- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
Келесі талдайтын категориялар – мазмұн және форма, өйткені біз болмысты талдауда әрі қарай тереңдей түсеміз. Мазмұнға зат, я болмаса құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма деп мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі ұйымдасу тәртібін айтамыз.
Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясын алсақ, оның мазмұнына қазақ халқының сайын даласындағы ХIХ ғ. сан қилы оқиғалар, Абайдың өмір кезеңдері, оның философиялық толғаулары т.с.с жатады. Романның формасына келер болсақ, оған әртүрлі тараулардың бір – бірімен байланысы, автордың стилі, көркем сөзінің ерекшеліктері т.с.с жатады. Ол – романның ішкі формасы.
Сонымен қатар роман баспадан оқушыларға арналып,арзан қағазға басылып, жұмсақ мұқабамен түптелуі мүмкін: қымбат ақ қағазға басылып, ішінде суретшінің жасаған құнды түрлі түсті суреттемелері де болуы мүмкін.
Заттың сыртқы формасы кейбір жағдайда өте мәнді болып келеді. Мысалы, ұшақтың, сүңгуір қайықтың, автомобильдің т.с.с сыртқы формасы мақсатқа лайықты болмаса, ол өз қызметін дұрыс атқара алмас еді. Сондықтан ғалымдар құстың қанатын, балықтың дене формасын зерттеп, оны осы өндірістерде пайдаланады.
Тарихи форма категориясын философияға енгізген ұлы Аристотель болды. Оның ойынша, материя пассивті, енжар, өзіндік дамуға мүмкіндігі жоқ, езілген саз сияқты. Оны Дүниеге келтіретін, дамытатын – форма ғана. Материя формасыз, форма материясыз өмір сүре алмайды.
Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш – қуатын мойындап, оның белсенділігі мен форманың оған тәуелділігін көрсеткен Ф.Бекон болған-ды.
Тарихи түрде Гегель алғашқы рет мазмұн категориясын философияға енгізіп, оны материя мен форма арасындағы дәнекер ретінде қарайды.
Маркстік философияда мазмұн мен форма даму үрдісін анықтауда пайдаланылатын категориялар ретінде қаралады.
Бүгінгі таңдағы нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен форманы бір – бірінен айыруға болмайды, қайсыбір мазмұн формаланған, форма – мазмұнды; олар қайшылықты бірлікте, даму үрдісінде бір – біріне өтуі мүмкін; бір – біріне сай келгенде ең тиімді даму үрдісі жүреді.
Мазмұн мен форманың арақатынасын талдауда екі бір – біріне қарсы пікір бар. Сонау Аристотельден келе жатқан көзқарас – форманың белсенділігі.
Екінші, негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас – мазмұнның бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың мазмұны басқалармен өне бойы байланыста болғаннан кейін өзгеріске ұшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға сыймай, оны өзгертеді, жаңа пайда болған форма мазмұнның әрі қарай дамуына жағдай туғызады.
Біз, жалпы алғанда, екінші пікір дұрыс па деген ойдамыз. Сонымен қатар қоғам өмірінде маналы адамдар өмір сүргеннен кейін, олар жаңа формаларды тудырып, мазмұнды соған сай етіп өзгертеді. Ол әсіресе айқын өтпелі даму кезеңдерінде көрініп отыр. Экономика саласындағы жаңа меншік формаларын өмірге енгізу шаруашылық үрдістердің күрт дамуына жағдай жасады. Муниципалдық, зейнеткерлік реформалар жаңа формаларды енгізу арқылы жүруде, соның арқасында бұл салаларда да үлкен өзгерістер байқалады; қоғам өміріне жаңа формаларды енгізу, негізінен алғанда, жаңа заңдарды қабылдау арқылы іске асып жатыр.
Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді, оның бәрі де қоғам өміріндегі форманың белсенділігін, оның мазмұнға қарағанда алда жүретінін көрсетеді.
Сонымен қатар форманың мүмкіндіктерін асыра бағалау формализм деген теріс құбылысты тудырады. Ол әсіресе басқару жүйесіндегі шен иелерінің қызметіне байланысты. Ондай адамдарды халық «қағаздық жан» (бумажная душа) деп атайды. Олар мәселені мазмұнына қарап шешудің орнына неше түрлі ұсақ – түйекке арқа сүйеп, тежейді.
