Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать

49.Қаржы ағындарын реттеу

Қаржылық жүйенің әрекеті оның қүрамдас бөліктерінің өзара іс-қимылдарынан көрініс табады. Қаржыға қатысты жүйенің кызметі қаржылық қатынастар агенттері арасындағы қаржылық ресурстар мен ақшалай қаражаттар ағыны арқылы жүзеге асады. Ақшалай қаражаттардың қаржы жүйесіндегі ауыспалы айналымы адам ағзасындағы қан айналымы тәрізді экономикалық өміршеңдіктің белгісі болып табылады. Қаржы ағындары экономикалық қызмет өнімдерін, бөлу, айырбастау бойынша экономикалық үдерістерге қатысушылар арасыңдағы қатынас-тарды айқындайды.

Қаржы ағындарын мемлекеттік реттеу өзінің түпкі мөні бойынша қаржы ағындары мен ақшалай қаражат жинақтарын басқару болып табылады. Қаржылық байланыстар мен қатынастарда қаржы жүйесінің негізгі бес агенті (қатысушысы) әрекет етеді. Олар: мемлекет, ұйымдар, үй шаруашылығы, ұлттық банк (кейбір елдерде орталық банк) және коммерциялық банктер.

Сыртқы қаржылық, валюталық ағындардың келесідей экономикалық жаратылысын көруге болады:

1) шетелден сатып алынған тауарлардың (импорт) төлемі және шетелге сатылған тауарлардан (экспорт) түсімдер және валюталық түсімдер;

2) шетелден кредиттер алу немесе басқа елдерге кредиттер беру, кредиттерді атқаруға байланысты қаражатты аудару;

3) мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың ақшалай қаражаттарын шетелдік банктерге орналастыру, банктік пайыздар алу;

4) шетелден сатып алынған немесе шетелге сатылған бағалы қағаздар мен мүліктік қүндылықтардың төлемі ретінде ақша-лай қаражатты аудару;

5) ақшалай көмек, қамқорлық түріндегі ақшалай трансферттерді тегін қолдан-қолға өткізу.

Мемлекет өзі иелік ететін және тікелей алушы болып табылатын ақшалай қаражаттардың ғана сыртқы ағындарын толықтай реттейді. Мемлекеттің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің, коммерциялық банктердің, жүртшылықтың дербес бастамаларымен жүзеге асатын сыртқы ақшалай ағындарын реттеу мүмкіндіктері бар.

Қазақстанда көрсетілген ақшалай ағындарды реттеу кедендік шаралар қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық түсімдерінің бір бөлігін ұлттық Банкке сатуға мәжбүрлеу, валютаны шетелге шығаруды шектеу арқылы жүзеге асады.

50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу

Қаржыны реттеу қызметінің дербес тармағы — несиені және несиелік қатынастарды реттеу болып табылады. Несие — бір түлғаның екінші бір тұлғаға уақытша, қайтарымдылық шартымен беретін ақшалай қаражаттары. Несиелік қатынастар дегеніміз — қарызға берумен және қайтарумен ақша есептеулерін ұйымдастырумен, ақша белгілерін және бағалы қағаздарды эмиссиялаумен, сондай-ақ несиені инвестиция көзі ретінде пайдаланумен байланысты ақшалай қатьшастар.

Қаржы-несие операцияларын жүзеге асырушы негізгі агент банктер болып табылады, дегенмен мұндай операцияларды тек қана банктер емес, сонымен қатар басқа да қаржылық-кредиттік институттар жүргізеді және оларға ақша қаражаттарын несиеге пайызбен беретін кез келген ұйымдар жатқызылады.

Қазіргі әлемдік шаруашылықта қолма-қол ақшалай есептеулерді банктер арқылы қолма-қол емес есептеулермен алмастыратын прогрессивті үрдіс үстемдік етеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы — мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды қүралы болып табылады.

Оның атқаратын негізгі функциялары:

1. Әртүрлі деңгейдегі билік органдары бюджеттерінің тапшылығын қаржыландыру. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және оны ашық рынокта сату нәтижесінде үкімет ақша қаражаттарын алып, оларды мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға жүмсайды.

2. Нақты жобаларды қаржылдандыру. Әдетте, нақты жобалар үшін бағалы қағаздарды шығару әдісін муниципалдық (қала-лық, жергілікті) билік органдары қолданады. Мақсатты бағалы қағаздарды рынокқа шығару арқылы олар тұрғындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын қажетті жобаларға тартады.

3. Айналымдағы ақша массасы көлемін реттеу. Бүл функцияны, әдетте, Ұлттық Банк жүзеге асырады. Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы айналымдағы ақша массасын көбейтеді, ал оларды сату, керісінше ақша массасын кемітеді.

4. Қаржы-несие жүйесінің өтімділігін (ликвидность) қолдау. Ұлттық Банктің бұл маңызды функциясы мемлекеттік облигациялар рыногы арқылы жүзеге асады. Өтімділікті үстап түру үшін сыйымды, айналым қорларын «жұтып» қоятын банктердің және активтерді тиімді айналдыратын өтімді рыноктың болуы қажет.

Жазылғаңды жинақтап қорытындыласақ, рыноктық қаты-настар жағдайларында қаржыны мемлекеттік реттеу көпқырлы және көпфункциялы қызмет болып табылады.