Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарттары

Адамдардың табиғаттың экономикалық, экологиялық, мәдени, сауықтыру пайдалы қасиеттерін пайдалану мүмкіншілігін табиғат пайдалану деп түсінеміз. Осыған байланысты табиғатты пайдаланудың үш түрін: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік түрлерін ажыратуға болады. Табиғатты пайдалану сипаты жалпы және арнайы болуы мүмкін. Жалпы табиғат пайдалану арнайы рұқсатты қажет етпейді. Ол адамдардың табиғи қажеттілігін жән өмір сүру, еңбек ету, демалу құқықытарының негізінде жүзеге асырылады. Арнайы табиғат пайдалану физикалық және заңды тұлғалардың арнайы өкілетті орындардан рұқсат алуын талап етеді. Бұл да табиғат ресурстарының шектеулілігінің көрінісі. Ресурстар шектеусіз, сарқылмайтын болса және оларды тұтынуға алдын-ала дайындау қажет болмаса, рұқсат алудың да қажеті болмас еді. Арнайы табиғат пайдалану мақсатты болады және пайдаланатын ресурс түріне байланысты жерді пайдалану, суды, орманды, пайдалы қазбаларды, жабайы өсімдіктрді, жануарларды, құстарды, атмосфера ауасын пайдалану болып бөлінеді. Арнайы табиғат пайдалану әрқашан табиғат ресурстарын тұтынумен байланысты. Сондықтан құқықтық реттуді қажет етеді. ҚР табиғат пайдалануды қорғауды реттейтін арнайы заңдар мен кодекстер қабылданған. Соның бір,і табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін лицензия (рұқсат) Табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат (лицензия) беру Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулыларымен реттеледі. Табиғат пайдалануға рұқсат беру экологиялық мәселелерді тыйым салу, шектеу, рұқсат ету, өкілеттік беру сияқты мәслелерді әкімшілік-құқықтық әдістермен реттеу болып табылады.  Лицензия шаруашылық әркеттің әр түріне, белгіленген мерзімге беріледі. Кейбір әрекеттерге экологиялық талаптарға, орналасқан орнына байланысты шектеулер қойылуы мүмкін. Лицензия сұраушылардың өтініші бойынша, конкурстық негізде берілуі тиіс. Лицензияда көрсетілген тәртіптер бұзылғанда, оны басқаға бергенде, немесе лицензия құқығынан айырғанда– шағымдануға болады. Табиғат пайдалануға лицензия – ол қандай да бір болмасын табиғат ресурсын пайдаланып белгілі бір шаруашылық әрекет етуге рұқсат.  Сонымен лицензия табиғат қорғау және пайдалануды реттеу міндеттерін атқарады.  Лицензия объективті және субъективті себептерге байланысты шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Субъективті себептер – лицензия шарттарының бұзылуы, табиғат қорғау міндеттерінің орындалмауы. Объективті себептер – табиғат пайдалану жағдайларының өзгеруі, табиғи апаттарға байланысты халыққа қауіп төнуі, т.с.с

  1. Тұрақты даму концепциясы

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген. Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

25 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]