
- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
Ресми сенімхат
2000 жыл 5 қараша, Алматы қаласы
Мен, азамат Құрманалиев Айбек, төлқұжат № 7265251, мекенжайым – Алматы қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 51-үй, 4-пәтер – Алматы қаласы, Б.Майлин көшесі, 15-үйде тұратын Оспанов Мұратың жеке басының куәлігі № 85960014 туған атам Айнабеков Серіктің қайтыс болғанынан кейін қалған мүлікке -------------- менің мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін.
Сенімхат 2000 жылдың 5 қазанына дейін берілген және 6 ай өз күшінде.
2000 жыл 5 қараша Қолы
Осы сенімхатты 2000 жылы 5 қазанда мен, Ақылбекова Қарлығаш, Алматы қаласы, № 40 нотариалдық кеңсенің нотариусында куәландырдым. Сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекеті тексерілді.
Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды №155 тізбеге тіркелген.
Мемлекеттік салық алынды: 400 (төрт жүз) теңге.
Н
отариус
Қолы
Мөр
Жеке сенімхат- сеніп тапсырушының ( азаматтардың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, шәкіртақыларды (степендияларды), банктердегі салымдарды, хат - хабарларды оның ішінде ақшалай және сәлемдемені алуға беріледі. Жеке сенімхаттың мынандай деректемелері болады:
құжат түрінің атауы;
құжаттың тіркелген күні;
мәтіні (сеніп тапсырушы, сенімді тұлға және сенімхат бойынша іс-әрекеттің түрі көрсетіледі);
сеніп тапсырушының қолы және оның талдамасы;
сенімхатты растаған лауазымды тұлғаның қолы;
сеніп тапсырушы жұмыс істейтін ұйымның немесе тұратын жері бойынша тұрғын үй - пайдалану ұйымның мөрі.
Сенімхат, әдетте, онда көрсетілген іс - әрекетті өткізу мерзіміне беріледі.
Егер сенімхаттың мерзімі көрсетілмесе, онда ол күшіне енген сәттен бастап бір жыл бойы сақталады. Сенімхатты берген күн көрсетілмесе, онда ол жарамсыз болып табылады.
Сенімхат 3 жыл сақталады
Жеке сенімхат
2009 жылғы 6 қаңтар, Тараз қаласы
Мен, азамат Қожахметов Мұрат Естайұлы, жеке бас куәлігі № 003002954, мекенжайым – Тараз қаласы, Абай көшесі, 54- үй, 66-пәтер, азамат Бөкейханов Хасен Сәкенұлына, мекенжайы – Тараз қаласы, Төле би 63-үй, 74-пәтер, менің пәтерімді жекешелендіруге байланыстықұжаттармен айналысуына сенім білдіремін.
Бөкейханов Хасен Сәкенұлы пәтерді жекешелендіруге байланысты қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға, толтыруға, қол қоюға, мүлік иесі ретінде түрлі органдарда өкілетті болуға, менің атымнан әрекет етуге толық құқық беремін.
Қожахметов Мұрат Естайұлы
Осы сенімхатты мен, Айдаров Самат, «Азамат» нотариалдық кеңсесінің нотариусына тіркедім.
Сенімхатқа менің қатысуымен азамат Қожахметов Мұрат Естайұлы қол қойды.
Мемлекеттік салық алынды
Нотариус Мөр
Сенімхаттың белгілері
сөйлемдері шағын
мөр қойылған
екі түрге бөлінеді
нақты себептер жазылады;
тараптардың қолы қойлады;
хат иесінің аты-жөнімен құжат нөмірі қойылады;
тіркелген күні жазылады;
нотариус бекітеді.
ресми түрде беріледі
жиі қолданамыз
тілге жеңіл
азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттың бірі
1 – тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Үлгі бойынша сенімхат жазыңыз.