
- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Г.С.Тәженова, А.А.Уралбекова,
Э.А.Шаханова, А.А.Сарсембаева
ІС ҚАҒАЗДАРЫН
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ОҚЫТУ
пәнінен конспект-жоспарлар
Семестр: 3
Кафедра: Қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы
Мекен-жайы: Ғимарат 3, Төле би 68
Телефон: 34-04-72
Кеңес беру сағаты: Кеңес беру кестесіне сәйкес және
алдын-ала келісім бойынша
Тараз - 2011
Г.С.Тәженова, А.А.Уралбекова, Э.А.Шаханова, А.А.Сарсембаева.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде оқыту пәнінен конспект-жоспарлар.
Тараз.- 69 бет.
Баспаға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми Кеңесі ұсынды.
(Хаттама № ж.)
©
Г.С.Тәженова,
А.А.Уралбекова,
Э.А.Шаханова, А.А.Сарсембаева
© Тараз, 2011
1-апта, 1,2 сабақ
Тақырып: Іс қағаздары туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тілде іс жүргізуде іс қағаздары туралы түсінікке назар аудару және меңгерту.
Іс қағаздары туралы түсінік
Іс қағаздары басқару қызметіндегі ерекше бір сала. Олар жазу ісімен бірге пайда болды. Оның алғашқы кездегі қызметі – ерекше бір фактілерді, оқиғаларды бертін келе қоғамдық өмірдегі жас құбылыстарды көрсетіп, қағазға түсіру еді. Сонымен қатар қоғамның алғашқы даму сатысында адамдардың бір-бірімен қатынас құралы ретінде де пайдаланылады. Таптық қоғам пайда болғаннан бастап олардың өрісі, қоғамды нығайтудағы негізгі құралға айнала бастады. Іс қағаздарына билеуші тап өздерінің артықшылық, айрықша құқықтық артықшылығын жаза алады. Іс қағаздарының көмегімен мекемелер өз өкілеттігін жүргізе бастады. Іс қағаздары өздерінің сипаты және маңызы жағынан ерекшеленеді. Мәселен, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары мемлекеттің жазба түрінде берілген заңы болып табылады. Оларда азаматтардың құқы белгіленеді.
Дәлелдеу құралы ретінде де іс қағаздарының орны бір төбе. Мұндай сапада ол мекеме мен жеке адамдар арасында пайдаланылады.
Құжат – фактілер мен оқиғалар, құбылыстардың объективтік шындығын және адамның ойлау қызметі туралы хабарларды әртүрлі әдістермен арнайы материалдарға түсіру.
Іс қағаздарын жүргізу ісі әкімшілік немесе жалпы болып бөлінеді. Әкімшілік іс қағаздарын жүргізуде мекеме қызметінде бұйрық беру және оны жүзеге асыру процесінде туындайтын құжаттар жатады.
Мемлекеттік басқару ұйымдары және ведомоствоға қарасты мекемелерде қолданылатын құжаттарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
ұйымдастырушылық /ереже, жарлықтар, нұсқаулар/;
бұйрықтар /қаулы, шешім/;
анықтамалық-хабарлама /хаттар, баяндамалар мен түсіндірме хаттар, шолулар, есептер, стенограммалар, тізімдер/.
Шығу төркініне қарай құжаттар қызметтік және дербес болып бөлінеді.
Міндеті, белгіленуі, қойылуы жағынан құжаттар фактілерді, оқиғалар мен құбылыстарды тіркеу /акті, есеп, хаттама/ хабарды белгілі бір жерге жеткізіп /хат, ашық хат, жеделхат, факс/ отыратын құрал ретінде де қолданылады.
Қызметтік құжаттар – мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамдары атынан, ал дербестері жеке адамдардың атынан /өтініш, шағым/ жазылады.
Іс қағаздары өз міндетіне толық жауап беру үшін ол өзінің формулярына сәйкес құрастырылуы тиіс. Формуляр – іс қағаздарында негізгі құрылымдық бөліктердің реквизиттер бірлігін құрайды /түрлері, аттары, мекен-жайы, мазмұны, күні, айы, жылы, индексі, қойылған қолы/.
Іс қағаздарының тақырыбы болады /бұйрық, хаттама, есеп, анықтама, т.б./. Кейбір іс қағаздарына тақырып қойылмайды. /Мыс: хаттар/.
Әр іс қағаздарының авторы болады. Қызметтік іс қағаздары ереже бойынша мекеме, ұйым атынан жолданады.
Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Тілдің ауызша және жазбаша формаларының қолдануын және сауатты сөйлеуге үйрету.
Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағынан береді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған.
Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз.
Стилистика жалпыхалықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді. Сонымен бірге әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қолдануды үйретуде, жалпыхалықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын, әртүрлі стильдерін зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады. Стилистика тілдік құралдардың стильдік белгілерін анықтап, оған сипаттама береді.
Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. Өйткені, адамдардың қатынасы әртүрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мысалы: «Тыңдаңыздар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!» бен «Әй, тыңдасаңдаршы!» дегенді салыстырсақ, біріншіден, әдеттегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде – үйреншікті ауызекі сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де ауызша, бірақ айтылып жеткізілуі әр басқа. Немесе, мынадай фактіні алайық. Ғылыми стильде оқулық және лекция жазылады. Мұнда оқулық – жазбаша, лекция – ауызша, яғни, тілдің әр түрлі формасы бір стильге келген. Сөйтіп, сөз формасы мен стиль ұғымдары бір емес. Форма – ол сөз құралдарының көмегімен болатын тілдің сыртқы түрін, тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.
Тіл мемлекетке жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақтары пайда болды. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар:
ресми іс қағаздары тілінің стилі
публицистикалық стиль
ғылыми-көпшілік әдебиет стилі
көркем әдебиет стилі
ауызекі сөйлеу тілінің стилі