- •Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру
- •Мазмұны:
- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Теориялық бөлім.
- •Іс қағаздары мен ресми құжат стилі.
- •Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •Іс қағаздарының түрлері.
- •Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібі.
- •Практикалық бөлім.
- •Әдебиеттер:
- •Силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәліметтер
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •7. Пәннің саясаты мен процедуралары:
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •9. Курстық жоба тақырыптары (оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған).
- •10. Соөж тапсырмалары мен орындау кестесі
- •11. Аралық, қорытынды бақылау сұрақтары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3. «Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру» пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
- •Практикалық сабақтар
- •Іс қағаздарының қоғам саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы.
- •Құжаттарды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастыру
- •Өмірбаян
- •2. Мінездеме
- •1.Жеке іс парағы.
- •2. Еңбек кітапшасы.
- •Қызметтік хаттар және олардың түрлері
- •Анықтама.
- •Баяндау хат.
- •Жеделхат
- •Түсініктеме.
- •Хабарландыру.
- •Визит карточкалары
- •Телефонхат.
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Бұйрық туралы түсінік.
- •2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
- •3.Жеке құрам бойынша бұйрықтар.
- •Хаттама, оның құрылымдық бөліктері мен түрлері. Қаулы. Шешім
- •Сенімхат.
- •2.Қолхат.
- •1.Ұйым нысандарын іздестіру. Фирма жарғысы. Құрылтай шарты.
- •1. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер. .Лауазымдық нұсқаулықтар.
- •7. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы і бөлім. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні, оның міндеттері мен қазіргі кездегі маңызы.
- •Іі бөлім. Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •2.1. Хүііі ғасырдағы ресми іс қағаздары.
- •2.2. Хіх ғасырдың і жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.3. Хіх ғасырдың іі жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.4. Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы ролі.
- •2.5. Хх ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •Ііі бөлім. Ресми іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы.
- •Әрбір сабақта студентке тиісті ең жоғарғы ұпай мөлшері көрсетілген пәннің күнтізбелік жоспары
- •8. Курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
- •9. Сөж және соөж тапсырмалары
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды іс-тәжіибелерден өтудің әдістемелік нұсқауы және есептілік құжаттарының нысаны
- •11. Студенттің білімін бағалау және бақылау материалдары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
- •Үі тарау. Тест сұрақтарының қоры.
Түсініктеме.
Түсініктеме дегеніміз – мекеме басшысының атына жазылып, қызметкердің қандай да болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндіретін құжат түрі. Түсініктеме қалыпты қағазға қолмен жазылады. Түсініктеменің құрылымы: 1/ Мекеменің аты; 2/ Мекеме басшысының лауазымы, аты-жөні, тегі (парақтың оң жақ бұрышына жазылады); 3/ Құжат аты (парақтың ортасына жазылады); 4/ Мерзімі (құжат атынан 1 интервал төмен сол жақ бұрышынан жазылады); 5/ Түсініктеме мазмұны. 6/ Негізгі мәтін. 7/ Түсініктеме берушінің аты-жөні, тегі, қызметі, қолы. Түсініктемеге анықтама, аурулық қағазы, жол билеті т.с.с. қосымшалар тіркелуі мүмкін.
Хабарландыру.
Визит карточкалары
Қазіргі кезде визит карточкалары адамдардың іскерлік қарым-қатынасының бөлінбес атрибутына айналды. Визит карточкасы қандай болу керек? Бұл әрине онда не жазылғанына байланысты. Әдетте визит карточкасының бет жағына анық оқылатын шрифтімен жазылу керек: 1. Аты-жөні - фамилия үлкен әріптермен теріледі. Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы. Ағылшын тілінде жазылатын вариантында алдымен фамилия, содан кейін әкесінің атының бірінші әріпі және өз аты жазылады. ВЕКВОLАТОV К. АSАN. 2. Қызметі - тек ресми атқаратын қызметі жазылады. «Міндетін атқарушы», «Уақытша атқарушы» сөздері жазылмайды. Ресми қабылданған, көпшілікке түсінікті қысқарған сөздерді пайдаланыңыз. Бұд сіздің визиткаңыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға өз әсерін тигізеді. Түсініксіз қысқартылған сөздер мен шартты белгілерді қолданудан аулақ болыңыз. Қызмет жасайтын мекеменің аты толық жазылғанда реттілік сақталуы керек. Мысалы: Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі, Кадрлардың бас басқармасы, әкімшілік бөлімі, 7-сектор. 3. Ғылыми дәреже, әскери атақтар – визит карточка иесінің іскерлік қатынас қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Визитка иесінің белгілі қызметі болмағанда немесе атқаратын қызметін жасырын ұстау қажет болғанда ғылыми дәрежесі, әскери т.б. атағы ғана көрсетіледі. Мысалы: КЕҢЕСОВ Абылай Темірханұлы Авиация генерал-майоры. 4. Толық мекен-жайы – жазғанда хат-хабар алуға оңай болу үшін индексті де жазып қоюға болады. 5. Үйдің телефоны. 6. Жұмыс орнының толық мекен-жайы. 7. Жұмыс телефоны – алдымен хатшының немесе мекеме бойынша кезекшінің телефоны жазылады. Қажет деп тапқан сенімді жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды және ұялы телефоныңыздың номерін көрсетесіз. Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ. Бірақ көбінесе ол 50х90 мм көлемде жасалады. Визит карточкасының түр-түсі: 1. үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестіріп жасайды. 2. қаржы бөлімдерінің немесе банктердің қызметкерлері алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр, күміс, жасыл яғни сенімділікті, орнықтылылықты көрсететін түстерден жасатады. 3. творчество адамдары өз визиткаларының бірден көзге ұрып тұратындай болғанын қалайды, сондықтан жазушы визиткасынан төгілген сияның суретін, музыкант визиткасынан нота белгілерін көруге болады. Мемлекет қызметкерлері визиткасына мемлекеттік ту мен елтаңбаны орналастырса, басқа түрлі сала қызметкерлері өз мамандығына байланысты эмблемаларды көрсетеді. Визит карточкаларды көрінген адамға бермей, тек қана іскерлік байланыс жасағыңыз келетін адамға беріңіз. Дүниежүзілік тәжірибеде визит карточкасы арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдай бар: «p.f.» белгісі – құттықтау мағынасын береді. «p.c.» белгісі - көңіл айтуды білдіреді. «p.r.» белгісі – алғыс айту, рахмет айту. «P.p.» белгісі – ескі әріптесіңізге жаңа адамды таныстырған кезде ұсыныс, кепілдеме хат орнына ұсынасыз. «P.p.c.» белгісі – қоштасу мағынасын береді. Бұл айтылғандарды өмірдің барлық жағдайында қолдануға болады.
Негізгі әдебиеттер: 1 (123-126 бб), 3 (170-173), 4 (44-46 бб).
Қосымша әдебиеттер: 7(66-71бб),
№ 10- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Телефонхат. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.
