
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
- •17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері
- •18. Қ.Р. Стратегиялық дамуының басымдықтары
- •19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні
- •20.Әлеуметтік нормативтер және олардың эмр-дегі рөлі
- •21.Мемлекеттік басқару және реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары
- •22.«Эконмикалық өсу» және «Экономикалық даму» түсініктері
- •23.Экономикалық өсу сапасы
- •24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері
- •25.Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу
- •26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •27. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •42. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы
- •43.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •45. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу
- •47.Мемлекеттік салықтық реттеу
- •48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу
- •49.Қаржы ағындарын реттеу
- •50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •52.Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру және жекешеден алу
- •53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •54.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаты мен міндеттері
- •55.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •56.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
Қазіргі дамыған елдердің барлығында дерлік ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды сферасы ретіндегі мемлекеттің қолдау объектісі болып отыр. Өндурустің бұл саласындағы басты қағида еркін рынок жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасын белсенді мемлекеттік реттеумен толықтыруда болса керек. АӨК-ні рыноктық экономика жағдайында реттеу көпқырлы мәселе болып табылады. Сонымен агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізатты және азық-түлікті өндіру, өңдеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістер арқылы әсері болыа табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің реттеуші қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
1.Заңнамалық база жасау, реттеудің құқықтық қамтамасыз ету.Мемлекеттік реттеу монополдық құрылымдардың теріс әсерін болдырмауға бағытталуы тиіс.
2.Аграрлық рыноктардың барлығында бәсекелік орта қалыптастыру. Мұның өзі АӨК-нің түпкі табысын оның барлық буындарының шығындарына сәйкес қайта бөлуге көмектеседі.
3.Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, тауар өндірушілері рынок шарттарына бейімдеу жағдайларын жасауды қолдау.
4. Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау. АӨК-нің біріккен кәсіпорындарын құру, озық техника мен технологияны импорттауды қолдау мақсатында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.
5.АӨК проблемалары бойынша шешуші ғылыми бағыттарды қаржыландыру. Әлемдік стандарттарға сай жаңа технологияларды жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.
34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
Жалпы, мемлекеттік билік органдары монополияға қарсы саясат арқылы монополизмге кедергі жасайды.
Антимонополиялық саясат монополистер қызметіне тыйым салу, оларды рыноктан ығыстыру, ірі компанияларды мәжбүрлеу арқылы ұсақтау негізінде монополиялық үрдістерді жан-жақты шектеуге бағытталған саясат болып табылады.
Кеңестік экономикада антимонополиялық реттеу проблемасына назар аударылмады, өйткені бір жағынан біртұтас мемлекеттік монополия орын алады және еркін бәсекелі рынок атымен жоқ болды, екенші жағынан мемлекеттік жоспар кәсіпорындар монополизіміне кедергі жасады. Мамандардың пікірінше ҚР антимонополдық заңы өзінің мақсаттары мен мазмұны бойынша монополияны реттеу батыс Еуроплық үлгісіне жақын.
Антимонополиялық мемлекеттік реттеу теориясы мен практикасында «рыноктағы жағдайының басымдығы» түсінігі пайдаланылады.Бұған белгілі бір тауар рыногындағы бір немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің шешуші әсер етуі жатады. Антимонополиялық қызмет үшін жауапты мемлекеттік органдардың қолында едәуір күштеу құралдары жинақталған. Солардың ішінен келесі құралдарды атап айтуға болады:
1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін атқарылуы міндетті дерективалық нұсқаулар
2.Монополды құрылымдарды мәжбүрлеу негізінде бөлшектеп, олардың құрамынан дербес, тәуелсіз ұйымдар мен мекемелерді қалыптастыру
3. Антимонополиялық заңнама қайшылықты келісімдердің күшін жою.
4. Антимонополиялық заңнама және басқа да нормативтік актілермен қарастырылған ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салу
5. Монополист ұйымдар мен кәсіпорындарды мәжбүрлеу арқылы таратып жіберу
Осындай мемлекеттік антимонополиялық әсер ету шараларының молдығына қарамастан,оларды жүзеге асыру монополистер арапынан күшті қарсылыққа ұшырайды.