Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать

11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы

негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі "Эко­номика ғылымының қағидалары" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторларының саны өскен сайын, оның өнімділігі кемиді. Сөйтіп, XIX—XX ғасырларда экономика ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.Неокл/қ мектеп өкілдерінің көзқарастары б/ша рын/қ эканомика өзін-өзі реттеуші, дамытушы механизм болғандықтан, эк/қ процестерге мем/ң араласу қажеттілігін терістеді, ал ақша ЖҰӨ, табыс, инвестиция, баға ж/е т.б. секілді көрсеткіштерді тек ғана номиналдық сипаттау үшін қажет деп б.т. Олардың динамикасы мен нақты деңгейіне ақша ықпал ете алмайды, өйт. ұлттық өнді/ң нақты көлемі эк/ғы тек ішкі баға деңгейіне ғана әсер ете алады. Бұл ұстаным И. Фишердің ақша теориясында ерекше орын алады, ол ақшаның номиналды санының үйлесімді өзгерісі бағаның абсолютті деңгейінің үйлесімді өзгерісін туындататынын дәлелдеді. 1929-1933 жж Ұлы дағдарыс бұл мектептің көптеген көзқарастарын теріске шығарды, оның ішінде рын/қ эк/да дағдарыс пен мәжбүрлі жұмыссыздықтың мүмкін еместігі т/ы пікірді. Бұл ақшаның сандық теориясының дағларыспен б/ы мәселелерді шешуге қабілетсіз екендігін білдіреді. Сонд/н эк/ны реттейтін мем/ң іс-шараларын, оның ішінде ақшалай реттегіштерді пайд/у қажет болды..Неоклассикалық теорияның классикалық теориядан айырмашылығы – ол біртұтас концепция емес. Дегенмен, кейбір жалпы принциптері классикалық теория принциптерімен үндес болып келеді. Бұл теория бірнеше мектептердің өкілдерін біріктіреді. Неоклассикалық бағыт ағылшын, австриялық, американдық ғалым-экономистердің еңбектерінде көрініс тапты. Аталған бағыттағы толық және құнды мағлұматтарды ағылшын экономисі А. Маршаллдың (Кембридж мектебі) еңбектерінен табуға болады.

Неоклассиктер еркін бәсеке және рыноктық механизм жағдайларындағы шаруашылық жүргізу заңдылықтарын қалыптастырды және бұл жүйенің экономикалық тепе-теңдік принциптерін анықтады. Мұндағы басты идея рынокта жүріп жатқан үдерістерді анықтайтын сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады. Айталық, А.Маршалл өндірістік шығындар теориясы мен шекті пайдалылық туралы австриялық мектептің ұстанымдарын негізге ала отырып тепе-теңдікті баға концепциясын талдап жасады. Неоклассикалық теория бойынша бәсеке жағдайындағы бағалардың автоматты қозғалысы ұсыныс пен сұраныс және өндіріс пен тұтыну араларындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан, мемлекеттің қандай болмасын бағаны реттеуі тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Осылайша неоклассикалық теория мемлекеттің экономикалық болмысқа араласпауы принципін жариялайды.

12.Макрореттеудің монетарлық теориясы

Макрореттеудің монетарлық теориясы неоклассикалық теорияның бір тармағы болып есептеледі және белгілі бір дәрежеде кейнстік теорияға балама ретінде қарастырылады. Монетаристік бағыттың лидері Чикаго мектебін қалыптастырған американдық экономист – М. Фридмен. Бұл теорияның негізгі ұстанымы: рыноктық жүйе өзін-өзі реттеуге қабілетті, ол өзін-өзі тепе-теңдік жағдайында ұстай алады, оның беріктік деңгейі жоғары, сондықтан реттеуді қажетсінбейді. Олардың пікірінше ешқандай үкімет рыноктан ақылды емес. Мемлекет, дейді олар, ақша секторын нақты секторға қатысты «бейтараптандыруы» қажет. Нәтижесінде қажетті ақша санымен қамтамасыз етілген рынокқа қолайлы қызмет жағдайы жасалады. Сонымен, монетаристер жұмыспен қамту және экономиканы тұрақтандыру үшін ақша-кредит әдістерін қолдануды жақтайды. Олардың пайымдауынша ақша экономиканың дамуын анықтайтын басты құрал болып табылады және басты назар инфляцияға қарсы күреске аударылуы тиіс.

Макроэк/қ дамуда ақшаның рөлі туралы 3 теориялық тәсіл бар:1) Неокл/қ мектеп өкілдерінің көзқарастары б/ша рын/қ эк7 өзін-өзі реттеуші, дамытушы механизм болғандықтан, эк/қ процестерге мем/ң араласу қажеттілігін терістеді, ал ақша ЖҰӨ, табыс, инвестиция, баға ж/е т.б. секілді көрсеткіштерді тек ғана номиналдық сипаттау үшін қажет деп б.т. Олардың динамикасы мен нақты деңгейіне ақша ықпал ете алмайды, өйт. ұлттық өнді/ң нақты көлемі эк/ғы тек ішкі баға деңгейіне ғана әсер ете алады. Бұл ұстаным И. Фишердің ақша теориясында ерекше орын алады, ол ақшаның номиналды санының үйлесімді өзгерісі бағаның абсолютті деңгейінің үйлесімді өзгерісін туындататынын дәлелдеді

2)Кейнстік тәсіл. 1936 ж белгілі экономист Дж.М.Кейнстің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабының жарық көруімен б/ы жалпы макроэк/қ саясатқа, оның ішінде ақша саясатына деген көзқарастарда үлкен төңкеріс болды. Дж.Кейнстің пік/ше эк/ғы жиынтық сұранысты өзгерту ү/н ақша-несие ж/е бюджет-салық саясатының әдістерін пайдалана отырып, мем. эк/ң белсенділігін реттеуі қажет.Кейнс ақшаға сұранысты 2 шаманың қызметі ретінде қарастырады: Номиналдық ұлттық табыс ж/е пайыз қойылым, өйт. ақшаға сұраныс 2 элементтен тұрады:1)трансакциялық с/с н/е мәміле жасау ү/н ақшаға с/с; 2)алыпсатарлық с/с-бағалы қағаздарды сату-сатып алумен б/ы. Ақша-несиелік реттеу әдістерін пайдалана отырып, мем. пайыз қойылымына, сол арқ. инвестиция мөлшеріне әсер ете алады.

3)Эк/қ теорияда монетаристер ретінде белгілі м.Фридмен мен оның ізбасарлары қазіргі ақшаның сандық теориясын дайындады. Бұл теорияның басты пастулаттары б.т: рын/қ жүйе өзін-өзі реттеу арқ. автоматты түрде тепе-теңдікке жетуге қабілетті. “Бірде-бір үкімет рыноктан ақылды бола алмайды”. Сонд. Эк/ға мем/ң араласуын шектеу қажет. Себ: а) мем/ң араласуы тепе-теңдікті қалыптастыруға ұмтылған рын/ң ішкі реттегіштеріне тосқауыл болады;б) мем/ң араласу қысқа мерзімді болашаққа бағдарланған, ал туындаған мәселелерді шешу ү/н ұзақ уақыт қажет, ол тек қана рынок арқ. мүмкін; в) мем. сұранысты қалыптастырып, оны басқара алуы мүмкін (мемлекеттік шығыстар, салықтар, қарыздар арқ.), бірақ тауар ұсынысын арттыра алмайды.