- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
Дәстүр – ұрпақтан ұрпаққа жалғас алатын әлеуметтік пен мәдени мұраның элементтері. Ғылымда дәстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол ғалымдар арасында бір дәлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың адекваттік түрі бойнша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дәстүр ғылымда шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте дилетантизм мен компентенциясыздыққа жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым» өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун.
Бірақ, дәстүр әр-қашанда жаңалыққа да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, әдет пен икем қайта өндірілу керек.
Жаңашылдық – материалдық пен рухани сфералардағы жаңалықтар.
Жаңалықтар өздері екіге бөлінеді:
1. коррекция жасайтын, ескі дәстүрдін кейбір түрлерін өзгертеді;
2. жаңа дәстүрді еңгізетін.
Әр салада екіншісі қиын қабылданады. Келесіде ол өзінің қолдаушыларын тауып дамиды. Сөйтіп концептуализация арқылы /ғылыми ортада айқын жарияланғансон/ ол өзі дәстүрге айналады, білім жүйесінде өндіріледі. Жаңа идеялар дәстүрлі терминология тілінде жарияланады әлде жаңа ұғымдарды еңгізеді.
Ғылым философиясында сандық тұрғыдан жаңашылдықтыр мен дәстүршілдіктер 4 млн. ғалымдар арасында 2000 продуктивті болса, тек 45 радикалдар деп саналады.
Дәстүр мен жаңалық мәселесін «революция» мен «эволюция» / «нормалы даму»/, интенсивті /радикалдық-революциялық/ және экстенсивті /фундаменталды теориянының қолдану аймағын кеңейту/ даму түрлері арқылы қарастырамыз.
Ғылыми революция – ғылыми білімнің динамикасында ғылымның негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі роль атқарады. Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің дамуында бір-неше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркәсіптік, электротехникалық, электрондық, бағдарлама және «жасыл» революциясы.
Сөйтіп, көлем мен өзгертудің тереңдігіне қарай революцияларды глобалды, локалды және мини-революциялар деп бөледі. Фундаменталды /глобалды/ революциялар ғылымның негіздерін /идеалдар, ғылым нормаларын/ және дүниенің ғылыми бейнесін /онтология өзгереді/ күрделі түрде өзгертеді. Локалды революциялар ғылымның негізін өзгерпей тек зерттеу реалдылықтың бейнесін өзгертеді. Солай, ғылым дамуында кардиналды өзгерістер сонша көп емес.
Ғылым философиясында глобалды революциялардың үш рационалдылық типтермен байланысты үш типі бар: классикалық, класикалық емес, постнеклассикалық; В.С. Степиннің пікірінше, тағы 4 типі – екіншісімен байланысты, пәндік ғылымның шығуымен /18 ғ. аяғы – 19 ғ. басы/ байланысты.
Ғылымда революция қалай қалыптасады? Кейбір пікірлер бойынша, ғылыми революциямен жаңалықтар ғылымда кездейсоқ болады, яғни, қосымша зат ретінде, нақты мақсатты шешкенде; ал басқа пікір бойынша, ол дәстүрлі жолмен қалыптасқан қатал қызметтің табиғи жалғасы деген.
Ал, осыған ықпал ететін факторларға келсек, олар ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Осының интерналистік пен экстерналистік нұсқаулары бар.
Мысалы, Б.Г. Юдин сыртқы факторлар үстемді десе, Б.С. Грязнов ішкі факторларды тандайды. Ал Микулинский сыртқы мен ішкі факторлардың ғылым дамуында бірлік ықпалы туралы айтады. Сол себепте, ғылыми революциялар ішкіпәндік пен пәнаралық байланыста мүмкін.
Ғылымның тарихының құрылымының дамуын революция әлде эволюция деп, қалай түсінуге болады деген сұраққа Эзер былай жауап береді: Үзілмес процестің нәтижесінде жаңа пайда болмайды. Жаңа тек үзілістің салдары. Сонымен қатар, ғылымда ешқандай күтпеген және байқаусыз фазалық өтулер жоқ деу дұрыс емес. Поппердің теорияның интегративті өсу деген анықтамасы бойынша, осындай өту әр-қашанда екі өзгеше теориялар бір-біріне интеграция жасағанда болады.
Сөйтіп, ғылыми білімнің дамуы революциялық емес, үстемді эволюциялық жолмен болады, бірақ, ол эволюция «квазиреволюция» арқылы болады.
