Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.22 Кб
Скачать

52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз

1-ВАРИАНТ.Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрліше философиялық ағымдар түрлі әдістермен жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниегекөзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер әдетте дүниеге көзқарастық мәселелсрді жалған проблемалар деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан „тазартуға" тырысады, философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар жасау болуы тиіс дейді. Дүнисгс-көзқарастық меселелерді жоққа шығару — қазіргі батыстық философияларға тен бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік — өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Егер XVIII—XIX ғасырлардағы буржуазиялық философиялар феодализмнен капитализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалды. Осыған сейкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды бейнелендіруші буржуазиялық философиялар да буржуазиялық тұрмыс жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін дәлелдеуге тырысады. Өткендегі прогресшіл дестүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас тартуға алып келді. Бүл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және иррационалистік түрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс ғылымға жатпайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп отыратын цивилизация деген үғыммен ауыстырды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің мазмүнын қысқаша ғана қарастырайық.

Неопозитивизм

Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді. Неопозитивизм философияның барлық кемшіліктерін жойды, — дейді Фейгль деген неопозитивист. — Оның негізгі проблемасы — „логакалық анализ". Сондықтан, деп қорытын-дылайды ойын Фейгль, философияны логикалық анализ емдеуге тиісті кесел деп анықтауға болады. Неопозитивистердің ілімі бойынша, философия тек тілдік формаларды талдаумен жөне тілдік пайымдауларды қүру ережелерін жасаумен айналысуы тиіс. „Философ, — дейді А.Айер, — заттардың физикалық қасиеттерімен айналыспайды. Ол қасиеттер жайында сөз қылудың тәсілдерімен айналысады". Тіл біздің дүниені танып білуіміздің шекарасы, дейді ол, біз тілдің шеңберінен ешқашан шыға алмаймыз. Ал біз қүратын тілдік қүрылыстың, сөйлемдердің айналадағы объективтік шындықпен қатынасы жайындағы мөселеге келсек, неопозитивистердің пікірінше, оның ешқандай ғылыми қүңцылығы жоқ. Олай болса, материалистер мен идеалистердің арасындағы пікірталасының, олардың ойынша, ешқандай мәні жоқ. Сейтіп, олар философияның негізгі мөселесін тіл мэселесімен ауыстырып, яғни философияның негізгі мәселесін жоққа шығарып, материализм мен идеализмнен жоғары түруға әрекет жасайды. Карнаптың пікірінше, материалдық дүниенің шын өмір сүруі. толығымен адамға байланысты, адамның субъективтік кеңіл күйінен теуелді. Егер адамзаттың тілдік қүрылысын қаласа, онда дүние емір сүргені, оны қаламаса, онда дүниенің шын өмір сүруіне негіз жоқ. Сейтіп, адам ез қалауынша дүниені бар-жоқ қылатын ғаламат күшке айналады. Карнаптың белгілі бір сөз, сөйлемнің ақиқаттығын анықтауда тіл шешуші рөл атқаратыны, олай болса объективтік материалдық дүниенің бар екенін қостайтын не терістейтін де тіл екені жайындағы ойы американдық философ С.Чейздің жөне басқалардың ілімінде әрі қарай дамытылды. Олар адамдардың мінез-қүлқын анықтайтын да тіл, тілдік қүрылым деп дөлелдейді. Тілдік формаларды дүрыс қолданса, іс-өрекет те, мінез-қүлық та дүрыс болады, қайсыбір сездерді дүрыс қодданбау адамның кеңіл-күйін бүзьш, түрліше дау-жанжалдар мен қайшылықтардың тууына, тап күресіне т.б. себепші болады. Бүдан шығатын қорытынды — адамдарды шатастыратын, дау-жанжалдар тудыратын жалпы үғымдарды жойып, тілді қайта қүру қажет-мыс. С.Чейз, мөселен, адамдар жиі-жиі жалпы үғымдарды, абстракцияларды шындықтағы заттармен шатастырып, соның салдарынан бір-бірімен айтысады, кейде елтіруге дейін барады. „Фашизм" деген сез нені білдіреді? — деген сүрақ қояды да, оған озі „Бүл термин ездігінше ешнөрсені білдірмейтіні анық" деп жауап қайырады. Чсйздің пікірінше, объективтік шындықта тек жеке-дара заттар ғана бар, ал жалпы үғымдар — қүры бос создср. Оларға сәйкес нәрсслерді (ағашты, үйді, т.б.) таба алсақ қана жалпы ұғымдардың мәні болады. Егер сәйкес келетін шын заттар мен құбылыстар болмаса, онда мүндай жалпы ұғымдар мен сөздерді қолдану міндетті түрде дау-жанжал тудырады. Ондай кикілжіндер болмау үшін Чейз жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің бәрін тілден шығарып тастауды ұсынады. Олар „капитал", „құн", „жұмыссыздық", „революция", „демократия" деген сияқты толып жатқан жалпы ұғымдар. Белгілі бір мәні бар, яғни шындықта бар нәрселерге сәйкес келетін, жалпы үғымдар мен сөйлемдерді ондай сәйкес нәрселері жоқтардан айырудың критерийі ретіңде неопозитивистер верификация принципін, яғни сөйлемдерді іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретін принципті ұсынады. Алайда әрбір жалпы ұғымды сезім мүшелерінің тікелей көрсетуімен салыстыруға бола бермейтіні белгілі. Мысалы, „адамзат" деген сөздің мазмұнын тікелей тексеру мүмкін емес. Сондықтан, егер верификация принципін басшылыққа алатын болсақ, онда заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың қасиеттері мен заңдылықтарын бейнелейтіндердің барлық жалпы үғымдар мен пікірлерді лақтырып тастауға тура келер еді. Ғылым тілін таза формальды түрғыдан талдаудың нәтижесіз құр бос әуре екені неопозитивизмді, оның бір тармағы — логикалық позитивизмді тілдің семиотикалық проблемаларына бас назар аударуға мәжбүр етті: бүл проблемалар тілдік қатынастардың үш саласын бөліп алады. Олар: 1) тілдің сөйлеушіге деген қатынасы (прагматика); 2) тілдің не нәрсені білдіретіні (семантика) жене 3) тіларалық сөйлемдер қатынасы (синтаксис). Мұның бәрі семиотика деген атаумен аталады. Неопозитивизм ғылым тілін талдаудан күнделікті сөйлеу тілін талдауға қарай бетбұрыс жасады. Талдаудың тақырыбы енді тілдегі сөздер және тілдік белгілер, логикалық, лингвистикалық жөне психологиялық проблемалар болатын болды. Неопозитивизм өз дамуының барысында сөздер мен сөйлемдерді қолданудың алуан түрлі тесілдерін түсіндіретін әртүрлі "тілдік ойындар" жүргізуге көшті, ал бұл дүниетану процесінің мәнін қайта қарауға әкеліп соқты: философиялық және ғылыми системалар ойын сипатындағы тілдік құрылымдар ғана деп қаралатын болды. Жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің семантикалық мазмұнын жоққа шығару социологияда қоғамдық құбылыстардың даму зандылықтарын жоққа шығаруға алып келді.

