
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
- •17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері
- •18. Қ.Р. Стратегиялық дамуының басымдықтары
- •19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні
- •20.Әлеуметтік нормативтер және олардың эмр-дегі рөлі
- •21.Мемлекеттік басқару және реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары
- •22.«Эконмикалық өсу» және «Экономикалық даму» түсініктері
- •23.Экономикалық өсу сапасы
- •24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері
- •25.Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу
- •26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы
- •43.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •45. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу
- •47.Мемлекеттік салықтық реттеу
- •48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
- •49.Қаржы ағындарын реттеу
- •50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
- •53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
- •55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
47.Мемлекеттік салықтық реттеу
Салықтык саясатты қалыптастыру және жүргізу әрқашанда әлеуметтік-экономикалық сфераны мемлекеттік реттеудің негізгі әдістерінің бірі болып саналады. Салықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттерінің әртүрлі кезеңдердегі өзгерістеріне сәйкес салықтық саясаттың бағыты мен нәтижесі де өзгерістерге ұшырайды, дегенмен, салықтық жүйенің функциялары және оның мәні өзгеріссіз қала береді. Салықтық реттеу әдістерінің мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану үшін салықтық қүралдар көмегімен фискалдық міндеттерді, сондай-ақ экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуде ұтымды байланыстыру қажет.
Рыноктык экономикасы бар дамыған елдерде салық жүйелерін құру және қызметінің тәжірибесі салық жүйесінің мемлекеттік реттеу әдістерінің ішіндегі орны мен рөлін анықтайтын екі келіс ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бірінші келіс, Дж.М. Кейнстің мемлекеттік реттеу концепциясына (тұжырымдамасына) негізделген және екінші келіс неоклассикалық по-стулаттарға (дәлелсіз ақиқат) сүйенеді.
Салықтық қойылымдардың жоғарылауы өндірушілердің қарсылығына тап болса, төмендеуі өндірістің жедел өсуіне әкеледі деген түжырым да дәлелдеуді кажетсінеді. Салық ауыртпалығына жауап ретінде салық төлеушілер табысты, мүлікті жасыру, сөйтіп салықты толықтай төлемеу жолдарын іздестіреді. Нәтижесінде нақты салықтық қойылымдар өзін-өзі реттеу арқылы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы үнсіз келісімпаздық (компромисс) негізінде де өз шамасын тауып жатады. Ақиқатын айту керек, 2000-жылдары қазақстандық заң шығарушылар салықтық ауыртпальгқты жүмсартып, жеңілдетуге бағыт алды.
Салықтьгң жаңа түрлерін енгізу, салықтық қойылымдарды жоғарылату салдарының әртүрлі боларын да ескерген абзал.
Мемлекеттік салықтық реттеу өзінің мақсатын тек салықтық жүктеменің оңтайлы мөлшерін іздестіруден ғана емес, сонымен бірге бюджетті ағымдағы толықтыру мүдделерін қорғай отырып, перспективалық мүдделерге де түрақты назар аударғаны жөн.
Тауарлардың экспорты мен импортынан салықтардың қойылымын өзгерту арқылы, кедендік бажды алу тәртібін жетілдіру негізінде мемлекет сыртқы сауда айналымын реттейді, протек-циялық (қамқорлық) саясат жүргізу арқылы отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғайды.
Мемлекеттің тарапынан салықтық реттеу инвестициялық белсенділікті арттыруға қызмет етеді, қолайлы салықтық ахуал жасау жолымен техникалық-технологиялық инновацияларды пайдалануға мүмкіндіктер табады.
48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
«Қаржы» түсінігі іргелі, жинақтаушы, алуан түрлі мәнді экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаражаттың жинақталуын, бөлінуін, пайдаланылуын, сондай-ақ заңды және жеке түлғалардың табыстары, шығындары, жинақтары қалыптасуы барысында туындайтын ақшалай қатынастарды сипаттайды. Оған қоса қаржы — экономика мен қоғамның трансформациясы, дамуы бойынша белгілі бір өзгерістерге үшырайтын тарихи категория.
Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтардан, кедендік баждардан, арнайы төлемдерден, мемлекеттік мүлікті сатудан, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден, алтын қорын сатудан түскен қаражаттан, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарып, сатудан, сыртқы және ішкі қарыз алулардан, резервтік және сақтандыру қорларынан қүралады.
Мемлекеттік қаржы ресурстары мемлекеттік инвестициялауға, мемлекеттік аппаратты үстауға, мемлекеттік тапсырыстарды төлеуге, мемлекеттік үйымдар мен мекемелерді бюджеттік қаржыландыруға, ішкі, сыртқы қарыздарды өтеуге, мемлекеттік дотация, субсидия, субвенцияларға, халықаралық ұйымдар үшін жарналарға, шетелдік мемлекеттерге көмекке жұмсалады.
Елдің қаржылық жүйесі — бүл қаржы қызметі мен оны жүзеге асырушы қаржы институттары мен қүралдарын қоса есептегеңдегі өзара байланысты және өзара әрекеттегі бөлімдер, буындар, элементтер жиынтығы. Әртүрлі елдердің қаржылық жүйесінің қүрылымы, функциялары, элементтерінің өзара байланысы белгілі бір ерекшеліктермен сипатталады және мемлекеттің экономикалық, саяси қүрылысына тәуелді болып келеді. Әртүрлі елдер экономикасының интеграциясы, әлемдік шаруашылық байланыстарының дамуы әлемдік қаржы жүйесін қалыптастырады.
Қаржылық жүйе қолма-қол ақша, есепшоттағы ақша, бағалы қағаздар сияқты ақша агрегаттарының барлығын біріктіретін алуан сипатты қаржылық қүралдармен, ақшалай қаражаттармен операциялар атқарады.
Қаржылық жүйеге қатысушыларға Қаржы министрлігі, қазынашылық, Ұлттық Банк, салық инспекциясы, қаржы полициясы, коммерциялық банктер, қор және валюта биржалары, қар-жылық-кредиттік мекемелер жатады.
Қаржылық жүйемен кредиттік жүйе тығыз өзара ерекетте болады. Дегенмен, кредиттік жүйенің қаржылық жүйеден айырмашылығы, ол тек қана қайтарымды ақшалай қаражаттармен операциялар жүргізеді.
Қаржылық жүйе, оны құрайтын субъектілері, қүрамы және функцияларымен ғана сипатталмайды, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысымен де ерекшеленеді. Қаржылық жүйенің тікелей және кері қаржылық ағындар түріндегі дамыған сырт-қы байланыстары да болады.