
- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
Іс қағазларында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мұқият тексерілуі керек. Құжаттағы ақпаратты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады:
1) техникалық: мұнда қате жазылған сөздер, дұрыс қойылмаған тыныс белгілер, дұрыс түспеген әріптер және т.б. басты назарға алынады;
2) заңдылық: мұнда құжат мазмұнының қазіргі күнгі бар заңдарға және құқық нормаларына сәйкестігі тексеріледі;
3) қаржы-экономикалық: мұнда құжатта шығарылған қаржы-экономикалық шешімдердің үйлесемділік, тиімділік дәрежесіне баға беріледі;
4) статистикалық: мұнда құжаттағы статистикалық мәліметтердің өзектілігі тексеріледі;
5) конфиденциалдық: мұнда құжат мазмұныныда жариялылығы шектеулі мағлұматтың немесе мемлекеттік құпия болып саналатын я қызметтік я коммерциялық құпия болып табылатынт мәліметтің жіберілмеу жағы тексеріледі;
6) ақпараттық; мұнжа құжатты алушының мекенжайы, реквизиттері сияқты мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі.
Осындай тексеруден өткен құжат адресатқа жіберіледі. Резолюция- келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазып, мекеме басшысының қысқаша нұсқауы, бұрыштама.
Резолюция жазу – түскен құжат мазмұнымен сіздің танысқаңдығыныздың ғана емес сонымен қатар ол бойынша шешім қабылдағаныңыздың, нұсқау бергеніңіздің белгісі. Резолюция қысқа жазылуы керек. Ол құжаттың бірінші бетінің жоғарғы жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады. Қаламмен, мүмкіндігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартусыз ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізі мен мәні ғана айтылады. Резолюция соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Құжаттарды қалай тексереді?
ә) Техникалық тексерудін міндеті қандай?
б) Заңдық тексерудің қажеті бар ма?
в) Құжатқа конфиденциалдық тексеру жүргізу міндетті ме?
г) Ақпараттық тексеру қандай мәліметтерге назар аударады?
ғ) Резолюция дегеніміз не?
д) Резолюция не үшін жазылады?
е) Резолюция қалай, қайда жазылады?
2-тапсырма. Резолюцияның кейбір үлгілерімен танысыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
«Таныстым» (дата, қол, фамилия), «Келісемін» (дата, қол, фамилия), «Қарсы емеспін», «Мәселе қаралды», «Бекітемін», «Қабылданбайды».
3-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.
Құпия болып саналатын мәліметтің жіберілуі ... .
Тексеруден өткен құжат ... .
Құжаттағы статистикалық мәліметтің ... .
Мұнда қате жазылған сөздер ... .
Резолюция келіп түскен, іс қағаздарының бұрышына ... .
4-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.
Құжат, өзектілік, тексеру, мемлекеттік құпия, мәлімет, адресат, нұсқау, мұқаба, ресми стиль, қол қою.
5-тапсырма. Берілетін құжатты қабылдап алып, резолюция жазыңыз.
2-апта, 3,4 сабақ
Тақырып: Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар.
Өмірбаян-түйіндеме.
Сабақтың мақсаты: Өмірбаян-резюмені ауызша дұрыс айтқызып, сауатты жазуға үйрету.
Ө м і р б а я н
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады. Ол таза қағазға қолымен (кейде арнайы бланкте) жазылады.