2 ВАРИАНТ. Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі. XX ғасырдың 20 жылдарында қалыптасқан. Алғашында ол «логикалық атомизм», кейіннен логикалық позитивизм, аналитикалық философия деп аталады. Аты әртүрлі болғанымен, олардың мәні бір – бұнда зерттелетін, талқыланатын мәселенің логикалық – лингвистикалық жағы қарастырылады. Бұл ағымның көрнекті өкілдері – Р.Карнап, К.Гедель, Ф.Франк, О.Нейрат, тағы басқалар ғылыми философиялық білімді жаңартудың бағдарламасын ұсынды. Оларды ғылымның құрылымы, ғылыми тұжырымдардың эмпириялық және теориялық деңгейлері, бұл тұжырымдардың ғылыми мәнін анықтайтын өлшемдер, ғылыми білімнің құрылымы сияқты сұрақтар қызықтырды. Ғылыми білімді ғылыми емес білімнен бөлетін негізгі өлшем – тұжырымдарды тәжірибеде сынау, осы мақсатты орындау үшін неопозитивистер верификация принципін ұсынды. Верификация дегеніміз – ғылыми ақиқат пен деректерді эмпириялық тексеру арқылы айқындауға болады деп есептейтін әдістемелік концепция. Верификацияның көмегімен тілдің сыни талдауын жасай отырып, логикалық позитивистер тілді тазалау жұмысын жүргізіп, жетілген тілді жасауға тырысты. Осындай тілді құрастыру идеясын австриялық философ Л. Витгенштейн «Логикалық - философиялық» еңбегінде дамытты. Бұл еңбегінде ғалым жетілген таза тілді дамыту концепциясын баяндаған, оның үлгісі математикалық логикалық тіл деп есептелінген.  Философия – тек тілдің талдауы немесе ғылымның тілі түрінде өмір сүреді делінген. Сөйтіп, логика мен тіл алдыңғы қатарға шықты. Мұның бірнеше себептері бар. Біріншіден, XX ғасырдың басында математиктерге көздескен қиындықтар. Математика туралық пен дәлдіктің образы болып келген. Күтпеген жерден математиктердің өзі қайшылықтар мен парадокстарға жолықты. Бұл қиыншылықтың түпкі себептері математиканың негіздерінде жатыр. Логика мен жасанды тілдер математиканың негізін құрайды, яғни оны талдап құру керек. Б.Рассел мен Г.Фреге осымен айналысты.  Екіншіден, аналитикалық талдау Англия университеттерінде қанат жайып кеткен идеализмге қарсылық ретінде қалыптасты. Философияның негізінде абстрактілі ойлар мен әсерлер емес, нақты іс - әрекетті бейнелейтін тілдер жатуы керек. Философия адам үшін сыртқы фактілерді бейнелейтін тұжырымдармен байланыстырылады. Аналитикалық философияның дамуы ғылымнан философиялық сипаттағы сұқартарды алып тастап, оны ғылыми танымның методологиясына айналдырудың жеткіліксіз екендігін көрсетті. Соңғы жылдары онтологиялық, гносеологиялық, жалпы социологиялық мәселелерге қызығушылық күшейе түсті. Талдау философиясының өз ішіндегі дағдарыс постпозитивистік бағыттың қалыптасуына әкелді. И.Лакатос, К.Поппер, Т.Кун шығармашылығында ғылым философиясының маңызды мәселелері қойылды. И.Лакатос ғылыми – зерттеулер бағдарламасының методологиясын ұсынды. Ғылымның дамуы – бір – бірімен байланысқан теориялардың ауысу процесі. Ол зерттеудің нормативті қағидаларын түсіндіреді, оған болашақты болжау мен эвристика кіреді. Бұл бағдарламаның құрылымдық элементтері – мықты өзек және қорғаушы тетік. Мықты өзек дегеніміз – ғылымның салыстырмалы жоққа шығаруға болмайтын іргелі негіздері, қорғаушы тетік дегеніміз - өзекті қорғайтын қосалқы болжамдар жүйесі. Т.Кун белгілі ғылыми қауымдастықтың ғылыми іс - әрекетінің моделін жасады. Оған жалпы методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдар, теориялық стандарттар кіреді. Бұл модельді Т.Кун парадигма деп атады. Парадигма дегеніміз – ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы. К.Поппер білімнің эмпириялық және теориялық деңгейлері бір – бірі мен тығыз байланысты болады деп есептеді. Ол «фальсификация» ұғымын енгізді. Фальсификация дегеніміз - кез келген тұжырымды теріске шығару. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып, оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі деп есептеді.

