- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
- •17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері
- •18. Қ.Р. Стратегиялық дамуының басымдықтары
- •19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні
- •20.Әлеуметтік нормативтер және олардың эмр-дегі рөлі
- •21.Мемлекеттік басқару және реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары
- •22.«Эконмикалық өсу» және «Экономикалық даму» түсініктері
- •23.Экономикалық өсу сапасы
- •24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері
- •25.Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу
- •26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы
- •43.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •45. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу
- •47.Мемлекеттік салықтық реттеу
- •48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
- •49.Қаржы ағындарын реттеу
- •50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
- •53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
- •55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
Мемлекеттік реттеу қүзырына жататын меншік объектілерінің үш түрін бөліп көрсетуге болады:
1) иемдену және пайдалану қүқығындағы меншік иесі ретінде
мемлекетке тиесілі меншік объектілері;
2) мемлекетке жарым-жартылай тиесілі аралас меншік объектілері;
3) мемлекетке тиесілі емес (жеке меншік, кооперативтік, өзіндік) меншік объектілер.
Бірінші топ объектілеріне қатысты мемлекет басқарудың толықтай өкілеттігін атқарады, пайдалану бойынша билікті то-лыққанды жүзеге асырады.
Екінші топқа қатысты мемлекет шектеулі мүмкіндіктермен пайдаланады, жарым-жартылай иелік етеді және мүліктік объектілерді пайдалануды басқа меншік иелерімен қатар жүргізеді.
Мемлекеттік меншік объектілерін реттеуді екі тармаққа бөліп қарастыруға болады:
1) меншік формасы мен қатынастарын өзгерту арқылы реттеу;
2) қолда бар меншіктің меншік формасын өзгертпестен оның қызметін, пайдалану үдерісін реттеу.
Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін және тиімді пайдалануын реттеу іс-қимылдарына мыналар жатады:
— объектілерді мақсатты пайдалану;
— объектілердің үзіліссіз қызметін қамтамасыздандыру;
— объектілерді жалға, концессияға, лизингке беру;
— мемлекеттік мүлікті кепілдікке қою;
— мүлікті сенімді басқаруға беру;
— мемлекеттік объектілерді тегін пайдалануға беру. Мемлекеттік меншікті реттеудің ең маңызды, көлемді, құнды объектілерінің бірі ретіңде жылжымайтын мүлікті атауға болады. Жылжымайтын мүлік — жермен берік байланыстағы эко-номикалық объектілердің, кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің құрамдас бөліктері.
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік реттеу тиісті деңгейдегі өкілетті оргаңдармен жүзеге асырылады және келесі қызметтерден қүралады:
— жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, айырбастау, объектілерді сенімді басқаруға беру;
— мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету;
— жылжымайтьш мүліктің мақсатты пайдаланылуьш кадағалау;
— жылжымайтын мүлікті тиісті, жүмысқа қабілетті жағдайда үстау, объектіні жаңғырту, үтымды қолдану.
52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
жалға беру дегеніміз — мүлік иесінің (жалға беруші) басқа тұлғаларға (жалға алушыға) келісім негізінде жерді, өндіріс құрал-жабдықтарын, мүлікті уақытша пайдалануға беруі.
Мемлекеттік органдар мен жеке фирмалар арасында жалдық қатынастардың орнығуы ғылыми әдебиетте басқаруды жекешелендіру деп аталады. Мұндай жағдайлар мемлекет жекеше фирмаларға өзіне тиесілі кәсіпорындарды басқару қүқығын берген кезде орын алады. Жалға алушылар ауқымы еңбек үжымы шеңберінен кеңірек болады.
Қазақстанда қалыптасқан меншік формалары мен қатынастарын өзгертудің негізгі формасы мемлекеттік және муниципалдық меншікті жекешелендіру болғаны даусыз. Жекешелендірудің негізгі белгілері келесідей:
— мемлекеттік меншік қүқығының жеке түлғаларға (жеке секторға) өтуі немесе мемлекеттік меншіктің жеке меншікке ауысуы;
— мемлекеттік кәсіпорынға мүлікті пайдалану қүқығын беру;
— мемлекеттік кәсіпорынды жеке түлғаларға толықтай сату;
— мемлекеттік кәсіпорын активтерінің бір бөлшегін сату.
Мемлекеттік кәсіпорыңдарды жекешелеңдіру, әдетте өңдіріс тиімділігін арттыруды қамтамасыздандырады, жекешенің экономикалық белсенділігін жандандырады. Кәсіпорындарды жекешелендірудің басқа себебіне мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруден түскен түсімдердің бюджетті қаржыландыруында болса керек. Сонымен бірге мемлекеттік бюджет табыс-сыз кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша шығындардан қүтылады. Жекешелендіру түсімдері мемлекеттік капиталды пайдалырақ салаларға диверсификациялау (капиталды жаңа, тиімді бағыттарда өрістету) мүмкіндігін береді де, бюджет түсімдершің болашақ тұрақты көздерін ашады. Бүдан басқа кәсіпорындарды жекешелендіру және олардың тиімділігін арттыру нәтижесінде салықтық базаны кеңейту мүмкіндігі туындап, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер көлемі арта түседі.
Сонымен кәсіпорындарды жекешелендіру өндіріс тиімділігін арттыру, қаржылық жағдайды сауықтыру, айталық бюджет тап-шылығын қысқарту, қоғамдық секторды қаржыландырудағы мемлекеттік шығындарды төмендету, сондай-ақ антимонополиялық реттеу үшін пайдаланылады.
