Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по философии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.22 Кб
Скачать

18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз

Ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама. Қазіргі заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады

Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1)салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн (обуславливающий) толық емес, нақты емес бiлiмдер;2) оларды алу шарттарына, орны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер.

Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды: Ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi. Ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтiшындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi.Ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практиак болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойындалуына аударды.

Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге долады “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адмгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасың қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды.  Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түсiнікке әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты. 

Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жағдайдайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулiжәне  шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жағдайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратың және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.

Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi шынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

Ақиқат проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм- бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденгең де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелденедi; немесi “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр  адамдар пенделi” және “Сократта адам”.  Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Мысалы, Жер планетасынаң басқа планеталарда тiршiлiктiн болуы.