- •1. Қазіргі жаратылыстану ғылымындағы философиялық концепцияларды атаңыз
- •2.Таным теориясындағы сезімдік пен рационалдылық бағытын анықтаңыз
- •3.Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз
- •4.Философия ғылымындағы позитивизм бағытының негізін ашып көрсетіңіз
- •5. Т.Кунның ғылыми революциялардың құрылымы туралы пікірін талдаңыз
- •6.Жаратылыстану ғылымындағы «құбылыс» және «мән» категорияларын талдаңыз
- •7.Ғылымды әлеуметтк институт ретінде талдаңыз
- •10. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз
- •11.Ғылымдағы дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын көрсетіңіз
- •12.Ғылыми шығармашылықтағы этикалық жауапкершілік мәселесін анықтаңыз
- •13.Жаратылыстану ғылымының жиһандық мәселелерін талдаңыз
- •16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
- •17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
- •18. Салыстырмалы және абсолютті ақиқатты салыстыра талдаңыз
- •19. Натурфилософия бағытының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20. Компьютер және тұлғаның жаттануының мәнін ашып көрсетіңіз
- •21. Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •22. Жаһандық ғылыми шығармашылықтың жаратылыстану ғылымындағы орнын талдаңыз
- •23. Ақиқаттың когеренттік және прагматикалық концепцияларын талдаңыз
- •24. Эмпириокритицизм бағытын талдаңыз
- •25.Жаратылыстану ғылымындағы философиялық категориялардың алатын орнын атаңыз
- •26.Ғылым этикасы мен моральдық жауапкершілікті саралаңыз
- •27. «Техника антропологиясын» талдаңыз
- •28. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз
- •29. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз
- •30. Ғылымдағы рационалистік бағыт негізін ашып көрсетіңіз.
- •31.Ғылым генезисін анықтаңыз
- •32.Жаһандану процесіндегі әлеуметтік танымның методологиялық мәселелерін талдаңыз
- •33.Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз
- •34.Философиядағы постпозитивизм бағытын түсіндіріңіз
- •35. Постклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •36. Неоклассикалық ғылымды түсіндіріңіз
- •37.Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының қалыптасуының кезеңдері мен заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
- •38. Натурфилософиядағы органикалық және органикалық емес көзқарастарды салыстырыңыз
- •39.Ғылым мен философияның басты айырмашылығын көрсетіңіз
- •40. Ғылыми таным негіздерін талдаңыз
- •41. Әлемнің ғылыми бейнесін анықтаңыз
- •42. Ғылым философиясы және оның маңызын талдаңыз
- •43. Ғылыми танымның зерттеу үрдісіндегі орнын талдаңыз
- •44. Ғылыми таным ерекшеліктерін талдаңыз
- •45. Ғылымдағы эмпириокритицизм бағытының мәні және оның негізін қалаушыны анықтаңыз
- •46. Философия ғылымындағы «мән» және «құбылыс» категорияларын талдаңыз
- •47. Философия ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларын талдаңыз
- •51. Ғылыми танымдық іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.
- •52. Ғылымдағы неопозитивизм бағытын талдаңыз
- •55. Т.Кунның ғылыми тұжырымын негіздеңіз
- •59. Ғылыми білім құрылымын анықтаңыз
16.Фейербендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз
Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.
Теорияның пролиферация /көбею/ принципі – бұл принцип бойынша, ғалымдар қазіргі және қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостын ұсынылған ғылыми теорияны жоқа шығаратын фактілермен қақтығысқан жағдайда тағы бір теория қажетті /фактты жоққа шығаратын куәлік/ деген ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді және ғылымның дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дәйектейді.
Ғылым методологиясындағы плюрализм – Фейерабендтің методологиялық концепциясына тәрізді, оны ол теорияның пролиферация принципі арқылы негіздейді, яғни, ғалым үшін бірінші түрде ұсынылған және бәрімен қабылданған ғылыми теорияны жоққа шығару. Фейерабендте плюрализм туралы тезис теориялардың өлшемсіздігімен қосылғанда плюрализмді тудырады.
Ғылым методологиясындағы анархизм – бұл ереже бойынша, әр ғалым ешқандай қайшылық пен сыңға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет. Фейерабендтің концепциясында анархизімге теорияның пролиферация принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы әкеледі. Фейерабендтің пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға бағынбайды, сол себепте, ғылымның дамуы иррационалды, яғни, ғылым идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен айыру және ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.
17. Ғылым және өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз
Латын тілінен аударғанда integratio –қалпына келтіру, орнын толтыру дегенді білдіреді. Қазіргі әлемдегі интеграциялық үрдістер көп аспектілі сипаттама береді. Олар өндіріс, білім беру мен ғылыммен өзара әрекетте күшеюін көрсетеді; Білім беру мекемесі кәсіби кадрлар даярлауда, жұмыс берушінің рөлінің артуы; халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру мен қалыптастырудың халықаралық ынтымақтастығының жоғарлауы; білім берудегі пәнаралық байланыстарды бекіту; тәрбиелеу және оқытудың білім беру үрдісіндегі шарттық байланыс болып табылады.