Реформа барысындағы көп өзгерістер өмірге жаңа заңдар, формаларды енгізумен байланысты екенін жоғарыда көрсеттік. Бірақ, сонымен қатар енгізілген жаңалықтар жақсылыққа әкелді деп айту қиын. Мысалы, бұрынғы совхоздар мен колхоздар жою, тіпті жақсы пайдалы жұмыс істеп тұрған кейбір шаруашылықтарды жасанды түрде банкроттау, әрине, ауыл шаруашылығын дамытуда жасалған үлкен қателіктердің бірі болды. Тиімді саясат арқылы сол ескі формаларға жаңа мазмұн беріп дамытуға, әрине, болар еді. Қазіргі уақытта кішігірім фермерлер өндірісті дамытуға күштері жетпей, қайта бірігу үрдісінде. Алып жерлерді игеріп жатқан қаланың лендлордтары тек өз қамын ойлауда, бұрынғы ауылдың құрылымы әсіресе әлеуметтік сала жан аярлық халде. Олай болса, әңгіме тек жаңа формаларды енгізуде ғана емес, сонымен қатар жаңа жағдайда дамуға мүмкіндік жасай алатын ескі формаларды да ұқыпты пайдалануда болса керек.
48. Ғылыми эволюция және революция бағытын салыстырыңыз
Ғылыми танымның мақсаты — шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын құру. Табиғатта заттар мен қүбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып түратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта болады, яғни объективті дүниенің қүбылыстарын байланыстыратын реальды про-цестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары сиякты. Оларды ортақтық дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары). Заңның негізгі белгісі — әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.
Эволюция кең мағынада айтқанда даму сөзінің синонимі, тірі және тірі емес табиғатта болып жатқан өзгеріс процестері. Эволюция қандай да бір уйымның, ойдың даму дәрежесін көтереді немесе керісінше төмендетіп отырады. Эволюция негізінде социалды, экономикалық, политикалық ж\е т.б.реформалар құрылады. Революция эволюцияға қарағанда олар катализаторды қажет етип сапалық өзгерістері тез жүзеге асады. 19-20ғ Дюркгейм, Теннис, Арон, Ростоу, Белл, Тоффлер эволюция жолын ұстанған ғалымдар.
Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар. Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады: 1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау; 2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою; 3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы. Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теорияларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру болып табылады. Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады. 1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция; 2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция; 3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция. Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет: 1) ғылыми революциялардың аумағы; 2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі; 3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу; 4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы; 5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру; 6) ғылым дамуының тарихи кезеңі; 7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар. Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.
XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады. XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру. Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты. Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты. Ғылымдағы революциялық төңкеріс бұрынғы жетістіктерді түкке жаратпай тастамайтыны, қайта ғылыми білімдердің дамуында сабақтастық байланыс болатынын ескеру қажет. Шынында да кез келген жаңа теория өзінен бұрынғы теорияны түгелдей жоққа шығармайды, қайта оның дұрыс жақтарын пайдалана отырып, ғылымды ілгері дамыта алады. Ескі мен жаңаның, революция мен эволюцияның бұл диалектикалық бірлігі ғылым дамуындагы үздіксіздік пен үзілістікті көрсететін заңдылық болып табылады.
49. Ғылыми методтар классификациясын көрсетіңіз
Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: - анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; - синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; - абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; - жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; - индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; - дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; - аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б.; - классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы; • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу; • модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; • ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары; Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады: - декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу; - селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау; - агрегаттау – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру. Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді. Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.
50.Адамзаттың техногендік мәселесін талдаңыз.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.
|
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдардың топтары:
1. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар
2. Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар
3. Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар 4. Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)
5. Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар 6. Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді: 1.Өте қауіпті. 2.Жоғары қауіпті.3.Орта қауіпті.4.Қауіптілігі аз.
Техногендік сипаттағы жедел сәуле көздеріне жататындар: 1.медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;
2.ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;
3.ядролық қаруды сынақтан өткізу.
Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: 1.жанбайтын, 2.қиын жанатын 3. жанғыш.
Гидрогеологиялық сиппаттағы төтенше жағдайға: су тасқыны, сел, қар көшкіні жатады. Бұл төтенше жағдайға теңіздерде кездетін гидрогеологиялық құбылыстарды да жатқызуға болады. Олар цунами т.б.
Бұдан басқа даТехногендік сипаттағы төтенше жағдайға жататындар: 1.өндірістік авариялар;2.көліктік авариялар (темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты);3.өрттер (жарылыстар);4.төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) ҚӘУЗ;5.төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) РЗ;6.төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) БҚЗ (биологиялық қауіпті заттар);7.кенеттен ғимараттың құлауы;8.электр –энергия жүйесіндегі авария;9.тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық тораптардағы авариялар;10.тазалау құрылғыларындағы авариялар;11.гидродинамикалық авариялар (судың бөгеттерді бұзып шығуы).
