Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать

55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері

Нақты тәжірибеде сыртқыэкономикалық қызметті реттеуде мемлекет екі бағытты үйлестіре қолданып, қай-қайсысына басымдықты ел экономикасы жағдайына сөйкес, оның бәсекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, ішкі және сыртқы рыноктардағы багалар арақатынасын сараптау негізінде береді.

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу үдерісінде мемлекеттер реттеудің формалды, кейбір жағдайларда формалды емес институттарына сүйенеді.

Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің қққықтық институттары ретінде мемлекет халықаралық және елішілік ережелерді, үнқатысуларды, нормаларды, кодекстерді, заңдарды және басқа да құқықтық актілерді пайдаланады.

Меншік институттар қызметін мемлекет мүлікті сату, сатып алу үдерісінің басқа мемлекеттермен байланыс кезінде үлттық байлық элементтерін шетелдіктерге жалға, концессияға бергенде немесе шетелдік мүлікті жалға, лизингке (құрал-жабдықтардың төлемін төлеу мерзімін үзартып сатып алу) алғанда пайдаланады.

Мемлекет басқа елдермен экономикалық қатынастарда халықаралық және ұлттық банктер, ақша және бағалы қағаздар рыногы, әлемдік бағалар сияқты қаржылық және қаржы кредиттік институттарды пайдаланады.

Сыртқыэкономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеуде келісімдер, сауда келісімшарттары түріндегі үнқатысулардың мол жиынтығы едәуір рөл атқарады.

Сыртқыэкономикалық қызметін реттеу қүралдары кешені де бірқатар. Олардың ішіңде бірінші кезекте мемлекет енгізетін тарифтік және бейтарифтік шектеулерді атау қажет.

Кедендік тариф — елге әкелінетін және елден әкетілетін кейбір тауарларға үкімет салатын баждар тізімі. Кедендік тарифтер арқылы мемлекет тауарлардың әкелінуі мен әкетілуін оңайлатып немесе қиындатып экспорт пен импортқа әсер етеді.

Кедендік баждар — мемлекет шекарасы арқылы тауарларды, мүліктерді, қүндылықтарды өткізгені үшін алынатын салықтар. Алыну объектісі бойынша экспорттық, импорттық және транзиттік (ел аумағы арқылы тасымал) баждарды ажыратады. Алу әдісі бойынша олар адвалорлық (тауар бағасынан), арнайы (салмағынан, көлемінен, тауар санынан) және аралас болып бөлінеді.

Баждар тауар бағасын арттырады, сөйтіп тауар жеткізілетін рыноктағы оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Егер мемлекет басқа елдің тауары бәсекелік күресте отандық ұқсас та-уарды тықсырмасын десе ондай тауарды елге әкелу баждарын жоғарылатады.

56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру

Мемлекет сыртқыэкономикалық қызметті реттеу үдерісінде елде өндірілетін тауарлардың экспортын қолдауға ерекше мән береді, өйткені валюталық түсімдер, тапшылықсыз сауда ба-лансы, отандық тауар өндірушілердің өнімін рыноктық өткізу мүмкіндіктерін кеңейту экспорт арқылы жүзеге асады. Мемлекеттің экспортты колдау және ынталандыру шаралары келесідей:

— кредиттеу және субсидиялау;

— экспортты сақтандыру;

— салықтық жеңілдіктер, соның ішінде өндірілген өнімді экс-порттаушы өндірушілерден альшған кейбір салықтарды қайтару;

— экспортты жеңілдететін инфрақүрылымды жасау;

— экспорттық мүмкіндіктерді іздестіруде ақпараттық көмек көрсету.

Мемлекет экспортты дамыту мен кеңейтуге өте мүдделі болған кезде оны тікелей субсидиялайды. Бүл әсіресе өндіруші-экспорттаушылар өнімінің өзіндік күны әлемдік рынок бағасынан артып кеткен жағдайда іске қосылады. Сөйтіп, мемлекет экспорттаушыларды шығынданудан қүтқарады.

Экспортты осылайша тікелей субсидиялау негізінен халықаралық сауданың белгілі бір секторларында жүзеге асады. Ол, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік тауар-ларды өткізуді ынталандыру үшін қолданылады. Себебі олардың өңдірісі ірі қаржы ресурстарын шығындауды талап етеді.

Экспортты жеделдету мақсатында қолданылатын кредиттік қаражаттар негізінен екі формада жүзеге асады: экспорттық кредиттерді қолайлы шарттармен беру және экспорттық операцияларды сақтандыру.

Мемлекеттің ұзақ және қысқа мерзімді кредиттер берудегі белсенділігі қаражатты үзақ уақыт бойына салымдау және едәуір тәуекелдікпен байланысты болғандықтан осылайша қаржыландыруға коммерциялық банктер аса мүдделі емес.

Экспортты сактандырудың мемлекеттік жүйесін кеңейту негізінде саяси жөне экономикалық түрақсыздық жатыр. Бүл жүйе белгілі бір шамада компанияларды сатып алушылардъщ толем қабілетсіздігіне, бағалардың инфляциялық осуіне байланысты тәуекелдерден сақтандырады. Экспортты мемлекеттік сақтандырудың міндеті тауарларды сыртқа шығаруды мейлінше қауіпсіздендіру және арзандату болса, онда компаниялардың сыртқыэкономикалық қызметін барынша мүдделендіру сақтандырудың басты мақсаты болып табылады.