Қазақстан аумақтарының индустриалды дамуының негізгі алғышарттарының бірі білім, ғылым және өндіріс интеграциясы болуы керек, жаңа ғылыми ойларды әр түрлі өндіріс салаларына және қоғамды басқаруда технологиялар мен өнімнің түрлерін өңдеу және енгізудің нәтижелері экономикалық өсу мен бәсәкелестікте қолданылады. Білім мен ғылым саласындағы интеграциялық процестер саясат пен экономиканың екпінінен еш қалыспауы тиіс. Яғни, оқу ордалары көрші мемлекеттердегі әріптестерімен тонның ішкі бауындай араласуы керек.
Қазіргі жағдайда әлемдегі ғылыми-интеграциялық үрдістерге сәйкес елімізде бұл салаға деген көзқарас айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі таңда Президент Қазақстан ғылымын еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасымен байланыстыра дамытуды басты мақсат етіп отыр. Шетелдік инвесторлармен кездесуінде де Президент Қазақстанға жоғары технологияны трансферттеуде бірінші мәселе ғылымның өндіріс сұранысынан кейін қалып отырғаны, екіншіден ғылыми әзірлемені жүзеге асыратын нақты тетіктердің жоқтығын, үшіншіден шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы технологиялық біліктілікті арттыру мәселесіне күш салмай отырғанын атап өтті. Әлемдік деңгейге жету үшін ғылымды өндіруші күшке айналдыру қажет.
Қазіргі кездегі еліміздегі басты мәселе ғылымның дамуын қамтамасыз ететін мамандарды даярлау. Оның бірден бір жолы жастарды ғылымға тарту. Оның тартымды жолы білім мен ғылымды интеграциялау. 2007 жылғы Елбасының халыққа Жолдауында академиялық институттар мен ірі университтетерді қосу туралы айтылды. Осы саясаттың аясында А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты мен Д. В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты қосылып Қазақ Британ Техникалық Университеті құрылды. Мұндай шараның іске асырылуы екі жаққа да тиімді болды, яғни институт ғалымдары университетте сабақ беріп қосымша табыс табуға мүмкіндік алса, университеттің талантты білімгерлері ғылыми институттың зертханаларында ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеп өз қабілеттерін шыңдау арқылы жаңалықтар ашу мүмкіндігіне ие болды.
«Ғылым туралы» заң аясында бұдан былай зерттеу университеттерін көптеп ашу қарастырылады. Бүгінгі күні осы идеяны іске асыратын бірден бір жоғары оқу орны «Назарбаев университеті», ол білім, зерттеу, инновациялық процестерді ұштастыруда. Бұл оқу орнында оқитын білімгерлер жоғары курстарда ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын болады. Келешекте Назарбаев университетінің тәжірибесін басқа да жоғары оқу орындарына насихаттау, оқу үдерісін индустриялық-инновацияға сай өткізуді қажет етіп отыр. Қазіргі кездің өзінде елімізде он инновациялық бағыттағы университет анықталып, әрқайсысына жылына 200 миллион тг қаржы бөлінбекші.Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық білім ошақтарын жаңғырту ісінен басталған ірі жоба жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін оқу орындарына білікті, әрі білімді шетелдік ұстаздар тарту мәселесін қолға алды. Сонымен қатар әлемнің үздік оқу орындарына жастарды оқуға жіберу мәселесі қарастырылды. Академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-мен білімгерлер алмасу жүйесі қолға алынды. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясын ең алғаш құрғандардың бірі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Университет – технопарк» құрды. Еліміздің біраз университеттерінде бизнес-инкубаторлар, студенттік технологиялық зертханалар құрылуда.
Қазақстан экономикасындағы ең маңызды сала – өндірісті дамыту, жаңа көзқарастар, жаңа технологиялар әкелу интеграциялық дамудағы ең басты мақсат екені белгілі. Интеграциялық өркендеу жолында байланыстарымыздың келесі бір маңызды да жаңа, болашағы мол бағыты Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастық. ЕО бүгінде экономикалық әлеуеті орасан зор алып қауымдастыққа айналды. Олардың мүшелерімен қарым-қатынас орнату біздің сыртқы экономикалық саясатымыздың, соның ішінде қаржылық салада үлкен орын алатыны анық. ЕО елдері біздің көміртегі, металл, сонымен бірге өзге де өнеркәсіптік өнімдеріміздің тұтынушылары, біздің экономикамызға қаржы құюға ниет білдіріп отырған елдер. Әлемдік экономикаға интеграциялау бағытында мынадай шаралар жүзеге асуы тиіс: өкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсету саласын дамытуды қолдайтын бағдарламалар жүргізуі қажет, жеке шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету керек, олардың тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға жағдай жасалу керек.
Халықаралық экономикаға интеграциялаудың тағы бір жолы –Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдар мен ассоциацияларға қатысуы. Атап айтқанда, ЕврАзЭҚ және Дүниежүзілік Банк, Еуропа Даму Банкі, Азиялық Даму Банкі және жаңадан құрылған Еуразиялық Даму Банкі, т.б. жобаларға қатысу. Сондықтан, тағы бір мақсаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ету, экономикалық өсуді ынталандыру.
Ғылым мен өндірістің интеграциясы нәтижесінде өндіріс “ғылымданады” және өндірістің тікелей факторына, экономикалық прогресстің мықты қозғалтқышына айналады. Бұл жерде әр түрлі ғылым мен өндірістің даму процесстері тұрақты дамып отыратын бірыңғай жүйеге бірігеді: ғылым-техника-технология-өндіріс.
