Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.24 Кб
Скачать

1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы

Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз нарықтық қатынастарды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік экономикалық үдерістерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел эконоикасы болмысына қатысуы. Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын рольдері ерекше. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында мемлекеттің экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әр уақытта өзгеріп, жетілдіріліп, толықтырылып отырады. Қазіргі кезде қоғам өмірінің дамуында экономикалық іс-қимылдар аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық шаруашылық байланыстарының күрделене түсуі мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейте түсуде.

- Экономиканы мемлекетік реттеу рыноктық қатынастарды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік экономикалық процестерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел экономикасы болмысына қатысуы болып табылады.

-Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің экономикалық өсуді ынталандыру, инфляциялық процестерді әлсірету, халықты әлеуметтік қорғау мақсатындағы салықтар, кредиттер және басқа да тетіктер арқылы ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсер етуі.

-Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл өкілетті мемлекеттік органдардың экономиканы тұрақтандыру және дамыту, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында қолданатын заңнамалық, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны келесідей:

-рынок субъектілеріне зиян келтірмеуге бағытталған, сондықтан олардың құқықтары мен міндеттерін, өзара жауапкершілігін анықтау үшін қабылданған заңдардың жиынтығы;

-рынок субъектілерінің шаруашылық әрекетін қадағалауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-экономикалық құрылымдарды қалыптастыру;

-мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты негізінде жасалған механизмдерді анықтап, нәтижелі қолдану.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті – рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады

  • Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл белгілі бір процестерді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің ықпал жасауы.

2.Аралас экономика түсінігі

Аралас экономика дегеніміз негізін рыноктық қатынастар және жеке кәсіпкерлік, сондай ақ басқа да көптеген институттар (қаржы өнеркәсіп топтары, трансұлттық компаниялар т.б.) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл жүйеде шаруашылықтың ең маңызды үдерістері мен өрістерін (сфералары) мемлекет реттейді (қорғаныс өнеркәсібі, энергетика т.б.).

Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын рыноктық экономиканың мәні анықтайды. Қазіргі рыноктың негізгі міндеті өндірістік және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді қалыптастыру.

Ендеше, аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің негізгі функцияларын атап өтейік:

  • Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздер қалыптастырады мемлекет жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекетін кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды талдап жасайды және қабылдайды; азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

  • Экономиканы тұрақтандырады; Үкімет бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалай саясатты қолдану арқылы өндірістің құлдырауын тоқтатады, инфляцияны тежейді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға деңгейі мен ұлттық валюта бағамын орнықтырады.

  • Макроэкономикалық және құрылымдық тепе-теңдікті қолдайды; аталмыш тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай рыноктық механизмді қалыптастырады.

  • Даму стратегиясын талдап қабылдайды, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық стратегияны жүзеге асыру мақсаттары мен мұраттарын қамтамасыз етуді қосқандағы экономиканың қалыпты қызметі үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасайды.

  • Ресурстарды үйлесімді бөледі, мемлекет жеке сектордың қызығушылығын туғызбайтын тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін өндіруді ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланысты, транспортты дамыту шараларын қарастырады, қорғанысқа, ғылымға қажетті шығындарды анықтайды, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларын қалыптастырып, жүзеге асырады т.с.с.

  • Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кемшіліктерді қамтамасыз етеді, мемлекет минималды еңбекақыға, қарттыққа байланысты зейнетақыға, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға кепілдіктер береді.

  • Шетелдегі ұлттық бизнесті қолдайды; мемлекет әлемдік шаруашылықта отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық бизнес қызметін үйлестіреді.

  • Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; мемлекет тұрақсыздық қауіп-қатерлері мен факторларына қарсы шаралар қолданады.

  • Елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде ұстайды.