- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі. Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисципли-нарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек. Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы. Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс. Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі. Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бер-месе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады: 1) матема-тикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар; 2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері; 3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар. Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарасты-руға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалып-тасып үлгермеген) және гылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең). Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдай екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жагдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған, ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен методтарын қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі. Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі – ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты – «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдай-ында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады. Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми революция деп атайды және Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны.
56. Фейерабендтің философиялық пікірін негіздеңіз
Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.
Теорияның пролиферация /көбею/ принципі – бұл принцип бойынша, ғалымдар қазіргі және қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостын ұсынылған ғылыми теорияны жоқа шығаратын фактілермен қақтығысқан жағдайда тағы бір теория қажетті /фактты жоққа шығаратын куәлік/ деген ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді және ғылымның дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дәйектейді.
Ғылым методологиясындағы плюрализм – Фейерабендтің методологиялық концепциясына тәрізді, оны ол теорияның пролиферация принципі арқылы негіздейді, яғни, ғалым үшін бірінші түрде ұсынылған және бәрімен қабылданған ғылыми теорияны жоққа шығару. Фейерабендте плюрализм туралы тезис теориялардың өлшемсіздігімен қосылғанда плюрализмді тудырады.
Ғылым методологиясындағы анархизм – бұл ереже бойынша, әр ғалым ешқандай қайшылық пен сыңға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет. Фейерабендтің концепциясында анархизімге теорияның пролиферация принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы әкеледі. Фейерабендтің пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға бағынбайды, сол себепте, ғылымның дамуы иррационалды, яғни, ғылым идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен айыру және ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.
57. К.Поппердің «Ашық қоғам және оның жаулары» еңбегіндегі тұжырымдарын негіздеңіз.
Әлеуметтік философия саласында Поппер марксизм ілімін сынға алып, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарды. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” (1945ж., қазақ тілінде 2004ж.) атты еңбегінде Платон, Гегель, Маркс идеяларын сынға алып, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия жасау әрекетіне қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералды позицияларын ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң қағидашылық, идеялық догматизм тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”, яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. “Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері кезінде көптеген пікірталастар мен даулар туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды.
Белгілі ағылшын философы Поппер Карл Раймунд өзінің кең танымал «Ашық қоғам және оның жаулары» атты еңбегінде демократиялық басқару теориялары өзінің тамырын ертедегі грек ойшылдары Платон мен Аристотельден бастау алатындығын ескертеді. Ол тиранияның жаманшылығын айтады. Тиранияны болдырмау, немесе оған қарсы күрес ұйымдастыру, - дей отыра, - үкіметтің екі типін атауға болады. Бірінші типі – қантөгіссіз жалпыға бірдей сайлау жолымен құтыла алатын үкіметтер. Бұл жағдайда қоғамдық институттар азаматтардың дауыс беруі арқылы биліктегілердің орнынан кетуінің жолдарын қамтамасыз етеді. Ал қоғамдық дәстүрлер осы қоғамдық институттардың билік басындағылардың әрекетімен күйремеуіне кепілдік береді. Екінші типі – басқарылатындардың тек төңкеріс жасау арқылы ғана құтыла алатын, немесе ешқашан құтыла алмайтын үкіметтері. «Демократия» дегеніміз бірінші типтегі үкіметтердің қысқаша сипаты, «диктатура» - екінші типтегі үкіметтер», - дейді. К.Поппер бастапқы гипотезаларға түзету енгізе отырып, салдарларды зерттеу және оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы арқылы болашақ туралы болжам жасауға болады деп санады. Оның ойынша, барлық қоғам туралы болжам жасау және оны өзгерту мүмкін емес.
58. Ғылымдағы экстернализм және интернализм бағытын салыстырыңыз Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторды абсолютке айналдыру дұрыс емес. Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа дейінгі кезеңімен толықтырған дұрыс. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғылымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті. Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылымды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді.