53. Ғылымдағы шынайылық мәселесін философиялық тұрғыдан түсіндіріңіз

Шынайылық (reality) — нақты түрде бар материяны білдіретін философиялық термин; факт; объективті әлемнің бір бөлшегі; ақиқат; шын бар болмыс; Шынайылық объективті (материя) және субъективті (сана-сезім) болып екіге бөлінеді. Диалектикалық материализмде "Шынайылық" термині екі мағынада қолданылады: әлемдегі барлық бар заттар; материялды әлем; "барлығы"объективті шындық; материяның өзі мен оның түрөзгерістері. Шынайылық бұл жерде субъективті шындыққа, яғни сана мен сезімге қарама-қарсы қойылған.

Болмыс пеншынайылық түсініктері философияның онтология бөлімімен қарастырылады.

Байланысты түсініктер

Таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.

Факт — әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады.

Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.

Объективті тіршілік ететін шындық, нақтылық.

Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.

Шынайылық болмыс түсінігімен тығыз байланысты: Шынайылық кең мағынада бірнеше шындықты білдірген кезде, болмыс шынайылық түрлерінің жиынтығы болады. Мысалға: субъективті, объективті, виртуалды шынайылықтардың жиынтығын біз болмыс деп айта аламыз.Шынайылық (реалдылық) ирреалдылық пен сюрреалдылық бірге болмыстың үзіндісіне айналады.

