- •Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру
- •Мазмұны:
- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Теориялық бөлім.
- •Іс қағаздары мен ресми құжат стилі.
- •Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •Іс қағаздарының түрлері.
- •Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібі.
- •Практикалық бөлім.
- •Әдебиеттер:
- •Силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәліметтер
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •7. Пәннің саясаты мен процедуралары:
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •9. Курстық жоба тақырыптары (оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған).
- •10. Соөж тапсырмалары мен орындау кестесі
- •11. Аралық, қорытынды бақылау сұрақтары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3. «Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру» пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
- •Практикалық сабақтар
- •Іс қағаздарының қоғам саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы.
- •Құжаттарды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастыру
- •Өмірбаян
- •2. Мінездеме
- •1.Жеке іс парағы.
- •2. Еңбек кітапшасы.
- •Қызметтік хаттар және олардың түрлері
- •Анықтама.
- •Баяндау хат.
- •Жеделхат
- •Түсініктеме.
- •Хабарландыру.
- •Визит карточкалары
- •Телефонхат.
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Бұйрық туралы түсінік.
- •2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
- •3.Жеке құрам бойынша бұйрықтар.
- •Хаттама, оның құрылымдық бөліктері мен түрлері. Қаулы. Шешім
- •Сенімхат.
- •2.Қолхат.
- •1.Ұйым нысандарын іздестіру. Фирма жарғысы. Құрылтай шарты.
- •1. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер. .Лауазымдық нұсқаулықтар.
- •7. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы і бөлім. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні, оның міндеттері мен қазіргі кездегі маңызы.
- •Іі бөлім. Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •2.1. Хүііі ғасырдағы ресми іс қағаздары.
- •2.2. Хіх ғасырдың і жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.3. Хіх ғасырдың іі жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.4. Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы ролі.
- •2.5. Хх ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •Ііі бөлім. Ресми іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы.
- •Әрбір сабақта студентке тиісті ең жоғарғы ұпай мөлшері көрсетілген пәннің күнтізбелік жоспары
- •8. Курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
- •9. Сөж және соөж тапсырмалары
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды іс-тәжіибелерден өтудің әдістемелік нұсқауы және есептілік құжаттарының нысаны
- •11. Студенттің білімін бағалау және бақылау материалдары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
- •Үі тарау. Тест сұрақтарының қоры.
Бұйрық туралы түсінік.
2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
3.Жеке құрам бойынша бұйрықтар.
4.Нұсқау. Жарлық.. Өкім.
1. Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттар арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық-жарлық құжаттарға мыналар жатады: бұйрықтар, нұсқаулар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер және хаттамалар. Бұйрық – жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты 2 топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты.
2.Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорын бланкісіне толтырылады және мынадай деректемелерден тұрады: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, номері, мәтін тақырыбы, мәтін, бақылау туралы белгі, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы белгі. Бұйрықтың мәтіні 2 бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық. Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, немесе бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады. Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «Б ұ й ы р а м ы н» деген сөзден басталады да, мұнда орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі.
3. Жеке құрам бойынша бұйрықтар арқылы жұмысқа қабылдау, қызметі бойынша ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс беру, мадақтау және жазалау ресімделеді. Мұндай бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрықтардан бөлек жүргізіледі. Бұл бұйрықтардың жай және күрделі түрлері болады. Бұйрықтың әр тармағы ЕтЗК талаптарына сәйкес болуы керек. Кез-келген кадрлық бұйрықтардың мазмұны тұрақты түрде мынадай мәліметтерден тұрады: нұсқаулық әрекеттерді көрсету (ауыстыру, жұмыстан шығару, тағайындау т.б.); жұмысшының тегі, аты-жөні; қызметі; құрылымдық бөлімшесі; бұйрықта берілген тармақтың күшіне ену мерзімі. Жеке құрам бойынша бұйрықтарға кадр бөлімінің басшысы тарапынан бұрыштама белгі қойылуы міндетті болып саналады.
Бұрыштама (резолюция) - мекемеге келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазылатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы. Бұрыштама жазу – түскен құжат мазмұнымен мекеме басшысының танысқандығын және ол бойынша шешім қабылдағанын білдіреді. Күнделікті танысып, нұсқау беретін құжаттардың сан түрлілігіне қарай, жазылатын бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Ең бастысы бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі де нақты жазылуы керек. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғана айтылады. Қаламмен мүмкіндігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазылады. Нұсқауды орындауға тапсырылатын адамның тегі толық, ал аты-жөнінің басқы әріптері, орындау мерзімі анық жазылады. Ай мерзімі екі санмен көрсетіледі. Мысалы: наурыз - 03 (3 емес), қаңтар – 01 (1 емес). Бұрыштама да ресми стильде жазылады. Мысалы: «Таныстым», «Келісемін», «Қарсы емеспін», «Мәселе қаралады», «Қабылданбайды», «Бекітемін» т.б. Бұрыштаманың құрылымы: 1) нұсқау, 2) мерзімі, 3) қолы, 4) тегі. Бұрыштама құжаттың бірінші бетінің жоғары жағына жазылады. Бұрыштама брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады.
4. Нұсқау – ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрықтар мен жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы, бас маман ие. Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерден тұрады. Белгілеуші бөлігі «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында», деген сөздерімен басталады. Жарлық бөлігі бұйрықтағыдай құрылады. Жарлық – басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіліктері шегінде құрылымдық бөлімше бастықтары қол қояды. Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамы бөліктерден тұрады. Жарлық құжатының сапалы болуы пішімі жағынан дұрыс болуы ғана емес, мазмұны жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты. Мұндай құқықтық актілерді алқалық басқару органдары қабылдайды. ҚР Азаматтық кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады:
қаулылар – министрлер кабинеті, комитеттер, комиссиялар, қоғамдық ұйымдар;
жарлықтар – премьер-министр және оның орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар т.б.;
нұсқаулар – комитеттер мен комиссиялар т.б.;
шешімдер – министрліктер, кооперативтік ұйымдар т.б.
Негізгі әдебиеттер: 1 (203-211 бб), 2 (175-177), 3 (53-56 бб).
Қосымша әдебиеттер: 9(46-47 бб),
№ 12- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Хаттама.
