Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать

14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері

Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері келесідей:

  • Экономиканы мемлекеттік реттеу өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында – экономиканы ырықтандыру (либерализациялау) бағытындағы шараларды жүзеге асыру; екінші кезеңі – экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар жүйесін жүзеге асыру және қорытынды кезеңі – тиімділікті арттырып, тұрақты өсуді қамтамасыз ету.

  • Экономиканы мемлекеттік реттеу мүдделердің тепе-теңдігіне жеткізуі тиіс, яғни бір жағынан ол экономикалық реформалардың тиімді барысын, қамтамасыз етуі тиіс, екінші жағынан табыстар мен ресурстарды әділ бөлуге қол жеткізуі қажет.

  • Рыноктық еркіндікті сақтай отырып табиғи, адам, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы бюджет түсімдерін көбейтуге, құрылымдық өзгерістерге, жалпы ұлттық экономиканың дамуына жол ашуы керек.

  • Реттеу арқылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, салалық, өңірлік, сондай-ақ мақсатты бағдарламаларды жасау, инвестициялық жобаларды, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдарды түзу жұмыстары атқарылуы тиіс.

  • Мемлекеттік реттеу негізінде өңірлердің қаржылық дербестігін, олардың даму деңгейлерінің біркелкілігін және табиғи-экономикалық жағдайы төмен аймақтарды жан-жақты қолдау жүзеге асырылуы қажет.

ЭМР-дің негізгі міндеттері:

1.Құқықтық негізді құру- мемлекет әрдайым құқықтық-экономикалық ұйымдастыру мәселелерін алға қойып отырады, оның себебі құқықтық негізсіз экономика және жалпы қоғам дұрыс дами алмайды.

2.Елдегі құқықтық ережелерді және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекет әрбір азаматтың, жалпы қоғамның және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің құқығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті

.3.Экономиканың тұрақтануы- экономиканың тұрақты түрде тұрақты түрде дамуы деп түсіндіріледі, яғни негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер оптималды деңгейге жетіп, тұрақтанған жағдайды айтамыз. Оған жататындар- ЖҰӨ-нің көлемі және ҰТ, инфляция мен жұмыссыздықтың деңгейі, бюджет дефициті мен профициті.

4.Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қалыптастыру. Мемлекет барлық қызметкерлерге, жұмысшыларға орта деңгейлік жалақы, зейнетақы, жұмыссыздарға берілетін минималды мөлшердегі қаражаттар, сонымен бірге әлеуметтік саясатқа қатысты бағдарламалар арқылы берілетін жеңңілдіктер беруге міндетті.

5.Бәсекелестікті қорғау – нарықтық экономикада бәсеклестік негізгі реттеуші механизмдердің бірі болып табылады.Ол өндірушілерді тауар мен қызмет көрсетуге жаңа технологияларды өндіруге, өнім сапасын арттыра отырып, өндірістің шіғындарын төмендетуге міндеттейтін экономиканың барлық сфераларындағы негізгі прогресс болып табылады, сондықтан мемлекет өзінің мүддесі үшін бәсекелестікті қорғауға міндетті.

Шаруашылық заңдарды құрастыру, қабылдау және дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау. Бұл өз кезегінде кәсіпкерліктің, салық салымының, банктік жүйенің құқықтық негізі болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті – мемлекет мүддесін сақтау, тұтас алғанда қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын әлеуметтік жағынан қорғау. Мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақты тәрбиелеу, табиғатты, қоршаған ортаның ластанып құрып кетуінен сақтау үшін де қажет.Мемлекет өзін басқарушы ретінде тұтынуға бейімділікке ықпал ету – салық жүйелері арқылы процент нормасын бекіту және мүмкін басқа тәсілдері арқылы жүргізуге тиіс.