Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕТКИЗГЕНОВА КУЖАТ КЕШЕН(3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
197.51 Кб
Скачать

2. Мінездеме

Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі. Мінездеменің бірнеше түрі бар: қызметтік мінездеме – қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болғанда жазылады; - аттестациялық мінездеме – белгілі бір адамның атқарып отырған қызметіне лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеменің соңында «атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» немесе «атқарып отырған қызметіне лайық емес» деген сияқты түйінді сөздер жазылады; - жеке (функционалды) мінездеме – адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандаға атап көрсетіледі. Мысалы: «Еңбек келісімін ұзарту үшін» т.б.

Негізгі әдебиеттер: 1 (155-155 бб), 2 (76-78), 3 (174-175 бб).

Қосымша әдебиеттер: 8(47-49 бб),

5- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Еңбек қатынастарын құжаттау

1.Жеке іс парағы.

Жеке іс - жұмысқа орналасқан кезде әр қызметкерге құрамына төмендегі тәртіп бойынша көрсетілген құжаттар кіретін жеке іс қағазы толтырылады: 1/ жұмысқа қабылдау туралы өтініш; 2/ анкета немесе кадрлық есепке алудың жеке қағазы; 3/ өмірбаян; 4/ білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 5/ мінездеме немесе ұсыныс хат; 6/ бұйрықтардың көшірмелері (жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауысу, жұмыстан шығару жөніндегі); 7/ сол адамға қатысты анықтамалар және басқа құжаттар. Тұрған жерінен анықтама, дәрігерлік анықтама басқа да екінші дәрежелі құжаттар жеке істен бөлек тапсырылады. Қажетті жағдайларда жеке іс қағазына ғылыми және өнертапқыштық еңбектерінің тізімі, ұжымдары немесе құрылтай жиналыстары хаттамаларының көшірмелері (қызметке сайланған басшылар үшін) т.б. қосылады. Уақыт өтуіне байланысты жеке іс қағазына анкеталық өмірбаяндық мәліметтердегі өзгерістерді (неке туралы куәліктің көшірмесі, тегінің өзгеруі) растайтын және кәсіби, іскерлік жеке басының қасиеттерін сипаттайтын (мысалы, аттестациялық қағаз, пікірлер, қызметке тағайындау туралы ұсыныстар, анықтамалар т.б.) құжаттар қосылып отырады. Қызметіне байланысты жаңа мәліметтерді енгізу үшін жеке іс қағазында «жеке іс қағазына қосымша» және «жеке іс қағазына мадақтауды есепке алу бойынша қосымша» деген мазмұндағы белгілер қойылады.

2. Еңбек кітапшасы.

Еңбек кітапшасы – қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат. Бұл құжаттың үлгісін, жүргізу тәртібін және сақталуын ЕтЗК және басқа да нормативті актілер белгілейді. Еңбек кітапшасын жүргізу кадр бөлімінің қызметкерлері мен басшылардан үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

3.Еңбек келісімі

Еңбек келісімі – заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте, «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі. Жұмысқа орналасу үшін мына мазмұнда еңбек шарты жасалады: - еңбек ететін адам белгілі бір ұжымның құрамына енеді немесе белгілі бір адамға жұмысқа жалданады; - еңбек шартында көрсетілген жұмысты орындайды; - еңбек тәртібіне бағынады; - келісім шартта көрсетілген жұмысты орындағаны үшін жұмыстың саны мен сапасына орай еңбекақы алады (мұнымен бірге жұмысшының алатын еңбекақысы заңда белгіленген мөлшерден кем болмауға тиіс); - ұжым әкімшілігі, жеке жалдаушы жұмыс істеу үшін қалыпты жағдай жасайды. Мұнда аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары өзгерген жағдайда жасалады. Еңбек келісімін жасауға жұмысшы арызы негіз болады. Еңбек келісімінің құрылымы мыналардан тұрады: 1. Құжат аты номерленіп, үлкен әріптермен орта тұсқа жоғарғы жаққа жазылады. 2. Келісімнің жасалған орны мен күні, елді мекеннің аты сол жаққа, мерзім оң жаққа жазылады. 3. Екі жақтың толық және шартты атауы. Мысалы: Ш.Есенов атындағы АқтМУ ректоры ______________, бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші», және ______________, бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы». 4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, квалификация дәрежесі. 5. Келісімнің типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс). 6. Келісімнің түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма). 7. Келісім мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін) – мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. 8. Сынау мерзімі – егер жұмысшы сынау мерзімімен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі. Бірақ сынау мерзімі келісім жасалған күнді қоса есептегенде 1 айдан аспауы керек. Сынау мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы: «Жұмысшыға екі апта сынау мерзімі белгіленеді». 9. Жұмыс берушінің міндеттері – бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі, медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер айтылады. 10. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат – бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқығын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету т.б. 11. Еңбек пен демалыс тәртібі – бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы: «Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. ҚР-ның ЕтЗК-не сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін». 12. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі – бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай: - лауазымдық төлемақы көлемі (айына ____________ теңге); - сағаттық төлемақы көлемі (сағатына ____________ теңге); - атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық ____________ пайыз); - басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);

- мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен я пайызбен) көрсетіледі. 13. Демалыс алу тәртібі – бұл бөлікте негізгі еңбек демалысының ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы: «Жұмысшыға жылына 1 рет ҚР-ның ЕтЗК-не сәйкес, ұзақтығы 18 күн мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік анықтайды. Жұмысшының қалауына қарай бұл демалыс 2 бөлікке бөлініп те беріледі. Мұнда демалыстың 1 бөлігінің ұзақтығы кемінде 5 жұмыс күннен тұрады. Ақы төленбейтін қосымша 10 жұмыс күн мөлшерінде демалыс жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі». 14. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар – бұл бөлікте келісімнің негізгі пункттерінде айтылмаған, екі жақтың қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы: «Жұмысшыға жылына 1 рет арнайы жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі» немесе «Жұмысшының мектеп жасына дейінгі баласы болса, ұйымның балабақшасына орын беріледі» т.б. 15. Келісімнің тоқтатылуы – бұл бөлікте келісім күшін жоятын жағдайлар атап көрсетіледі. 16. Екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері. 17. Сигнатура (екі жақтың қойылған қолдары).

Негізгі әдебиеттер: 2 (163-167 бб),

Қосымша әдебиеттер: 2 (122-148 бб),

6- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Ақпараттық-анықтамалық құжаттар.