Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать

27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары

Орта мерзімді кезеңде э/қ саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу үшін салық-бюджет,ақша-несие құралдарын тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізуге мынадай міндеттерді шешу: -бюджеттік заңнаманы жүйелендіру; -мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру; -жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту; -перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарылату; -көлеңкелі экономиканың үлесін азайту; -Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру; -жүргізіліп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет тапшылығының және үкіметтік борыштың оңтайлы өлшемдерін айқындау; -үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту ықпал ететін болады.

42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру нәтижесі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективті халықтың өмірлік жағдайын реттеу қажеттілігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен, макроэкономикалық үрдістердің сандық және сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан реттеліп отыруымен де түсіндіріледі. Себебі, қазіргі таңда еліміздің экономикалық, саяси, демографиялық, әлеуметтік дамуының басты шешуші факторы адам, яғни ел азаматы танылады. Сонымен қатар ол адамдардың белгілі тобы еңбекке тағы басқа жарамсыз болуымен түсіндіріледі.

Елбасымыз айтқандай еліміздің дамуының көзі – бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауымен сипатталады. Сондықтан кейбір адамдар әлеуметтік қорғауды қажет етеді. Яғни, мемлекет, кәсіпорындар және тағы басқа субъектілер арнаулы шараларды қолдануды талап етеді. Бұл жөнінде олар бағдарламаларды стратегиялық жоспарларды әзірлеп, тиісті жұмыс жүргізуге араласу қажет.

Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

 тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;

 негізгі әлеуметтік қателардің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

 халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;

 азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.