
- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары. Ғылым тарихы ғылым тарихын оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің – ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы, ғылым экономикасы жөне тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады. Ғылым тарихы бойынша жазылған Джон Берналдың «Қоғам тарихындағы ғылым» еңбегі осы ойымыздың жақсы мысалы бола алады және бұл еңбектің жазылғанына жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Ғылым тарихында ғылыми ойдың дамуының барлық байлығы жинақталған, сондықтан да оны зерттеу аса қажетті. Ғылым тарихының мақсаты тарихи-ғылыми оқиғаларды хронологиялық жағынан тізбелеп сипаттап қою емес. Оның мақсаты – ғылым мен техниканың даму заңдылықтарын ашуға ықпал ету. Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға ағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстурге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады. Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі. Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисципли-нарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек. Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойын