Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.22 Кб
Скачать

6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз

Мән және құбылыс — дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар. Аристотель Платонның мәңгілік идеялар дүниенің түпкі мәні деген көзқарасын талдай отырып, мәні болып тұрған заттан мән бөлек, мәңгі өмір өмір сүре алмайды деген тұжырым жасайды. Оның пікірі бойынша, мән тек сезімдік заттың игілігінде ғана бола алмайды. Кант бізден тыс дүниедегі мәннің болу мүмкіндігін мойындай отырып, оны танудың белгілі бір шегі бар екенін айтты. Гегель мәнге құбылыс тән, ал құбылыс — мәннің, яғни “абсолюттік идеяның” сезімдік нақтылығын білдіреді дей келе, Мән және құбылыстың жалаң қатынас емес, тереңде өтіп жататын қатынастардың тұтас бір аясы екенін айтты. Мән және құбылыс бүтіннің өз аясында ішкі айырмашылықтарға жіктелу қатынасы мен формасы, оның әр түрлі жақтарының өзара бірлігі, тұтастығы әрі бір-біріне қайшылығы, қарама-қарсылығы болып табылады. Мән қандай да болмасын дербес процестің негізгі жағы. Яғни, біртектес құбылыстардың не нәрсе екендігін олардың тек ішкі мәнін анықтау арқылы білуге болады. Мән өзін тек құбылыстары арқылы анықтай алады. Құбылыстар сан алуан. Бір мәннің өзі көптеген формада көрініп, қалыптасады, дамиды. Құбылыс — мәннің әр сәттегі өзгерген белгілі бір түрі, оның басқаша даму не өзгеру формасы. Мәнді тек көріну формалары арқылы, ал көріну формаларын тек мән арқылы түсінуге болады. Құбылыс бір мезетте жоқ болатын өткінші нәрсе емес. Әрбір жаңа құбылыста мән өзгереді, оның осы өзгерген мазмұны — оның басқаша түзілуі, басқа түрде қайта жаңаруы. Мән және құбылыс тығыз байланысты. Дүниеде өзін құбылыс арқылы білдірмейтін мән болмайды. Сол секілді мәнсіз, мағынасыз құбылыс та жоқ.Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі тұрақты, соның арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін құрайды.Заттың көзге көрінетін, «құбылатын» жақтарының астарында оның келесі көзге көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байкаған. Бірақ оны жете түсіне алмай, заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон заттың «эйдосы», яғни мәні, ұғымы - материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп есептесе, Аристотель заттың мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).Ортағасырлық философияда зат мәнінің қайнар көзін ойшылдар Құдайдың құдіретті күшінен іздейді.Жаңа дәуірде бұл категорияларға аса көп назар аударған И.Кант болды. Оның ойынша, заттың бізге әсер ететін («заттың біздігі») жақтарымен (феномен) қатар, оның ішкі «өзіндік» жақтары (ноумен) бар. Заттың құбылысы - феномен, заттың мәні - танылмайтын ноумен. Адамның бар мүмкіндігі - сезім мен ақыл-ойға априорлық (тәжірибеге дейін) түрде берілген категориялар арқылы бізге өз әсерін тигізетін құбылыстарды ретке келтіру ғана. Ал оның ар жағындағы жатқан мәнді, «заттың өзіндік» сырын ашу мүмкін емес.Мұндай құбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы қоюды Гегель қателік деп санап, «қайсыбір құбылыс мәнді, ал мәннің өзі ертелі-кеш құбылыстар арқылы өзін көрсетеді» деген пікірге келеді.

Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі тұрақты, соғыстың арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін құрайды.Заттың көзге көрінетін , «құбылатын» жақтарының астарында оның келесі көзге көрінбейтіы қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ оны жете түсіне алмай, заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон заттың «эйдосы», яғни мәні, ұғымы — материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп есептесе, Аристотель заттың мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).

Ортағасырлық философияда зат мәнінің қайнар көзін ойшылдар Құдайдың құдіретті күшінен іздейді.Жаңа дәуірде бұл категорияларға аса көп назар аударған И.Кант болды. Оның ойынша, заттың бізге әсер ететін («заттың біздігі») жақтарымен (феномен) қатар, оның ішкі «өзіндік» жақтары (ноумен) бар. Заттың құбылысы — феномен, заттың мәні — танылмайтын ноумен. Адамның бар мүмкіндігі — сезім мен ақыл-ойға априорлық (тәжірибеге дейін) түрде берілген категориялар арқылы бізге өз әсерін тигізетін құбылыстарды ретке келтіру гана. Ал оның ар жағындағы жатқан мәнді, «заттың өзіндік» сырын ашу мүмкін емес.Мұндай құбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы қоюды Гегель қателік деп санап, «қайсыбір кұбылыс мәнді, ал мәннің өзі ертелі-кеш құбылыстар арқылы өзін көрсетеді» деген пікірге келеді.Бүгінгі таңдағы философияда да осы категориялар жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Неопозитивизм шынайы өмір сүретін сезімдік деректерді ғана (құбылыстарды) мойындайды. Ал экзистенциализмге келер болсақ, ол адам өмірінің мәні тек «шекаралық ахуалда» — өлім мен өмірдің екі ортасында ғана ашылуы мумкін, — деген пікірге келеді.Әрине, құбылыс пен мән – болмыстың өзіне тән, оған терең тамырланған, олардың қайнар көзі — Дүниенің өзінде. Қайсыбір зат өзінің қайталанбас жағымен көрінуге «тырысқанмен», сонымен бірге оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиеттерін де көрсетпей қоймайды. Сондықтан құбылыстарды зерттеп, салыстырып, ой елегінде олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалдырып, қайталанбайтын ерекше жақтарынан бас тартудың арқасында жеке әртүрлі заттардың ұқсастығын анықтауға болады. Алайда мұндай жағдайда заттардың тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар оның тек өзіне тән ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек заттарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар, онымен бірге құйыла біткен оның ерекше мазмұны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені құбылыс тек қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге басқа заттармен байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп, әрі қарай дамытады.Сарапталған категориялардың танымдағы рөлі өте зор. Адам тікелей зерттеліп жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы құбылыстарды талдап, олардың ортақ жақтарын анықтаудан басталады. Осы жолда ғылымда сезімдік нақтылықтан абстрактіліқ ұғымдарға өрлеуді байқауға болады. Алайда бұл абстрактілік мән ғана. Одан әрі қарай өрлеу қажет, яғни қайтадан ой елегі арқылы ашылған мәнге құбылыстың ерекше байлығын қосып, заттың ойлық-нақтылы көрінісін жасау қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар, оның құбылыстарының байлығын бірегей қарауға мүмкіндік аламыз.