- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
Философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы келесі тезистерге тоқтауға болады.
Нақты, өзгеше ғылымдар қоғамның қажеттіліктеріне бағынады – техникаға, экономикаға, тәрбие өнеріне, заңдарға т.б. Олардың бәрі болмыстың өзіне жақын фрагментің зерттейді. Сөйтіп, дүниенің тек бір бөлігімен қанағаттанады. Гегельдің пікірінше, нақты ғылымдар нақты материалға батып, ақыл-парасаттық таныммен шектеледі. Ал, философия дүниені толық, тұтас түрде қамтиды. Универсумды тану үшін нақтылықпен шектелмейді.
Нақты ғылымдар адамнан тыс құбылыстар мен заттарды, реалды дүниені зерттейді. Оларды адам құндылық шкаласы қызықтырмайды. Өзінің тұжырымдарын ғылым теория, заң, формула т.б. түрлерде жариялайды. Сонда жақшының сыртында эмоция, тұлғалық қатынаста қалады; қоғамда олар қандай салдарға әкеледі деген сұрақтарға назар аудармайды Ғалымның фигурасы, оның ой өрісі, темпераменті, өмірлік тандаулары т.б. ғылым үшін қызықты емес. Себебі, заңдар, теориялар т.б. объективті, және ғалымның жағдайы мен тұлғалық деңгейіне қатысты емес.
Ал, дүние болса философ үшін қатып қалған статика емес, ол тірі динамикалық қозғалыста дамитың жанды біртұтас. Осы көп-түрлі байланыста себеп пен салдар, циклдік пен спонтандылық, реттілік пен деструкция, ігілік пен зұлым күші, гармония мен хаос қисындары /өрістері/ шатысқан. Сонда, философияландырылған ақыл өзінің дүниеге қатынасын білдіреді. Сөйтіп, философия адамның дүниеге білдірген қатынасы /ойлаудың дүниеге қатынасы, сананың материяға қатынасы/. Ғылымның нәтижелеріне сүйеніп, философия адам болмысының контекстінде сол процестер мен құбылыстардың қажеттілігі мен мәндік мағынасын қарастырады.
Нақты ғылымдар нақты елестерден бастайды, оларды дәлелсіз толық қабылдайды. Еш маман өзінің пәні қалай пайда болды, оның өзгешелігі неде деп сұрақ қоймайды. Осы мәселелер қойылса, сонда табиғаттанушы философиялық деңгейге көтеріледі. Философия әр білімнің, оның ішінде философияның негізін іздейді. Сонда, ол бәріне айқын, бәріне мәлім, басқаларға бастаушы нүкте, түсініктің мөлшері бола, және баға бере алатын негіздерді іздейді.
Реалдық дүние туралы объективтік, жүйеленген, шындық пен ақиқатқа сай білім – ғылымның қызмет түріндегі жетістіктері. Және де ол жаңа білімді алуға бағытталған, дүниені пәндік түрде тануға лайық қоғамдық сананың бір түрі. Ғылымның мақсаты әр-қашанда заңдар арқылы дүниені сипаттау, түсіндіру, болжау деген. Ғылым жүйесі техникалық, табиғаттану, қоғамдық түрлеріне бөлінеді. Және тарихта әр 15 жыл ғалымдардың саны екі есе өседі. Ғылымның дамуында нормалдық кезеңдер революциялықтармен ауысады. Олар жалпы құрылымының, принциптерінің, таным әдістері мен ұйымдастыру түрлері.
Философия субъектің объектке теориялық-рефлексивтік және рухани-практикалық қатынаспен негіздейді. Әлеуметтік болмысқа жаңа идеал мен нормаларды, мәдени құндылықтрды ұсынып әсер етеді. Оның тарихи қалыптасқан салалары: онтология, гносеология, логика, этика, эстетика және жаңа қалыптасып жатқандар: философиялық антропология, аксиология, мәдениет теориясы, әлеуметтік философия, философия тарихы, дін философиясы, методология, ғылым философиясы т.б. Философияның негізгі тенденциялары келесі мәселереді түсінуге арналған: дуние және сол дүниеде адамның орны, қазіргі өркениеттің тағдыры, көп-түрлі және біртұтас мәдениеттер, адам танымының табиғаты, болмыс және тіл.
Ғылымда дәстүрлі түрде алға деген кумулятивтік қозғалыс қабалданылады, яғни, қалыптасқан нәтижелер арқылы алға басу. Яғни, бұл жерде жинаушының образы анық. Ғылым ақиқат білімдердің жинағы. Философияға бұл образ лайық емес, себебі, философия әр-қашанда дайын нәтижеге риза болмайды, мысалы, орта ғасырдың өмір туралы жауаппен қазіргі адам келіспейді; әр тарихи уақыттың өзгешелігі болған сон, және әр адам өзі үшін жауап іздейді, бәрәміздің бірлігімізге қарамай. Философияның өзгешелігі – оның өзгеше рефлексия әдісі мен өзіне ауыстыруда. Философия үшін адамзат тарихының бүкіл сұрақтарын қайта қою, құрастыру - мақcат. Осы қасиеттің рефлексиялық, қайтымдылық деп атауға болады.
Ғылым фактіге, эксперименталдық тексеріске сүйенеді. Ал философия күнделіктен интеллигибелдіқ мән дүниесіне көтеріледі. Intelligibilis — ақыл қорытындысы, тек ақылмен, сезімге женілмейтін объектілердің бар екендігі. Мысалы, әсемділік не, ақиқат пен ігілік дегеніміз не – осы сұрақтар эмпириялық жалпылаудан тыс. Әсемділік – ол әдемі зат әлде әдемі қыз емес, философиялық тұрғыдан – соны жалпы тұрғыдан түсінуге бағыттау. Сонда эмпириялықтан тыс шығып, оны кешіп, трансцендентік мәндік анықтамасына трансценденттеу деп философиялық тұрғыдан жауап беру дегеніміз.
Ғылым мен философияның тілдік айырмашылығы бар. Ғылым тілі өте нақты, терминдермен үстемді болса, солай қарапайым тілдің қажеттілігінен поэтикалық тілдің образдылығынан айырылады. Ал, философия дүниенің жалпылығын көрсету үшін шексіздік пен өлшеусіздікті білдіретін өзгеше тілмен универсалды анықтамаларды қажет етеді.
Нақты-ғылыми пәндер басқа қоғамдық сананың нәтижелерін де білмей дамиды, ал, философияда бәрі басқаша. Философияда барлық ғылымдарға, басқа рухани тәжірибеге эмпириялық негіз ретінде редукцияландырылмасада, онда адамзаттың рухани тәжірибесінің жиынтығы, қоғамдық сананың барлық түрлері қамтылады. Философия ғылым емес, бірақ, анықтамалар мен объективтілік, себептілік, жалпы заңдарды шығару оған тәрізді. Философия өнер емес, бірақ, образ оның қабылданған гносеологиялық категориясы, метафора мен интуицияны кең қолданады. Философия дін емес, бірақта, интеллигибелдіқ мән әлеміне асып кетіп, сезім-сезімнен тыс материалдармен жұмыс жасайды.
Ғылымда құндылық-адамдық аспект екінші орында тұрады. Таным объективті -тұлғасыз. Ғалымның эмоциясы, сезімі, мотивациясы ғылымды қызықтырмайды.. Философия үшін теориялық-танымдық аспект пен бірге құндылық мәселелеріде қажетті Философиялық шығармашылықта адам өзіне үніледі. Ойшыл өзінің адекваттік орынын іздейді. Дүниенің жаңа қырларын іздейді.
