Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать
  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз - экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге автоматты түрде өздігінен шешілмейтін немесе болашақта шешімін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу, экономиканың қалыпты жұмыс жасауына, дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік экономиканың өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне жататындар:

1. Экономикалық цикл.

2. Секторлық, салалық және аймақтық экономиканың құрылымы.

3. Капиталдың қорға айналуы.

4. Жұмыспен қамту.

5. Ақша айналымы.

6. Төлем баланысы.

7. Баға.

8. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс.

9. Бәсекелестік жағдай.

10. Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру.

11. Мамндарды даярлау және қайта даярлау.

12. Қоршаған орта.

13. Сыртқы экономикалық байланыстар.

Бұл айтылып отырған объектілер әлеуметтік-экономикалық дамуда макроэкономикалық және микроэкономикалық қатынастарды қамтиды.

Олардың негізгілерін атап көрсетейік:

  1. Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады.

  2. Экономикалық өсу – ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар (жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру.

  3. Өндіргіш күштерді орналастыру. Аумақтық-шаруашылық үдерістерді реттеудің маңызды құралына өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары жатады.

  4. Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану үшін экономикалық дамудың ресурс сақтаушы типіне көшу қажеттілігі туындайды.

Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс-әрекеті бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық процестер жатады.

Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып табылады.

Қ.Р. жағдайында бұл: қос палаталы Парламент, Үкімет, Қазақстан Республикасы Президенті, Қ.Р. Конституциялық Кеңесі. Мемлекеттік реттеу субъектілеріне, сондай-ақ биліктің өңірлік органдары да жатады.

Аралас экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің функциялары мен объектілерінің өзгерістерге ұшырауы жаңа субъектілердің туындауымен қатар жүреді. Қазіргі кезде дамыған елдердің ақпараттық қоғамға өтуіне байланысты ұлттық мемлекеттерден тәуелсіз, дербес трансұлттық капитал оқшауланып мемлекеттік реттеуде маңызды рөл атқара бастады. Трансұлттық корпорациялар әлемдік өнеркәсіп өнімдерінің жартысына дейінгісін өз бақылауында ұстайды. Егер заманауи трансұлттық компаниялардың көлеміне сәйкес айтатын болсақ, онда әлемдік экономиканың бір бөлігі еркін рынок жағдайында қызмет атқаратын болса, екінші жартысы өзіндік сипаты бар трансұлттық корпорациялар стратегиясының аясында әрекет етеді деп айтуға әбден болады.

Реттеу субъектілері қатарынан Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы т.с.с. орын алады. Аталмыш ұйымдар займдар мен кредиттерді бере отырып өздеріне қолайлы шарттарды таңдау арқылы мемлекеттерге экономикалық, саяси ықпал жүргізеді.

Мемлекеттік реттеудің ұлттан тыс маңызды субъектісіне ортақ мақсат біріктірген ұлттық мемлекеттер қауымдастығы жатады. Олар өздерінің іс-әрекетінде реттеудің жалпыға бірдей, ортақ механизмдерін қолданады. Жалпы, экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін екі жақты бағалауға болады. Бір жағынан мемлекетті ұлттық мүдделерді білдіруші, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуші, рынок субъектілерінің қызметін үйлестіруді міндеттейтін заңдық актілерді қабылдаушы тұрғысынан бағалайтын болсақ; екінші жағынан – ірі меншік иесі, рынок субъектісі тұрғысынан бағалау орынды деп санауға болады.