- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
- •17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері
- •18. Қ.Р. Стратегиялық дамуының басымдықтары
- •19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні
- •20.Әлеуметтік нормативтер және олардың эмр-дегі рөлі
- •21.Мемлекеттік басқару және реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары
- •22.«Эконмикалық өсу» және «Экономикалық даму» түсініктері
- •23.Экономикалық өсу сапасы
- •24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері
- •25.Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу
- •26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы
- •43.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •45. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу
- •47.Мемлекеттік салықтық реттеу
- •48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
- •49.Қаржы ағындарын реттеу
- •50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
- •53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
- •55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
Экономиканы жоспарлы социалистік ұйымдастыру К. Маркстың теориялық негізделген моделі. Модельдегі мемлекеттің экономикалық іс әрекеттері біріншіден, өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи нысаны, екіншіден, экономикалық жүйеде үстемдік етуші сектор ретінде қарастырылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің негізгі құрал жабдықтарына мемлекеттік меншіктің болуы барлық экономикалық процестерді бір орталықтан реттеудің қажеттігін білдіреді. Не, қанша және қандай сапада өндіру, қандай шикізаттар мен құрал жабдықтар пайдалану керек екендігі туралы барлық ақпараттар орталық органдарда жинақталып қайта өңделеді
Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының марксистік моделінде мемлекеттің экономикалық қызметі өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи формасының мазмұны ретінде қарастырылады және қоғамдық меншік экономикалық жүйедегі бірден-бір үстем сектор болып танылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншік экономикалық процестерді бір орталықтан реттеу қажеттілігін ұйғарады. Аталған жүйенің артықшылығына, теория жүзінде болса да, ресурстарды тұрақты түрде бақылау және басқару арқылы толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу жатады.
Маркстік моделдің басты белгілері
- өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншік;
- өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар, салалар, өңірлер арасындағы пропорциялардың жоспарлы болуы. Қоғамдық болмыс сфераларының барлығы жоспарға бағынады;
өндірілген өнім бағалары бір орталықтан, қатаң түрде белгіленеді, сондықтан сұраныс пен ұсыныс жағдайлары есепке алынбайды;
бәсеке экономикалық күрестің антогонистік формасы ретінде социалистік жарыспен алмастырылады, ал ол болса ешқандай материалдық ынталандыру көздері қарастырылмағандықтан формальді әрекет ретінде қала береді.
Мұндай жағдайларда мемлекет «түгел қамтитын» рөл атқарады. Ол, жоспар арқылы бүкіл экономикалық (және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп отырады да рынокты жаншып, оның құралдарына тек қана формалды, тіпті жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал, жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси механизмдері шаруашылық бастамашылдығын жасанды түрде алмастырады.
Өмірдің өзі көрсеткеніндей мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарын реттеудің марксистік моделі қолда бар шектеулі ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану ісінде толық қабілетсіздігін танытты.
10.Ұлттық эк/ны реттеудің кейнстік моделі. Бұл кезеңде қоғамның материалдық-техникалық базасы түбірлі өзгерістерге ұшырап, капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы күшейді, монополистік бірлестіктер пайда болып, бәсекелестік күрес аса күрделі сипат алды. Бұл кезеңнің басты белгілері:
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізі- негізгі өндіріс ресурстарына ірі монополистік жеке меншіктің болуы, мемлекеттік сектордың қалыптасуы, әсіресе әскери өндіріс салаларында;- еркін бәсекенің жетілмеген бәсекеге өзгеруі. Бәсекелік күрестің нысандары мен әдістерінің түрі өзгеріп, аса қатал бола түсті;- монополия бағаға қатаң бақылау орнатып, өндіріс көлемін реттеді; - әртүрлі елдердің экономикалық дамуында теңсіздік күшейді, бай және кедей елдер арасындағы алшақтық өсті, дамыған мемлекеттердің азғана тобы отарланған елдерді қанады. Сонымен қатар жекеленген елдерде қоғамның жіктелуі одан сайын артып, кедейлер кедейлене, байлар байи түсті; экономиканың циклды дамуының нәтижесінде әрбір 8-10 жыл сайын қайталанып отыратын өсу, құлдырау, дағдарыс және жандану сатылары қалыпты құбылысқа айналды, Мемлекеттік шығыстарды өсіру, инвестициялық, несиелік және салық саясатын қалыптастыру, трансферттерді арттыру, сонымен қатар мемлекеттің басқа да экономикалық және әкімшілік құралдары арқылы жиынтық сұранысты ынталандырудың мемлекеттік іс шаралары қажет. Ал жиынтық сұраныстың артуы объективті түрде жұмыспен қамту деңгейін жоғарылатады және рыноктың аса тиімділікке жетуіне көмектеседі.
Эк/ны реттеудің кейнстік моделіндегі мем/ң қызметі – рыноктық шаруашылықта экономиканы реттеу болып табылады: мемлекеттік шығыстарды өсіру, инвестициялық, несиелік және салық саясатын қалыптастыру, трансферттерді арттыру, сонымен қатар мемлекеттің басқа да экономикалық және әкімшілік құралдары арқылы жиынтық сұранысты ынталандыру болып табылады. ХХ ғасырдың атақты экономисы Дж. М. Кейнс экономикалық процестерге мем/ң белсенді қатысуының қажеттігін негіздеді: эк/ң циклды дамыту сипатын өзгеру, толық жұмыспен қамту,жиынтық сұранысты қолдау, табыстарды қайта бөлу ж/е т.б. Ал жиынтық сұраныстың артуы объективті түрде жұмыспен қамту деңгейін жоғарылатады және рыноктың аса тиімділікке жетуіне көмектеседі. Қоғамның экономикалық өміріндегі мем/ң маңызды рөлі осы жағдаймен түсіндіріледі ж/е мем/т эк/қ процестерді реттеуге белсенді қатысатын рыноктың тең құқықты субъектісі деп танылады.
