- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
- •17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері
- •18. Қ.Р. Стратегиялық дамуының басымдықтары
- •19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні
- •20.Әлеуметтік нормативтер және олардың эмр-дегі рөлі
- •21.Мемлекеттік басқару және реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары
- •22.«Эконмикалық өсу» және «Экономикалық даму» түсініктері
- •23.Экономикалық өсу сапасы
- •24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері
- •25.Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу
- •26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы
- •43.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •45. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу
- •47.Мемлекеттік салықтық реттеу
- •48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
- •49.Қаржы ағындарын реттеу
- •50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
- •53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
- •55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
Қазақстанда рыноктық қатынастарды нығайту және экономикалық реформаларды жемісті жүргізу мәселері жекелеген аймақтардың проблеммаларын шешу бойынша басқару органдарының нақты іс-әрекеттеріне тәуелді. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу аймақтарға унификацияланған тәсілдерді қолдану жарамсыз, аймақтық саясат икемділікті, сонымен бірге бүкіл ел аумағындағы рыноктық қызметтердің жалпы қағидалаының біртұтастығын қалайды.
Аумақтық дамуды реттеудің тетіктеріне бюджеттік және бюджеттік емес қаржыландыру, мемлекеттік, жекеше, шетелдік инвестициялар, аймақтық жеңілдіктер мен дотациялар жатады. Мемлекеттік реттеу республикалық бюджеттен және басқа да көздерден келіп түсетін қаражаттарды қатаң бақылауды қажетсінеді. Аймақтық саясатты мемлекеттік реттеудің объектілеріне көптеген және сапалық жағынан әртүрлі республикалық муниципалдық таксономикалық бірліктер жатады.
Заманауи экономикалық аудан- бұл өзінің өндірістік мамандануы, берік экономикалық байланыстарды болумен бірге ұлттық шаруашылықтық толыққанды аумақтық бөлігі.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық аудандарда аумақтық-өндірістік кешендер сияқты экономикалық және технологиялық өзара байланысты кәсіпорындар жиынтығы қызмет атқарады. Олар әлеуметтік-өндірістік кешендер, еркін экономикалық аймақтар, кластерлік жүйелер т.б. атаулармен белгілі. Бұлар жаңа экономикалық аудандар құрудың перспективалы негізі болып табылады.
Аумақтардың экономикалық дамуын реттеудің қолайлы әдістерін талдап жасау қажеттілігі дер кезнде ұғынылып, тиісті шаралар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Басқарудың аймақтық органдары алдында келесідей міндеттерден тұрады:
-аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасын талдап жасап, жүзеге асыру
-бағдарламалар мен бюджеттік атқару үшін табыс көздерін анықтау
-қаржылық және инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын талдап жасап, қолданысқа енгізу
-аймақ халқының әл-ауқатын жақсатру шараларын талдап жасап, қабылдау
- өндіргіш күштерді ұтымды және пропорционалды орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
Мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары ең алдымен аймақтардағы әлеуметтік- экономикалық үдерістердің басқарылу деңгейін жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Бұл үшін реформаларды жүргізудің тиімділігіне субъектірелердің жауапкершілігін арттыру мақсатында экономикалық және әлеуметтік дамуды реттеу өкілеттілігінің бір бөлігін республикалық деңгейден аймақтық деңгейге беру қажет. Осы мақсатта аумақтардың бюджетін және аймақтық бюджеттен тыс қорлардың көлемін арттыру керек. Орталық пен аймақтардың өкілеттілігін бөлу кезінде жергілікті биліктің атқару механизімін түбегейлі талдап жасап, бірлесе атқарылатын өкілеттіліктерді жүзеге асыру, республикалық және аймақтық деңгейлердегі заң шығарушы және атқарушы биліктердің құқықтарын нақты белгілеу мәселелері ойдағыдай орындалуы тиіс.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің бірінші құрамдас бөлігі әкімшілік және құқықтық болып табылады. Реттеудің аталмыш формасы ағымдағы теңгерімді экономиканы тұрақтандыру, өндіріс құлдырауын тоқтату, экономиканы қаржылық сауықтыру сияқты проблеммаларды шешуге бағытталады.
Аймақтық бағдарламаларды мемлекеттік басқарудың негізгі ауыртпашылығы атқарушы билікке түскенімен, реттеуші функциялардың бір бөлігі бағдарламаны тікелей орындаушыға берілуі тиіс. Бұл үшін келісім негізінде аралас мемлекеттік, жекеше, арнайы, тәуелсіз коспаниялар мен агенттіктердің құрылғаны лазым.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін әкімшілік шешімдерден гөрі экономикалық реттегіштердің маңызы арта түспек. Олардың сипаты жеңілдіктерге емес экономикалық ынталандыруға қарай ойысу қажет.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру өңірлік экономика мен басқару проблемаларына терең ғылыми зерттеу жүргізу базасында ғана мүмкін болары даусыз.
