- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
- •17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері
- •18. Қ.Р. Стратегиялық дамуының басымдықтары
- •19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні
- •20.Әлеуметтік нормативтер және олардың эмр-дегі рөлі
- •21.Мемлекеттік басқару және реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары
- •22.«Эконмикалық өсу» және «Экономикалық даму» түсініктері
- •23.Экономикалық өсу сапасы
- •24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері
- •25.Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу
- •26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы
- •43.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •45. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу
- •47.Мемлекеттік салықтық реттеу
- •48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
- •49.Қаржы ағындарын реттеу
- •50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
- •53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
- •55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
Меншікті мемлекеттік реттеудің анық әлеуметтік бағдары болуы тиіс. Бұл маңызды ұстаным, меншікті басқарудың негізгі мақсаты — тұрғындардың әлеуметтік сұранысын мүмкіндігінше қанағаттандыру және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу болып табылады.
Меншік объектілерінің қызметін, ағымдағы жағдайын, іс-әрекетін, нәтижелілігін реттеу өзінің белгілері мен касиеттері түрғысынан көпқырлы, көпсипатты болып келеді.
Егер мемлекеттік меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік билік органдарының тікелей және жанама әсер етуі әдістерін қарастыратын болсақ, онда келесі кызметтерді ашып көрсету керек.
Мемлекет өзіне тиесілі акционерлік капиталдың акциялар пакеті түрінде, ортақ меншіктегі мемлекеттік мүліктен үлес түріндегі табыс алуды қадағалайды. Мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуы деңгейі, оны кәсіпкерлікті белсендіру құралы ретінде қолдану, кез келген меншік формасындағы кәсіпорындар өндірісінің жоғарылауы көрсеткіштерінен байқалуы тиіс. Мүның өзі экономиканың орнықтылығын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге қазынаға салықтық түсімдердің неғүрлым көбірек түсуіне көмектеседі.
Мемлекеттік меншік объектілері қызметін пайдаланылуын реттеудің міңдетіне, соңдай-ақ объектілердің сақталуы, жүмыс бабыңда үсталуы, функционалдық қолданылуы жатады.
Меншікті мемлекеттік реттеу үдерістері әлеуметтік міндеттер мен проблемаларға тығыз байланысты. Бүл, бірінші кезекте, табиғи байлықтарды пайдалану, жер қатынастары мен түрғын үй кешендерін басқару мәселелеріне тән. Меншікті реттеудің аймақтық әлеуметтік аспектілері меншіктің әскери объектілері мен ерекше қолданыстағы объектілердің бар болуы және олар-дың да түбегейлі өзгерістер орбитасы шеңберіңде айналуында болса керек. Бұл объектілерді конверсиялау (азаматтық өнімдер шығаруға икемдеу) немесе жою, қызметін тоқтату, жүмыспен қамту, көші-қон, түрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету, қоршаған ортаның ластануы, техногендік мәселелердің туындауы сияқты әлеуметтік проблемаларды асқынтады. Сондықтан мемлекеттік меншік қызметін реттеу функциялары аталмыш мөселелерді де қамтиды.
54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарапынан тікелей және жанама реттеудің басты мақсатты үстанымы басқа елдермен іскерлік ынтымақтастық пен тиімді айырбас негізінде ел үшін пайдалы экономикалық жетістіктерге қол жеткізу болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:
1) импорт арқылы елде жетіспейтін тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу;
2) сыртқы рыноктарды экспортталатын тауарлар мен қызмет түрлерін сату үшін пайдалану;
3) әлемдік интеграциялық экономикалық үдерістерге қатысу;
4) ғылыми-техникалық және ынтымақтастықты дамыту;
5) әлемдік озық тәжірибені үйрену;
6) шетелдік кредиттер, инвестицияларды пайдалану;
7) елдің төлем балансын үстап түру.
Қазақстан Республикасында 1995 жылы қабылданған «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Заң мемлекеттің бүл саладағы реттеуші міндеттерін анықтап берді: ,>
— сыртқы сауда байланыстарының концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын қалыптастыруда елдің сыртқы сауда саясаты принциптеріне сәйкес құру;
— мемлекеттің, оның субъектілерінің экономикалық егемендігі мен мүдделерін қорғау, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
— сыртқы сауда қызметін қүрайтын үдерістер жиынтығын мемлекеттік реттеу;
— экспортталатын және импортталатын тауарларды сертификациялау, қауіпсіздік және зиянсыздық критерийлерін орнықтыру;
— қару-жарақты, қауіпті материалдар мен заттарды, қымбат бағалы металдар мен тастарды әкелу мен әкетудің тәртібін анықтау;
— елдің төлем балансын талдап жасау;
— шетелдік мемлекеттерге мемлекеттік кредиттер беру және экономикалық көмек көрсету;
— шетелдік кредиттерді тарту;
— мемлекеттің сыртқы қарызын басқару;
— сыртқыэкономикалық келісімдер жасау.
Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің қыруар міңдеттері мемлекеттік басқару органдарынан өздеріне тиісті функцияларьш өз дәрежесінде атқаруды талап етеді.
