Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать

42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.

Мемелекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі- ол халықты әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады. Оның мәнісі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірінші кезектегі басымдық ретіндегі міндеті табысы төмен, қамсыздануы кемшін, әлеуметтік жағынан әлжуаз тұрғындардың проблемаларын шешуге болса керек. Әлеуметтік реттеудің басты мақсаты әлеуметтік дағдарыстың теңсіздіктің алдын алу. Елдің экономикалық жағдайы ауырлаған сайын халықты әлеуметтік қорғауға үндеулер көбейе түседі. Өндіріс өспей, ішкі жалпы өнім төмендеп мемлекеттің экономикалық жағдайы қиындай түскенде халықты әлеуметтік қорғауға қосымша қаражат бөлу қиын, тіпті мүмкін болмай қалады. Үкімет те, жұртшылық та барынша халықты түгелдей мемлекеттік әлеуметтік қорғау мүмкін болмайтындығына түсңнңстңкпен қарауы тиіс. Мұндағы дұрысы мен шынайысы халықтың ең мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдау туралы болса керек. Тұрғындардың аталмыш категорияларын әлеуметтік әлжуз топтар деп атайды.

Жасқа, мүгедектікке, шектеулі еңбек жарамдылығына байланысты заңнама негізінде ұзақ мерзімді немесе тұрақты түрде көмекке құқығы бар тұрғындар категориясына әлеуметтік камсыздандыру мемлекет қаржылық қоладу тағайындайды.

Мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражатынан зейнетақыдан басқа халықтың мұқтаж категорияларына әртүрлі жәрдемақылар мен төлемдер беріледі. Олар тұрақты, ұзақ мерзімді және уақытша, сондай-ақ бір реттік сипатта болуы мүмкін. Жәрдемақы негізінен балаларды, аура адамдарды, қарттарды қолдау үшін тағайындалады.

Мемлекет жұмыссыздарға едәуір көмек қолын созады. Ең алдымен ол ресми тіркелген жұмыссыздарға мемлекеттік жәрдемақы түрінде жүзеге асады. Жұмыстан айрылып қалғандар үшін мұндай жәрдемақы алғашқы айларда соңғы жалақысы көлеміне жақын сомада төленеді. Кейінгі айларда жәрдемақы деңгейі төмендейді.Мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік үдерістері реттеу объектілерінің бірі табиғатты, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

15.ЭМР-дің ДИРЕКТИВТІК формасы

Жоспарлау әлеуметтік-экономикалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыда бөлініп көрсетіледі. Әлеуметтік- экономикалық жағы объективті экономикалық заңдарды тануға негізделеді және ұлғаймалы ұдайы өндірістің, яғни жоспарлау объектісінің әлеуметтік және экономикалық процестерін білдіреді. Әдістемелік жағы жоспарлаудың әдістері мен қағидаларының жиынтығын, яғни, әлеуметтік- экономикалық процестерді тану мен белсенді әсер ету құралдарын бейнелейді. Мазмұны мен көріну нысандары бойынша жоспарлаудың директивті, индикативті және стратегиялық түрлері бар.Директивті жоспарлау заңдық күші бар жоспарларды дайындау процесі мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін іс шаралар кешенін білдіреді. Директивті жоспар орындалуы міндетті, адрестік сипатта болады және оның орындалуы бойынша жауапкершілік жүктеледі.Директивтік жоспарлау кезінде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспары заң ретінде қабылданып халық шаруашылығының барлық буындары үшін атқарылуы міндетті болады.Бұл уақытта мемлекеттің қызметі негізінен материалдық ағындар мен пропорцияларды жоспарлауға, материалдық ресурстарды бөлуге,өндіріс пен тұтынуды әкімшілік басқаруға бейімделеді. Бұрынғы КСРО мен бірқатар социолистік елдерде мұндай реттеу халық шар-ның барлық бөлімдеріне орталықтан тікелей әсер ету ү/н қолданылды. Сон. қатар директивті реттеу егжей – тегжейлі жасалғандықтан, оның орыналуы қиын болды. Сонд. Қазақстан ү/н индикативті реттеудің маңызы зор б.т.

16.ЭМР-дегі мемлекеттік тапсырыстардың мақсаты

Мемлекеттік тапсырыстар жаппай директивті жоспарлаудан шектеулі жоспарлауға көшу және рыноктық жаңғыртулардың басталу нәтижесінде қайта енді. Мемлекеттік тапсырыс рыноктық экономикалық реттеудің маңызды құралдарының бірі.Оның мақсаттары:мемлекеттік мтериалдық ресурстар резервін жасау және ұстап тұру,елдің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қажетті деңгейде ұстау,елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін орындау үшін экспорттық өнімдерді жеткізуді қамтамасыз ету,мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Мемлекеттік тапсырыстар келісім шарт негізінде жүзеге асады.Онда мыналар көрсетіледі:өнімді жеткізу көлемі, тізбесі,үлес салмағы,өнім,жұмыс сапасына қойылатын талаптар,өнімді жеткізу мерзімі,тауар бағалары және оларды өзгерту,жеткізушіге берілетін мемлекеттік қаржылық ресурстардың көлемі.

Мемлекеттік тапсырыс-рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құралдарының бірі. Мұнда мемлекет өнімдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші ретінде көрінеді.

Мемлекеттік тапсырыстың негізгі мақсаттары:

  • Мемлекеттік материалдық ресурстар резервін жасау және ұстап тұру;

  • Елдің қорғаныс қабілеттілігі қауіпсіздігін қажетті деңгейде ұстау;

  • Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін орындау үшін экспорттық өнімдер жеткізуді қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру.

Мемлекеттік тапсырыс берушінің негізгі функцияларының бірі өнім жеткізушілерді таңдау, яғни мемлекеттік тапсырысты жеткізушілер арасында орналастыру болып табылады. Ережелерге сәйкес мемлекеттік тапсырыс бәсекелік негізінде жүзеге асырылады. Ашық бәсекеде жеңіске жеткен өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізушімен (атқарушымен) тапсырыс беруші мемлекеттік келісім-шарт жасайды.

Мемлекеттік келісім-шарт мемлекеттің қажеттіліктері үшін өнім жеткізуші мен мемлекеттік тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Мемлекеттік келісім-шартта мыналар көрсетіледі:

  • Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізу көлемі, тізбесі және үлес салмағы;

  • Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) сапасына қойылатын талаптар;

  • Өнімді жеткізу мерзімі;

  • Тауар бағалары және оларды өзгерту шарттары;

  • Жеткізушіге берілетін мемлекеттік келісім-шартты атқару үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемі.