- •Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру
- •Мазмұны:
- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Теориялық бөлім.
- •Іс қағаздары мен ресми құжат стилі.
- •Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •Іс қағаздарының түрлері.
- •Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібі.
- •Практикалық бөлім.
- •Әдебиеттер:
- •Силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәліметтер
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •7. Пәннің саясаты мен процедуралары:
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •9. Курстық жоба тақырыптары (оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған).
- •10. Соөж тапсырмалары мен орындау кестесі
- •11. Аралық, қорытынды бақылау сұрақтары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3. «Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру» пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
- •Практикалық сабақтар
- •Іс қағаздарының қоғам саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы.
- •Құжаттарды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастыру
- •Өмірбаян
- •2. Мінездеме
- •1.Жеке іс парағы.
- •2. Еңбек кітапшасы.
- •Қызметтік хаттар және олардың түрлері
- •Анықтама.
- •Баяндау хат.
- •Жеделхат
- •Түсініктеме.
- •Хабарландыру.
- •Визит карточкалары
- •Телефонхат.
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Бұйрық туралы түсінік.
- •2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
- •3.Жеке құрам бойынша бұйрықтар.
- •Хаттама, оның құрылымдық бөліктері мен түрлері. Қаулы. Шешім
- •Сенімхат.
- •2.Қолхат.
- •1.Ұйым нысандарын іздестіру. Фирма жарғысы. Құрылтай шарты.
- •1. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер. .Лауазымдық нұсқаулықтар.
- •7. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы і бөлім. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні, оның міндеттері мен қазіргі кездегі маңызы.
- •Іі бөлім. Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •2.1. Хүііі ғасырдағы ресми іс қағаздары.
- •2.2. Хіх ғасырдың і жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.3. Хіх ғасырдың іі жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.4. Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы ролі.
- •2.5. Хх ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •Ііі бөлім. Ресми іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы.
- •Әрбір сабақта студентке тиісті ең жоғарғы ұпай мөлшері көрсетілген пәннің күнтізбелік жоспары
- •8. Курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
- •9. Сөж және соөж тапсырмалары
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды іс-тәжіибелерден өтудің әдістемелік нұсқауы және есептілік құжаттарының нысаны
- •11. Студенттің білімін бағалау және бақылау материалдары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
- •Үі тарау. Тест сұрақтарының қоры.
Хаттама, оның құрылымдық бөліктері мен түрлері. Қаулы. Шешім
Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырысында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілісте қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады. Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда, алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Хаттама қаралған мәселелер бойынша баяндамашының, талқылауға қатысқан сөйлеушілер сөздерінің қысқаша мазмұны мен қабылдаған нақты қаулылардан тұрады. Хаттамалар мәжіліс барысының жобасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы, шешім жобалары, күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т.б.) негізінде толтырылады. Хаттама қысқа мазмұнды немесе толық көлемді болуы мүмкін. Толық жазылған хаттама алқалық ұйымның отырысы барысымен, қабылданған шешіммен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді. Хаттамаға отырыс өткізілген күн қойылады, егер отырыс бірнеше күнге созылатын болса, онда басталған күн мен соңғы күн көрсетіледі. Мысалы: 12-14.10.2005ж. Хаттамалар жыл бойына нөмірленіп отырады, келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. Хаттама тақырыбы ретінде алқалық ұйым аты және қызметі жазылады. Мысалы: Педагогикалық кеңес отырысы. Хаттама мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлікте мекеменің аты, хаттама №, орны (сол жаққа), күні (оң жаққа), төраға, хатшы туралы мәлімет, күн тәртібіндегі мәселе, шақырылғандар, қатынасқандар туралы мәлімет жазылады. Фамилиялар алфавит тәртібімен беріледі, егер қатысушылардың саны көп болса, адам саны көрсетіледі де, тізім хаттамаға қосымша тіркеледі. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. Хаттаманың негізгі бөлігі 3 пункттен тұрады:
1) Тыңдалды. «Тыңдалды» бөлімінде қаралатын негізгі мәселе сөз болады.
2) Жарыссөз. «Жарыссөзде» сол мәселе бойынша айтылған пікір, ұсыныстар жазылады.
3) Қаулы. «Қаулы» бөлімінде шешім жазылады. Сөз сөйлегендердің сөзі 3 жақ, жекеше түрде жазылады. Қаулы мәтінінде нақты не істеу керектігі, орындаушысы, мерзімі көрсетіледі. Толық редакцияланған хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды.
Негізгі әдебиеттер: 1 (123-137 бб), 3 (141-143), 4 (57-59 бб).
Қосымша әдебиеттер: 12 (75-79 бб),
№ 13- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Азаматтық қатынастарды рәсімдейтін құжаттар
Сенімхат.
Күнделікті өмірге қажеттілік туған жағдайда әкімшілікке, сотқа, нотариусқа, пошта бөліміне, банкке, тағы да басқа қызмет көрсету орындарына қайсымыздың болмасын ісіміз түсуі мүмкін. Жеке адамның ұйымдармен қарым-қатынасында да құжат жанрларының белгілі бір түрлері бар. Оларды жеке құжаттар деп атау қалыптасқан. «Жеке» деп аталатын себебі – олар жеке адамның атынан жазылып, жеке адамға арналады, немесе соған тиесілі болады
Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі. Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т.б. жағдайларда беріледі. Сенімхат куәлігін жеке тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және сенімхат алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуі тиіс. Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнына мыналар кіреді: құжат аты; жазылған жері мен уақыты; сенімхат берушінің және сенімхат алушының тегі, аты-жөні, мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін; ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба. Сенімхат мәтінінде түзетілген, өшірілген я қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың әрқайсысына түсініктеме жазылып, оған сенімхат беруші мен сенімхат алушы да өз қолдарын қою керек. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл; егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы керек. Сенімхатты мынадай жағдайда куәландырылмайды: 1/ егер сенімхат өз атынан емес туысқанының я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес, басқа бір адамның атына берілсе. 2/ егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе. 3/ егер сенімхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.
Жеке арыз – бұл адамның қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін өтініш білдіретін құжат түрі. Арыз мазмұнына қарай қысқа да, кең көлемді де болады.
