Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Экологияның зерттеу объектілері

«Экология» терминін алғаш ғылымда 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» атты енбегінде көрсеткен. «Экология» термині грек тілінен аударғанда oikos – үй, тұрақ; logos – ғылым мағынасында. Экология, бұл – жалпы барлық тірі ағзалардың өзара қарым – қатынасы және олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым болып табылады. Экология саласының мақсаты – адам денсаулығына және өміріне қолайлы болып келетін қоршаған ортаны қалыптастыру. Экология зерттеу объектілері: 1) Экологиялық жүйелердің барлық деңгейлерінің тұрақтылығын бағалаудағы теориялар мен әдістерді жасау; 2)Даралар экологиясының, популяциялар экологиясының, бірлестіктер экологиясының, ғаламдық экологияның мәселелерін зерттеу. Қоршаған ортаға тірі биотаның әсерін реттейтін биоалуандылық мәселелерін қарастыру; 3)Табиғи және антропогенді сипаттағы факторлар әсерінен туындаған биосферадағы өзгерістерге зерттеу жүргізіп, баға беру. Мүмкін болатын өзгерістерге болжау жасау. Сол өзгерістер нәтижесінде туындайтын экологиялық салдарға баға беру; 4)Табиғат ресурстарының жағдайы мен динамикасына сапалы баға беру, оларды пайдаланудың экологиялық салдарын ашу; 5)Қоршаған орта сапасын басқаратын әдістерді жаңартып шығару; 6)Адамзат қауымында экологиялық ойлау саласын жақсарту, экологиялық этика мен мораль нормаларын қалыптастыру; 7)Қоғам мен мемлекеттің экологиялық қауіпсіз тұрақты дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік және т.б мәселелерді жақсарту.

  1. Топырақ эрозиясының қандай түрлері болады?

Топырақтың эрозияға шалдығуы өте қатерлі, зиянды құбылыс. Латын тілінде эrosio-бүліну деген мағынаны білдіреді. Топырақ эрозиясы деп оның бұзылып, үгіліп желмен ұшуын немесе сумен шайылуын айтамыз.Геологиялық эрозия - табиғи өсімдік жамылғысы бар жерде, баяу үдірісте жүретін, топырақтың майда бөлшектерінің желмен ұшуы немесе сумен шайылуы. Осы жағдайда шығын болған топырақ мөлшері табиғи топырақ түзілу процесі әсерінен қайтадан толықтырылады. Жел эрозиясы (дефляция) дегеніміз топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуі.Қазақстанның көпшілік жерінің табиғи-экологиялық жағдайы, топырақ жамылғысының ерекшеліктері жел эрозиясының дамуына ықпалын тигізеді. Топырақтың жел эрозиясына шалдығуының басты себебі- мерзімді түрде қайталанып отыратын ауа райының құрғақшылығы және шапшаңдығы жоғары қатты желдің жиі соғуы.

Топырақтың жел эрозиясы екі түрге бөлінеді. Олар:1) шаңды боран (қара дауыл) 2) күнделікті (жергілікті).Шаңды боран (қара дауыл) желдің шапшаңдығы 10-20 м/сек дәрежеге жеткенде байқалып үлкен ауданды қамтиды. Зияны көп болады. Күнделікті (жергілікті) жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды. Топырақ бетінде майда бөлшектерден құралған сырғыма шаңды боран байқалады. Су эрозиясы дегеніміз бетінен аққан су әсерінен топырақтың бұзылып, шайылып бүлінуі.Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіндегі таулы өлкелерде, солтүстік және орталық Қазақстандағы, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы аласа таулы-шоқылы аудандарда топырақтың су эрозиясымен бүлінуі байқалады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]