
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
- •17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері
- •18. Қ.Р. Стратегиялық дамуының басымдықтары
- •19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні
- •20.Әлеуметтік нормативтер және олардың эмр-дегі рөлі
- •21.Мемлекеттік басқару және реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары
- •22.«Эконмикалық өсу» және «Экономикалық даму» түсініктері
- •23.Экономикалық өсу сапасы
- •24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері
- •25.Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу
- •26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы
- •43.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •45. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу
- •47.Мемлекеттік салықтық реттеу
- •48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
- •49.Қаржы ағындарын реттеу
- •50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
- •53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
- •55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
Тарихи тұрғыдан мемлекеттің рыноктық экономикадағы рөлі туралы алғашқы концепциясы капитализм саяси экономиясы классиктерінің концепциясы болып табылады. Классикалық теория XVII- ғасырда дүниеге келді және ол өзінің ортасына экономикалық ғылымның көптеген өкілдерін шоғырландырады. Олардың ішіндегі ең көрнектілері шотландық экономист және философ А.Смит және ағылшын экономисі Д. Рикардо. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы ілімнің дамуына А. Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) еңбегі зор үлес қосты.
Бұл концепция бойынша рыноктық күштердің еркін әрекеті тепе-теңдікті механизм жасап шығарады. Классиктер рыноктық экономикадағы мемлекет рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, меншігін қорғауы тиіс және рынокқа қатысушылар арасында туындайтын дауларға төрелік айтуы қажет. Басқаша айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді атқаруы тиіс. Экономикалық мәні бойынша бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеп, өзін-өзі ұйымдастырып отыруға хал-ахуалы әбден жететіндігін дәлелдеу болатын. Өндіріс тұтынуды арттыру үшін ұйымдастырылады, ал тұтынудың өсуі өндірісті ынталандырады деді классиктер.
Бұл себепті – салдарлы өзара байланысты жүзеге асыру билік құрылымдарының тауар өндірушілердің шаруашылық қызметіне араласуынсыз-ақ мүмкін болады. А. Смиттің пікірі бойынша өндірушілердің жеке экономикалық мүдделеріне ұмтылысы және рыноктағы бәсекелестік жағдайы рыноктық экономика дамуының басты механизмі болып табылады, және мұның өзі әрбір тауар өндірушінің және бүкіл қоғамның байлығын арттыруға әкеледі. Рынокқа қатысушылардың жиынтық әрекеті тепе-теңдік бағаларды орнықтырады және әрбір сатып алушы осы бағаларға бағынады, ал бағалардың өздері болса жекелеген адамдардың жиынтық әсері шеңберінен шыға алмайды. Экономиканың осындай табиғи қызметін А. Смит «рыноктың көрінбейтін қолы» принципі деп атады.
Капитализм дамуының ерте сатыларында мемлекеттің экономикаға араласуы негізінен екі қызметпен шектеледі деген пайымдаулар басымдық танытты. Олар: жеке меншік құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау және экономикалық таңдау еркіндігін қауіпсіздендіру. Мемлекеттің экономикалық рөлі аталған бастапқы құқықтарды жүзеге асыру болып табылады
Классикалық мектептің тағы бір өкілі Жан Батист Сэй өзін-өзі реттеу механизмін көрсету үшін келесі идеяны алға тартты. Тауар және қызмет көрсетулер өндірісі үдерісінің өзі өндірілген тауарлар құнына тең табыс жасайды. Бұл өндірістің өзі жасалған игіліктер мен қызмет көрсетулерді сатып алуға қажетті табысты автоматты түрде қамтамасыз етеді деген сөз. «Ұсыныс өзіне сәйкес сұранысты туындатады» дейтін Сэй заңы мәртебесін алған тұжырымның мәні осындай.
Классикалық мектептің тағы бір өкілі Д.С. Милль өзінің еңбектерінде «laisser-fire» жалпы практикалық принцип болуы тиіс және одан кез-келген ауытқу, ақылдан озған бірдеңе болмаса, зиянның нағыз өзі болып табылады» деп жазған еді.