Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП прод.2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
429.57 Кб
Скачать

Техникалық құжаттар

Техникалық құжаттар - графикалық құжаттардың жалпы атаулары, онда техникалық тұжырымдар беріледі.

Техникалық құжаттамалар - сәулет, ғимараттарды жобалау.

Ғылыми-техникалық және эксперименттік зерттеулер жүргізуде, геологиялық ізденіс, т.с.с. жұмыстар процесінде пайда болады. Техникалық жетістіктерге байланысты құрылатын техникалық құжаттар да өте көп. Сонымен қатар техникалық құжаттар мен ведомстволық мұрағаттар, ғылыми-техникалық ақпараттар органдары, іс жүргізу қызметкерлері күнделікті түрде сан алуан жұмыстар жүргізеді.

Олардың көп тараған түрлері конструкторлық, жобалық, технологиялық, ғылыми-зертеушілік құжаттамалар. Техникалық құжаттаманың негізгі түрі - ол сызу, ерекше графикалық әдістермен затты, нәрсені жазықтықта бейнелеу.

1-тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқып, ауызша әңгімелеп беріңіз.

2- тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз

А) Техникалық құжаттар дегеніміз не?

Ә) Техникалық құжаттамалар дегеніміз не?

Б) Техникалық құжаттар қандай процестер кезінде пайда болады?

В) Техникалық құжаттардың ең көп тараған түрлері қандай?

3-тапсырма

Техникалық құжаттардың көп тараған түрлеріне анықтама беріңіз. (қосымша материалдар қолдану)

Тақырып:Конструкторлық құжаттама.

Конструкторлық құжаттама

Өндіріс өнімдерінің барлық салаларына конструкторлық құжаттар жиынтығы мен түрлері стандарттармен анықталған.

Мемлекеттік стандарттар келесі конструкторлық құжаттар түрлерін белгілейді: бөлшектер сызбасы, жинақтайтын сызба, теоретикалық, габариттік, монтаждық, сызба-схема, техникалық жазбалар, түсіндірме қағаздар, т.б.

Мәтіндік конструкторлық құжаттар тегіс мәтіннен ғана тұруы да мүмкін (техникалық жазбалар, топ кітап, нұсқаулар, түсіндірме қағаздар, т.с.с.). Конструкторлық құжаттардың әрқайсысына тоқталайық.

Бөлшек сызбалары бейнеленуі дайындауға міндетті түрде қажетті басқа мәліметтерден тұрады: өлшемі, материалы, өңделуі, сапасы, т.с.с. Жинақтайтын сызбада жинақтау бірліктері бейнеленеді.

Жинақтау сызбада жинақтау бірліктерінің бейнелері беріледі. Ол құрастыруды іске асыру мен бақылау мүмкіндігін қамтиды, яғни құраушы бөліктердің орналасуларындағы өзара байланыстары туралы ұсыныстар көруге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда оларда бұйымның құрамдас схемалары беріледі.

Сызбаның жалпы түрінде бұйымның тіліктері мен қиылысулары, мәтіндерін бөліп жазбалар беріледі. Жазбалар мен мәтінді бөліп осы бұйымның конструкторлық құрылғысын түсіндіреді.

Теоретикалық сызба - бұйымның геометриялық нысаны мен оның құрамдас бөліктерінің орналасу координаттарын анықтайтын құжат.

Габариттік сызба біріккен өлшемдерге, қондырғыларға, сыртқы өлшемдерге нұсқау жасағая бұйымның контурлық бейнеленуінен тұрады.

Монтаждық сызбада бұйымның контурлық бейнесі мен оны орнатуға қажетті мәліметтер беріледі.

Техникалық жазбада берілген бұйымның ерекшеліктері туралы мәліметтер, оның негізгі көрсеткіштері, конструкторлық тағайындалулары, құрылғы мен оның басқа бөліктерінің жұмыстары сияқты жазбалар болады.

Түсіндірме қағаз мәтіндік техникалық құжат жасалынған бұйымның құрылғысы мен қағидасын түсіндіреді.

1-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұнын ауызша мәлімдеп беріңіз.

2-тапсырма

Төмендегі сөздердің біріне сөзжұмбақ құрастыру: Теоретикалық, монтаждық,техникалық, габариттік.

3-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Мемлекеттік стандарттар қандай конструкторлық құжаттар түрлерін белгілейді?

Ә) Теоретикалық сызба дегеніміз не?

Б) Сызбаның жалпы түрінде қандай жазбалар беріледі?

Тақырып: Жобалау-сметалық құжаттама