Болмыс керісінше шынайылықтың бір бөлшегі бола алады. Экзистенциализмде болмыс тек адамда ғана болады, адам шынайылықтың ішінде, яғни болмыс пен адам шынайылықтың бөлігі.

Шынайылық түрлері Физикалық шындық- Материалды әлем. Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар. Әлеуметтік шындық Әлеуметтік әлем шындығы. Әлеуметтік шындық биологиялық, когнитивті және жеке тұлғалық шынайылықтан бөлек, қоғамда тұрақталған үрдістерге (тенденция) негізделеді.

Виртуалды шындық — компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты — қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. Виртуалды шындық сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Сөздің кең мағынасында виртуалды шындық — бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып, наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер.

Егер жекелеген ғылымдардың логикасын жалпы анықтаудан тарих ғылымы логикасының өзгеше міндеттеріне келер болсақ, онда бізге ең алдымен эмпирикалық шынайылықты біздің түсінуіміздегі негізгі формальды қайшылығын айқындап алуымыз қажет; бізге осы қайшылықтың логикалық мағынасының қандай екенін өзімізден сұрауымыз керек және содан кейін бұл қайшылықтың қай элементінің шынайылықтың тарихи бейнеленуі үшін шешуші мәнге ие екенін көрсетуіміз қажет.

Шынайылықты түсінудің екі түбегейлі айрықша түрінің болатынын бізді қоршаған әлемнің қандай да бір бөлігі туралы біздің өз түсінігіміздегі ғылымға дейінгі білімдердің мысалынан жақсы керуге болатын тәрізді. Бұл білімдердің шын мәніндегі шынайылықтың бейнесі болып табылады деп түйіндеу қате болар еді. Ғылым өзінің жұмысына кіріспестен көп бұрын ол өзіне дейін өздігінен пайда болған ұғымдардың түзілімін барлық жерден табады және кез келген түсіндіруден ада шынайылық емес осы ұғымдардың ғылымға дейінгі түзілімінің өнімдері ғылымның өзінің материалдары болып табылады.

54. Позитивизм бағытының негізін салушылар мен олардың көзқарастарының бірегейлігі

Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт. XIX – XX ғасырдың бірінші жартысында дамыды. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).

Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе. Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.

Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.

Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың ірі өкілі. Спенсердің барлық социологиялық ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы – табиғат философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені әлеуметтік эволюция – әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды.Эволюция заңдылығын Г. Спенсер биологияға, психологияға, социологияға, этикаға қолданды: Қоғам – тірі организм. Қоғам “мүшелердің” (орган) үш жүйесінен қажетті өнімдерді шығарып тұрады: яғни қамтамасыз ететін жүйе; еңбек бөлімінің негізінде әлеуметтік организмнің байланысын қамтамасыз ететін жүйе; реттеу жүйесі (мемлекет). Организм сияқты қоғам дамиды, құрылмайды. Революция организмнің “ауруы”.

Милль Джон Стюарт (1806 - 1873 жылдары) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі. Англияда Конт позитивизмінің әдіснамалық идеясын насихаттады, оны сынады, қайтадан ой елегінен өткізді.  Милль Джон Стюартдің эмпирикалық психологизмі - әлеуметтанудың да, логиканың да басты мәселелерінің бірі, ол психологияның ойлау техникасын зерттейтін тармағы ретінде ғана танылады. Өзінің "Огюст Конт және позитивизм" атты мақаласында ол француз философиясының зерттеу әдісін ойлап тауып, нәтижелерге ие болса да, осы әдістің шынайылығын дәлелдеу шартына назар аудармағанын атап көрсетеді. Өйткені, тәжірибеден біз дәйекті жүйелілікті және бір қатарға қоюды ғана табамыз. Алайда тәжірибе себеп-салдарлық байланыс пен жағдайлардың бір-бірімен сәйкес келуі арасындағы айырмашылықты айтпайды. Бұл, әсіресе, қоғамды зерттеу барысында заңдылықтарды, әсіресе прогресс заңдарын анықтауды қиындататын көптеген факторлар қолданылған кезде айқын байқалады.

Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу” принципін ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы – түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер – дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз.

Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті.Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз,себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия.