Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Қоршаған ортаның ластануы

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі.  «Қоршаған орта» сөзіне түсінік беру.Қоршаған орта-адамдар,өсімдікпен жануарлар дүниесінің бірлесіп өмір сүру ортасы.Оның құрамына гидросфера, атмосфера, литосфера, биосфера мен жерге жақын ғарыштық кеңістік жатады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан,табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Қазіргі уақытта табиғи сулардың құрғауы және ластану қаупі тұр. Адамзат толығымен құрлықтардың жербеті суларына  көлдер мен өзендерге тәуелді.Суды пайдалану ылғи өсіп отыр, ең бір қаупі –оның қорының таусылуы. Орта Азия өзендерінің суын ысырапсыз пайдалану – Арал теңізінің жойылуына әкеп соқты. Қауіп кеткен теңіз түбіндегі тұздар жүздеген км-ге желмен таралып, топырақтың тұздануын тудырады. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан субасу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

  1. Табиғи қорықтар

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.Мысалға келтіре айтсам Ақсу-Жабағылы қорығы 1927 жылы ұйымдастырылды. Бұл-Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қазіргі кезде қорықтың көлемі 12 8118 га, ол Қазақстанның Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында орналасқан. Сонымен қатар қорықта екі палеонтологиялық жер бар, олар Қаратау тауында орналасқан. Қорықтың негізгі территориясы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100- 4200м биіктіктегі Угам жотасының қиыр солтүстік-шығыс тарамын алып жатыр

23 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]