 бб).

Қосымша әдебиеттер: 2(186-190 бб), 8 (20-26 бб)

14- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Құрылтай құжаттары.

1.Ұйым нысандарын іздестіру. Фирма жарғысы. Құрылтай шарты.

Фирма құру оның ұйымдық нысанын таңдап алуды қажет етеді. Кәсіпкерлік іспен айналысу соның шеңберінде өтеді. Бұл таңдау мынадай объективті жағдайлармен белгіленеді: қызмет аясымен, кәсіпорын түрінің оңтайлы не қолайсыз болуымен, сондай-ақ құрылтайшылардың талғамына да байланысты болады. Қатысушылардың санына қарай шаруашылықтың екі түрі ерекшеленеді: меншікті жеке-дара иеленуге негізделген жекелік және ұжымдық; мұнда меншікке ұжымдық басшылық жасалады және мүлікке ұжым ие болады. Фирманы ұйымдастырудың қандай да бір нысанын және оның құқықтық мәртебесін таңдау кәсіпкердің өз көзқарасы мен сыртқы жағдайларға байланысты болады. Қай жағдайда да табысты қызмет жасау үшін барлық жағдайларды өлшеп-пішіп барып, іске кірісу қажет. Коммерциялық ұйымдар құрылтай шарты негізінде немесе келісім шарт пен жарғы негізінде жұмыс істей алады. Серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, компаниялардың ұйымдық нысандарына ассоциациялар, корпорациялар, консорциумдар, өнеркәсіптік-делдалдық және басқа да шаруашылық, делделдық компаниялар мен фирмалар, бірлескен кәсіпорындар, тауар, қор биржалары, коммерциялық банктер мен сақтандыру қоғамдары, шағын кәсіорындар мен басқа да ұйымдар жатады. Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес, түрлі құқтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Жарғының деректемелері: құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі; мемлекеттік тіркеудің белгісі; мәтіннің атауы; жарғының мәтіні; фирманың атқарушы органы басшысының қолы. Жарғының негізгі деректемесі – мәтін – ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер болуы тиіс: жалпы ережелер: ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен-жайы; қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық және делдалдық қызмет т.б.); серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; мүлкі, қорлары, табысы; басқару және бақылау органдары; жұмысшылардың еңбегі, жжалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер; есепке алу және есеп беру; дауларды шешу; қызметін тоқтату. Бұл азаматтардың заңды тұлғалардың тауар өндіруге басқа қызметке қажет қаржыларын немесе басқа мүліктерін біріктіру жөніндегі келісім.

Құрылтай шартының деректемелері мынадай: құжаттың аты – шаруашылық серіктестік құру туралы құрылтай шарты (ЖШС, АҚ екені және оның аты көрсетіледі); шарттың жасалған орны; шарттың жасалған күні; шарттың мәтіні; құрылтайшылардың қолы. Құрылтай шарты мәтініне мынадай бөлімдер енуі мүмкін: құрылтайшылары аталған кіріспе бөлім; шарттың мәні – ұйымды құру ниеті, ұйымды қандай мақсатпен құрғаны, оның заңды мекен-жайы көрсетіледі; серіктестік қызметінің шарттары; серіктестікті басқару; құрылтайшылардың міндеті; құрылтайшылардың құқықтары; құрылтайшылар мен серіктестіктің жауапкершілігі; серіктестіктің қызметін тоқтатуы. Шартқа құрылтайшылардың жарғылық қорға салған салымдары жөніндегі анықтама қосымша тіркеледі, кейін дивидендтер соған сәйкес бөлінеді.

Негізгі әдебиеттер: 3 (203-211 бб), 2 (167-169), 3 (56 -59бб).

Қосымша әдебиеттер: 2 (374-379 бб)

15- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Ұйымдық құжаттар.